27
Мезгілінде қару қылмай қимылдап,
Бұл уақытта тұрмыз енді хәл кетіп» (М.Дулатов, Шығ.).
«Қырық мың әскер түрікпен
Жалғызаяқ жолмен,
Аллалап шауып күңіреніп,
Салды жауға қолдарын (Көрұғылы).
«Он сандайын оймауыт,
Барабан соғып шың қағып,
Алдымен әскер жүргізіп,
Бұйым болды бұ да деп
Аллалап батыр шабады» (Ер Тарғын// Батырлар жыры).
Сонымен қатар Аллаһты жиі еске алатын, Алласы аузында, Құдайды ойлай-
тын адамға немесе үйге де қолданылған.
«– Бақыт қайда барасың?
– Шариғат сөзін тыңлаған,
О дүниені ойлаған
Аллалы үйге барамын» (Қабан жырау, Алтын қазық).
Ал аузында Алласы жоқ, Құдайды еске алмайтын адамға «алласыз» сөзі қол-
данылады.
Достарыңызбен бөлісу: