Муканова асель сериковна



бет23/42
Дата05.09.2022
өлшемі5,36 Mb.
#38480
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
Байланысты:
диссертация Асель

Алғашқы диалогтық жүйелердің практикалық жүзеге асыру. Тьюринг көтерген көптеген мәселелер 1966 ELIZA (Вейзенбаум, 1966) [88] программасының пайда болуымен қайтадан өзекті бола бастады. ELIZA – тілдік ақпаратты өңдей алатын, қолданушымен шектелген түрде диалог жүргізе алатын жүйе. ELIZA – өте қарапайым программа, онда енген мәліметтерді өңдеу үшін шаблонды жазбалар қолданылады, сол арқылы қолданушыға ойға қонымды жауап бере алады. 1972 жылы PARRY жүйесі жүзеге асырылды. Ол ELIZA жүйесіне келетін «пациент» болып табылды, ал сол жылдың 18 қыркүйегінде осы екі жүйенің арасында ARPAnet желісі арқылы диалог жүргізілді.
ELIZA жүйесімен жұмыс жасаған көптеген адамдар осы жүйенің қалай жұмыс істейтінің түсіндіргеннен кейін де олардың мәселелерін шынымен де түсінеді деп ойлады.
Сұрақ-жауап жүйелері және шектелген пәндік облыстарда сұратымдарды түсіну
XX ғасырдың 70-80-ші жылдары табиғи тілді өңдеу аясындағы зерттеулер саны қарқынды дамыды. Осы кезеңде табиғи тілді түсіну саласы ретінде компьютерлік лингвистика облысы пайда болды. Осылайша, табиғи тілде адаммен қарым – қатынас жасайтын сұрақ – жауап жүйелері пайда болды. Алғаш рет Терри Виноград өзінің жұмысында SHRLDU жүйесінің жұмысын көрсетеді, ол жүйеде ойыншық кубиктер әлемінде жұмыс істейтін робот жұмысы сипатталған. Программа кіріс ақпарат ретінде табиғи тілдегі мәтіндік командаларды қабылдады.
Сұрақ–жауап жүйесі дегеніміз (Question Answering System, агл. QA жүйесі) ақпараттық-іздеу жүйесінің жетілдірілген түрі болып табылады. Сұрақ–жауап жүйесі – сұрақтар қабылдау және табиғи тілде оларға жауап беруге қабілетті ақпараттық жүйе, басқа сөзбен айтқанда, ол табиғи тілдік интерфейсі бар жүйе. Бұл жүйеде пайдаланушылар табиғи тілде қойылған сұрақтарға дәл және қысқа табиғи тілде жауап алады. Бұл зерттеудің дамуының басты себебі адамдар тез және нақты ақпараттық қажеттіліктерін алу, Сұрақ–жауап жүйесі қазіргі уақытта жасанды интеллект және табиғи тіл өңдеумен тығыз қарастырылады, сондай ақ бұл саланы дамыту, зерттеу бағытының болашағы кең.
Ең алғашқы сұрақ-жауап жүйесі өткен ғасырдың 60-жылдарында пайда болды. Арасында ең танымал белгілі іске асыру жүйелерін ерекшелеп көрсетуге болады BASEBALL және LUNAR. BASEBALL жүйесі АҚШ-тағы өткен жылы болған бейсбол лигасының конкурске тиесілі нәтижелеріне қызыққан пайдаланушыға диалог түрінде сұрақ-жауап жүргізу арқылы керек мәліметті бере алады. LUNAR жүйесі «Аполлон» бағдарламасының зерттеушілері жеткізген айдың жоғарғы қабатындағы роктарды (жыныстар) зерттеу үлгілерімен байланысты геологиялық сұрақтарға жауап қайтарады. Өткен ғасырдың 60-жылдарында дамыған кейбір танымал бағдарламалық жүйелер сұрақ-жауап модульдерінің кіші жүйелері түрін қамтыған. Осындай бағдарлама ELIZA1 шын мәнінде бағдарламалық модульде қамтылған сұрақ-жауап жүйесі, сондай-ақ. пайдаланушымен байланысуға мүмкіндік береді.
Өткен ғасырдың 70-жылдары және 80-ші жылдары пайдаланушыға нақты пәндік облысда диалогке мүмкіндік беретін сұрақ-жауап жүйелері көп іске асырылды. Мысалы, бағдарламалық пакет Unix Consultant операциялық жүйесі UNIX-ке байланысты сұрақтарға жауап береді. Unix Consultant өте күрделі және дамыған білім базасында негізделген,сондай-ақ UNIX операциялық жүйесі туралы ақпаратты қамтиды. Білім базасының интерфейсі сұрақ-жауап жүйесінің түрінде іске асырылды.
Заманауи сұрақ‑жауап жүйелері ұсынылған құжаттардағы сұрақтарға табиғи тілдерді өңдеу технологияларымен жауап іздеуге арналған (NLP).
2002 жылы зерттеушілер тобы сұрақ-жауап жүйелеріндегі зерттеулердің жоспарын жазып, төмендегі мәселелерді қарастыру ұсынылды:
Сұрақтарды өңдеу. Бір ғана ақпаратты түрлі тәсілдермен сұрауға болады. Сөйлемнің семантикасын (мағынасын) түсіну және өңдеудің тиімді тәсілдерін құрастыру талап етіледі. Ақпараттың сұрақты, қолданылған стилі, сөздері, идиомалардың синтаксистік байланысынан тыс, эквивалентті мағынасы бойынша танығаны маңызды. QA-жүйесінің күрделі сұрақтарды бірнеше жай сұрақтарға бөліп, контекстік сөйлемдерді дұрыс түсіндіріп, тұтынушыдан диалог барысында оларды нақтылап отырғаны дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет