«Шәкәрім атындағы №5 көрбейінді гимназия» КММ
директордың ғылыми-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі ,педагог –шебер.
Абай облысы
Семей қаласы
«Шәкәрім шығармаларындағы рухани-адамгершілік құндылықтар»
Адамдық борышың –
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта, оны бiл.
Талаптан да бiлiм мен өнер үйрен,
Бiлiмсiз,
Өнерсiз,
Болады ақыл тұл.
Ұлы Абайдың ізбасары бола отырып, ұстазы жеткізген деңгейден де өзгеше өрнек тауып, қайталанбас қолтаңба қалдырудың өзі – Шәкәрімнің ұлылығын айғақтайтын басты белгі
Абай талап, шыдам, қайрат, жүрек, ақыл сияқты адами сапалардың қатар болуын, адам бойынан бiрдей көрiнуiн қаласа, Шәкәрiмде бұлармен қатар мейiрiм, ынсап, әдiлет, ақ ниет сияқты сапалық қасиеттердi уағыздау басым. Адами қасиеттердiң түп қазығын ол адалдық пен ақ ниетке әкелiп тiрейдi. Адамның жан тазалығы, руханилығы оның болмыс кейпiнiң тартымдылығына әкелетiндiгiн дәлелдейдi.
Шәкәрімнің ағартушылық сөзі, халықты оқу-білімге шақырған ұраны осылайша бүкіл қазақ қауымына арналады
Шәкәрім өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болуға, адами сезімді қастерлеуге, сүйіспеншілікке, ішкі рухани тазалыққа үйретіп, оқушылардың қоғамға өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру бірден-бір таптырмайтын тәсіл екені анық. Ақын шығармашылығындағы педагогика саласында ағартушылық бағытта ғылым, білім, өнер, сонымен қатар талап, ой-сана, ақыл, ынта сөздері орын алады. Осы ғылыми аталымдарды өз шығармаларында қолданылу арқылы Шәкәрім өлеңдерінің табиғаты, сыр-сипаты ашылып отыр. Ш.Құдайбердиевтің еңбектері оның рухани -адамгершілік тәрбиеге үлкен мән бергенін көрсетеді. Адамның адамгершілік қасиеттері қоғамға, басқа адамдарға, заттар мен табиғатқа қатысты көрінеді. Рухани -адамгершілік қалыптасудың негізгі факторлары: қоршаған орта, табиғат, тәрбие.
Бұқараны оятуға ұмтылады, ғылымға жетелейді. Еңбек етуге, мәдениетті елдерден үлгі алуға шақырады. Ақын кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек анық бақ деп білген. Сондықтан, атадан келе жатқан құндылығымыз – рухани-адамгершілік байлығымыз.
Достарыңызбен бөлісу: |