Музыкалық дидактикалық ойындардың бірнеше түрлері бар



бет2/5
Дата08.06.2023
өлшемі29,4 Kb.
#99662
1   2   3   4   5
Байланысты:
Музыкалық дидактикалық ойындар жиынтығы

Сиқырлы текше
Мақсаты:Текшедегі аңдардың дауысын келтіріп, тембырын өзгерту мүмкіндігінше жоғару көтеру.
Ойын шарты:Көңілді қиын емес әуен ойналады. Педагог және балалар шеңберге тұрады. Текшені бір біріне қолдарына беріп, тақпақ  айтады.
– Алма кепті домалап,
– Көше бойын аралап.
– Кім алманы табады,
– Сол ойыннан шығады.
Қай баланың қолында текше қалып қойса, сол бала текшені ортаға лақтырады. Педагог текшеде қандай сурет екенін балалардан сұрайды. Балалар жауап береді. Егер текшеде мысықтың суреті болса, педагог ол балаға мысықтың қалай амандасатын көрсетуін сұрайды.
НЕ ҚАЛАЙ ДЫБЫСТАЙДЫ?
Құстар.
Суреттерге қарап, қай құс қандай дыбыс шығаратынын аңықтап, олардың қимылдарын келтіріп, музыкамен қимылдау.


КҮННІҢ КӨЗІ ЖӘНЕ БҰЛТ
Ойын шарты:Балалар пьесаны тыңдайды. Пьесаның мазмұны көңілді болса - күннің көзін шығарады, көңілсіз болса - бұлтты, ал жәйғана орташа болса - күннің көзімен бұлт арласқан карточканы шығарады. Балалар жауаптың дұрыстығын өздері бағалайды.
Мақсаты:Әуеннің мазмұнын ажырата білу.


МУЗЫКАЛЫҚ ҮЙШІК
Педагог үйшікті көрсетіп, онда әртүрлі аспапта ойнайтын музыканттар тұратынын айтады.
Ойын шарты:Педагог жабылғыштың артында тұрып музыкалық аспапта ойнап әндетеді. Аспан үнін таныған бала аспаптардың суреті бар карточканың сәйкесін алып, үйдің бір бос әйнегін жабады. Осылайша барлық терезелер талың жабылуы керек.
Мақсаты:Аспаптардың тембрін ажырата білу.
ЫРҒАҚТЫҚ ЛОТО
Нотаның ұзындығын ажырату.
Ойын шарты:Көрнекті құралға орнатылған ноталар бойынша, қай кезде қысқа, қай кезде ұзын нота келетінін ажыратып, сол әуенді шапалақпен орындап беру.
ҚАТТЫ ЖӘНЕ АҚЫРЫН ӘУЕН
Ойын шарты:Пьеса ойналады. Балалар оның көңілді, ойнақы мінезін анықтайды. Осы пьесада музыка қалай өзгергенін айтады. (қатайды ма?, ақырындады ма?) Пьеса қайта ойнағанда осы көрнекті құрал арңылы музыканың мінезінің өзгерісін, яғни музыка баяу болса ашық түсті төртбұрыштыны, біраз қаттырақ болса, - қоюлау боялған төртбұрыштыны қояды. Балалар тапсырманың дұрыс орындалуын бағалап, қателік болса түзетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет