Грамматикалық аударма әдісі (Grammar translation method) мақсаты -
студенттерді ағылшын тіліндегі мәтіндерді оқып, түсінуге үйрету. Бұл әдіс әлі
күнге дейін педагогикалық практикада және орта мектепте, колледждерде бұл
әдісті кеңінен қолданады. Дегенмен, аталған әдісті болашақ ағылшын тілі
мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін дамытуда қолданудың да әсері
бар, яғни студенттер тапсырма бойынша мәтінді аудару арқылы ағылшын
тілінің лексикалық, синтактикалық ерекшеліктерін пайдалануды үйренді.
Ағылшын тілінің лексикалық ерекшеліктерінің бірі – кез-келген сөз берілген
сөйлемнің ішінде лексикалық бір мағына берсе, басқа сөйлем ішінде басқа
сөздермен тіркесіп мағынасы белгілі бір дәрежеде өзгеріп кетуі мүмкін.
Студенттер «Culture shock», «Adjustment to the new cultural environments»,
«Culture shock in Kazakhstan», «Multiculturalism in the modern world», «Cultural
differences», «Cultural differences are more complicated than what country you’re
from», т.с.с коммуникативтік мәдениет тақырыбына байланысты аутенттік
материалдармен жұмыс істеу, аудару барысында коммуникацияға байланысты
тілдің лексикалық және стилистикалық ерекшеліктерін үйренді.
Дегенмен, ХХ ғасырдың соңына қарай мұғалімдер грамматикалық аударма
әдісі бойынша алынған нәтижелерге және олардың сабақтарда қолдануға
болатын шектеулі әдістеріне аса көп көңіл аударылғаны сезінді. Бірақ
грамматиканы аудару әдісімен туындаған ең үлкен шектеу білім алушылардың
өзара белсенді қарым-қатынасын дамыту мүмкін еместігі байқалды, олар шет
тілінде жазылған мәтіндерді оқып, аудару арқылы тілді үйренді, бірақ шет тілін
коммуникативтік мақсатта оқыту үшін жаңа әдістерді ойлап табуды талап
етті.Сондықтан, жаңа оқыту әдісі тура әдіс (Direct method) пайда болды.
Аталған әдіс ауызша сөйлесуді, шет тілін табиғи пайдалануды және мақсатты
тілде ойлау, сөйлеу, қарым-қатынас жасау, коммуникативтік қабілеттері мен
коммуникативтік мәдениетті дамыту үшін әзірленген әдістемелерді қамтиды.
Тура әдіс, XX ғасырдың бірінші жартысында, әсіресе Еуропадағы жеке
тіл мектептерінде өте танымал болды, студенттер жаңа тілдерді үйреніп,
оларды тәжірибе жүзінде қолдануға тырысты. Бұл әдісті қолдануда
мұғалімдердің негізгі мақсаты - шет тілінде ойлауды үйрету және өздігінен
пайдалану арқылы сөйлесуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету. Біздің зерттеуімізде
тура әдісті қолданып аудиторияда жүргізілетін сабақ ағылшын тілінде
жүргізілді.
Грамматикалық
аударма
әдісін
пайдалану
барысында
пайдаланылған коммуникативтік мәдениет аспектілерін қамтитын мәтіндер осы
әдісті қолдану барысында да пайдаланылды, бірақ студенттерге аталған
мәтіндермен жұмыс жасауда, келесідей коммуникативтік әдістер пайдаланылды