Мулдабекова Камчат Тулюгиновна АҚпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың коммуникативтік қҦзыреттілігін қалыптастыру


Мысалы:Тыңда және жазып (түртіп) отыр



бет35/63
Дата09.04.2022
өлшемі2,62 Mb.
#30449
түріДиссертация
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63
Мысалы:Тыңда және жазып (түртіп) отыр.Тапсырмалар ақпараттық технологияларды пайдаланып ұсынылады. Комьютер, электрондық оқулық, үнтаспа, бейнетаспа арқылы жүзеге асырылады. Университетте оқитын білім алушылар бастауыш сыныптарда ағылшын тілінде беретін болса, оларға тыңдалым дағдысын жетілдіріп ұзақ дәрістерді түсініп, керек жерін түртіп отыруы, қорытындысын жазып ала білуді меңгереді.
Алғашқыда тіл үйренушілерге белгілерден тұратын тізім қысқартылған сӛздер беріледі. Мысалы символдар (& = and; = therefore; = becomes) немесе қысқарған сӛздер (e.g.; i.e.). Негізгі сӛздер. Жазу кезінде білім алушылар ең маңызды не, не маңызды емес екенін ажырата білуі тиіс. Дәл бір сӛз немесе бір сӛз тіркес арнайы тақырыптың негізгі ойы не екенін түсінудің белгісі болуы мүмкін. Алуан түрлі ойдың белгісі болатын сӛздердің тӛмендегідей тізімін құруға болады. Кіріспе сӛйлемдер, риторикалық сұрақтар, ойдың дамуы, алуан түрлі ойдың қарама-қайшылығы, ойдың ауысуы, ойдың хронологиясы, ойдың негізі, ойдың қорытындысы.
Оқытушының келесі әрекеті тақырыпты таныстыру және қажетті сӛздер тізімін беру, кейбіреуінің анықтамасымен беріледі. Білім алушыларға сондай-ақ дәрістің жоспары жазылған парақша немесе интерактивті тақтада тұсау кесер түрінде жазылып кӛрсетіледі. Оқытушы дәрісінен соң студенттер кез келген сұрақ бойынша талқылау жүргізеді.
Екінші бӛлім практикалық сабақта орындатылады, сол тақырыптағы дәрістің жалғасын тыңдайды. Студенттердің алдында сӛздің тізімі болады және дәрістен соң қойылатын сұрақтар беріледі. Олар сұрақтарды алдын ала оқуына оқытушы уақыт береді, назарын неге бӛлу керектігін білу мақсатында беріледі. Студенттер дәріс алдында берілген парақшаларды толтырады және қойылған сұрақтарға жазып отырғандары бойынша жауап береді.
Үшінші кезеңде олардың қолдарында толтырылмаған парақша болса, дәріс соңында тыңдалым кезінде толтырып, сұрақтарға жауап береді.
Келесі кезеңде білім алушыларда тақырыпшалар болады, олар ӛздері әр тақырыпшаға жазып толтырулары және сұраққа жауап берулері қажет.
Бесінші бӛлімде студенттерде тек қана сұрақтар болады және жазып отырады және әрқайсысы қалауынша жауап бере алады.
Алтыншы кезеңде білім алушылар дәріс тыңдауға толық дайын болады. Сӛйлесім дағдысын дамыту әдістемесі. Шетел тілін оқытудың ең негізгі және маңызды мақсатының бірі тіл үйренушілердің сол тілде мүдірмей, анық, таза сӛйлеуі. Сӛйлеу дағдысы танымдық игерілумен бірге дамиды, ал ол психологиялық игерілу. Сӛйлеу дағдысын тілді үйренудің барлық кезеңінде оқыту керек. Мектептерде ағылшын тілінде сӛйлесім дағдысын дамытуға лайықты мән берілмей келеді. Тіл үйренушілер тілді үйренуде жәй пассивті қабылдаушылар ғана емес белсенді қатысушылар ретінде болуы керек.
94

Сӛйлесім дағдысы кӛбіне сұрақ жауап ретінде, жұптық жұмыс, топтық жұмыс ретінде ӛткізіледі.


Сӛйлесім дағдысын дамыту жаңа бастағандар үшін қайталау жаттығуы ӛте тиімді. Кейіннен түсіну мен байланысуға байланысты жаттығулармен жалғасады. Сӛйлеу дағдысын дамыту үшін студенттердің тілдің ережелерін, грамматика және пунтуацияны меңгерту қажет. Сӛйлесім дағдысын дамыту үшін байланысу (коммуникативтік) жаттығуларын орындату керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет