Музыкалық шоу және концерттік – ойын-сауық бағдарламалардың құрылымы және тақырыптық мазмұны
Шоу бағдарлама – бұл өз табиғаты бойынша драматургиясы болуы қажет сахна немесе алаңдағы шығарма.
Егер драмалық театр, опера, балет, кино және теледидар драматургиясы болса, драматургияның бұл барлық түрлері материалды ашу тәсілімен ерекшеленсе, шоу бағдарламада бастысы – бұл көңіл көтеру және әдемілік, әзіл мен сықақ, қозғалыстағы тұрақты әрекет.
Драматургиялық әрекет біздің көз алдымызда дамиды. Әрекет тек кедергілерді жоюды талап еткенде, әрекетке қарсылықты күтіп алғанда, болып жатқан оқиғаның динамикасы түрінде дамығанда ғана әрекет деп аталады.
Шоу бағдарламалардың драматургиясы сценарийлік жоспар немесе сценарий түрінде іске аса отырып, сценаийлік – режиссерлік түпкі ой негізінде құрылған дәстүрлі, өзіндік ерекшелігі бар өнімді қарастыру және пайдалану нәтижесіне айналады.
Режиссер үшін драматургия тек әдебиет емес, пьеса екенін Станиславский атап өткен болатын драматургиялық үрдіс спектакльдің сюжетін құру мен образдық шешімін іздеуден тұрады.
Драмаутргия – бұл шоу бағдарламаның сюжеттік – образдық тұжырымдамасы (мейлі ол спектакль болсын, кинофильм, эстрадалық номер және т.б болсын).
Драматургия – бұл бұқаралық әрекеттің сюжеттік – образдық тұжырымдамасы, мұнда драматургиялық әрекеттің өзі бағдарламаның сюжеттік – образдық шешімінің негізін құрады.
Шоу бағдарламаның мазмұнын нақты әдеби өңдеу ретіндегі сценарийде әрекет етуші кейіпкерлер не айтатыны және қандай әрекет жасайтыны, қандай көркемдік шығармалар орындалатыны, әрекет қандай жағдайда өтетіні және т.б көрсетіледі.
«Таза» түрдегі» сценарий түрлі ақпарат көздерімен, өмірлік деректермен, деректі және көркем материалдармен толықтырылады.
Дегенмен олардың ең бір қызықтыларының өзі бастапқы түрінде «шикілеу» болады.
Сондықтан әрбір маман бағдарлама шыққанға дейінгі соңғы сәтке дейін өзін сценариймен жұмысқа бағыттауы тиіс.
Шоу бағдарлама сценарийі қандай да бір оқиғаның шынайы қатысушыларының өнер көрсетуін болжайды, сценарий авторына көркемдік шығарманы немесе үзінділерді ортақ түпкі ойға, біріңғай тақырыпқа, идеяға бағындырылған және біріңғай сюжеттік желіге құрылатын біртұтас композицияға құрастыруға мүмкіндік береді.
Шоу бағдарламаның сценарийінің мақсаты қажетті өнер көрсетулерді, рәсімдерді, әрекеттерді, сондай –ақ өлеңдерді, әндерді, кинофильмнен үзінділерді белгілі бірізділікпен құрылған және автордың болашақ бағдарламаны елестетуін бейнелейтін бірыңғай композицияға біріктіру арқылы бірегей көркемдік реалистік туынды құру болып табылады
Шоу бағдарлама сценарийін жазуды бастамас бұрын ең алдымен оның тақырыбын, яғни сценарийде көрініс табуы тиіс өмірлік құбылыстар шеңберін анықтау қажет.
Тақырып бағдарламада қозғалатын, осы аудитория үшін маңызды мәселерді қысқа және нақты бейнелейді. Шоу бағдарламаның аталуы әрқашан қысқа, тақырыпты барынша дәл бейнелеуі тиіс. Бағдарламаның атын таңдау оның аудиториясына байланысты анықталады.
Шоу бағдарламаның драматургиясында сценарийді ұйымдастырушы күш сюжет болып табылады.
Сюжет – бұл белгілі бір бірізділікпен байланысқан және бағдарлама тақырыбын ашатын оқиғалар (элементтер) тізбегі
Музыкалық образ – көрерменнің сезімі мен ойына, түсінігіне әсер етеді, яғни, осы сезім мен ойды тудыратын ақиқатты көріністі көрнекілік нақтылайды.
Музыкалық айқындылық ролі музыканың түрлі жанрларында әртүрлі. Мысалы, дыбыстар арқылы поезды «суреттеу» керек болса, онда қозғалыс жылдамдығы, дөңгелек дүрсілі, гудоктың дыбысын музыка арқылы беруге болады. Дыбыстар әртүрлі темпте, әртүрлі дауыс қаттылығында алмасады.
Мұнда музыка поезд қозғалысын беру арқылы кейіпкерлердің сезінетін сезімін береді, яғни, поезд музыкасы осы қойылымның көңіл-күйімен үйлеседі.
Мелодия музыкалық өнердің маңызды элементі болып табылады. Мелодия, музыка секілді, тұтас интонциялық табиғатты алады, яғни, интонация арқылы адамның ойы мен сезімі, ішкі жандүниесін көркемджік іске асыру қабілетін көрсетеді. Мелодия – әртүрлі музыкалық айқындылықтың мол қайнар көзі. Мелодияның молдығы таусылмайды.