Мутанова динара юлдашбаевна


«Сандар бойынша орыңнан тұру» жаттығуы



Pdf көрінісі
бет48/68
Дата24.05.2022
өлшемі2,26 Mb.
#35442
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68
Байланысты:
Dissertation Mutanova.pdf Мәдениетаралық-коммуникативті құзіреттілік

«Сандар бойынша орыңнан тұру» жаттығуы (психо-гимнастикалық 
жаттығу). Барлық қатысушылар үйірмеде отырады. 
Нұсқаулық: Жүргізуші сандарды айтқанда, сол сан көлемінде 
қатысушылар тұруы керек. Егер жүргізуші «жеті» санын атаса, жеті қатысушы 
орнынан тұруы керек. Олар жүргізуші алғыс айтқаннан кейін ғана отырады. 
Бұл тапсырманың мақсаты – бір-бірінің іс-әрекеттеріне назар аудара отырып, 
коммуникативтік мәдениеттің дамыту. Талқылау барысында жаттықтырушы 
бірнеше сұрақ қоюы мүмкін: «Бұл тапсырманы орындауда сізге не көмектесті 
және қиынға соқты?». 
 
Қарым-қатынас тренингі және тұлғааралық қарым-қатынас 
Мақсаты: коммуникациялық стратегияны және қоғамда өзін ұстай білу 
қабілетін дамыту. 
Тренинг барысы: 
Жүргізуші шеңберде тұрған барлық білімгерлер өз есімін айтып, өздері 
туралы бірнеше сөз .Бұған дейін қатысушылар кестеден бір орынды таңдап 
алып,аттарын жазады. Бұл міндетті түрде олардың нақты шынайы аты емес, 


122 
өздері қалаған басқаша атпен атауға да болады. Егер қатысушы басқа атты 
қабылдағысы келсе, сол атпен өздерін таныстырып, не үшін өз атын өзгерткені 
туралы айтып береді. Бір-екі сабақтан соң білімгерлер есімдерін есте сақтап, 
ешқандай кестесіз жұмыс істей алады. Сабақтағы таңдалып алынған есім 
немесе атаулар кейінірек қажет болмай өзгертірілуі де мүмкін, бірақ қажет 
болғанда, әркім өзінің атауын қайтадан қолдана алады және, мысалы, өз атынан 
басқа бір атаумен өзгерте алады. Мысалы: «Рахаттану». Жүргізуші сығымдау, 
алаңдаушылық туындаған жағдайда, өзіңізді ыңғайлылық пен тыныштықты 
сезінуге көмектесетін қарапайым әдістердің көмегімен босаңсуға көмектесе 
алатынын айтып өтеді. Кейін үш релаксация жаттығуларын орындайды.
1) «Ыңғайлы жайғасамыз, отырған кезде орындықтың артқы жағына 
жатқан күйде көзді жумып, он серпінді тыныс аламыз. Тренинг соңында 
қатысушыларға көздерін жұму бұйырылады және жаттығу барысында өздерін 
қалай сезінгендектері туралы айтып береді. 
Бұл жағдайда бастаушы (мұғалім) сізге өзіңіздің сезіміңіз туралы қалай 
сөйлесуге болатынын, сезімдерін анық түрде әңгімелеп беруге тырысады. 
2) Рахаттанудың тағы бір тәсілі «сиқырлы сөз» деп аталалы, мысалы, 
қобалжыған кезде біз осы сиқырлы сөзді айтып, өзімізді сенімді әрі тыныш 
сезінеміз.Бұл сөздер «тыныштық», «үнсіздік», «жұмсақ салқындық», басқа да 
сөздер болуы мүмкін. Ең бастысы, олар сізге көмектеседі. Соңында, 
баяндамашы қатысушылардың әрқайсысының қандай «сиқырлы сөздерді» 
таңдағандарын және қалай сезінгенін сұрайды. 
3) «Тыныштық пен тынығудың тағы бір тәсілі: есте сақтаңыз, әдетте сізді 
алаңдатып, стресс тудыратын жағдайларды елестетіп көріңіз. Адамды сенімді, 
тыныш сезінетін бірнеше анықтамаларды айтыңыз.Соңында, баяндамашы 
қатысушылардың әрқайсысының қандай «сиқырлы сөздерді» және қалай 
сезінетінін сұрайды. Ақыр соңында, баяндамашы қатысушылардан қандай 
сөздерді қолданғанын, қандай сезімде болғанын, қандай да бір жағдайларды 
еске түсіргенін айтуға тырысады. Бұл жаттығу жасөспірімдердің қарапайым 
өзін-өзі реттеу дағдыларын игеруіне және сенімді атмосфераны құруға ғана 
емес, сонымен қатар топ мүшелерінің өз сезімдерін ашық әрі толығымен 
білдіруіне ықпал етеді. 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-да жүргізілген қалыптастыру 
эксперименті барысында, «Филология: ағылшын тілі» мамандарына арналған, 
«Креативті педагогика» атты оқу құралы, «Қарым-қатынасымызды ағылшын 
тілінде жетілдірейік» атты оқу-әдістемелік құралдарымен жұмыс жүргізілді.
Ағылшын тілі қарқынды дамып жатқан уақытта, ағылшын тілінде 
коммуникативтік мәдениетті дамытудың әдістерін меңгеру әрбір ағылшын тілі 
маманы үшін қажет, коммуникативтік мәдениеттің когнитивті құраушысын 
дамытуға арналған және ағылшын тілін оқытумен байланысты әдістерді 
қарастырсақ, олар: грамматиканы аудару әдісі (Grammar translation method), 
тура әдіс (Direct method), аудио-тілдік әдіс (Audio-lingual method), қауымдық 
әдісі (Community method), дыбыссыз әдіс (Silent Way), ұсыныс (Suggestopedia), 
жалпы физикалық әрекет (Total Physical response) және коммуникативтік оқыту


123 
(Communicative teaching) әдістерін қарастырамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет