Муканова асель сериковна


Білімдерді бейнелеу тілдері



бет21/42
Дата05.09.2022
өлшемі5,36 Mb.
#38480
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42
Білімдерді бейнелеу тілдері

Семантикалық гиперграф
Семантикалық гиперграф онтология білімдерін формалды бейнелеу тілі болып табылады. Семантикалық желілердің кеңейтілген түрі болып келеді. Семантикалық желінің өзін қолдану кейбір семантикалық анықталмағандық пен логикалық келіспеушіліктерге алып келуі мүмкін. Ал семантикалық гиперграф формализмін қолдану логикалық келіспеушіліктердің болмауын қамтамасыз етеді, себебі әртүрлі қатынастарды көрсету білімді бейнелеудің сызбасына енгізілген.
Жалпы жағдайда гиперграфты әр түрлі түрде беруге болады [74]. Гиперграфты анықтайтын болсақ ол жұбынан тұрады, мұндағы V – төбелер жиыны ал E – қабырғалар жиыны әрбір қабырға V-нің ішкі жиыны. v төбесі мен е қабырғасы инцидиентті деп аалады, егер болса. үшін арқылы v төбесіне инцидиентті қабырғаларды белгілейді; дегеніміз v төбесінің дәрежесі. Қабырғаның дәрежесі е – осы қабырғаға инцидиентті төбелер саны, – арқылы белгіленеді. H гиперграфы r-біркелкі деп аталады, егер оның қабырғалары бірдей r дәрежесіне ие болса. Егер әрбір қабырғасы 2-ге тең болатын дәрежеге ие болса, онда ол гиперграф граф деп аталады.
гипреграфының ішкі гиперграфы (подгиперграф) болады, егер және төбе және қабырға инцидиентті -ге болса, сонда тек сонда ғана олар -ге инцидиентті болады.
Гиперграфтар бағытталған және бағытталмаған болады. Бағытталмаған графтың қабырғалары буын деп аталады. Бағытталған граф болған жағдайда қабырғасы гипердоға (қысқаша доға) деп аталады және (h,T) жұбы арқылы беріледі, мұндағы. Мұндағы h е доғасының басы, ал әрбір Т төбесі е доғасының ақырлы төбесі деп аталады. е доғасы h төбесінен шығып, Т жиынынын әрбір төбесіне кіреді.
Бағытталған граф түсінігіне анықтама берейік. гиперграф жартылай бағытталған немесе квази бағытталған гиперграф деп аталады, егер қабырғалар жиыны ᴓ, ал доғалар жиыны ᴓ және болса. Егер болса, онда гиперграф бағытталмаған болады, ал егер ᴓ болса, онда гиперграф толығымен бағытталған болады. E және E2 жиынының қуаттылығына байланысты қосымша түсініктемелер енгізіледі. Егер болса, онда гиперграф бағытталмаған-бағытталған болады. Егер болса, онда гиперграф сәл бағытталмаған болады. Егер болса, онда гиперграф сәл бағытталған болады.
Егер гиперграф элементтеріне кейбір жиындардың символдар қосылып жазылса, онда ол боялған гиперграф немесе қабырғалары мен төбелері таңбаланған гиперграф деп аталады. Символдар тізбегі бұл – жартылай бағытталған, боялған гиперграфпен көрсетілген онтологиядағы түсініктер мен қатынастардың аттары. Мұндай гиперграфты семантикалық гиперграф деп атаймыз [75-76].
Семантикалық гиперграф арқылы абстрактілі (класстар арасындағы) ғана емес, сонымен қатар нақты (бір немесе бірнеше класстар экземплярларының арасындағы) қатынастарды бейнелеуге болады. Білімдер базасы (немесе онтология) класстарының қасиеттерін жеке төбелер ретінде емес, сол класстың төбесінде бірге көрсетіп кететін болса ыңғайлырақ болады. Оны семантикалық гиперграф арқылы жүзеге асыруға болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет