Мутанова динара юлдашбаевна



Pdf көрінісі
бет67/68
Дата24.05.2022
өлшемі2,26 Mb.
#35442
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
Dissertation Mutanova.pdf Мәдениетаралық-коммуникативті құзіреттілік

 
 


165 
ҚОСЫМША К 
 
Тіл тапқыштық деңгейін бағалау 
(В.Ф.Ряховскийдің тесті) 
 
Тест адамның қарым-қатынастық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. 
Сұрақтарға жауап беру барысында, жауаптың үш вариантын - «иә», «кейде», 
және «жоқ» жауаптарын қолданасыз.
Нұсқаулық: «Сіздің назарыңызға бірнеше қарапайым сұрақтар ұсынылады. 
Тез, біртекті: «иә», «кейде», және «жоқ» деп жауап беріңіз.
Сауалнама мәтіні:
1. Сізді қарапайым немесе іскерлік кездесу күтіп тұр. Оны күту сіздің 
төзіміңізді тауыса ма?
2. Қандай да бір жиналыста, отырыста немесе сол сияқты шараларда 
баяндаманы, қатынас хатты, ақпаратты жеткізу тапсырылса, Сізде 
абыржушылық пен қанағаттанбаушылық сезімі туындай ма?
3. Сіз дәрігерге баруды соңғы сәтке дейін шегересіз ба?
4. Сізге бұрын сіз ешқашан болып көрмеген қалаға іссапарға бару 
ұсынылады. Сіз бұл іссапарға бармау үшін бар күшіңізді саласыз ба?
5. Сіз өз күйзелістеріңізді кім болса сонымен бөлісуді жақсы көресіз ба?
6. Егер бейтаныс адам көшеде Сізге өтініш (жол көрсетуге, уақытты 
айтуға, қандай да бір сұраққа жауап беруге) жасаса, Сіз тітіркенесіз бе?
7. Сіз «әкелер және балалар» мәселесі бар және әртүрлі буындағы 
адамдардың бір-бірін түсінуі қиын дегенге сенесіз ба?
8. Бірнеше ай бұрын Сізден қарызға ақша алған танысыңызға, оны 
қайтаруды ұмытып кеткенін есіне салуға Сіз ұяласыз ба?
9. Мейрамханада немесе асханада сізге сапасыз тағам берді. Сіз табақты 
ары қарай ашуланып ысырып жіберіп, үндемей қаласыз ба?
10. Таныс емес адаммен бірге-бір қалсаңыз, сіз онымен әңгімелеспейсіз 
және ол бірінші сөйлесе қиналасыз. Бұл солай ма?
10. Қай жерде болмасын (дүкенде, кітапханада, кинотеатр кассасында), 
кез-келген үлкен кезек сізде қорқыныш сезімін тудырады. Сіз өзіңіздің 
пікіріңізден бас тартуды қалайсыз ба немесе кезектің ең соңына тұрып күтесіз 
ба?
11. Сіз жанжалдық жағдайды қарастыратын қандай да бір комиссияға 
қатысудан қорқасыз ба?
12. Сізде әдебиет, өнер, мәдениет туындыларын жеке-дара бағалау 
критерийі бар және бұл есепте қандай бір басқаның пікірін қабылдамайсыз. Бұл 
солай ма?
13. Сізге белгілі мәселе бойынша анық қате айтылған пікірді ести отырып, 
Сіз үндемей қалуды және әңгімеге араласпауды қалайсыз?
14. Біреудің сол немесе басқа оқу тақырыбы бойынша көмек сұраған 
өтініші, Сізде қолайсыздық сезімін тудырады ма?
15. Сіз өзіңіздің көзқарасыңызды (пікіріңізді, бағалауыңызды) ауызша


166 
айтқаннан гөрі, жазбаша түрде бергенді ұнатасыз ба?
Жауап бағалары: «иә» — 2 ұпай, «кейде» — 1 ұпай, «жоқ» - 0 ұпайдан.
Алынған ұпайлар саналады, және сынаушы сыналушының қандай 
категорияға жататынын топтастыру бойынша анықтайды.
Тесттің топтамасы
30-32 ұпай. Сіз тез тіл табыса алмайсыз, және бұл сіздің қиыншылығыңыз, 
өйткені бұдан сіз ең көп зардап шегесіз. Бірақ сізге жақын адамдарға да оңай 
емес. Топтық күшті талап ететін істе сізге үміт арту қиын. Тіл тапқыш болуға 
тырысыңыз, өзіңізді бақылауда ұстаңыз. .
25-29 ұпай. Сіз тұйықсыз, аз сөйлейсіз, жалғыздықты қалайсыз, сондықтан 
сіздің достарыңыз аз. Жаңа сабақ және жаңа байланыстардың қажеттілігі Сізде 
дүрбелең туғызбаса да, ұзақ уақытқа тепе-теңдіктен шығарады. Сіз өзіңіздің 
мінезіңіздің бұл
ерекшелігін білесіз және өзіңізге көңіліңіз толмайтын кездер болады. Бірақ 
бұндай көңіл толмаушылықпен шектелмеңіз – мінездің бұл ерекшеліктерін 
өзгерту Сіздің құзырыңызда. Қандай да бір күшті берілгендікте Сіз бір сәтте 
толық тіл тапқышты игеруіңіз болмай ма не? Тек сілкіну керек.
19-24 ұпай. Сіз белгілі дәрежеде тіл тапқышсыз және таныс емес ортада 
өзіңіздісенімді сезінесіз. Жаңа мәселелер Сізге қорқынышты емес. Сонда да 
жаңа адамдармен байқап сөйлесесіз, ерегістер мен пікірталастарға еріксіз 
араласасыз. Сіздің сөздеріңізде ешнәрсеге негізделмеген сарказм көп. Бұл 
кемшіліктер түзетуге жатпайды.
14-18 ұпай. Сізде қалыпты тіл тапқыштық. Сізде қызығушылық басым, 
қызықты әңгімелесушіні қызығып тыңдайсыз, қатынаста қажетті дәрежеде 
төзімдісіз, ашуланбай-ақ өз көзқарасыңызды қорғай аласыз. Жаңа адамдармен 
танысуға еш қобалжымай барасыз. Сонымен бірге шулы отырыстарды жақсы 
көрмейсіз, әдеттен тыс әрекеттер мен көп сөйлеушілер Сізде тітіркенушілік 
туғызады.
9-13 ұпай. Сіз кәдімгідей тіл тапқышсыз (тіпті шамадан да тыс). Әуессіз, 
көп сөйлейсіз, қоршағандарды кейде тітіркендіретін әртүрлі мәселелер 
бойынша сөйлегенді жақсы көресіз. Жаңа адамдармен қызығушылықпен 
танысасыз. Көпшілік назарында болғанды жақсы көресіз, өтініштің 
ешқайсынан бас тартпайсыз, бірақ оларды үнемі орындай алмайсыз. 
Ашуланатын, бірақ тез қайтатын кездер болады. Сізге жетіспейтіні бұл 
маңызды мәселелермен жолыққандағы шыдамдылық, төзімділік және 
батылдық. Қаласаңыз, Сіз өзіңізді шегінбеуге мәжбүрлей аласыз.
4-8 ұпай. Сіз «өзіміздің-жігіт» болуға тиіссіз. Тіл тапқыштық Сізде өте 
жоғары. Сіз барлық іс туралы үнемі хабардарсыз. Сіз барлық пікірталастарға 
қатысқанды жақсы көресіз, бірақ маңызды тақырыптар сізде бас айналу немесе 
уайым тудырады. Кез-келген мәселе бойынша қызығушылықпен сөз аласыз, 
тіпті ол туралы аз білсеңіз де. Барлық жерде өзіңізді еркін сезінесіз. Кез-келген 
жұмысты атқаруға ұмтыласыз, бірақ оны үнемі аяғына дейін жеткізбейсіз. Осы 
себепке байланысты басшылар мен әріптестер Сізге бірнеше сақтықпен және 
күмәнмен қарайды. Осы дәлелдер бойынша ойланыңыз.


167 
3 ұпай және одан аз. Сіздің тіл тапқыштығыңыз жан ауыртатын сипатта. 
Сіз сөйлегішсіз, өте көп сөйлейсіз, сізге ешқандай қатысы жоқ істерге де 
араласасыз. Өзіңіз білмейтін мәселелер туралы пікір білдіруге ұмтыласыз. Сіз 
ерікті немесе еріксіз түрде Сіздің ортаңыздың әртүрлі жанжалдарына себеп 
боласыз. Ашуланшақ, ренжігіш, жиі шынайы болмайсыз. Адамдарға, жұмыста, 
үйде және барлық жерде сізбен өте қиын. Сізге өзіңізбен және өзіңіздің 
мінезіңізбен жұмыс істеу керек. Өзіңізде шыдамдылық пен ұстамдылықты 
тәрбиелеңіз, адамдарға құрметпен қараңыз, ақырында, өз денсаулығыңыз 
туралы ойлаңыз – өмірдің бұндай стилі ізсіз қалмайды. 


168 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет