екі ел арасындағы достықтың тарихи негізін түсінеді;
екі халық арасындағы мәдени өнері, салт-дәстүрінің тығыз байланыстылығының мәнін ұғады;
достық, сыйластықтың өмірге қажет екенін біледі.
Сабак түрі: Аралас сабақ.
Көрнекіліктер: домбыра, карта, екі ел жалауы, күйтабақ, күйсандық, портрет-суреттер, сөз-жұмбақ.
Ұйымдастыру бөлімі: Сынып 2 топқа бөлініп, колдарына Қазақстан мен Ресейдің жалаулары беріліп, сыныпқа кіреді.
Мағынаны тану:
Менің байқауымша бүгін бізде бір-біріне көршілес Қазакстан мен Ресей елінің азаматтары келіп отыр екен.
Қонақтарымызды бір-бірімен тереңірек таныстыра кетейік. Осы екі ел бір-біріне қалай орналасқан?
- Іргелес, жақын, көршілес екен.
Ал осы жақын көршілер арасында не орнауы қажет, қандай қарым-қатынаста болу керек деп ойлайсыңдар.
Әрине татулық, бейбітшілік, достык көпірі болуы керек.
Осы екі ел дұниежүзінің кай материгінде орналаскан?
Еуразия.
Қазақстан Еуропа мен Азия елдерін косып жатқан "Алтын көпірі" .
Қазакстан аркылы Ресей Азия елдерімен байланысын орната алады.
Жалпы бір сөзбен айтқанда "Қазақстан достықтың алтын көпірі".
Осы достық аясында өткен, биылғы жылдар тарихта қандай жыл деп аталды?
Олай болса достық жылдарына байланысты осы екі елге саяхат жасап көрейікші.
Ал енді Қазақстандықтар болып, сапарымызды Ресей елінен бастайық.
Маған Қазақстанға шекаралас Ресей қалаларын атап берінізші?
Ендеше, Ресей калаларына сапар шегіп мәдениеті ән-жырларымен танысып қайталык.
Сапарымызды Астрахан жерінен бастасақ. Бұл қала бір кездері қазақтардың атақонысы болған. Кезінде Бөкей хандығының Астрахан губерниясына қарағандығы да белгілі. Бүгінде бұл жерде 140 мыңнан астам қазактар тұрады екен. Бір кездері қазактың күй атасы атанған – Құрманғазы бабамыздың осы өңірде ізі қалған екен. (Құрманғазының суретін көрсету).
Қандай күйлерін білесіздер?
Мынау қандай күйі?
"Аман бол, шешем, аман бол!" күйін Қазақстан жерінен әкелген сәлемдеме ретінде ойнап берейікші?
Енді сапарымызды әрі қарай Саратов жерінде жалғасақ.
Бұл қала Еуропадағы ең ұзынөзендердің бірі - Еділ бойында орналасқан. Сәл аяңдап, осы жерден әдемі бір шығармадан үзінді тыңдайықшы.
Жаңа біз шығарманы (күйді) кандай аспапта орындадық?
Енді домбыра аспабына арналған шығарманы, казіргі заман талабына сай «ямахамен» қосылып орындалуын көрейік. Бұл шығарма "Саратов саздары" деп аталады.
Келесі аялдайтын каламыз - Самара. Портты қала. Мәдениетімен қоса ірі өнеркәсіп (машина заводы) экономикасы да жақсы дамыған қала.
Балалар, осы әдемі қала туралы қандай ән бар еді?
Әнді Қазақстанның халық қаһарманы, халык әншісі - кім еді?
Роза Бағланова апамыз бірінші рет орындады. Апамыздың орындауында "Ах, Самара" әнін тындап көрейікші.
Әдемі әннің әлдиімен Орынборға келіп қалыппыз ғой.
Орынбор - Қазақстанның ежелгі астанасы. Осы жерден әже-апаларымыз оранатын түбіт орамалдары тоқылады екен (шаль, пуховый платок) /Орамал көрсету/.
Мына әнді тындап көрейікші, ән не туралы екен.
Бұл ән орыстың ұлы композиторларының бірі, 100 жылдығын тойлайын деп отырған «Музыка» бағдарламасын жасаған – Дмитрий Борисович Кабалевскийдің (хормен айтайықшы) "Наш край" әні /Кабалевскийдің суретін керсету/.
Әнге дауыс жаттықтырып, елімізге әндетіп қайталык.
Енді сапарымызды Қазақстан қалаларында жалғастырайық. Көршілес Ресейлік достарымызға еліміздің мәдениетін, әдемі қалаларын, әсерлі ән-күйлерін, ұлы тұлғаларын таныстырайық.
Сапарымызды Қазақстаннын Шығысынан бастайық.
Алдымызда Семей елі. Семейді айтқанда кім есімізге түседі, кіммен мақтана аламыз? Аты ЮНЕСКО-ға тараған мерей күнін тойладык?
Иә, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев /Абайдың суретін көрсету/.
Абай атамыздың акындығынан басқа тағы кандай өнерін білеміз? Сазгер. Қандай әндерін білесіз?
Сол Абай әндерінің негізінде А.Жұбанов пен Л.Хамиди "Абай" операсын жазды.
Операдан "Ажардың ариясынан" үзінді тыңдалық.
Ән ұнады ма? Әдемі әнмен Павлодар жеріне асайық.
Жол кысқарсын, Павлодарға жеткенше әдемі бір шертпе күй орындап берейін.
Тәттімбеттің "Көкейкесті" күйі.
Күмбірлеген күй әсерімен Павлодарға да жетіп қалыппыз ғой.
Павлодарлық қандай ақындардың өлендерін, әндерін білесіздер?
Бұл жер дәстүрлі әншілердің мекені: Жаяу Мұса, Естай, әнші Майра Уәлиқызы т.б. дүниеге келген. Ал мына бір әнді тыңдап көрейікші.
Кімнін, әні?
Жолымыз кысқарсын, Майраның "Майра" әніне дауыс жаттықтырайық.
Қос құрлық Азия мен Европаның тоғысқан жерінде орналаскан Батыс өңірі ежелден көршілес елдер арасындағы рухани байланыстар мен әдеби шығармашылыктардың көпірі болған мекен.
Еліміздің Батыс аймағына кай қалалар кіреді? Ақтөбе, Орал, Атырау.
Батыс Қазакстанды айтканда кімдермен төбеміз көкке жетеді?
Қандай күйші-сазгерлер, ақындар, батырларды білесіз?
Құрманғазы, Дина, Даулеткерей, Сейтек, Мұхит, Махамбет т.б.
Сапарымызда біздер әндер айттық, күйлер орындадык, шығармалар тыңдадық. Енді өлең оқитындарыңыз бар ма? (Махамбеттің өлеңдерін сұрау).
Олай болса осы киелі топырақ, киелі мекенге тоқтамай кету мүмкін емес.
Қараңыздаршы Орал қаласы қандай өзеннің бойында орналасқан? Бастауын Орал тауынан алып, Ресейдің Челябинскі, Орынбор жерімен
ағып, Каспийге барып құяды. Жайық немесе Урал өзені .
Ал балалар, Жайыкпен катарласа ағып, арнасын Каспийге кұятын Ресейде қандай өзен бар еді?
Біз саяхат жасаған қала қай өзеннің бойында деп ойлайсындар? (Иә, Еділ немесе Волга өзені екен).
Достықтың куәсіндей катар ағып жатқан егіз, кос өзен "Еділ мен Жайықты" жырламаған ақын, әнші кем емес.
- Әнші- сазгер І.Жакановтың "Еділ мен Жайық" әнін үйреніп қайтайық.