Муканова асель сериковна


БІЛІМДЕРДІ СЕМАНТИКАЛЫҚ ӨҢДЕУ



бет28/42
Дата05.09.2022
өлшемі5,36 Mb.
#38480
түріДиссертация
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42
Байланысты:
диссертация Асель

БІЛІМДЕРДІ СЕМАНТИКАЛЫҚ ӨҢДЕУ




  1. Есептің қойылуы

Білімдерді бейнелеу мен өңдеу қазіргі кезде жасанды интеллектінің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады [119-121]. Осы мәселенің шешімін табу дегеніміз, ол әртүрлі білім көздерінде сақталған табиғи тілдердегі білімдерді формалды түрде бейнелеу және оларды автоматты түрде өңдеу болады. Бұл зерттеліп отырған пәндік облыста нақты (мысалы, семантикалық іздеу, бір тілден басқа тілге семантикалық автоматты аудару, шешімдер қабылдау және басқа) практикалық есептерді қойып, автоматты шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан білімдерді бейнелеу мәселелерін әртүрлі білімдер көзіндегілерді математикалық моделдерге айналдыру есептері ретінде, ал оларды өңдеуді әртүрлі есептеу әдістерін қолдану арқылы автоматтандырып, нақтылы интеллектуалды жүйелер жасау мәселелері ретінде қарастыруға болады. Бұл жүйелердің барлығында зерттеліп отырған пәндік облыстың білімдері формалды түрде сақталған білімдер базасы болады және есепті автоматты шешуші (автоматты іздеуші, автоматты аударушы, автоматты шешімдер қабылдаушы сияқтылар) болады.
Адам арасындағы ақпарат алмасу табиғи тіл арқылы жүзеге асатындықтан және әртүрлі табиғи тілдердің өзіндік ерекшелігі бар болғандықтан, компьютерде білімдерді бейнелеу және өңдеу өте күрделі үдеріс болып табылады. Себебі ол ең алдымен табиғи тілде тілде берілген ақпараттың мағыналық мазмұнын - білімді сақтауды, сонан кейін сақталған білімді түрлі әдістермен өіңдеуді қажет етеді.
Білімдерді компьютерде сақтау мен өңдеудің әдістемесі мен формалды теориясын жасау жасанды интеллект теориясының негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселенің қиындығы ол бірнеше ғылыми теорияларды, оның ішінде қазақ тілі, информатика, компьютерлік логика, компьютерлік лингвистика, білімдер инженериясы, онтологиялық моделдеу және тағы да басқа теорияларды пайдаланудың қажеттігі. Осыған байланысты білімдерді өңдеу, оның ішінде білімдерді семантикалық өңдеу бойынша зерттеу жүргізу жоғарыда көрсетілген ғылыми теориялар бойынша білімдердің болуын талап етеді, мысалы:

  1. грамматика – тілдің грамматикалық құрылымын, тілде дұрыс және мағыналы құрылған сөйлеулер заңдылықтарын, осы заңдылықтарды грамматикалық ережелер түрінде бейнелеуге мүмкіндік береді;

  2. білімдер инженериясы – білмідерді дұрыс пайдалану мәселелерін шешуге бағытталған жүйелерді құруға арналған моделдер, әдістер және техникалық тәсілдердің жиынтығын бейнелейтін ғылым саласы;

  3. ақпаратты өңдеу – ақпаратты бір түрден екінші түрге қатаң формалды ережелер арқылы түрлендіруге мүмкіндік береді;

  4. информатика – білімдерді бейнелеу және өңдеу жүйелерінде қолданылатын тиімді компьютерлік алгоритмдер мен олардың программалық жүзеге асыру тәсілдерін қарастыруға мүмкіндік береді;

  5. математика – жасалатын әдістер мен алгоритмдердің теориялық негізі болып табылады.

Білімдерді формалды бейнелеу мен автоматты өңдеу мәселелеріне осы тоерияларды біріктіре отырып қолдану, концептуалды біріккен формалды теорияға алып келеді. Бұл теорияның құраушылары табиғи тілдік мәтін объектілері мен табиғи тіл мәтіндерінен алынған білімдерді тілдік және пәндік өңдеу деңгейлерінен өткізуді қамтамасыз етуі керек. Ең соңында біз табиғи тілдердегі білімдерді компьютерде бейнелеу және өңдеуді жүзеге асыратын ақпараттық технологияларды құруға мүмкіндік беретін теория аламыз.
Бұл диссертациялық жұмыс қазақ тілінде берілген білімдерді формалды бейнелеу және семантикалық өңдеу мәселесін жасанды интеллект әдістерін қолдана отырып, қазақ тіліндегі білімдерді семантикалық өңдеуді кешенді түрде зерттеуге және шешуге арналған. Білімдерді бейнелеу моделі ретінде онтологиялық модел алынып, онтологиядағы білімдерді формалды бейнелеу тілі ретінде семантикалық гиперграф алынды және келесі есептерді шешу қарастырылды:

  • қазақ тілінің морфологиялық және синтаксистік ережелерінің формалды моделдерін құрып, морфологиялық және синтаксистік анализатор даярлау;

  • қазақ тілі грамматикасы пәндік облысы бойынша білімдер базасын құру;

  • қойылған сұрақты білімдер базасындағы білімдерге сәйкестендіру әдісін моделін анықтау;

  • қойылған сұраққа білім базасынан мағыналық сәйкес жауап табу әдісін құрып, оны программалық жүзеге асыру;

  • қазақ тілі грамматикасы пәндік облысы бойынша пайдаланушымен қазақ тілінде жазбаша диалог жүргізетін интеллектуалды сұрақ-жауап жүйесінің архитектурасын құрып, оны программалық жүзеге асыру.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет