Мумие – тас майының қасиеттерін зерттеу Секция: биология Дайындаған: «Әл-Фараби атындағы мектеп- гимназиясы»



бет4/7
Дата01.05.2023
өлшемі54,16 Kb.
#88691
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
МУМИЕ тас майы жоба (2) (2) (3)

Емдік қасиеті
Кеңес Үшбайұлының айтуына қарағанда, мумие туралы деректер медицина жылнамасында сонау ерте кездерден белгілі. Мысалы әлемге аты әйгілі мәшһүр Ибн-Сина: «…Мумие – әлсіреген жүйке тамырларын тітіркендіре алады. Жараны тез жазады»,– деген. Бұл біз сөз етіп отырған емдік қасиеті бар тас майы жөніндегі бір ғана анықтама. Ал әр кездері айтылған мұндай тұжырымдар өте көп. Солардың бәрінен түйетін қорытынды сол, ол Шығыстағы халық медицинасы мыңдаған жылдар бойы осы дәріні пайдаланып келген, көне емшілер мен тәуіптер оны көптеген ауруларды жазатын қасиеті мол шипа ретінде бағалаған. Сөйтіп, олар мумие бүкіл организмге: «Күш-қуат береді, сал ауруларын, ұстамалы кеселдерді жазады, жаралардың аузын тез қатырады, уланғанда көмектеседі»,– деп есептеген.Осы мумиені төмендегі ауруларға қолдануға болады: жүрек, қантамыр ауруларына, қан қысымының жоғарылауы(гипертония), аллергиялалық ауруларға, сүйек сынғанда, радикулит, бауыр циррозы, бүйрек аурулары, қуық қабынуы, жүйке жүйесінің аурулары, асқорыту жүйесі және т.б..
Осыдан шығар түйін, тас майы адам жасушасының зат алмасуына қатысып, жасушаларды қалыпты жағдайға келтіреді. Дегенмен, фармокологияның осы бағыттағы алғашқы қорытындыларына байыппен қарайтын болсақ, оның біраз құпиясы дәрігерлерге белгілі болған да сияқты. Атап айтқанда, біріншіден, мумие өте күшті биологиялық тітіркендіргіш. Демек, ол бұрынғы және қазіргі фармокологияда басты орында тұрған атышулы Тайга женьшенінің емдік қасиетінен 2,5 есе артық. Ол жекелеген клеткалардың, тірі организмнің тұтас системаларының физиологиялық белсенділігін арттырады. Екіншіден, мумие бактроцидті қасиеттері жағынан антибиотиктерден анағұрлым күштірек. Ол зат алмасу процестерін реттейді. Сондай-ақ организмнен зиянды заттардың бөлініп шығуын жүйелейді. Вирустарға деген қорғаныс қабілетін арттырады, жүректің биоэлектрлік белсенділігін күшейтеді. Мумиенің химиялық құрамында кальций, фосфор, калий, стронций тотығы көп мөлшерде кездесетіндіктен, ол адамдардың дене мүшелерінің зақымданған жерін тез арада қалпына келтіруге көмектеседі. Атап айтқанда, асқазандағы жара, күйік, сынған сүйек мумиенің көмегімен әдеттегі жазылу мөлшеріне қарағанда одан 15-20 күн бұрын бітіп кетеді.
Бұл айтқандарымыздың бәрі мумиенің адам организміне пайдалы жақтары. Сонымен қатар, одан сақтандыратын тұстарды да сөз ете кеткеніміз жөн ғой деп ойлаймын. Мәселен, мумиенің құрамында 28-30 түрлі зат бар. Бұл анық. Ендеше, сол құрамның әрбір түрі сырқат жандарға пайдалы ма, зиянды ма? Міне, дәрігерлердің алдында осылардың пайдалысын ғана бөліп алып, оның қандай науқасқа ем екенін ажыратып, сонан соң ғана дәрі жасау міндеті тұр. Содан кейін мынаны айтқымыз келеді. Мумиені еппен, байыппен қолданған жөн дер едік. Мәселен, аталмыш затты жүрек инфарктімен ауырған адам пайдаланса, ол табан астында жүректің биоэлектрлік белсенділігінің күрт артып кетуінің салдарынан қиын жағдайға қалады. Ал қан қысымы жоғары адам бұл жағдайда, өз ауруын жазудың орнына оны гипертонияға дейін асқындырып алуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет