Музыкалық білім берудің заманауи əдістемесіндегі музыка сабағын ұйымдастыру міндеттері. Жоспар



бет7/7
Дата24.09.2024
өлшемі265,7 Kb.
#145363
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
4 лекция Музыка

Алдын ала тексеріс (бағалау): мұғалімнің сабақты өткізуге дайындалған жоспары, материалдары қаралады және түсіндірудің, бекітудің, оқушылардың өздік жұмыстарының тәсілдері, әдісі, формалары жөнінде әңгімелесу жүргізіледі.
Ағымдағы тексеріс: сабақтардың жүргізілу барысы тікелей бақыланады, оқушылардың білімі, дағдыларының деңгейі, оқушылардың шығармашылық тапсырмаларды орындау сапасы тексеріледі. Бұндай тексерудің барысында оқушылардың ұжымдық, топпен бірге және жеке орындайтын музыкалық іс-әрекеттері есепке алынады.
Қорытынды тексеріс: жарты жылдықта немесе оқу жылының аяғында оқушыларға білім мен тәрбие беру жұмыстарының нәтижелері сарапталады. Оларды сабақ-концерт түрінде өткізуге болады. Себебі музыка сабағында музыкалық іс-әрекеттер негізінен ұжымдық түрде жүзеге асырылатындықтан, тексеруді де ұжымдық формада ұйымдастыру мүмкіндіктері бар.
Қорыта айтқанда, музыка сабағы - музыкалық білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Оның мақсаттары мен міндеттері, мазмұны, әдіс-тәсілдері музыка сабағының типтері мен құрылымын анықтауға арқау болады. Басқа да оқу пәндері сияқты музыка сабақтары мұғалімнің жоғары музыкалық-педагогикалық даярлығын, оқушылардың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін білуді, музыка сабақтарын ұйымдастырудың бұған дейін белгілі болған амал-жолдарын біліп қана қоймай, оның жаңа үлгілерін іздестіруді, сөйтіп музыка сабақтарын оқыту тәжірибесін үнемі байытып отыруын талап етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Н.С. Дүкенбай Ә.Д. Әміренов «Музыкалық білім беру теориясы»
2.Жакаева К.А. Жакаева С.А «Музыка пәнін оқыту әдістемесі»
3.Ахметова А.Қ. Мектептегі музыка сабағын оқыту принциптері. Алматы: «Полиграфия-сервис и К». 2002 ж.
4.Дүйсембінова Р.Қ. «Музыкалық білім беру педагогикасы» – Талдықорған: 2001 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет