қазақ мәтініндегі сөздерді жалғаулармен түрлендіру, жұрнақтармен тудыру ережелерінің және сөзтіркестерді құру ережелерінің онтологиялық моделдері, морфологиялық және синтаксистік талдау алгоритмдері мен программалары;
қазақ тілі грамматикасы пәндік облысының білімдер базасы;
қазақ тіліндегі білімдерді семантикалық өңдеудің моделі мен әдісі;
қазақ тілі грамматикасы пәндік облысы бойынша пайдаланушымен қазақ тілінде жазбаша диалог жүргізетін интеллектуалды сұрақ – жауап жүйесі.
Мәселелердің шешілу деңгейі.Диссертациялық жұмыста қазақ тіліндегі білімдерді семантикалық өңдеу негізінде интеллектуалды жүйелерді жасау мәселесі алғашқы рет қойылып отыр. Бұл мәселенің шешілу жетістігі жаңа интеллектуалды ақпараттық технологияларды құруға мүмкіндік береді және орындаушылардан жалпы лингвистика, қазақ тілі, формалды тілдер мен интеллектуалды ақпараттық технология салалары бойынша жоғарғы дәрежелі біліктілікті талап етеді. Себебі, мәселені шешу үшін түрлі ғылыми әдістер мен технологиялар пайдаланылды.
Кез-келген табиғи тілде берілген мәтінді өңдеу үшін берілген мәтінді алдымен табиғи тілді өңдеуден өткізу қажет. Ол үшін сол табиғи тілдің морфологиялық және синтаксистік ережелері қарастырылып, олардың негізінде құрылған мәтіннен оның семантикасы алынады. Сол себепті де жұмыста қазақ тілінің морфологиялық және синтаксистік ережелері қарастырылып, олардың онтологиялық моделдері құрылып, осылардың негізінде морфологиялық және синтаксистік талдау жүзеге асырылды және морфологиялық талдау кезінде сөздердің түрленуі ғана емес, сонымен қатар, сөздердің тудырылуы қарастырылды, пайдаланушыдан келген сұрақты семантикалық өңдеудің семантикалық моделі мен әдісі анықталып, білімдер базасы бойынша жауап қайтару жүзеге асырылды.
Есептің қойылымы өз мақсатына жетіп жоғары деңгейде шешілді. Оған дәлел ретінде мәселе шешімінің тәжірибелік нәтижесі болып табылатын қазақ тілі бойынша интеллектуалды сұрақ‑жауап жүйесінің жүзеге асырылуы.