Муканова асель сериковна


Білімдерді бейнелеудің моделдері



бет12/42
Дата05.09.2022
өлшемі5,36 Mb.
#38480
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
Білімдерді бейнелеудің моделдері

Адамдардың білімі белгілі бір нақты жағдайларды танып білудің нәтижесі, олардың ойларының бейнесі болып табылады. Ал әрбір интеллектуалды жүйе адам өмірінің нақты бір бөлшегімен арақатынаста болады. Сондықтан да білімдерге негізделген жүйелердің маңызды мәселелерінің бірі білімдерді бейнелеу мәселесі.
Білімдерді бейнелеудің негізгі моделдері ретінде продукционды моделдерді, фреймдік, логикалық және семантикалық желі, онтологиялық моделдерін [50] айтуға болады. Осы моделдердің әрқайсысы қандай да бір интеллектуалды жүйені жасауға мүмкіндік береді. Сол себепті де интеллектуалды жүйені жасамас бұрын әрқашан да осы моделдердің қайсысын алу керек деген есеп тұрады.
Білімдерді бейнелеу моделдерін келесі критерийлер бойынша бағалауға болады: білім элементтерінің күрделілік деңгейі, білімді бейнелеудің универсалдылығы, яғни, білімдерді әртүрлі пәндік аймақтар арқылы бейнелей білу мүмкіндігінің болуы, қолдану кезінде білімдерді бейнелеудің көрнекілігі мен табиғилылығы, моделдің жаңа білімдер алуға қабілеттілігі және оларды оқыта білуі, моделдің жад көлемін алатын өлшемі бойынша, берілген модел арқылы жүйені құрудың ыңғайлылығы.
Білімдер түрлері
Жасанды интеллект теориясында білімдерді бейнелеу мәселесі маңызды орын алады. Білімдер дегеніміз әлем (нақты бір пәндік облыс, объекті немесе объектілер жиынтығы) жөніндегі мағлұматтар (индивидум, қоғам немесе жүйе) жиынтығынан тұрады. Оларда объектілердің қасиеттері, үдерістердің заңдылықтары және құбыластар жөніндегі ақпараттар және сол ақпараттарды шешім қабылдау жүйелерінде қолдануға қатысты ережелер сақталады.
Есептеу техникасы алдымен мәліметтерді өңдеуге бағытталған болды. Бұл техника мен программмалық қамтаманың деңгейіне байланысты болды. Шешілетін мәселелердің қиындауы, оларды зерделендіру, техниканың қарқынды түрде дамуы білімдерді өңдеу машиналарын құруға алып келді. Білімдердің мәліметтерден ерекшелігі ол білімдердің түсіндіріле алуы . Егер мәліметтерді түсіндіру үшін қажетті программалар керек болса және олардың өзінде мазмұнды ақпарат болса, онда олар маңызды болып табылады. Білімдердің тағы да бір ерекшелігі олардың арасында қарым-қатынастың болуы, мысалы, «түр – ішкі түр», «элемент – жиын» және т.б.
Интеллектуалды жүйелерде бейнеленетін білімдердің типтері төмендегідей болады:

  • объектінің құрылымы, пішімі, функциялары және мүмкін болатын күйлері;

  • объектілер арасындағы мүмкін болатын қатынастар;

  • физикалық заңдылықтар;

  • жағдай мен әрекеттің мүмкін болатын әсерлері, жағдай мен оқиғаның пайда болу шарттары;

  • мүмкін болатын талаптар, мақсаттар, жоспарлар, келісімдер және т.б.

Жалпы түрде алғанда білімдерді бейнелеу концептуалды және эмпирикалық болып бөлуге болады. Концептуалды модел мәселені тануға мүмкіндік беріп, оған алдын ала талдау жасаудың уақытын азайтуға көмектеседі. Концептуалды моделді тәжірибе ретінде қолдану оны эмпирикалық түрге келтіруге алып келеді. Себебі білімдер эмпирикалық түрде, сипаттамалық түрде жинақталады.
Сонымен қатар білімдерді декларативті және процедуралық деп бөлуге болады. Білімдерді бейнелеудің декларативті моделі қандай да бір пәндік облыстың білімдерін бейнелеу бұл білімдердің кейін қалай қолданылатынына байланыссыз болады деген болжамға негізделеді. Сондықтан да бұл модел екі бөлімнен тұрады: білімдер құрылымын статикалық сипаттау және осы құрылымдармен операция жасайтын шығару механизмінен. Декларативті моделдерде орындалатын процедуралардың сипаттамасы айқын түрде көрсетілмейді. Бұл моделдер негізі мақұлдау жиындарынан тұрады. Пәндік облыс өзінің күйлерін синтаксистік сипаттау түрінде бейнеленсе, шешім шығару күй кеңістігінде іздеу процедураларына негізделген болады.
Ал процедуралық бейнелеуде білімдер процедураларда болады, процедуралар дегеніміз спецификалық әрекеттерді қалай орындау керек екендігін айқындайтын кішігірім программалар. Бұл кезде шешім шығарудың жүзеге асыру үшін объектінің немесе ортаның мүмкін болатын барлық жағдайларын сипаттап керек емес, тек қана жағдай мен әрекетті сипаттауды генерациялайтын процедуралар мен бастапқы жағдайларды сақтаса болғаны. Білімдерді процедуралық бейнелеу кезінде білімдер мағынасы білімдер базасы элементтерінің сипаттамасында болады, сондықтан да шешімдерді табудың эффективтілігі арта түседі. Білімдерді бейнелеудің процедуралық моделдерінің негізгі артықшылығы қолдану жөніндегі қосымша білімдерді енгізу арқылы шешім шығару механизмдерінің эффективті болуында. Тағы да бір артықшылығы ол суреттеу күшінің болуы. Процедуралық жүйелер білімдерді бейнелеудің кез келген моделін моделдей алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет