Мультимедиа технологиясы туралы жалпы түсінік


Мультимедиа технологиясының аппараттық құрылғылары



бет4/5
Дата18.04.2023
өлшемі1,29 Mb.
#83997
1   2   3   4   5
Байланысты:
5-дәріс ББЦТ

Мультимедиа технологиясының аппараттық құрылғылары

  • Мультимедиа құралдарына оқыту процесінде әртүрлі типті ақпараттарды ұсынушы кез келген оқыту құралдарын жатқызуға болады. Атап айтқанда:
  • · дыбыстық құралдар (CD-ойнатқыш, магнитофон т.б.);
  • · телерадио жүйелері (телеқабылдағыш, радиоқабылдағыш, оқыту теледидары, DVD-ойнатқыш т.б.);
  • · проекциялық құрылғылар (графопроектор, мультимиедиалық проектор, оверхед проектор, бейнепроектор, интерактивті проектор);
  • · интерактивті тақта;
  • · ақпарат көбейткіш құралдар (микрофильмдеу құралдары, ксерокс, ризограф);
  • · компьютерлік құралдар;
  • · телекоммуникациялық жүйелер мен желілер (кабельдік, спутниктік, оптоволокондық желілер т.б.)
  • Бұл келтірілген құрылғылардың арасынан оқытудың жаңаша технологиялары мен талаптарына толық жауап бере алатын кейбір мультимедиалық құрылғыларға ғана тоқталамыз.

Интерактивті тақта

  • Интерактивті тақта – дәстүрлі тақтаның барлық оң сипаттамаларына ие; кең ауқымды графикалық мүмкіндіктермен қамтылған; аз уақытта көп мәлімет ұсына алатын; оқу мотивациясын арттырудың тиімді құралы болып табылатын; оқытуды диалогты түрде ұйымдастыратын аппаратты-бағдарламалық құрал.

Интерактивті тақтада қолданылатын бағдарламалық жабдық (SMART Board Software) келесі құралдардан тұрады:

  • жазба кітапшасы (SMART Notebook);
  • бейнежазба құралы (SMART Recorder);
  • бейнеплеер (SMART Video Player);
  • маркерлік құралдар (Floating Tools);
  • виртуалды пернетақта (SMART Keyboard ).

  • Жазба кітапшасы мәтіндер мен графикалық объектілер дайындауға арналған графикалық редактордан тұрады.

  • Бейнежазба құралы тақтада орындалған барлық іс-әрекеттерді AVI форматындағы бейнефайлға жазады.

  • Маркерлік құралдар қолданылып жатқан бағдарламалық қосымшаға тәуелсіз жұмыс істейді, тақтада кескінделген қандай да бір объектіні ерекшелеуге (тақта бетінің кез келген нүктесіне түрлі белгілеулер салуға) арналған. Мұнан соң орындалған іс-әрекеттерді сақтап қоюға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет