Тарау 1 Сирек және жойылып кетуге жақын өсімдіктердің жағдайын бағалау үшін оларды популяциялық деңгейде зерттеу керек екендігі туралы
Орындаған: 1 курс PhD., Турсунова Раушан
Тексерген : биология ғылымдарынын докторы, профессор., Мухитдинов Наштай Мухитдинович
Өсімдіктер популяциясын жан-жақты экологиялық зерттеудің нәтижесінде популяция биологиясында популяция туралы түсінік қалыптасқан. Ол түсінік бойынша популяция мынандай белгілерімен сипатталады: Бір түрдің особьтарынан /дарақтарынан/ тұрады; Белгілі бір территорияда орналасады; Генетикалық структурасы болады және генетикалық тұрғыдан біркелкі емес; Генетикалық кұрылым кұра алатынына байланысты өз алдына өмір сүріп, өзінің санын ұзақ сақтауға қабілеті бар; Ұрпақ алмастыру мүмкіндігі барлығына байланысты өз алдына өмір сүріп өзінің санын ұзақ сақтауға қабілеті бар (Мухитдинов Н.М., және т.б. 2019 ж.)
Популяция жүйе ретінде түрдің және биоценоздың элементі болып саналады
Түр табиғаттағы әртүрлі көлемдегі популяция жиынтығы. Бір түрдін популяциялары бір-бірімен әрекеттесуге мүмкіншілікті сақтайды. Бірақ, бұл мүмкіншілігі барлық уақытта іске аса бермейді.
Экологияда популяция дегеніміз - бір түрдегі өзара және өскен ортасы территориясымен қарым-катынастағы дарақтар жиынтығы. Популяция мүшелері бір-бірлеріне ортаның физика-химиялық факторларынан кем әсер етпейді. Популяцияларда биотикалық қатынастың барлық формалары байқалады. Бірақ, ең анық көрінетіндері мутуализм және конкуренция.
мутуализм
конкуренция
Популяция дегеніміз -тіршілік ету түр ішіліктік ұйымдасқандықтың формасы, сол территориядағы ресурстарды толық дарақтар тобының пайдалануын қамтамасыз етеді. Популяциялық биологияның маңызы - энергетикалық ресурстарды толық және пайдалануы. Басқа жағынан қарайтын болсақ, популяция деген түсінік оны зерттеуде колданатын тәсілге байланысты қалыптасады. Популяция тармақтары немесе географиялық ареалдар түр тармақтары ареалдары аумақтарында біркелкі географиялық жағдайларда географиялық популяциялар климатқа және ландшафтқа жалпы біркелкі бейімделумен сипатталады.