Фреймдер Фреймдер негізінде білімдерді бейнелеу моделін 1975 жылы Марвин Минский [51] ұсынған. Оның анықтамасы бойынша фрейм дегеніміз объектілер, оқиғалар немесе үдерістердің кластарын бейнелеуге қажетті минималды құрылымданған ақпарат. Фреймдік модел семантикалық желіге ұқсас болып келеді. Ол иерархиялық тұрғыда ұйымдасқан түйіндер мен қарым-қатынастың желісі болып табылады. Оның ішінде жоғарғы түйіндер жалпы түсініктерді берсе, ал оларға бағынышты түйіндер осы түсініктердің жекелеген мәндері. Фреймдерге негізделген жүйеде әрбір түйіндегі түсініктер атрибут-слоттар арқылы және осы атрибуттардың мәндері арқылы анықталады. Әрбір слотқа кез келген процедураны байланыстыруға болады. Жалпы түрде фрейм келесі жол арқылы сипатталады:
<ФА, (СА, СМ, ЖП), ..., (СА, СМ, ЖП)>, мұндағы ФА – фрейм аты; СА – слот аты; СМ – слота мәні; ЖП – жалғасқан процедураның аты.
Әрбір фрейммен ақпарат байланысқан: олар слоттар үшін жетіспейтін ақпаратты қайдан алуға болатыны, ойламаған жағдай болған кезде фреймдерді қалай қолдануға болатыны туралы ақпараттар. Толтырылған слоттары бар фреймдерді фрейм экземплярлары деп атайды. Пәндік облыстың объектілері арасындағы қарым қатынасты орнату үшін фреймдер желісі құрылады.
Фреймдік жүйелерде ақпараттық артықшылық болмау үшін ақпараттық мұралану принципі жүзеге асырылады. Бұл принцип жүйеге қатысты жалпы ақпаратты бөлек фреймде сақтап, ал қалған фреймдерде оған сілтеме жасауға мүмкіндік береді.
Фреймдердің негізгі қасиеттері:
1. Негізгі түр. Фреймдік жүйені дұрыс қолданып білген жағдайда пәндік облыстың және оның күйлерінің болмысын тез және дұрыс түсінуге мүмкіндік алуға болады. Бірақ та бұл кезде қажет болатын әртүрлі позицияларды фреймдерде сақтау үшін үлкен жад қажет болады. Сол себепті де, пәндік облыстың негізгі объектілері ғана негізгі түрде сақталады да, солардың негізінде жаңа күйлер үшін жаңа фреймдер құрылады.
2. Салыстыру үдерісі. Фреймнің дұрыс таңдалғандығын тексеретін үдеріс салыстыру үдерісі деп аталады. Жалпы жағдайда, бұл үдеріс фреймде сақталған ақпарат пен ағымдағы мақсатқа сәйкес жүзеге асырылады.
3. Иерархиялық құрылым. Фрейм жалпы түсінікті бейнелеу кезінде классификациялық иерархиялық тұрғыда жүзеге асырылады. Иерархиялық құрылымның ерекшелігі ол жоғарғы деңгейдегі фреймдегі атрибуттар жөніндегі ақпараттар осы фрейммен байланысқан төменгі деңгейдегі фреймдерде бірлесіп қолданылады.
4. Фреймдер желісі. Егер салыстыру үдерісі ешқандай нәтиже бермесе, онда алдыңғы фреймге сәйкес келетін фреймді іздеу қажет болады. Айырмышылықтарды көрсетуді қолданатын мұндай іздеу фреймдерді біріктіру арқылы жүзеге асырылады. Бұл бізге фреймдер желісін береді.
5. «Абстрактілі-нақты» және «бүтін-бөлік» қатынастары. Иерархиялық құрылым «абстрактілі-нақты» қатынасы негізделген, бірақ мұндай құрылымдардан басқа «бүтін-бөлік» қатынасына негізделген құрылымдар да бар. «абстрактілі-нақты» қатынасында жоғарғы деңгейлерде абстрактілі объектілер, ал төменгі деңгейлерде – нақты объектілер сақталады және төменгі деңгейдің объектілері жоғарғы деңгейдің атрибуттарын мұраланады. Ал «бүтін-бөлік» қатынасы құрылымданған объектілерге қатысты, ол төменгі деңгей объектісі жоғарғы дейгей объектісінің бөлігі екендігін көрсетеді.
Фреймдік модел универсалды болып табылады, себебі мұнда объектілер мен түсініктерді бейнелеу үшін қолданылатын Фреймдер ғана емес, сонымен қатар, фрейм-рөлдер, фрейм-жағдайлар т.б. қолданылады. Фреймдер негізінде құрылған жүйелерді оқыту қиын, мұндай жүйелерді құру көп уақыт пен құралдарды қажет етеді, модел элементтерін сақтау үшін қажет жад көлемі де үлкен болу керек. Қазіргі кезде фреймдер концепциясы ерекше дамуда және кеңінен таралуда. Оның себебі объектілі- бағытталған программалау әдістерінің дамуында болып табылады.
Семантикалық желілер Семантикалық желі (СЖ) дегеніміз – бағытталған граф түріндегі заттық аймақтың ақпараттық моделі [52-60]. Бұл жерде графтың төбелері заттық облыстың объектісі болса, графтың доғалары (қабырғалары) олардың арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді. Объекті ретінде үдерістерді, қасиеттерді оқиғаларды, түсініктерді алуға болады. Доғалар әртүрлі әдістер арқылы анықталынуы мүмкін, мысалы иерархиялық байланысты бейнелеу үшін IS-A «болып табылады» және HAS-PART «бөлігі бар» доғаларын пайдаланылады. Осылайша, семантикалық желі білімді бейнелеудің негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Бұл атау екі терминнен құралған: семантика тіл білімінде тіл бірлігінің мағынасын қарастырады, яғни объектілер мен символдар арасындағы қарым-қатынасты орналастырады, ал желі дегеніміз математикада төбелері доғалармен (қабырғалармен) біріктірілген жиынды, яғни белгілі бір графтың түрін көрсетеді. Семантикалық желіде төбелердің рөлін білім базасы түсінігі орындайды, ал доғалар (қабырғалар, соның ішінде бағыттылағандары) олардың арасындағы қарым-қатынастарды көрсетеді. Осылайша, семантикалық желі түсінік пен қарым-қатынас түріндегі заттық аймақтың семантикасын көрсетеді.
Қандай да бір семантикалық қарым-қатынас негізінде жүйелеу идеясын ерте кездегі ғалымдар ұсынған болатын. Оның мысалы ретінде Карл Линнейдің 1735 жылдағы биологиялық классификациясын алып қарастыруға болады.
Қазіргі заманғы семантикалық желінің арғы атасы ретінде 1909 жылы Чарльз Пирс ұсынған экзистенциалды графтарды айтуға болады. Олар логикалық айтылымдарды ерекше диаграммалар түрінде көрсету үшін қолданылды. Пирс бұл әдісті «болашақ логикасы» деп атады. Осы желіні зерттеу бойынша маңызды бағыт ретінде неміс психологы Отто Зельцтің 1913 және 1922 жылдарындағы жұмыстарын айтуға болады. Бұл жұмыстарда түсінік және ассоциация құрылымын ұйымдастыру үшін, сонымен қатар, қасиеттердің мұра ету әдістерін зерттеу кезінде Отто Зельц графтар мен семантикалық қарым-қатынастарды қолданды. Дж. Андерсон (1973) және Д. Норман (1975) және т.б зерттеушілер бұл жұмыстарды адамның есін және интеллектуалды қасиеттерін моделдеу үшін қолданды.
Компьютерлік семантикалық желілерді нақты 1956 жылы Ричард Риченс Кембридждік орталықтың тілді зерттеудің машиналық аударымы жобасы барысында жетілдірілді. Кейінгі семантикалық желілер бұрынғылармен салыстырғанда өте қуатты және икемді, сонымен қатар, логикалық программалауға, фреймдік желілерге және басқа да көрсету тілдеріне бәсеке бола алады.
Осы күндерде семантикалық желілердің көптеген түрлері бар. Олардың терминологиясы мен құрылымдары әртүрлі болғанымен, барлығында семантикалық желіге сәйкес келетін ұқсастықтары бар:
семантикалық желілердің түйіндері күйдің, оқиғалар мен заттардың айқындамаларын көрсетеді;
бір айқындаманың әртүрлі түйіндері егер бір айқындамаға қатысты деп көрсетілмесе әртүрлі мәндерге қатысты болады;
айқындамалар арасындағы кейбір қарым-қатынастар агент, объект, реципиент және инструмент секілді лингвистикалық септеу бола алады;
айқындамалар деңгейлер бойынша ұйымдастырылған.
Семантикалық желі классификациясы. Барлық семантикалық желілерді -ардылығына және қарым-қатынас типтерінің түріне байланысты бөлуге болады:
Қарым-қатынас типтерінің түріне байланысты желіні біртекті және біртекті емес деп бөлуге болады:
біртипті желілер тек қана бір қарым-қатынас типіне ие болады, мысалы, жоғарыда айтылған биологиялық түрлердің классификациясы;
– ардылығына байланысты:
а) кәдімгі желі негізінде бинарлы қарым-қатынасы бар желілерді алуға болады. Бинарлы қарым-қатынастар өте қарапайым және екі айқындамалар арасындағы бағытталған сызық түріндегі граф түрінде ыңғайлы бейнеленеді;
б) тәжірибеде екі немесе одан да көп объектілерді байланыстыратын N-арлы желілер қажет болады. Бірақ осы кезде осындай байланысты шатаспайтындай етіп графта қалай байланыс орнатуға болады деген қиындық туады. Оның шешімі концептуалды графтар Себебі олар, әрбір қарым-қатынасты жекелеген түйіндер ретінде бейнелейді.
Көлемі бойынша:
1 Жекелеген нақты мәселелерді шешуге арналған. Мысалы, жасанды интеллект жүйесін шешетін мәселелер.
2 Кең көлемдегі масштабты аймақтың семантикалық желісі жалпылық мәндерге қатыссыз нақты жүйелер құру үшін база бола алатындай болуы керек.
3 Глобальды семантикалық желі. Теориялық тұрғыдан қарағанда мұндай желі болу керек, себебі әлемде бәрі бір бірімен байланысты.
Семантикалық желіде келесі қарым-қатынастар көбірек қолданылады: