Муканова асель сериковна


Зерттеудің мақсаты мен міндеттері



бет6/42
Дата05.09.2022
өлшемі5,36 Mb.
#38480
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
диссертация Асель

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ тіліндегі білімдерді семантикалық өңдеу моделдері мен әдістерін құру арқылы интеллектуалды сұрақ-жауап жүйесін жасау.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі теориялық және практикалық мәселелерді шешу қажет болды:

  • қазақ тілінің морфологиялық және синтаксистік ережелерінің формалды моделдерін құрып, морфологиялық және синтаксистік анализатор даярлау;

  • қазақ тілі грамматикасы пәндік облысы бойынша білімдер базасын құру;

  • қойылған сұрақты білімдер базасындағы білімдерге сәйкестендіру әдісін моделін анықтау;

  • қойылған сұраққа білім базасынан мағыналық сәйкес жауап табу әдісін құрып, оны программалық жүзеге асыру;

  • қазақ тілі грамматикасы пәндік облысы бойынша пайдаланушымен қазақ тілінде жазбаша диалог жүргізетін интеллектуалды сұрақ-жауап жүйесінің архитектурасын құрып, оны программалық жүзеге асыру.

Зерттеудің объектісі. Табиғи тілдегі білімдерді формалды тілде бейнелеу және оны компьютерде өңдеу моделдері мен әдістері.
Зерттеудің пәні. Қазақ тіліндегі білімдерді бейнелеудің семантикалық моделі және оларды компьютерлік өңдеудің әдістері арқылы сұрақ-жауап үдерісін автоматтандыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Қазіргі кезде пайдаланып жүрген көптеген табиғи тілді компьютерлік өңдеу технологиялары негізінен дамыған елдердің мемлекеттік тілдеріне (ағылшын, жапон, орыс, қытай) арналған. Қазақстан әлемдік қоғамдыстыққа кіре отырып, мемлекеттік тілдің, әлемдік деңгеймен салыстырғанда, жеткілікті деңгейде дамуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл осы диссертациядағы зерттеулердің келешегі зор екендігін көрсетеді.
Табиғи тілдің ерекшеліктерін ескере отырып, мәтінді өңдеу жүйелері көптеген күрделі бөлшектерден құралған. Мысалы, мәтінді талдаған кезде сөйлемге графематикалық, морфологиялық, синтаксистік және семантикалық талдау жасалады [5]. Талдаудың бөлімдерін әдетте тәуелсіз топтар әзірлейді және олар жоғарыда айтылған тілдермен жүзеге асады. Сондықтан қазақ тілі үшін сөйлемдерді өңдеудің дайын модулдерін қолдану қиынға соғады. Осыған байланысты біз қазақ тілінің семантикасын, сондай-ақ сұрақтар мен жауаптарды морфологиялық, синтаксистік және семантикалық талдаудың ішкі программаларын өзіміз жасауымыз керек. Осының барлығы диссертациялық жұмыста ұсынылған зерттеулердің ұлттық және халықаралық деңгейлері жоғары. Алынған ғылыми нәтижелер қазақ тілінің ақпараттық құрал ретінде одан ары даму мүмкіндіктерін арттырады және оның мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін көтеретінін атауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет