Ағылшын тілі оқу бағдарламасы
сынып
Түсіндірме хат
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23 тамыз 2012ж. №1080 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жалпы орта білім (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) стандартына сәйкес жасалды.
Бұл бағдарлама баланың тіл шеберліктерін ғана емес, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру арқылы оның жалпы дамуына бағытталған кіші сынып оқушыларын оқыту мазмұнын анықтайды.
Тілді меңгеру деңгейінің Еуропалық жүйесіне сәйкес бастауыш мектептегі қарапайым А Basic User деңгейін, А1 (Breakthrough) оқыту курстарын білдіреді, күтілетін нәтижелер (пәндік нәтижелер) оқушыларды дайындау деңгейіне деген талаптарда кӛрсетілген.
Бастауыш мектепте ағылшын тіліне оқытудың әдістемелік жүйесі «оқыту ұстанымы», «оқыту тәсілі (дидактикалық мағынада)», «оқытуды қабылдау», «тапсырмалар жүйесі», «сабақтар типологиясы» сияқты негізгі түсініктерге сүйенеді.
Кіші сыныптарға арналған «Ағылшын тілі» пәні мазмұнындағы тәрбиелік оқыту ұстанымы олардың дүниетанымдарының қалыптасуымен байланысқан: Отанға деген сүйіспеншілік, ӛз елінің және оқытылатын тіл елдерінің мәдениеттеріне деген құрмет сезімдері оқу мәтіндерінде кӛрсетілуі керек.
Белсенділік ұстанымы кіші сынып оқушыларының белсенді әрекеттері арқылы оқыту мақсатына сәйкес мәтіндік лексиканы ықшамды меңгеруді, олардың қарапайым пікірлерінің семантикалық типтері негізінде тақырып ӛрісі шеңберінде олардың сӛйлеу шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыруды кӛздейді.
Кӛрнекілік ұстанымы оқу үрдісін тікелей оқушылар қабылдайтын нақтылы бейнелерге құру, сондай-ақ оқытудың аудиовизуалдық және техникалық құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Жекелендіру ұстанымы. 1 сыныпта күнделікті қарапайым араласуда ағылшын тілін жеткілікті деңгейде меңгеруге бағдарлау жеке писхологиялық ерекшеліктері бар нақты сынып оқушыларының барлығының тең құқықта қатысуын ұйымдастыруға міндеттейді. Оқуды жекелендіру оқу-сӛйлеу жағдаяттарын, коммуникативтік рӛлдерді, сӛйлеу интенцияларын таңдап алу мен бӛлу арқылы жүзеге асырылады.
Жүйелілік және бірізділік ұстанымы сӛйлеу тақырыптарын, сӛйлеу тақырыптары ішіндегі – микротақырыптарды, сӛйлеу интенцияларын, лексикалық және грамматикалық құралдарды бірізді ұсынуда кӛрініс тапты. Нәтижесінде оқу материалын бірізді ұсыну монолог немесе жағдаяттық, бір-бірімен ӛзара байланысқан ілікпе сӛз түріндегі байланысты сӛйлеуді жүйелі құруды қамтамасыз етуі керек. Шындықтың қандай да кӛрінісіне қызмет
147
ететін, әр түрлі деңгейлі құралдардың функционалды-семантикалық ӛрісін білдіретін, дұрыс таңдап алынған материал ағылшын тіліне жүйелі оқытудың әдістемелік шарты болып табылады.
Меңгерудің беріктік ұстанымы ерте мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу мен оқытудың тиімділігін кӛтерудің кӛзі ретіндегі ойындарды белсенді қолдану арқылы қамтамасыз етіледі, кіші мектеп оқушысының ақпараттарды хабарлауы, ақпараттарды сұрауы, әрекеттерге деген ниеті, қолдауы, айыптауы, қоршаған ортаға эмоциялық қарым-қатынас кӛрсетуіндегі оның ӛз ӛмірі – ойынның «түп бейнесі» болып табылады. Мұндай бағыт ағылшын тілінің меңгерілетін құралдары мен араласу жағдаяттарының арасындағы берік, қауымдастық байланысты қалыптастырады. Оқу үрдісін ұйымдастырғанда сабақтан сабаққа материалдың қайталануы міндетті түрде жоспарланады.
Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың қол жетімдік ұстанымы оқытылатын материалдың оқушыларды қоршаған ортаға барынша жақындығы негізінде жүзеге асырылады. Ӛмірден алынған шындықтар мен экстралингвистикалық материал ретіндегі әлеуетті коммуникативтік тапсырмалар кіші мектеп оқушыларының қоршаған ортаға сәйкестігі мен олардың араласуға мұқтаждығын есепке ала отырып, таңдап алынды.
12. Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың жоспарланған нәтижелеріне жету үшін оқу материалдарын барынша азайтуда да, сондай-ақ оқу үрдісін жоспарлауда да жүзеге асырылатын мынадай әдістемелік ұстанымдарды басшылыққа алған жӛн: оқытудың коммуникативтілік ұстанымы, материалды жағдаятты-мәтіндік (ұйымдастыру) ұсыну ұстанымы, функционалдылық ұстанымы, кешенділік ұстанымы, дифференциялдылық ұстанымы, концентризм ұстанымы.
Коммуникативтілік ұстанымы арнайы берілген тілдік материалдар – белсенді лексика мен белсенді грамматикалық материалдар арқылы коммуникативтік мәселелерді шешуге бағытталған, күнделікті жағдаяттарда рӛлдік ойындарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Функционалдылық ұстанымына сәйкес тіл жүйесі бір сызық бойымен емес, ағылшын тілінің лексикалық және синтаксистік (олардың шеңберіндегі – фонетикалық, сӛз тудырушы, морфологиялық) – әр түрлі деңгейдегі құралдарының нақты тақырыпқа қызмет кӛрсетуші микрожүйесі ретінде беріледі.
Кешенділік ұстанымы ағылшын тілі бойынша тілден тыс (экстралингвистикалық) және тілдік (лингвистикалық) оқу материалдарын ӛзара байланыста ұсынумен, сондай-ақ сӛйлеу әрекеті түрлеріне ӛзара байланыста оқыту аспектілерінде жүзеге асырылады: 1 сыныпта – аудирлеу және айту (ауызша озу ұстанымы бойынша, 2-ші жарты жылдықтан бастап ағылшын алфавиттерімен танысу), 2-4 сыныптарда – аудирлеу, айту, оқу және жазу.
Оқушылардың сӛздік қорларын байытудың бастапқы сатысындағы дифференциялдылық ұстанымы микротақырыптарға бӛлінген бір тақырыптың
148
жаңа сӛздерін функционалды-семантикалық беру, кӛрнекілік құралдарына сүйену, оқушылардың сӛздерінде жаңа сӛздерді белсендіру (арнайы тақырыптық ӛріс шеңберіндегі олардың белсенділік формалары) тәсілдерін білдіреді; сӛйлеудің грамматикалық құрылысын байыту сатысы қарапайым айтылған сӛздердің барынша белсенді типтерін жағдаяттық қолдану тәсілдерін, нақтылау компоненттермен (тұрлаусыз мүшелермен) сӛйлем негіздерін таратуды, екі жай сӛйлемді күрделіге біріктіруді сипаттайды; диалогтық араласу шеберлігін дамыту сатысында тақырып бойынша мәтіндер тудырған құрылымдарға сүйену тәсілдері қолданылады.
Бастауыш мектепте ағылшын тіліне оқытудағы концентризм ұстанымы әр сынып бойынша арнайы минимумдар арқылы жүзеге асырылады: тақырыптық және жағдаяттық минимумдар, сӛйлеу интенциялары минимумы, лексикалық және грамматикалық минимумдар, диалогтық және монологиялық минимумдар (әр сынып бойынша тақырыптық минимумдардың мазмұны бірізділік ұстанымын есепке ала отырып, құрастырылды).
Ағылшын тіліне оқыту мына мақсаттарға жетуге бағытталған:
кіші мектеп оқушысы тұлғасын мен оның біртұтас дамуын қалыптастыру;
сӛйлеу әрекеттерінің негізгі түрлерінде: тыңдау, айту, оқу мен жазуда кіші мектеп оқушысының қарапайым басқа тілдік коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру;
3) арнайы тақырыптық минимум шеңберінде оқушылардың сӛздік қорларын байыту, айтылу дағдылары мен сӛйлеу ниеттерін жүзеге асыру арқылы қарапайым жағдаяттарда олардың бастапқы коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру;
кіші сынып оқушыларын шетелдік құрбыларының ӛміріне, шетелдік балалар фольклоріне тарту, ағылшын тілін оқуға оңды мотивацияны қалыптастыру;
арнайы тематикалық минимум шеңберінде кіші сынып оқушыларының сӛйлеу ниеттерін жүзеге асыру үшін олардың эмоциялық, шығармашылық, әлеуметтік, когнитивтік және сӛйлеу қабілеттерін дамыту.
Аталған мақсаттарға сай оқытудың мына міндеттері жүзеге асырылуы
керек:
ана және ағылшын тілдерінде байқалатын қарапайым лингвистикалық түсініктер (дыбыс, әріп, сӛз, сӛйлем, сӛз таптары, екпін) білімін қалыптастыру;
ағылшын дыбыстарының дұрыс артикуляциясы мен айтылу, әріптердің графикалық белгіленуінің олардың дыбысталуына сәйкестігі нормаларымен таныстыру;
есту мен басқа тілде сӛйлеуді дәлме-дәл қабылдау дағдыларын қалыптастыру;
оқудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру;
болымды, болымсыз және сұраулы сӛйлемдерді дұрыс интонациялау дағдыларын қалыптастыру;
сӛздердің қажетті кӛлемін, ойды айтудың жеткілікті типтерін, қарапайым диалогты жүргізудің стратегиялары мен тактикаларын, нақты
149
сӛйлеу тақырыбы кӛлемінде монологты құру үшін мазмұндар пункттерінің жиынтығын меңгеруді қамтамасыз ету;
жазба сӛздің қарапайым дағдыларын қалыптастыру;
ұлттық-мәдени ӛзін-ӛзі ұқсату, Қазақстандық патриотизм, шыдамдылық, қоршаған ортаға ұқыпты қарау сезімдерін дарыту және нығайту.
20. Ана және ағылшын тілдерінде байқалатын қарапайым лингвистикалық түсініктер (дыбыс, әріп, сӛз, сӛйлем, сӛз таптары, екпін) білімін қалыптастыру;
Ағылшын тілін оқыту барысында пән аралық байланыс жүзеге асырылады:
«Орыс тілі», «Қазақ тілі»: кез келген тілді меңгеру негізінде бірдей функционалдық заңдылықтар байқалады. Ана тілінде (қазақ немесе орыс) тіл тәжірибесіне сүйену тілдік білімнің қалыптасуына ықпал етеді;
«Әдеби оқу», «Дүниетаным»:
Мәтіндік материалдар негізінде ағылшын тіліне оқыту әдебиет, тарих, география, ана және оқытылатын тілдер елдерінің мәдениеті туралы қосымша мәліметтер алуға ықпал етеді;
«Ӛзін-ӛзі тану»: салауатты ӛмір салтын насихаттау, жеке гигиена ережелерін сақтау, басқа тіл мәдениеті ӛкілдері мен ата-аналарына, кішентайларға, құрбылары мен ұстаздарына шыдамдылық қарым-қатынас негіздері;
«Математика»: білім алушылар ағылшын тілін оқығанда математика курсындағы білімдерін: есептік және реттік сандарды, геомертикалық фигуралар атауларын қолданады.
«Ағылшын тілі» пәні бойынша оқу сағатының кӛлемі мынадай
-
1)
|
1-ші
|
сыныпта
|
–
|
1
|
сағат,
|
барлығы
|
33
|
сағат
|
оқу
|
жылында;
|
2)
|
2-ші
|
сыныпта
|
–
|
1
|
сағат,
|
барлығы
|
34
|
сағат
|
оқу
|
жылында;
|
3)
|
3-ші
|
сыныпта
|
–
|
1
|
сағат,
|
барлығы
|
34
|
сағат
|
оқу
|
жылында;
|
4)
|
4-ші
|
сыныпта
|
–
|
1
|
сағат,
|
барлығы
|
34
|
сағат
|
оқу
|
жылында;
|
Аталған сағаттар санына бастапқы, аралық, қорытынды бақылау, шығармашылық жобаларды қорғау сабақтары кіреді.
Оқыту нәтижелері білім алушыларды дайындау деңгейіне деген Талаптарда кӛрсетілген және оқытудың қорытынды нәтижелері жүйесін құрайды, ал бұларға қол жеткізу бастауыш мектеп курсы бойынша оқушыларды оңды аттестациялаудың міндетті шарты болып табылады.
1) графика және орфография: ағылшын алфавиті әріптерін үйрену, әріптерді жазу;
сӛйлеудің фонетикалық аспектісі: ағылшын тілінің ӛзіне тән ерекше дыбысы туралы түсінік, айтылу дағдыларын қалыптастыру, әр түрлі типтегі: болымды, болымсыз және сұраулы сӛйлемдерді дұрыс интонациялау, сӛздер мен сӛз орамдарында екпіндерді дұрыс қою дағдыларын қалыптастыру;
сӛйлеудің лексикалық аспектісі: жаңа лексика кӛлемі – 100 лексикалық бірлік, белсенді лексика – 50 сӛз, пассивті лексика – 50 сӛз, сӛйлеуде жаңа лексиканы тану мен қолдану шеберліктерін қалыптастыру;
150
сӛйлеудің грамматикалық аспектісі: болымды, болымсыз және сұраулы сӛйлемдердегі сӛздер реті:
Достарыңызбен бөлісу: |