Муканова асель сериковна


Табиғи-тілдік жүйелерді жүзеге асыру



бет25/42
Дата05.09.2022
өлшемі5,36 Mb.
#38480
түріДиссертация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42
Байланысты:
диссертация Асель

Табиғи-тілдік жүйелерді жүзеге асыру

Табиғи-тілдік жүйелерді құрудың программалық құралдары.
Қазіргі кезде табиғи-тілдік жүйелерді құрудың программалық құралдары кеңінен таралған. Солардың ішіндегі ең көп қолданысқа ие жүйелерді қарастырып өтсек:
LISP программалау тілі
Жасанды интеллект жүйелерін программалаудың ең кең таралған құралы. 60-шы жылдарды американдық ғалым Дж. Маккарти және оның оқушылары құрған. Бұл тілдің кең тараған диалектілері ретінде InterLisp, QLisp, CommonLisp айтуға болады. LISP тілінде көптеген эксперттік жүйелер (Mycin, Internist, Kee), табиғи-тілдік тілдеусі жүйелері (Margie, Shrdlu, Дилос) жазылған. LISP [95] символдық ақпаратты өңдеудің күрделі жүйелерін жазуға мүмкіндік береді. Лисп-жүйелердің негізгі кемшілігі – есептеу тиімділігінің төмендігі. LISP тілінің ерекшелігі ол осы ортада «деректер» мен «программалардың» сыртқы келбеті бір бірінен ерекшеленбеуінде. Бұл LISP-те «деректермен» ғана емес, сонымен қатар, «программалармен» де айла шарғы жасауға мүмкіндік беретін программалар жазуға көмектеседі.
LISP тілінің синтаксиссі өте қарапайым, себебі, оның екі ғана конструкциясы бар, олар: атом және тізім.

  • Атом – LISP тілінің қарапайым конструкция сы, оның өзінің аты мен мәні болады. Кейбір LISP-жүйелерде атоммен қандай да бір анықталған қасиеттер тізімі байланысады. Атом мысалдары ретінде А, В, А1, ВРЕМЯ ВЫЛЕТА, ВЫПУСК, АИ-93 және т.б. алуға болады.

  • Тізім – LISP конструкциясы, ол атомдар жиынынан және ішкі тізімдерден тұрады. LISP-те тізімдерді сипаттайдың жақшалық түрі қолданылады, мысалға алар болсақ: (А1, А2,…,АК), (А, В) (ВРЕМЯ ВЫЛЕТА, 15_40) (ВЫПУСК АИ-93).

Пролог программалау тілі
Пролог программалау тілінің аты «Логиканы программалау» (PRogramming in LOGic) деген сөзтіркесін қысқарту арқылы пайда болған. Қазіргі кезде кең таралған Пролог – жүйелер: MProlog, CProlog, Prolog-2, Arity Prolog, Turbo Prolog, Strawberry Prolog [96]. Бұл тілдің математикалық негізіне ретінде бірінші ретті предикаттарды есептеу, Робинсон резолюциясы ідісі, рекурсивті функциялар теориясы жатады. Тілдің негізгі конструкциясы АВ1, В2, ..., Вn ережесі деп аталатын импликация, мұндағы А1, В1, В2…, Вn – предикаттар.
Оның мағынасы мынаны береді: «А ақиқат, егер В1, В2 және Вn ақиқат болып табылса».
Пролог предикаттары келесі түрге ие болады:
<предикат АТЫ> (<аргумент 1>, … <аргумент К>).
OPS программалау тілі
Бұл тіл продукционды тілдер қатарына жатады. Тіл әмбебап тіл болып табылады және жасанды интеллект жүйелерін құруға, оның ішінде эксперттік жүйелерді құруға арналған. OPS тілінің [97] архитектурасы продукционды жүйелер архитектурасына сай келеді, яғни ол ережелер базасынан, жұмыс жадынан және шығару механизмінен тұрады. OPS тіліндегі программа декларативнті және продукционды бөліктерден құралады. OPS тілінің үш қана операторлары бар: TYPE деректер типін сипаттау операторы, CLASS класстарды сипаттайтын оператор және RULE ережелерді сипаттау операторы. Программаның декларативті бөлігі жұмыс жады элементтерінің деректер мен класстар типін сипаттайды. Ал OPS программаның продукционды бөлігі ережелер бөлімінен тұрады. Ол декларативті бөліктен кейін жазылады және ережелер жиынтығынан тұрады. OPS ережелері ереженің басы мен денесінен тұрады.
Рефал программалау тілі (рекурсивті функциялар алгоритмдік тілі).
Бұл машинаға тәуелсіз алгоритмдік тіл. Рефал – тілдік табиғаты бар объектілерді өзгерту үшін қажетті әмбебап метатіл. Рефал [98] тілінің маңызды қосымша болу себебі -оның арнайы тілдер мен жүйелік микрокомандаларды құру үшін қажетті метатіл ретінде қолданылуы. Рефалдың нақты қолданылу аймағын айта кетер болсақ, ол ЭЕМ тілдесуге қажетті арнайы тілдерді құруға, программаларды автоматты түрде генерациялауға, программаларды жоғарғы деңгейлі тілдерге көшіруге және олардың бір типті ЭЕМ-нан басқа типті ЭЕМ-на көшіру кезінде бейімделуіне мүмкіндік беретін тіл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет