Мутанова динара юлдашбаевна



Pdf көрінісі
бет40/68
Дата24.05.2022
өлшемі2,26 Mb.
#35442
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68
3. «Коммуникативті мәдениет» пәні 
Пәннің мақсаты – өзге тілді мәдениет өкілдерімен тиімді
коммуникативтік байланыс жасай алатын, қарым-қатынастың кедергілері мен 
қақтығыстарын сәтті еңсере алатын болашақ ағылшын тілі мұғалімінің 
коммуникативтік мәдениетін дамыту. 
Пәннің міндеттері:
- қарым-қатынас кезінде өзге мәдениет өкіліне әсер ету тиімділігін, 
мәдениеттанушылық білімдерді және олардың мәнін түсіндіру; 

коммуникативтік 
этикет 
ережелерін, 
коммуникативтік 
өзара 
әрекеттестікті келісу ережелерін, заманауи тілдер мен мәдениетті оқытудың 
мәдениеттанулық әдістерін; қарым-қатынастың коммуникативтік тәсілдерін; 
әлеуметтік-мәдени және мәдениетаралық коммуникацияның дағдыларын 
меңгерту;
- тілдік этикеттің байланыстық және ынталандыратын фразаларын құру 
дағдыларын, коммуникативтік-мінез-құлық және елтану, қарым-қатынастың 
жалпы және кәсіби салаларында мәдениетаралық диалогты жүзеге асыруға 
үйрету;
- қарым-қатынастың жалпы және кәсіби салаларында мәдениетаралық
сұхбат жүргізу дағдыларын қалыптастыру. 
 
«Коммуникативті мәдениет» пәнінің мазмұны 
1. Мәдениетаралық коммуникация ұстанмдары. Мәдениетаралық 
коммуникацияны 
дамытудың 
негізгі 
кезеңдері. 
Мәдениетаралық 
коммуникацияның басқа ғылымдармен байланысы.
2. Мәдениет феномені. Мәдениетті анықтау тәсілдері. Коммуникация 
феномені. Мәдениет және коммуникация феномендерін зерттеудегі негізгі 
парадигмалар. Оқытылатын тіл елдерінің этикет нормалары. 
3. Мәдениетаралық коммуникация аспектісіндегі әлем бейнесі. 
Мәдениетаралық қарым-қатынастағы лингвистикалық аспектілер. Оқытылатын 
тілдегі 
мәдениетаралық 
коммуникацияның 
ерекшелігі. 
Әртүрлі 


108 
лингвомәдениеттердегі қарым-қатынастың маңызы мен ережелері. Ауызша 
қарым-қатынас мәдениетінің тілдік нормалары және оқытылатын тіл елінде 
қабылданған этикалық және адамгершілік мінез-құлық нормалары. Қазіргі 
ұлттық мәдениеттегі гендерлік айырмашылықтар.
3. Мәдениетаралық 
коммуникациядағы 
тұлға. 
Мәдени 
сәйкестік. 
Лингвомәдениетті салыстырмалы талдау, олардың өкілдерінің қарым-қатынас 
үдерісіндегі 
айырмашылықтардың 
маңыздылығы. 
Мәдениетаралық 
коммуникацияның психологиялық аспектілері.
4. Шет тілді мәдениет өкілдерімен байланыс орнату және өзара іс-
қимылды қолдау. Әртүрлі дереккөздерден алынатын лингвомәдениеттану және 
елтану ақпаратын табу, салыстыру және жалпылау. Өзге мәдениеттің 
ерекшеліктеріне төзімділік. Халықаралық этикет. Этноцентризмнен бас 
тартуды көздейтін этикалық нормалар. 
5. Менталдық және мәдениетаралық коммуникация. Сананың
стереотиптері және мәдениетаралық коммуникациядағы түсіну мәселелері. 
Қазіргі стереотиптер және оларды жеңу тәсілдері. Тілдік тұлға. Әлеуметтік-
мәдени білімді, зерттелген тілдік материалды, қарым-қатынастың ғылыми-
техникалық, экономикалық және тұрмыстық салаларында тілдік болжамдау 
дағдыларын қолдану.
6. Әртүрлі лингвомәдениеттердегі жоғары білімнің ұстанымдары. Шетел 
мәдениетінің өзіндік ерекшелігіне және шетел социумының құндылықтық 
бағдарына құрметпен қарау. Тіл-мәдениет айнасы. Ұлттық менталитет пен 
дәстүрлер. Әлеуметтік және кәсіби байланыстардың баламалылығын 
қамтамасыз ететін әлеуметтік-мәдени және мәдениетаралық коммуникация 
дағдылары. 
7.Мәдениетаралық коммуникацияның дидактикалық және эрратологиялық 
аспектілері. Мәдениетаралық коммуникацияның дидактикалық аспектілері. 
Сөйлеу этикетінің байланыстық және ынталандырушы фразаларын құру 
дағдылары. Мәдениетаралық коммуникацияның эрратологиялық аспектісі. 
Заманауи тілдер мен мәдениеттерді оқытудың мәдениеттанулық әдістері.
8. Қазіргі жаһандық мәдениетаралық кеңістіктегі толеранттылық. 
Коммуникативтік-мінез-құлық және елтану сипатындағы ақпаратты меңгеру 
дағдылары. 
Бейвербальдік 
коммуникацияның 
мәдени 
шарттылығы. 
Стереотиптердің әсерін еңсеру және қарым-қатынастың жалпы және кәсіби 
салаларында мәдениетаралық диалог жүргізу дағдылары. 
Бұл элективті курс мазмұнынан тыс біз студенттердің коммуникативтік 
мәдениетті дамытудың әр-түрлі іс-шараларын қарастырдық. Атап айтқанда
біздің зерттеу жұмысымыздың қалыптастырушы кезеңінде «Шетел тілі: екі 
шетел тілі» мамандығының 2-3 курс студенттерімен бірлесе, «Improve your 
English communication» үйірме жұмысын жүргіздік. Үйірменің мақсаты арнайы 
жинақталған психологиялық тренингтер мен семинар сабақтардың негізінде 
болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін дамытуға 
ықпал ету болды (кесте 13). 


109 
Кесте 13. «Improve your English communication» үйірмесінің тақырыптық 
жоспары
Тақырыбы 
Өткізілу түрі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет