Н. А. Назарбаева народу Казахстана


Ескендирова Д.М., Ахметжанова А.  Жоо білім берудің сапасын бағалаудағы нейронды желілерді қолдану



Pdf көрінісі
бет24/93
Дата10.01.2017
өлшемі35,33 Mb.
#1563
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   93

 

Ескендирова Д.М., Ахметжанова А. 



Жоо білім берудің сапасын бағалаудағы нейронды желілерді қолдану 

Түйіндеме. Мақалада білім берудің сапасы мен басқарудын кейбір мəселелері ашылған, білім беру мен 

өндірістік процесстерінің қағадалық өзгешеліктері келтірілген. Сонымен қатар, білім беру сапасын басқарудың 

облысына  нейрондық  желілреді  енгізу  мүмкіндіктері,  нейрондық  желілердің  білім  беру  сапасын  жоғарылату 

мақсатында қолдану мүмкіндігі қарастырылған. 



Түйін  сөздер:  компетентті  модель,  нейронды  желілер,  Болон  процессі,  білім  беру,  сапаны  бақылау, 

балансталған көрсеткіштер картасы. 



 

Yeskendirova D.M., Akhmetzhanova A. 

Use of neural networks to assess the quality education schools 

Summary. The article reveals some of the problems of assessing and managing the quality of education, the 

fundamental differences of the educational process from the production. Also identified the possibility of introducing 

neural networks in the field of quality management education, are some of the possibility of using neural networks in 

the process of assessing the quality of educational services. 



Key words: competence model, neural networs, Bologna Process, education, quality management, card of 

balanced indicators (BSC). 

 

 

ƏОЖ 378.2 



Жұмашева Ж.Т. 

Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, 

Алматы қ., Қазақстан Республикасы, Zhadyra_14@mail.ru 

 

БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ КƏСІПТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

Аңдатпа. Мақалада болашақ маманның кəсіптік құзіреттілігін қалыптастыру мəселелері қарастырылған. 

«Құзіреттілік»  ұғымының  көптеген  түсініктемелері  келтірілген.  Жоғары  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға 

міндетті стандартынан бакалаврдың құзіреттеріне қойылатын талаптар келтірілген. 

Болашақ маманды білімді пассивті тұтынушыдан, мəселені қоя алатын, оны шешудің жолдарын талдай 

алатын,  тиімді  нəтиже  таба  алатын  жəне  оның  дұрыстығын  дəлелдей  алатын  белсенді  шығармашыл  тұлғаға 

айналдыру  қажеттілігі  айтылады.  Мамандар  даярлаудағы  маңызды  міндеттердің  бірі – болашақ  кəсіби 

қызметінде білімдерін табысты қолдану үшін білім алушыларда өзін-өзі білімін жетілдіру дағдыларын жəне өз 


 

 

136



бетімен білімге ие болу қабілеттіліктерін дамыту жəне тудыру болып табылады. Бұл тек қана «Аспап жасау» 

мамандығы  бойынша  даярланған  болашақ  маман  үшін  ғана  емес,  барлық  мамандар  өкілдері  үшін  маңызды. 

Студенттің  өзіндік  жұмысы – болашақ  маманның  кəсіптік  құзіреттілігін  қалыптастыратын  бірден  бір  құрал 

болып табылатындығы ұсынылады.  



Түйін  сөздер:  кəсіптік  құзіреттілік,  құзіреттер,  біліктілік,  болашақ  маман,  бəсекеге  қабілеттілік, 

студенттің өзіндік жұмысы. 

 

Бəсекеге  қабілетті  ел  болудың  негізгі  талаптарының  бірі  білімді,  өз  ісінде  құзіретті,  бəсекеге 



қабілетті жəне білікті адам капиталына ие болу. Сондықтан, Қазақстан Республикасында білім беруді 

дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасының  мақсаты  «экономиканың 

орнықты  дамуы  үшін  сапалы  білімнің  қолжетімділігін  қамтамасыз  ету  арқылы  адами  капиталды 

дамыту, білімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыру» деп жарияланды [1]. 

Білім – кез-келген  мемлекеттің  дамуының  стратегиялық  маңызды  мəселелерінің  бірі  болып 

табылады.  Əлемдік  білім  кеңістігіне  бірігу – біздің  республикамыздың  кəсіптік  білім  беруін 

реформалаудың негізгі міндеті болып табылады. 

Жоғары  білікті  кадрларды  даярлау  Қазақстанның  бəсекеге  қабілеттілігінің  жоғарылауының 

басты шарты. 

Біздің мемлекетіміздің дамуының қазіргі заманғы шартында, білім сапасы – оқу орындарының, 

сондай-ақ,  еліміздің  барлық  білім  беру  жүйесінің  бəсекеге  қабілеттілігін  анықтайтын  маңызды 

сипаттамалардың бірі болып табылады. 

Əлемдік  білім  кеңістігіне  кіру  мақсатында  Қазақстан  «бакалавриат-магистратура-

докторантура» арқылы көпдеңгейлі мамандар даярлауды ендіре отырып, өзінің жоғары білім жүйесін 

өзгертті.  Қазақстанның  жоғары  білімі  Еуропалық  жоғары  білім  аймағына  кірді.  Білім  саласындағы 

реформаларды  жүргізуге  себеп  болған  жағдай – ол  республикамыздың  Болон  декларациясына 

қосылуы.  Бүгінде  Қазақстан  əлемдік  білім  берудің  бейімделген  оқу  технологиясын  меңгеруге 

байланысты  кредиттік  оқыту  жүйесін  оқу  үрдісіне  енгізіп  отыр.  Бұл – жаңа  заман  талабы, 

Қазақстанның  əлемдегі  бəсекеге  барынша  қабілетті  отыз  дамыған  мемлекеттің  қатарына  кіруінің 

алғышарттарының бірі.            

Ұлттық білім беру жүйесінің жаңа моделі ең алдымен оқыту мен тəрбиелеудің жоғары сапасын 

қамтамасыз  етуге,  жаңаша  ойлайтын  жəне  азаматтық  жауапкершілігі  əлдеқайда  жоғары  кəсіби 

мамандар даярлауға бағытталған. 

Тəуелсіз  мемлекетімізде  өз  кəсібін  терең  түсіне  білетін,  білімі  мен  іскерлігін  жан-жақты 

қолдана  білетін,  өзгермелі  əлеуметтік  жəне  экономикалық  жағдайда  өмір  сүруге  дайын  ғана  емес, 

айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатыса отырып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бəсекеге 

қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыратын жаңа формация мамандарды даярлау қажеттігі туындауда.  

Қазіргі уақытта Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде 5В071600 – 

Аспап  жасау  мамандығы  (ақпаратты  өлшеу  техникасы  жəне  технологиялары;  мехатроника  жəне 

робототехника;  биотехникалық  жəне  медициналық  аппараттар  мен  жүйелер  бағыттары)  бойынша 

бакалаврлар, 6М071600 – Аспап  жасау  мамандығы  бойынша  магистрлер  жəне 6D071600 - Аспап 

жасау мамандығы бойынша философия докторларын даярлау жүзеге асырылады.   

Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартында  «құзіреттер»  терминінің  жалпы, 

əлеуметтік-этикалық, экономикалық жəне ұйымдастыру-басқару, арнаулы жəне т.б. бірнеше түрлері 

белсенді қолданылады. 

Мысал  ретінде,  Жоғары  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартында 

бакалаврдың құзіреттеріне қойылатын талаптарды келтірейік. 

Жоғары  оқу  орны  бітірушісінің  жалпы  құзыреттері  жалпы  білімділікке,  əлеуметтік-этикалық 

құзыреттерге,  экономикалық  жəне  ұйымдастыру-басқару  құзыреттеріне,  арнаулы  құзыреттерге 

қойылатын талаптар негізінде қалыптасады. 

Жалпы білімділікке қойылатын талаптар: 

1)  ойлау  мəдениеті  жоғары  жəне  дүниетанымы  кең  жоғары  білімді  тұлғаның  қалыптасуына 

ықпал  ететін  жаратылыстану  ғылымдары  (əлеуметтік,  гуманитарлық,  экономикалық)  пəндері 

саласында базалық білімінің болуы; 

2)  заманауи  техниканы  қолдану  дағдысының  болуы,  кəсіптік  қызметте  ақпараттық 

технологияларды қолдана білуі; 

3)  күнделікті  кəсіптік  қызметке  жəне  магистратурада  білім  алуды  жалғастыруға  қажетті  жаңа 

білімді меңгеру дағдысының болуы. 

Əлеуметтік-этикалық құзыреттерге қойылатын талаптар: 


 

 

137



1)  қоғамдық  пікірге,  дəстүрге,  салтқа,  қоғамдық  нормаларға  негізделетін  əлеуметтік-этикалық 

құндылықтарды білу жəне өзінің кəсіптік қызметінде оларға сүйену; 

2)  іскерлік  этика  нормаларын  сақтау,  мінез-құлықтың  этикалық  жəне  құқықтық  нормаларын 

игеру; 


3) Қазақстан халықтарының дəстүрі мен мəдениетін білу; 

4) əлемнің басқа халықтарының дəстүрі мен мəдениетіне толерантты болу; 

5) Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін білу; 

6) қоғамның əлеуметтік даму үрдістерін білу; 

7) түрлі əлеуметтік жағдайларда саналы түрде дұрыс бағыт ұстана білу; 

8)  командада  жұмыс  істеуге  қабілетті  болу,  өзінің  көзқарасын  дəлелдей  алу,  жаңа  шешімдер 

ұсына білу; 

9) ортақ келісімге келе білу, өз пікірін ұжым пікірімен ұштастыра білу; 

10) кəсіби жəне тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылу. 

Экономикалық жəне ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне қойылатын талаптар: 

1) экономикалық білім негіздерін меңгеру, менеджмент, маркетинг, қаржы жəне т.с.с. жөнінде 

ғылыми түсінігінің болуы; 

2)  экономиканы  мемлекеттік  реттеу  мақсаттары  мен  əдістерін,  экономикадағы  мемлекеттік 

сектордың рөлін білу жəне түсіну. 

Арнайы  құзыреттер  жоғары  білімнің  əр  мамандығы  бойынша  кəсіптік  стандарттар  негізінде 

жұмыс берушілер талаптары мен қоғамның əлеуметтік сұраныстарын ескере отырып анықталады [2]. 

5В071600 – «Аспап  жасау»  мамандығы  бойынша  болашақ  маман  төмендегідей  кəсіби  қызмет 

түрлері бойынша құзіретті болуы керек: 

-аспап  жасау,  автоматтандыру  жүйелерінің  аспаптарын  жинау,  монтаждау  жəне  баптау, 

авиациялық  аспаптар  жəне өлшеу-есептеу  кешендері, биотехникалық,  медициналық  аппараттар  мен 

жүйелер,  ақпарат  өлшеу  техникасы  мен  технологиясы,  электрондық  жүйелер  мен  технологиялар, 

электрондық машина жасау, мехатроника жəне робототехника; 

-ұйымдастыру-басқарушылық,  өндірістік-технологиялық,  сервистік-пайдалану,  жинақтау-

баптау, есептік-жобалық, экспериментальді-зерттеу, білім беру (педагогикалық). 

Жоғары  білім  мамандықтары  шеңберінде  жоғары  оқу  орындары Ұлттық  біліктілік 

шеңберіне, салалық  біліктілік  шеңберіне,  кəсіптік  стандарттарға  сəйкес  жəне  Дублин 

дескрипторларымен жəне Еуропалық біліктілік шеңберімен келісілген білім беру бағдарламаларын өз 

бетінше əзірлейді. 

Бакалавриаттың  білім  беру  бағдарламалары  пəнді  оқытудың  модульді  жүйесі  негізінде 

жобаланады.  Білім  беру  бағдарламалары  мамандық  пен  пəндердің  оқу-əдістемелік  кешендерінің 

негізінде жүзеге асырылады. 

Модульдік оқыту – нақты кəсіптік құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған жекелеген өзара 

байланысты блоктар түріндегі материалдарды оқытуды құрылымдап болжайтын оқыту жүйесі. 

5В071600 – Аспап  жасау  мамандығының  оқытудың  модульді  жүйесі  бойынша  оқу  жоспары 

тарихи-əлеуметтік, математикалық даярлық, көптілдік даярлық, химия-биологиялық, денсаулық жəне 

қауіпсіздік,  программалау,  физика,  жалпытехникалық,  электрондық  техника,  автоматика,  жетектер, 

механика,  техникалық  бақылау,  робототехника,  модельдеу,  экономикалық,  микропроцессорлық 

техника,  интегралдық  микросхемотехника,  ақпараттық  технологиялар,  өлшеу  техникасы, 

конструкциялау,  автоматтандырылған  жобалау  жүйесі,  арнайы  аспаптар,  биотехника,  əскери 

даярлық, практика-бағдарланған жəне қорытынды аттестация модульдарынан тұрады.  

Оқу жоспарының əрбір модульінің нəтижесі бойынша 5В071600 – Аспап жасау мамандығының 

білім бағдарламасын меңгеру кезінде білім алушылар ие болатын құзіреттер құрастырылған. 

«Аспап  жасау»  мамандығы  бойынша  болашақ  маман  электроника  негіздері,  материалтану, 

аспаптар  бөлшектері  жəне  құрылмалау  негіздері,  дəлдік  механизмдердің  есебі  жəне  құрылмалау, 

мехатроника  жəне  робототехника  негіздері,  ақпараттық-өлшеу  технологиясының  негіздері, 

автоматика  негіздері,  электрондық  техника  материалдары,  өлшеу  құрылғыларының  дəлдігі,  аспап 

жасау  технологиясы,  зерттеу  аспаптары  мен  əдістері,  өлшеу  аспаптарын  құрылмалау,  техникалық 

жүйелерді  диагностикалау  əдістері,  интегралдық  микросұлбалар  мен  электрондық  құрылғыларды 

жобалау жəне құрылмалау, өлшеу құрылғыларының дəлдігі, арнайы қолдануларға арналған аспаптар 

жəне  т.б.  жалпы  білім  беру  жəне  профильдік  пəндерін  меңгеру  нəтижесінде  өзінің  кəсіби 

құзіреттілігін қалыптастырады. 

Ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық 

сипаттамасы. 


 

 

138



Қазақстан Республикасының Ұлттық біліктілік шеңбері сегіз біліктілік деңгейінен тұрады, бұл 

Еуропалық  біліктілік  шеңберіне  жəне 2007 жылғы 27 шілдедегі  «Білім  туралы»  Қазақстан 

Республикасының Заңында айқындалған білім деңгейлеріне сəйкес келеді. 

Ұлттық  біліктілік  шеңбері  салалық  біліктілік  шеңберін,  кəсіби  стандарттарды  əзірлеу  үшін 

жалпы  кəсіби  құзыреттердің  біліктілік  деңгейлерінің  бірыңғай  шкаласын  айқындайды.  Ұлттық 

біліктілік  шеңбері - 1) білім; 2) іскерлік  пен  дағды; 3) жеке  басы  жəне  кəсіптік  құзіреттіліктер  үш 

көрсеткіштердің негізінде құрылатын рамалық құрылым. 

 Ұлттық біліктілік шеңбері құзыреттердің жəне біліктіліктердің салааралық салыстырмалығын 

қамтамасыз ете отырып, мамандар біліктілігінің сəйкестігін растау жəне оны беру жүйесі үшін негіз 

болып табылады. 

Ұлттық  біліктілік  шеңбері  пайдаланушылардың  əртүрлі  топтарына  (азаматтарға,  жұмыс 

берушілерге, білім беру органдарына) арналған жəне: 

1)  бірыңғай  əдістемелік  негізде  кəсіби  жəне  білім  беру  стандарттарын  əзірлеуге; 

         2)  мамандардың  жəне  оқу  орындарын  бітірушілердің  біліктілігіне  жəне  құзыреттеріне 

қойылатын талаптарды бірыңғай көзқараста сипаттауға; 

3)  кəсіби  білім  берудің  барлық  деңгейлеріндегі  бітірушілердің  біліктілігін  бағалау 

материалдары мен айқындау рəсімін əзірлеуге мүмкіндік береді. 

Салалық  біліктілік  шеңберлері – салада  танылатын  біліктілік  деңгейлерінің  құрылымдық 

сипаттамасы. 

Жоғары  жəне  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білімнің  əрбір  деңгейінің  (сатысының)  білім  беру 

бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттің алған білімінің, шеберлігінің, дағдысы мен құзыретінің 

деңгейі  мен  көлемін  сипаттайтын  Дублин  дескрипторлары  оқу  нəтижелеріне,  қалыптасқан 

құзыреттерге, сондай-ақ ЕСТS кредит (сынақ) бірліктерінің жалпы санына негізделеді. 

Дескрипторлар (descriptors) – студенттердің жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің 

тиісті  деңгейінің  (сатысының)  білім  беру  бағдарламаларын  аяқтаған  соң  ие  болатын  білім,  білік, 

дағды жəне құзыретінің деңгейлері мен көлемінің сипаттамасы; дескрипторлар оқыту нəтижелеріне, 

қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ кредиттерінің жалпы санына (сынақ бірліктеріне) негізделеді. 

Оқытудың  нəтижелері  Дублин  дескрипторларының  бірінші  деңгейі  (бакалавриат)  негізінде 

анықталады  жəне  құзыреттілік  арқылы  көрінеді.  Оқыту  нəтижелері  бағдарламаның  барлық 

деңгейінде де, жеке пəннің, модульдің деңгейінде де сипатталады. 

Бірінші деңгейдегі дескрипторлар:  

1)  зерттеп  отырған  саладағы  алдыңғы  қатарлы  білім  элементтерін  қоса  алғанда,  сол  сала 

бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу; 

2) осы білімі мен түсінігін кəсіби деңгейде қолдана білу; 

3) дəйектемелер құрастыру жəне зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу

4)  əлеуметтік,  этикалық  жəне  ғылыми  көзқарастарды  ескере  отырып,  пайымдаулар  жасауға 

қажет ақпараттар жинауды жəне интерпретациялауды жүзеге асыру; 

5) ақпаратты, идеяларды, проблемаларды жəне шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де 

жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді. 

Кəсіптік  стандарт – кəсіби  қызметтің  нақты  саласында  біліктілік  деңгейіне  жəне 

құзыреттілікке,  еңбек  мазмұнына,  сапасына  жəне  жағдайларына  қойылатын  талаптарды 

айқындайтын стандарт. 

Біз  кəсіби  құзіреттілікті - студент  меңгерген  білімге,  іскерлікке  жəне  дағдыға  негізделген, 

олардың  болашақ  кəсіби  қызметіне  адекватты,  мақсатты  бағытталған  іс-əрекеттердің  жиынтығы 

ретінде түсіндіреміз. 

Құзыреттер – студенттердің  оқыту  үдерісі  кезінде  алған  білім,  шеберлік  жəне  дағдысын 

кəсіптік  қызметте  практикалық  тұрғыдан  қолдана  білу  қабілеті.  Кəсіптік  құзыреттілік – білім, 

шеберлік  пен  дағды,  сондай-ақ  кəсіптік  қызметті  тиімді  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  жеке 

қасиеттер негізінде маманның кəсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі [2]. 

Құзіреттер  деп – оқытудың  жəне  өздігінен  білім  алудың  нəтижесінде  қалыптасатын  жəне 

адамның  əлеуметтік  ұтқырлығын  анықтайтын,  білім  мен  тəжірибеге,  құндылықтар  мен 

бейімділіктерге негізделген жалпы қабілеттерді айтады. Құзіреттер келесі түрлерден тұрады: 

-когнитивтік құзіреттер, теория мен ұғымдарды, сонымен қатар, тəжірибе жүзінде жинақталған 

білімді қолдануды болжайды; 

- функционалдық құзіреттер, адамның еңбек жолында, оқу немесе əлеуметтік қызмет саласында 

істей алуы тиіс іскерліктер; 

- жеке тұлғалық құзіреттер, нақты жағдайларда мінез-құлық іскерліктерін қолдануды болжайтын; 


 

 

139



- этикалық құзіреттер, қандай-да бір жеке тұлғалық жəне кəсіптік құндылықтардың бар болуын 

болжайтын.  Сонымен,  құзіреттер – білімнің,  іскерліктің  жəне  дағдылардың  əртүрлі  элементтерін 

белгілі  бір  жағдайда  адамның  өз  бетімен  қолдану  қабілеттіліктерін  сипаттайды  жəне 

интеграцияланған ұғым болып табылады.   

Құзіреттілік – 1) білімі  мен  дағдысы  арқылы  мəселені  өз  бетінше  шеше  алуға  мүмкіндігі  бар 

жеке  тұлға; 2) теориялық,  танымдық  жəне  тəжірибелік  іскерлігін  меңгеру  дəрежесін  анықтайтын 

тұлғаның білімділік деңгейі [3]. 

«Құзіреттілік»  ұғымының  көптеген  түсініктемелері  бар.  Ғылыми  əдебиеттерде  құзіреттілік 

қайсібір  тапсырманы  орындай  алуға  қабілеттілік,  бір  аспапты  немесе  сұлбаны  құрастыра  алу, 

студенттің қалыптасып үлгерген жеке сапасы мен тəжірибесінің жиынтығы ретінде қарастырылады. 

Қазір  құзіреттілікке – дербес  жəне  жауаптылықпен  əрекет  етуге,  белгілі  бір  жұмысты  орындауға 

қабілеттілік  пен  икемділікті  игеруге  жол  ашатын  психологиялық  ахуал,  психикалық  сапалардың 

жиынтығы  ретінде  түсініктеме  беріліп  жүр.  Құзіреттілік – болашақ  қызметті  кəсіби  орындау  үшін 

қажетті білімдерді, тəжірибелерді жəне іскерліктерді меңгеру.  

Біліктілік – алынған  кəсіп  пен  мамандық  бойынша  қызметтің  белгілі  бір  түрін  құзыретті 

орындау дайындығының деңгейі. 

Кəсіби  құзіреттілікті  тиімді  қалыптастыру  үшін,  ең  алдымен  студенттерді  өз  бетімен  жұмыс 

жасауға,  сонымен  қатар,  ақпараттың  əртүрлі  көздерінен  білім  алуға,  жинақтауға  үйрету  қажет. 

Маманды  қалыптастырудың  мақсаттарын  табысты  іске  асыру  үшін,  оны  білім  алуға,  іскерлікке 

үйрету  біруақытта  кəсіби  қызметке  қажетті  оқытылатын  пəндердің  мағынасын  танытуы,  сондай-ақ, 

дүние  тануды,  мотивациялық  сфераны,  творчестволық  потенциалды  жəне  жеке  бастың  басқа  да 

қасиеттерін дамытуды қамтамасыз етуі қажет. 

Жоғары  кəсіптік оқу  орнында  оқытылатын кез-келген  оқу  пəні, соның  ішінде, «Аспап  жасау» 

мамандығы  бойынша  оқытылатын  пəндер,  маманның  болашақ  кəсіби  қызметінің  контекстінде 

оқытылуы  қажет,  ал,  пəндердің  мазмұны – маманның  бейініне  байланысты  өзгертілуі  қажет. 

Сондықтан  да,  сабақтардың  өтілуі  кезінде  қолданылатын,  соның  ішінде,  студенттің  оқытушымен 

өткізілетін  өзіндік  жұмысы  кезіндегі  материал  болашақ  мамандардың  кəсіби  қажеттілігіне  жауап 

беруі тиіс, кəсібімен байланысқан практикалық маңыздылығы болуы қажет. 

Техникалық жоғары білім берудің негізгі міндеті - өзін-өзі дамытуға, өзінің білімін жетілдіруге 

жəне  инновациялық  қызметке  қабілетті,  маманның  шығармашыл  тұлғасын  қалыптастыру  болып 

табылады.  Бұл  міндет  оқытушыдан  болашақ  маманға  білімді  тек  ғана  дайын  түрде  беру  жолымен 

ғана  шешілмейді.  Болашақ  маманды  білімді  пассивті  тұтынушыдан,  мəселені  қоя  алатын,  оны 

шешудің  жолдарын  талдай  алатын,  тиімді  нəтиже  таба  алатын  жəне  оның  дұрыстығын  дəлелдей 

алатын белсенді шығармашыл тұлғаға айналдыру қажет. 

Қазіргі  уақытта  жүріп  жатқан  техникалық  жəне  кəсіптік  білім  беруді  модернизациялау  өз 

мəнісінде  дəстүрлі  білім  беруден  нəтижеге  бағытталған  білім  беруге  өтумен  байланысты.  Бұл 

жағынан  алып  қарағанда,  студенттердің  өздік  жұмыстары  (СӨЖ)  оқу  үрдісінің  маңызды  түрі  ғана 

болып қоймай, оның негізі болып табылуы қажет. 

Өзіндік жұмыс екі түрге бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік 

жұмысы 


(ОСӨЖ) 

жəне 


студенттің 

толығымен 

өзі 

орындайтын 



жұмысы 

(СӨЖ). 


       ОСӨЖ  жеке  график  бойынша  оқытушымен  байланыста  орындалатын  студенттің  аудиториядан 

тыс жұмыс түрі болып табылады, ол жалпы оқу сабақтарының кестесіне енбейді. 

ОСӨЖ  барысында  оқу  бағдарламасындағы  анағұрлым  қиын  сұрақтар,  үй  тапсырмалары, 

курстық жобалар (жұмыстар) бойынша консультациялар жəне семестрлік жұмыстардың, есептер мен 

басқа 

да 


СӨЖ 

тапсырмаларының 

орындалуына 

бақылау 


жүргізіледі. 

       Кредиттік  оқыту  технологиясының  міндеті – студенттердің  өзін-өзі  ұйымдастыру  жəне  өзіндік 

білім  алу  қабілеттерін  дамыту.  Тиісінше,  оқытушылар  мен  студенттер  жұмыстарының  мынадай 

үлгілік циклдері іске асырылады. 

1) Оқытушының студенттермен жұмысының (ОСЖ) үлгілік бірлік циклі үш негізгі функцияны 

қамтиды. 

Оқытушының бірінші функциясы – бағыттаушы-бағдарлаушылық (тақырыпқа кіріспе, мақсат, 

міндеттерді қою, практикалық тиімділігін, материал мазмұнының негізгі бөлімдерінің мəні мен өзара 

байланысын сипаттау, оқу-əдістемелік құралдармен жұмыс жөнінде ұсынымдар т.б.). Бұл студенттің 

алдағы өзіндік жұмысы үшін жеткілікті болуы тиіс. 

Оқытушының  екінші  функциясы – консультативтік-түзетушілік.  Бұл – студенттің  өзіндік 

жұмысында оқу əрекетін жүзеге асыруда консультативтік көмек беру, жеке консультация жүргізу жəне 

тиісті түзету жұмыстарын жүзеге асыру. Білім беру процесінде бұл функцияны тьюторлар атқарады. 


 

 

140



Оқытушының үшінші функциясы – бақылаушылық-бағалаушылық. Бұл студенттердің білімін, 

шеберлігін  жəне  дағдысын  бағалауды  əртүрлі  нысанда  жүргізу  (жазбаша  немесе  ауызша  емтихан, 

тестілеу жəне т.б.), оларға кездесетін негізгі қиындықтарды анықтау бойынша диалог ұйымдастыру, 

оқытушының  сарапшы  немесе  бақылаушы  ретінде  «дұрыс»  əрекеттерді,  өзара  əрекеттестікті, 

эталондық тəсілдерді көрсетуін қарастырады. 

2)  Оқытушының  жетекшілігімен  жүргізілетін  студенттің  өзіндік  жұмысының  (ОСӨЖ)  үлгілік 

бірлік цикліне мынадай төрт негізгі функция кіреді: 

Бірінші  функция – оқу  пəні  бойынша  бағыттау-бағдарлау  сабақтары  кезінде  оқытушы  берген 

ақпаратты студенттердің белсенді қабылдауын іске асыруды көздейді. 

Екінші  функция  оқытушының  ұсынымы  негізінде  студенттердің  өздігінен  оқу-əдістемелік 

құралдарды,  əдебиеттерді  оқуын,  үй  тапсырмаларын,  бақылау,  курстық  жұмыстарды  жəне  т.б. 

орындауын көздейді. 

 Бұл кезеңде студенттерден жұмыс істеудің əдіс-тəсілдерін білу, қиындықтарды анықтау, өзін-

өзі ұйымдастыру жəне өзіндік тəртіп талап етіледі. 

Студенттердің  үшінші  функциясы – өздерінде  қиындық  тудырған  жағдайларды  талдау  мен 

жүйелеу,  оқу  материалын  түсіну  мен  меңгерудегі  қиындықтар  себебін  анықтау,  басқа  оқу  əрекетін 

орындау.  Студенттер  шешімі  табылмаған  қиыншылықтарды  оқытушыларға  арналған  сұрақтар 

жүйесіне  айналдырады  (оларды  саралайды,  реттейді,  ресімдейді),  бұл  сұрақтарға  өз  жауаптарының 

нұсқаларын дайындайды. 

Студенттердің  төртінші  функциясы  түсініктеме,  ақыл-кеңес,  консультация  алу  үшін 

оқытушымен сұхбаттасуын білдіреді. 

Мамандар  даярлаудағы  маңызды  міндеттердің  бірі – болашақ  кəсіби  қызметінде  білімдерін 

табысты  қолдану  үшін  білім  алушыларда  өзін-өзі  білімін  жетілдіру  дағдыларын  жəне  өз  бетімен 

білімге ие болу қабілеттіліктерін дамыту жəне тудыру болып табылады. Бұл тек қана «Аспап жасау» 

мамандығы  бойынша  даярланған  болашақ  маман  үшін  ғана  емес,  барлық  мамандар  өкілдері  үшін 

маңызды. Өзін-өзі білімін жетілдірудің негізгі формасы болып өздік жұмыстар табылады.                           

Жеке  тұлғаның  дербестігі  жоғары  сапа  мен  еңбек  өнімділігін  қамтамасыз  ететін  тиімді 

технологияны таңдауда қателікке бой алдырмауды болжайтын болашақ маманның кəсіптік оқуының 

жəне  кəсіптік  бейімделуінің  тиімділігінің  негізгі  критерийлерінің  бірі  болып  табылады.  Сонымен 

қатар,  болашақ  маманның  өндірістік  жағдайды  диагностикалау  қабілеттілігі,  шешім  қабылдауы, 

тұрақты  түрде  өзіндік  бақылауды  жүзеге  асыру  іскерлігі  де  жатады.  Болашақ  маманның  дербестігі 

жоғары  оқу  орнында  студенттің  өзіндік  жұмысы  тəрізді  оқудың  түрі  қаншалықты  табысты 

ұйымдастырылғанына,  қаншалықты  еңбектің  ғылыми  ұйымдастырылу  талаптарына  жауап 

беретіндігіне  жəне  түлектердің  жұмысқа  орналастырылуларымен  қамтамасыз  етіледі.  Студенттің 

өзіндік  жұмысының  мақсаты – студентті  ойлауға  жəне  алдымен  оқу  материалымен,  содан  соң, 

ғылыми ақпаратпен өз бетінше жұмыс жасауға үйрету, əрі қарай өзінің біліктілігін үздіксіз жетілдіру 

іскерлігін, дағдыландыру, өзін өзі ұйымдастыру жəне өзін өзі тəрбиелеу негіздерін қалыптастыру.  

Бітірушілердің  білімін,  шеберлігін,  дағдысын  жəне  құзыреттерін  бақылау  оларды  қорытынды 

аттестаттау кезінде жүзеге асырылады. 

Негізінен  пəннің  жұмыс  бағдарламаларында (syllabus) сипатталған,  бұрыннан  қолданылып 

жүрген  «білім-іскерлік-дағды»  үштағаны  оқу  үрдісінің  интеграцияланған  нəтижесін  сипаттауға 

келмеді. Сондықтан да, «құзіреттер» терминін қоса отырып, акцентті нəтижені күшейтуді жобалауға 

жəне  болжауға  болады.  Оқытудың  нəтижелері – болашақ  маманмен  немесе  тұлғамен  меңгерілген, 

оқытудың нəтижесі бойынша көрсете алатын білім, іскерлік, дағдылардың жəне/немесе құзіреттердің 

жиынтығы. Басқаша айтқанда, оқытудың соңында білімгер өз мамандығы бойынша білуі, түсіне білуі 

жəне істей білуі қажет. 

Əрбір  пəнді  оқып-меңгеру  кезінде  студенттің  өздік  жұмысының  ұйымдастырылуы  өзара 

байланысқан үш түрдің бірігуін көрсетуі қажет: 

  -аудиториядан тыс өзіндік жұмыс; 

 - оқытушының тікелей жетекшілігімен жүргізілетін аудиториялық өзіндік жұмыс; 

 - шығармашылық, соның ішінде, ғылыми-зерттеу жұмыстары. 

Аудиториядан  тыс  студенттің  өзіндік  жұмысының  түрлері:  берілген  тақырыпқа  рефераттар, 

баяндамалар,  шығармалар,  очерктер  жəне  т.б.  жазу  жұмыстарын  дайындау  жəне  жазу;  студенттің 

дербестігін жəне инициативасын дамытуға бағытталған тестілер, бақылау жұмыстарын жəне есептер 

шығару, мəтіндерді аудару жəне мазмұндау, коллоквиумдар тапсыру, əдебиет көздерін таңдау жəне 

оқып-меңгеру, əртүрлі сұлбаларды жасау жəне құру, графикалық жұмыстарды орындау, есептеулерді 

жүргізу,  жеке  тапсырмаларды  орындау,  студенттердің  ғылыми-теориялық  конференцияларына,  пəн 


 

 

141



бойынша  олимпиадаларға  қатысу  болып  табылады.  Студенттің  жеке  тұлғасын  дамытуға  арналған 

студенттің  өзіндік  жұмысының  басқа  түрі – проблемалық  жағдайларды  өз  бетінше  шешу  болып 

табылады.  Практикалық  сабақтарда  жоғары  курс  студенттерінде  «іскерлік  ойындарды»  қолдану  ең 

жақсы түрде келеді. Ойынның тақырыбы нақты өндірістік мəселелермен байланысты болуы мүмкін 

немесе  қолданбалы  сипаттамаға  ие  болуы  мүмкін,  өзекті  мəселелер  бойынша  жағдайлық 

модельдеудің  міндеттері  болуы  мүмкін  жəне  т.б.  Іскерлік  ойынның  мақсаты – студентке  шешім 

қабылдау мүмкіндігін ұсыну.           

Студенттің  өзіндік  жұмысын  ұйымдастырудағы  шешуші  рөл  «жалпы»  студентпен  жұмыс 

істеуге емес, ал, нақты жеке тұлғамен, оның күшті жəне əлсіз жақтарымен, жеке қабілеттіліктерімен 

жəне  бейімділіктерімен  жұмыс  істейтін  оқытушыға  жүктеледі.  Оқытушының  міндеті – болашақ 

жоғары білікті маман ретінде студенттің жақсы жақтарын көру жəне дамыту болып табылады. Білім 

технологиясын жүзеге асырудың шешуші факторы əрі кілті – жоғары білім ордасында дəріс беретін 

оқытушылардың біліктілік деңгейі болып табылады. Оқытушының педагогикалық құзіреттілігі деп – 

педагогикалық  қызметті  жүзеге  асырудағы  теориялық  жəне  практикалық  дайындықтың  бірлігін 

айтады.  Осының  барлығы  болашақ  маманда  кəсіби  құзіреттілікті  қалыптастыруға  мүмкіндік 

туғызады. 

Қорытындылай келе, қоғам дамуының ең басты шарты – білімді, шығармашыл, құзіретті тұлға 

тəрбиелеу  болып  табылады.  Халықаралық  сапаға  сай,  бүгінгі  білім  кеңістігінің  талаптарына  жауап 

беретін, өз саласының өте білікті маманы болып шығатын кəсіби деңгейі жоғары, күрделі өндірістік 

мəселелерді  шеше  алатын  кəсіби  құзіретті  маман  дайындау – сапалы  білім  деңгейіне  көтерілудің 

кепілі болып табылады. Білімді, интеллектуалды, құзіретті маман – еліміздің басты байлығы.   

Жоғары  білім  республика  экономикасының  барлық  салалары  үшін  құзыретті  жəне  бəсекеге 

қабілетті мамандарды кəсіби даярлауды қамтамасыз етуде, ғылым мен өндірісті біріктіруде маңызды 

рөл атқарады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет