Мухитдинов на печать indd


Уазифа (уазипа) ةفيظو – міндет, қызмет. Уақс



Pdf көрінісі
бет180/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   200
Уазифа (уазипа) ةفيظو – міндет, қызмет.
Уақс صقولا – зекет шығарған кезде екі парыздың арасындағы артық сан. 
Уақстан зекет шығармайды. Мысалы, егер сиырдың саны отызға жетсе, одан бір 
жастан асқан бір тананы зекет ретінде шығару парыз. Егер сиырдың саны қырыққа 
жетсе, екі жастан асқан бір сиырды зекетке шығару парыз. Ал осы отыз бен қы-
рықтың аралығындағы сандарды «уақс» деп атайды.
Уақф (уақып) فقولا – Аллаһ разылығы үшін белгілі бір мүлікті белгілі бір 
мақсатта қайырымдылыққа ажырату. Уақфқа мүлікті шектеулі бір мерзімге немесе 
өмір бойыға да ажыратуға болады.
Уақытша неке – белгілі бір мерзімге дейін некеге отыру. Ислам шариғатын-
да уақытша некеге тыйым салынған. Қара: мутға некесі.
Уарғ عرولا – Аллаһтың алдына күнәкар болып қалам ба деп халал не харам 
екендігі белгісіз және күмәнді нәрселерден бас тарту.
Уарис. Мирасты алуға лайықты адам.
Уасқ 2 252-342 – قسولا литр немесе 194,3 келі бидайға тең өлшем.
Уасуаса. Шайтанның азғыруы, адамдарды арбауы. Шайтанның адамдарға 
жамандықты жақсы етіп көрсетіп, нәпсілерін азғыруы, сыбырлауы (Р.С. Мухитди-
нов, Құран ілімдері).
Уахи يحولا – Аллаһ тағаланың пайғамбар етіп таңдаған құлына адамзатқа та-
ныс емес, жылдам әрі жасырын жолмен беретін бұйрықтары, тыйымдары және ха-
барлары. «Уахи» сөзі араб тілінде жасырын хабар беру, жылдам ишарат ету деген 
мағыналарды береді. Бұл сөздің түбірі негізінен екі мағынаны қамтиды: жасырын 
және жылдам. Сондықтан жылдам әрі басқалардан жасырын жеткізілген хабарды 
араб тілінде «уахи» деп аталады (Р.С. Мухитдинов, Құран ілімдері). 


233
«Құдайдан сол уақытта уахи жеткен
Кешірдім үммәтіңді күнә еткен. 
Нахақтан кісі өлтірген кешілмейді
Зорлап алып кісі ақысын ренжіткен» (Ақан Сері Қорамсаұлы). 
Уәди يدولا – жыныстық мүшеден күшенген кезде, кіші дәретке отырғаннан 
кейін бөлінетін қою ақ сұйықтық. Зурға Әбу Абдур-Рахман: «Ибн Аббастың (Аллаһ 
әкесі екеуіне разы болсын): «Мәни, мәзи және уәди. Мәни болса, одан ғұсыл алу 
керек, ал уәди мен мәзи болса, жыныстық мүшеңді жу және намазға дәрет алғандай 
дәрет ал», – деп айтқанын естідім», – деген (Сунән әл-Байһақи).
Уәжіп بجاولا – шариғатта істеуге міндетті, істемесе – күнә істесе сауап алатын 
істер. Парыздан айырмашылығы – ол істі мойындамаған адам діннен шықпайды. 
Ал парызды мойындамаған адам діннен шығады. Кез келген құлшылықтың парызы 
өтелмесе, ол құлшылық дұрыс емес деп есептеледі, ал уажібі орындалмаса, жа-
саған құлшылығы дұрыс, бірақ орнын толтыру керек болады. Мысалы, егер на-
маз оқушы намаздың уәжіптерінің бірін жаңылысып немесе ұмытып орындамаса 
намазы бұзылмайды, бірақ намаз соңында міндетті түрде сәһу сәждесінжасайды. 
Қажылықтың уәжібін орындамаған адам құрбандық шалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет