«мєшћ‡р-ж‡сіп оќулары»



бет2/4
Дата10.03.2023
өлшемі70 Kb.
#73153
1   2   3   4
Мәселенің идеясы
- Мәшһүр Жүсіптің шығармашылығы жалпы ұлттық менталитетті қалыптастыруға әсер етеді
Мақсаты:

  • Қазақстан Республикасының интеллектуалды, рухани дүниесі бай азаматтарды тәрбиелеу

Міндеттері:

  • Мектеп оқушылары арасында Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын кеңінен насихаттау;

  • Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық, философиялық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту;

  • Оқушыларды ақынның шығармаларына, ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру;

  • Ақынның шығармаларын зерттеушілерді, тарихи тұлғаларды, маңызды мәдени тарихи жәдігерлерді және өлкетанушыларды облыс, республика мектептерінде кеңінен насихаттау.

Сайысының тәртібі мен шарттары:


Сайыс үш бағытта өтеді.
I - бағыт : «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген»
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармашылық тақырыптары бойынша мүшәйра. Қатысушылар берілген тақырып бойынша (мысалы, «Анама хат») осы өлеңнің идеясын, тақырыбын дамытып, өздері ойдан өлең шығарып, шығарған өлеңдерін мәнерлеп, образға кіру арқылы оқиды.
- «Анама хат»
- «Ана тілі туралы»
- «Аңыз-хиқаяттар»
- «Ақыл туралы»
- «Тіршілік қамы»

II - бағыт: «Бас болып өнер білсең тіпті жақсы»


Мәшһүр Жүсіптің философиясына байланысты дайын ғылыми зерттеу Жобасын қорғау (қорғауға берілетін уақыт 7-8 минут). Ғылыми жобаға қойылатын талап, оқушылардың ғылыми жобалар ережесіне байланысты жазылады.

ІІІ – бағыт: «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен»


- Мәшһүр – Жүсіптің шығармашылығы бойынша философиялық эссе жазу ( А4 форматында бір бет, орындалуы 2 сағат).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет