ҚОСЫМША Д Қарым-қатынасқа икемділігін зерттеу тесті Мақсаты: болашақ мұғалімдердің ашық-жарқындығы мен қарым-
қатынасқа икемділігін бағалау.
Орындау ережесі: ұсынылған 20 тұжырымдаманы мұқият оқып, оның
әрқайсысына «иә», немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.
Тапсырмалар: 1. Мен өзге адамды ұнататынымды ашық айтамын.
2. Маған достасудан гөрі қолдау керек.
3.Менің жолдасымның табысқа жеткені туралы естісем абыржып қаламын.
4.Достарымның алдында менің міндетімнен құқығым басым екенін
сеземін.
5. Өзіме-өзім қанағаттану үшін мен біреуге көмектесуім керек.
6. Достарымның арасында мен ешнәрседен қам жемеймін.
7. Достарым мені әбден жалықтырды.
8.Мен бір нәрсе істеп жатқанымда басқалардың қарап тұрғанын
ұнатпаймын.
9. Мен қанша қиналсам да басқаларға көмектескеніме риза боламын.
10. Досым қателессе де, оны силағандықтан келісе саламын
11. Өзім жеке қалғанда қорқыныш сезімге жиі бөленемін
12. Өмірдегі ең үлкен қуаныш-басқалармен қарым-қатынас жасау
13. Мен достарды ең жақын және сенімділермен шектеймін
14. Көпшілік арасында болғанды ұнатамын
15. Жақындарыммен ұрысып қалсам ұзақ уақыт мұңайып жүремін
16. Басқаларға қарағанда менің достарым көп
17. Өзгені бағалағанда мен басқалармен берген мінездемеге емес,өз сезімім
мен қиалыма көбірек жүгінемін.
18. Мен қарым-қатынастан ләззаттанудың орнына адамдардың лауазымды
және қалталы болғанына көбірек көңіл аударамын.
19. Жақын достары жоқтарға жаным ашиды.
20. Менің жақсылық істегенімді көпшілік бағаламайды
Кілті. Жоғарыдағы тапсырмаларға жауаптарыңыз төмендегі кілтке сай келсе 1
бал деп бағалайсыз.
« Иә» болса : 5,6,9,11,12,13,14,15,16,19.
«Жоқ» болса:1,2,3,4,7,8,10,17,18,20.
Нәтижесін талдау. 10 баллға дейін – тұйықсыз,қарым-қатынасқа икемсіздік білдіресіз
11-14 балл –амбивертсіз,қарым-қатынасқа икемділігіңіз орта.
15-20 балл – ашықсыз, қарым-қатынас жасауға икемдісіз.