· ақпарат көбейткіш құралдар (микрофильмдеу құралдары, ксерокс, ризограф);
· компьютерлік құралдар;
· телекоммуникациялық жүйелер мен желілер (кабельдік, спутниктік, оптоволокондық желілер т.б.)
Бұл келтірілген құрылғылардың арасынан оқытудың жаңаша технологиялары мен талаптарына толық жауап бере алатын кейбір мультимедиалық құрылғыларға ғана тоқталамыз.
Интерактивті тақта
Интерактивті тақта – дәстүрлі тақтаның барлық оң сипаттамаларына ие; кең ауқымды графикалық мүмкіндіктермен қамтылған; аз уақытта көп мәлімет ұсына алатын; оқу мотивациясын арттырудың тиімді құралы болып табылатын; оқытуды диалогты түрде ұйымдастыратын аппаратты-бағдарламалық құрал.
Интерактивті тақта
да қолданылатын бағдарламалық жабдық (SMART Board Software) келесі құралдардан тұрады:
жазба кітапшасы (SMART Notebook);
бейнежазба құралы (SMART Recorder);
бейнеплеер (SMART Video Player);
маркерлік құралдар (Floating Tools);
виртуалды пернетақта (SMART Keyboard ).
Жазба кітапшасы мәтіндер мен графикалық объектілер дайындауға арналған графикалық редактордан тұрады.
Бейнежазба құралы тақтада орындалған барлық іс-әрекеттерді AVI форматындағы бейнефайлға жазады.
Маркерлік құралдар қолданылып жатқан бағдарламалық қосымшаға тәуелсіз жұмыс істейді, тақтада кескінделген қандай да бір объектіні ерекшелеуге (тақта бетінің кез келген нүктесіне түрлі белгілеулер салуға) арналған. Мұнан соң орындалған іс-әрекеттерді сақтап қоюға болады.