Мумие – тас майының қасиеттерін зерттеу Мумие ақ тышқаннан алынады екен. Бұл тышқан көбінесе тас қуыстарында мекен етеді. Ол дәретін тас қуыстарына, көлеңке жерге тастап, қуыстарды бітеп тастайды. Осы дәретінен мумие алынады. Мумие – дәмі ащы, қою қоңыр немесе қара түсті, беті жылтыр қатты зат. Қыздырған кезде жұмсарады. Оның құрамында көптеген органикалық заттар мен түрлі микроэлементтер бар.
Мумие қасиетіне зерттеулер арқылы нақты көз жеткізген Үнді, Пәкістан, Ауғанстан, Ресей, Қазақстан, Орта Азия елдері оны көп қолданады. Мумие сырқаттың бәріне ем болады. Әр ауруға әртүрлі әдіс-тәсіл қолданылады. Тибет медицинасының докторы А.Е. Любецкий «Мумиені қанша қолданса да, үзіліссіз қабылдау қарсы әсер бермейді, жүрек айнытпайды»-дейді. Шығыс елдерінде 115 түрлі мумие бар деп анықталған. Бұлардың құрамы, емдеу тәсілі, түсі, иісі, дәмі әртүрлі болып келеді. Бұл тышқанның әртүрлі шөптермен қоректенуіне байланысты. Шығыс медицинасы тибет емдеу тәсілдерінде оларды қазіргі кезде осы тас майларының барлығы араласқан түрлерін әртүрлі әдіс-тәсілмен жасап алып, көптеген ауруларға ем болатындығын дәлелдеген. Мумиенің емдік шипалы қасиеттері ежелден белгілі. Мумие туралы мәліметтер Аристотельдің медициналық трактаттарында, еңбектерінде кездеседі.
Мумиенің ерекше ерекше емдік қасиеті түрлі ауруларды емдеуге арналған. Мумиенің құрамындағы микроэлементтер мен пайдалы компоненттер төмендегі ауруларды емдеуге өте жоғары қабілетті.
Алтай мумиесі Мумие – табиғи ерекше биологиялық зат. Ол ағзадағы жасушалардың жұмысын реттейді, қабынуға қарсы иммундық жүйені қалыпқа келтіруге көмектеседі. Сүйек сынғанда, күйгенде, асқазан жарасын, жүйке талшықтарының жұмысын және тері ауруларын емдеуге өте тиімді.
Латынша атауы :«Тазаланған Алтай мумиесі – Altai Depuratus mumijo»
1 түйір мумиенің құрамында 0,2 грамм органикалық және минералды заттар: зоомеланоэдин, гумин, аминқышқылдар, терпеноид, стероид, В және Р топшасындағы витаминдер, микро-макроэлементтер (мыс, мырыш, марганец) бар.
Мумие – табиғи шайыр тәріздес тамаққа қосуға болатын, биологиялық айналымды ретке келтіретін, күштілігі жоғары дәрі. Мумиені қанның қоюлануы және көктамыр қантамырлар айналым процесіндегі жұмысты жақсартуға ішеді.