Муканова асель сериковна


Білімдерді семантикалық өңдеу, сұратымдарды жүзеге асыру



бет38/42
Дата05.09.2022
өлшемі5,36 Mb.
#38480
түріДиссертация
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Білімдерді семантикалық өңдеу, сұратымдарды жүзеге асыру

Қазақ тілі грамматикасы пәндік облысы бойынша құрылған білімдер базасы бойынша білімдерді семантикалық өңдеп, қолданушы сұрағына жауап беру [160] деңгейлерін қарастырайық:
Мысалы:

  1. Зат есімнің анықтамасы? деген сұрақ келіп түсті дейік.

Алдымен табиғи тілде келген сұрақ лингвистикалық өңдеуден өтеді.
Графематикалық талдау:
Нәтижесі: Сөйлем сұраулы, сөйлемде 3 сөз бар екендігін көрсетеді.
Морфологиялық талдау:
Сөздікте көрсетілген онтологияда қолданылатын түсініктер ішінен түбір сөздерді алу арқылы, морфологиялық талдау алгоритмі бойынша келіп түскен сұрақты морфологиялық талдаудан өткізіледі:
Нәтижесі:
Түбірі: зат есім (зат есім) 
-нің (ілік септігі) 
Түбірі: анықтама (зат есім) 
-сы (ІІІ жақ тәуелдік)
Синтаксистік талдау:
Қазақ тілінде сөз тіркестерін құрудың формалды ережелерін пайдалана отырып, «Зат есімнің түрлері» деген сөз тіркесінің матасу екенін анықтайды.
Нәтижесі:
Сөз тіркестеріне талдау
Матасу (зат есімнің, анықтамасы) 
Табиғи тілде келіп түскен сұрақты лингвистикалық талдаудың үш деңгейінен кейін, яғни графематикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаудан өткеннен кейін, мәтінде ненің сұралып тұрғанын анықтау үшін семантикалық талдаудан өткізу қажет болады. Семантикалық талдауды жүзеге асыру үшін синтаксистік талдаудан кейін анықталған сөз тіркестерінің байланысу түріне қарай олардың формалды ережелерін пайдаланамыз. Сол арқылы білімдер базасына сұратымдар жіберіп, ақпарат алып, келіп түскен сұраққа жауап бере аламыз.
Семантикалық білімдер базасынан ақпарат алу үшін SPARQL сұратымдарды қолданамыз.
Төмендегі 7 кестеде RDF-триплеттер моделдерінің мүмкін болатын мәндері көрсетілген.

7 кесте – RDF‑триплеттер моделдерінің түрлері





Select

Сипаттамасы

[S, P, O]

барлық элементтер тұрақты

[S, ?X, O]

Субъект пен объект тұрақты, предикат айнымалы

[S, P, ?X]

Субъект предикат тұрақты, объект айнымалы

[?X, P,O]

субъект айнымалы, предикат пен объект тұрақты

[S, ?X, ?Y]

субъект тұрақты, предикат пен объект айнымалы

[?X, P, ?Y]

предикат тұрақты, субъект пен объект айнымалы

[?X, ?У, O]

субъект пен предикат айнымалы, объект тұрақты

[?Х, ?У, ?Z]

барлық элементтер айнымалы

Енді осы көрсетіп өткен ережелер мен шаблондарды қолдана отырып, синтаксистік талдаудан келген байланысу түріне қарай SPARQL сұратым жасайтын болсақ, онда ол келесі түрге ие болады:


Матасу (зат есімнің, түрлері), мұндағы dep=зат есімнің, dom= түрлері, сонда зат есім(S), түрі(P), табу керек ?(О), яғни 7 кестеде көрсетілген 3-ші ережеге сәйкес келеді.
SPARQL сұратым түрі келесідей болады:
Select * where {kazont:зат_есім kazont:анықтамасы ?X }.
Жүйенің беретін жауабы:
?(О) = Зат есім- сөз табы. Заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. 24 суретте жүйе жұмысы көрсетілген.



24 сурет – Сұрақ ‑ жауап жүйесінің жұмысы





  1. Зат есім септеледі ме?

Графематикалық талдау:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет