Виртуалды пернетақта оқытушының интерактивті тақта арқылы компьютердегі мәліметтермен жұмыс істеуіне арналған. Яғни, компьютердің стандартты пернетақтасының аналогы болып саналады.
Статикалық, динамикалық тұрғыда дидактикалық материалдар дайындауға болады;
Әртүрлі сызбалар мен сұлбаларды, диаграммалар мен графиктерді жылдам салуға мүмкіндік беру арқылы уақыт үнемдейді;
Оқушылардың зейінін нақты, қажетті ақпаратқа аудару үшін сол ақпараттарды ерекшелеуді, оқшаулауды жүзеге асыратын аппараттық-бағдарламалық құрал-саймандармен жабдықталған;