Мысалы: Мағыналық жаттығулар(компьтерлік-бағдарламалық тапсырмалар арқылы орындалады)
Тілдегі ережелер мен грамматиканы оқыту үшін мағыналық жаттығуларды қолдануға болады. Атап ӛтетін жайт бұл жерде тіл үйренушілер жаттығуларды ойланып орындайды. Мағыналық жаттығуларда тапсырмалар берілген тақырыпқа пікір білдіру немесе интерпретация ретінде беріледі. Шынжыр тәрізді бір бірімен байланысты бұл тапсырмалар топта орындауға ӛте ыңғайлы.
95
Оқылым түрлері.Оқылым – графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сӛздер мен тіркестердің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу.
а) Танымдық оқылым – тіл үйренушінің кез келген қызықты, танымдық мәні бар мақала, кітап, пікір, газет-журнал т.б. материалдарды оқып-түсінуі. (интенсивті) оқылым: интенсивті оқылымды оқытушының тіл үйренушіге тілді түсініп, жазылған мәліметті толық игеріп, жазылған хабарламаның лексикалық және грамматикалық мағынасын түсіну деп атады.
б) Ізденімдік оқылым – берілген материалдың (мәтін, шығарма, кітап т.б.) ішінен автор ӛзіне керекті фактіні, хабарды, сілтемені, кӛрсеткішті т.б. іздеп тауып, пайдалана білу.
в) Экстенсивті оқылым– тіл үйренушілер ӛздерінің қызығушылығымен оқиды. ӛздерінің білімін қолдануға мүмкіндік беретін оқылым түрі. Экстенсивті оқудың басты мақсаты тіл үйренушілердің оқу жылдамдығын арттыру, ӛздері оқу барысында ұзақ уақыттық тәжірибе алуы,- деп түсіндіреді.
г) Дауыстап оқу–материалды қатты, мәнерлеп, барлық сӛйлеу аппаратын іске қосып, айналасындағы адамдарға естіртіп, үнмен оқу. Дауыстап оқу– бастаушы кезеңде айтылымды және интонацияны жаттықтыру үшін ауызша жаттығу болып табылады. Жоғарғы деңгейдегі мақсаты мағынасын айқындау, айтылуы қарастырылмайды.
ж) Іштей оқу – берілген материалды не мәтінді үн шығармай, сӛйлеу мүшелерін қимылдатпай, не сәл ғана қозғалту арқылы кӛзбен оқу. Үнсіз оқу: дауыстап оқығанға қарағанда ӛте тиімді деп қарастырылады, бұл жерде тіл үйренуші түсіну үшін оқиды.
Демирелзерттеу нәтижесінде іштей оқуға арналған бірнеше қадамын кӛрсетеді:
бейтаныс сӛздерді алдын ала оқыту;
сыныппен негізгі тақырыптарға талқылау жүргіз;
тіл үйренушілірдің жылдам ойлануы үшін сұрақтар қой;
оқылым барысында тіл үйренушілер сұрақтарға жауап табады, оларды жазып отыру қажет. Уақыт берілуі керек;
таңдамалы: дауыстап оқу, қорытындылау немесе талқылау [134].
Сӛздік қорды дамыту
Тілді оқыту үдерісінің ең маңызды бӛлімі сӛздік қорды байыту болып табылады. Шетел тілінді сӛзді оқытудың екі проблемалық жағы бар. Біріншісі, тіл үйренушіге әр бір жаңа сӛз таныстырылғанда мағынасы түсінікті болуы қажет, екіншіден, әр бір сӛз тіл үйренушінің жадында сақталып, әр алуан тілдік жағдайда қолданысқа ие болуы тиіс.
Жазылым дағдысын дамыту
Жазылым тӛртінші және соңғы коммуникативтік қабілеттердің бірі дейді. Ладо жазылымды тілді кәдімгі жазбаша жағдайда графикалық таңбаны қолдана білу қабілеті, - деп анықтама береді.
96
Жалпы жазылым бір адамның ойын жеткізу үшін қажетті, тиісті сӛздерді, грамматикалық құрылымдарды, пунктуация, бас әріппен жазылу және т.б. қарастырады.
Жазылымды меңгерту тӛрт кезеңнен тұрады. Олар:
Достарыңызбен бөлісу: |