Муканова асель сериковна


ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ СҰРАҚ – ЖАУАП ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ҚҰРУ



бет36/42
Дата05.09.2022
өлшемі5,36 Mb.
#38480
түріДиссертация
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ СҰРАҚ – ЖАУАП ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ҚҰРУ

Ақпараттық технологиялар дамыған қазіргі қоғамда «электрондық үкімет», «электрондық оқыту» терминдері қолданысқа енді. Кез-келген сала бойынша «электрондық» қызмет көрсету үшін сол сала білімдері машина тұрғысынан қолжетімді болуы керек (білімдерге қолжетімділіктің болуы қоғамның экономикалық, мәдениеттік және әлеуметтік дамуының маңызды көрсеткіші болып табылады) және сол сала бойынша табиғи тілдік мәтінде берілген ақпаратты өңдеу жүйелері болу қажет. Табиғи тілдік мәтіндерді өңдеудің түпкі мақсаты ол білімдерді компьютерлік өңдеуді жүзеге асыру.


Адам тілін компьютерлік өңдеу интеллектуалды жүйені құру аймағындағы ең үлкен негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Табиғи тілдік мәтіндерді өңдеу мен табиғи тіл интерфейстерін, табиғи тіл негіндегі үлкен білімдер базасын құру, компьютерлік өңдеу секілді мәселелер компьютерлік желілердің күн өткен сайын көбеюіне байланысты үлкен өзектілікке ие. Сол себепті де бұл бағыт барлық дүниежүзінде қарқынды дамуда, соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі үшін де маңызды болып табылады. Жоғарыда айтылған күрделі мәселелерді шешу үшін алдымен қазақ тілі бойынша интеллектуалды жүйені құру керек.
Есептің қойылуы мынадай: Қазақ тілінде берілген мәтінді талдай алатын интеллектуалды жүйе құру. Оның кірісіне табиғи тілдегі сұрақ беріледі. Жүйе табиғи тілді өңдеу үрдістерінен өткеннен кейін білімдер базасы бойынша жауап беруі керек.
Интеллектуалды жүйенің негізгі міндеті пайдаланушының берген сұрағына қатысты ақпаратты білімдер базасынан тауып, оған жауап беру.
Интеллектуалды жүйелер негізгі үш компоненттен тұрады:

  • білімдер базасы [156], мұнда онтология қолданылады;

  • білімдерді өңдеу машинасы, мұнда онтологиядағы түсініктер арасындағы қарым-қатынастар өңделеді;

  • пайдаланушы интерфейсі, бұл интерфейс пайдаланушы мен машина арасында табиғи тілде байланыс орнату үшін қажет.

Пайдаланушы интерфейсі ретінде сұрақ-жауап жүйесін аламыз.
Сұрақ-жауап жүйелері – бұл пайдаланушының табиғи тілде енгізген сұрағын мағынасы бойынша өңдеуден өткізе алатын және оған сөздерден немесе сөйлемдерден тұратын қысқаша жауап қайтара алатын программалық комплекстер. Ал сұрақ-жауап жүйесінде пәндік облыстың білімдерін концептуалды құрылымдандыру үшін онтология қолданылады. Онтология белгілі бір білімдер облысын бейнелейтін түсініктер мен қарым-қатынастарды формалды спецификациялау үшін қолданылады. Онтологияның білімді бейнелеу әдісі ретіндегі негізгі артықшылығы олардың формалды құрылымы болып табылады, соның арқасында компьютерлік өңдеуді жүзеге асыру жеңілдей түседі.
Төменде сұрақ жауап функциясын формалдау беріледі. Ол үшін мынадай белгілеулер енгізейік:
- пәндік облыстың білімдер базасын сипаттайтын ақырлы бос емес жиын;
- сұрақтарды сипаттайтын ақырлы бос емес жиын;
- қойылған сұрақтардың жауаптарын сипаттайтын ақырлы бос емес жиын;
- қойылған сұраққа жауап беретін функция (бұл функция программалық жүзеге асырылуы тиіс). Осы функция нәтижесін талдағанда екі түрлі жағдай болуы мүмкін:

  1. Егер болса, онда сұрақтың жауабы бар және ол пәндік облысқа жатады;

  2. Егер болса, онда сұрақтың жауабы бар, бірақ ол пәндік облысқа жатпайды;






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет