Н а у к и о з ем л е а. Е. Воробьев, Е. В. Чекушина



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата23.02.2017
өлшемі2,93 Mb.
#4709
1   2   3   4

 

Қ.Т. Сапаров 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар қ. 

 

АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕР МЕН ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ СИПАТТАЙТЫН ТОПОНИМДЕР ЖҮЙЕСІ 

 

Шығыс  Қазақстан  –  ертеден  қойнауы  қазынаға  толы  өлке.  Бұл  жерде  қоныстанған 



НАУКИ О ЗЕМЛЕ                                                                                              ISSN 

1561-4212. 

«ВЕСТНИК ВКГТУ» № 4, 2011.

 

20

бабаларымыз  көне  заманнан бері осы аймақтағы кен орындарын қазып алып, алтын мен 

күміс,  қалайы  мен  мыс,  қорғасынын  іске  жаратып,  пайдаланған.  Ескі  қазбалардың 

негізінде  өлкеде  ірі-ірі  кен  орындары  ашылды.  Оның  айғағы  –  түрік  қағанаты  өмір 

сүрген  VI-VII  ғғ.  Алтай  тауы  Алтын  қойнау  (Алтынтау)  аталғанын  көреміз.  Сонау 

Геродот заманындағы Алтынтағ өз мәнін өзгертпей келген деп тұжырым жасауға болады 

[1,  2].    Қазыналы  өлкеде  Кенді  Алтайдың  түсті  металлургия  орталығы  –  Алтынды 

Алтайдың  орны  ерекше.  Алтынды  Алтай  бірнеше  жүйеден  тұрады:  Қалба  жүйесі 

(Сарыбұлақ,  Сынтас,  Ағынықатты,  Құлынжүн,  Жанама,  Ақжол,  Бақыршық,  Бөкен, 

Лайлы  (Айлы),  Теректі);  Күршім  жүйесі  (Қиынсу,  Жаман  Қиынсу,  Бұланды,  Қыстау  – 

Күршім); Нарын жүйесі (Теректі, Көктерек); Сарытау жүйесі (Қара Ағаш, Майқапшағай, 

Қалжыр) және т.б. жүйелер [1].  

 

Қазақтың  Шығыс  аумағынан  көне  тас  ғасырының  кезеңдері: 



палеолит,

 

мезолит, 



неолит

  ескерткіштері  табылып,  өткен  замандарда пайдалы қазбалар біршама игерілгенін 

аңғаруға  болады.  Көне  тас  ғасыры 

энеолит,

  қола  ғасыры,  ерте  темір  ғасыры  жөніндегі 

деректер  аумақта  табылған  қорғандар  мен  ескерткіштер, яғни археологиялық зерттеулер 

нәтижесінде  дәлелденді.  Жоғарғы  Ертіс  бойынан  табылған 



  палеолит 

тас  ғасырына 

жататын  ескерткіштер

:  Қанай,  Свинчатка,  Үңгір,  Ново-Никольское

  (ХХ  ғ.  50-жылдары 

археолог С.С. Черниковтің қатысуымен зерттелді), Шүлбі тұрағы (1981), Қозыбай тұрағы 

(1989),  Риддер  тұрағы  (2000),  зерттелген  тұрақтар  –  Ж.К.  Таймағамбетовтің  Шығыс 

Қазақстан  палеолиті  туралы  ғылымға  қосқан  үлесі  [3].  Бұқтырма  өзенінің  оң 

жағалауында  Үңгір  тұрағы  орналасқан.  Үңгірден  60-170  см  тереңдіктен  палеолит 

бұйымдары:  қырғыш,  пышақ  тәрізді  құралдар,  кварц  және  қара  кремнийден  жасалған 

бұйымдар  т.б.  табылды.  Ертіс  бойындағы  Шүлбі  тұрағынан  (1980-1983  жж.)  үшкір  зат, 

кескі,  тескіш  нуклеустер,  сонымен  қатар  ошақтар  табылған, оларды дайындауға шикізат 

ретінде  халцедон,  яшма,  кремень  және  тау  хрусталі  қолданылған  [4]. 



Мезолит 

дәуірі 


(орта  тас  ғасыры)  Шүлбі  СЭС  құрылысы  жүргізілген  жерде  –  Қызылсу  тұрағында 

кездесті. 



Неолиттің 

(жаңа  тас  ғасыры)  жетістігі  адамдардың  садақ  пен  жебені  қолдана 

білуі,  керамикалық  ыдыстарды  жасаудың  сырын  ашуы,  малшаруашылығы  мен  егін 

шаруашылығының  қалыптасуы,  өндіруші  шаруашылықтың  пайда  болуы  –  сол  дәуірдің 

аса маңызды белгісі екенін аңғаруға болады.  

Неолит  ескерткіштері  «Усть-Нарым»  мәдениеті  Ертістің  Жоғарғы  және  Орта 

ағысында табылды. Бұл тұрақтан осы мәдениетті айғақтайтын 16000-ға жуық кременнен, 

сүйектен  жасалынған,  шаруашылық  және  әшекейлік  бұйымдар  табылған.  Аң  аулауда 

садақ және жебе, балық аулауда күршек, күрмек пайдаланған. Қыш ыдыстарды «шырша 

өрнегімен»  күйдіріп  әшекейлеген.  Сонымен  қатар  малшаруашылығын  айғақтайтын  дән 

үккіш,  келі  түйгіш,  орақ,  ешкі,  қой  сүйектері  оның  анық  айқын  дәлелі  [5].  Шығыс 

Қазақстанның  энеолиті  б.д.д.  ІІІ  мыңжылдыққа  сәйкес  келеді.  Өлкенің 



мыс

  және 


тас

 

ғасыры  ескерткіштері:  өгіздің  жартастағы  бейнесі  (Зевакино,  Сағыр  жайлауы)  және  бір 



арбаның  жартастағы  кескіні  (Ақбауыр  үңгірінің  іші);  Черновая  елді  мекеніндегі  оба 

(А.М.  Оразбаев)  пен  «Меновное  ХІ»  обасының  (А.А.  Ткачев  қазбалары)  қабірлері.  Бұл 

археологиялық  деректер  жөнінде  З.  Самашев:  «Біз  үшін  ...  б.д.д.  ІІІ  мыңжылдықта, 

әсіресе  оның  екінші  жартысында,  Еуразия  даласында  қос  өгіз  жегілген  екі-төрт 

доңғалақты  арбалар кеңінен тараған», - деп жазады [6]. 

Қола

 дәуірінің Қанай мәдениеті, 

Андронов  мәдениеті  (негізгі),  кейінгі  қола  «Андронов»  мәдени-тарихи  бірлігінің 

«Трушников»  атты  екінші  мәдениеттің  Жоғарғы  Ертіс  бойындағы  даму  уақыты 

Трушниково,  Зевакино,  Измайловка  елді  мекендерінен  табылған  ескерткіштер  бойынша 

зерттелді.  Қазба  жұмыстарына  С.С.  Черников,  Ф.Х.  Арсланова,  А.С.  Ермолаева  бас-



ISSN 

1561-4212. 

«ВЕСТНИК 

ВКГТУ

» 

№ 



4, 

2011.                                                                    



НАУКИ О ЗЕМЛЕ 

 

21

шылық етті [1].  

Қола дәуірі

 б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың соңы мен ІІ мыңжылдықтың  басында Қазақстан 

жерін мекендеген тайпалар өміріне үлкен өзгерістер әкеліп, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-

экономикалық  өрлеуге  жол  ашты.  Адамдар  алғаш  рет  түсті  металдар  мен  алтынды 

игеріп,  пайдалануды  үйренді.  Мыс  пен  қалайының  қоспасынан  қатты  металл  –  қола 

алынды.  Алтайдың  таулы  аудандарынан,  Тарбағатай  далаларынан,  Ертіс  пен 

Бұқтырманың  алаптарынан  көптеген  қоныстар  мен  қорымдар  табылды.  Ондай 

құрылыстардың  көп  салынуына  жез  бен  қалайының,  алтынның  аса  бай  кендері  әсер 

еткен.  Алтайдың  полиметалл  белдеуінде  850-ге  жуық  кеніштер  мен  кен  орындарының 

болғанын,  қола  мен  темір    ғасырының  игерілгенін  зерттеушілердің  жазбалары 

айғақтайды.  Қола  дәуірі  ескерткіштерінің  көбірек  зерттелгені  Қанай,  Усть  –  Нарым, 

Мало  –  Красноярка,  Трушниково  аймағы  [3].  Ә.М.  Оразбаев  1985  –  1986  жылдар 

аралығында    Таврия  ауданынан  қола  дәуірінің  13  қорғанын,  Катонқарағай  ауданының 

Чернова  елді  мекенінен  сақ-скиф  дәуіріне  жататын  энеолит  дәуірінің  екі  қорғанын 

зерттеді [1]. 

 Дәстүр  бойынша  өлкедегі  ерте  темір  ғасырын  үш  кезеңге: 



Майемер,

 

Берел, 



Құлажорға

  деп  бөледі.  Ерте  темір  дәуірінің 



  Ащылы,  Ақтүбек,  Қарғыба,  Базаршаты, 

Құлбабас,  Боғас 

ескерткіштері  және  қола  дәуірінің 



Еркеалмас



Тұяқ  ата,  Боғас, 



Доланқара

 ескерткіштерінде қазба жұмыстары жүргізілді [6].  

Тарбағатайдың  терістігіндегі  Құлбабас  ауылының  іргесіндегі  Тебіске  өзенінің  оң 

жағалауында  70-тен  астам  сақ-үйсін  қорғандар  тобы  орналасқан.  Бұл  қорғандар  тобын 

қазған  кезде  қола  сырғалар,  қола  пластина,  темір  сақина,  пышақ,  білезік,  8  дана бирюза 

моншақ,  ағаш  сандық  (табыт)  табылған  [7].  Қола  дәуірінде  тайпалар  малшаруашылығы, 

жер  шаруашылығы,  балық  аулау,  аң  аулаумен  қатар,  тау-кен  кәсібімен    шұғылданды. 

Ескі  металлургия  Ертістің  жоғарғы  ағысында,  Алтай  тауларында,  Нарын,  Қалба 

қыраттарында  жақсы  дамыды.  Сақ  тайпалары  арасында  металл  өндіру  және  оны  өңдеу, 

әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктер мен кәсіптер жоғары дәрежеде дамығанын 

археологиялық  қазбалар  дәлелдеп  отыр  [1]. 

Сақ  Тамы

  (Аягөз) қоныс атауы оның дәлелі 

болып табылады. Бұл аумақта ертеден түсті металдар өндірісінің дамығандығын Геродот 

былайша  түсіндіреді:  «Бұл  елде  мыс  пен  алтын  аткөпір.  Олардың  найза,  жебе,  айбалта 

сияқты  қару-жарақтары  жезден  соғылғанымен,  оның  есесіне  бас  киімдері  мен  белдік 

кісенінен  бастап  атәбзелдеріне  дейін  алтынмен  апталған»,  -  деп  тамсана  жазады  [2]. 

Оның  аймағы  сонау  түркі  дәуірінен  Алтайдың  Алтынтау  (Алтын  таг)  екені  тарихтан 

белгілі.  Кенді  Алтайда  кездесетін 



Алтынқазған,  Алтынқолат,  Алтынтапқан,

 

Алтынтас, 



Алтыншоқы, Золотая, Золотая Ложка

 атаулары алтын өндірілгенінен мол ақпар береді. 

Күміске байланысты 

Күмісқазық

,

 Серебрянная

 (

тау

), 


Серебрянск 

(қала), 


Серебрянный

 

(3 рет), 



Серебрянный Угол 

(Зырян) бұлақ, қоныс атауларын кездестірдік. Тау жыныстары 

және  су  құрамында  темірдің  кездесетінін  анықтайтын 

Темірқазық,  Темірқалта, 

Темірқобы , Темірқұдық, Темірсу (2 рет), Железный, Железняк, Рудная

 атаулары бар. 

Металлургиямен  айналысатын  ғалымдар  арасында  алғашқы  металл  жер  бетінің  қай 

өңірінде  өндіріле  бастағаны  жөнінде  пікірталасы  бар. 



“Жез”

  сөзі  санкрист,  көне  грек, 

латын,  гот  тілдерінде    дыбысталуы  тұрғысынан  да,  мағынасы  тұрғысынан  да  “жез”  

қалпында  қолданылған  [8].  Кейін  римдіктер  Кипр  аралын  жаулап  алғаннан  кейін,  ол 

жерді  жездің  мол  қорын  “Куприум”  деп  атаған.  Ә.  Марғұлан:  «Ғалымдар  бұрын-соңды 

дәстүр бойынша қалайының отанын  Кавказ бен Ираннан іздеп келді», - деп жазады. Осы 

уақытқа  дейін  Қазақстандағы  Қалба,  Нарым  тауларындағы  қалайы  өндірген  алып  кен 

орны сияқты, немесе Бетбақдаланың солтүстігіндегі 



Қалайықазған 

деп аталатын көне кен 



НАУКИ О ЗЕМЛЕ                                                                                              ISSN 

1561-4212. 

«ВЕСТНИК ВКГТУ» № 4, 2011.

 

22

орны  сияқты  жерлер  Кавказда  ұшыраспайды.  Жезге  байланысты  аймақта 



Жезкент, 

Жаман Жезді 

(Бородулиха, Ұлан) атауларын кездестірдік.  

Металл  өндірісіне  байланысты 

Беккарьер,  Микроклин,  Мыстөбе,  Тоғызкен,  Горняк, 

Зергер 

т.б. атаулары өткен тарихтан мол ақпарлар береді.  Пайдалы қазбаларды өндіруге 

немесе  өңдеуге  тікелей  қатысы  бар  атаулар  қатарына  “бақыр”  сөзімен  байланысты 

Бақыршық,  Бақырлы 

сияқты  топонимдерді  де  жатқызуға  болады.  Қазақтар  мыс  кеніне 

қатысты  “бақыр”  сөзін  жиі  қолданған,  сол  себепті  бұл  атаулар  мыспен  байланысты 

болуы  мүмкін.  Сондай-ақ  аумақта  “бор”  (әктас,  әк)  сөзімен байланысты 



Борлы 

(15 рет), 



Борлы  Қайтас,  Борлыбұлақ,  Борлықақ,  Борлықызыл,  Борлысай,  Борлытөбе,  Борлышоқы 

(25 атау),



 Алебастр

 бар екенін анықтадық.  

Металл  өндірісіне  бірден-бір  қажет  отын  –  қызуы  мол  көмір  екені  мәлім.  “Көмір” 

сөзінің  түп  түркінінде  халықтың  геологиялық  түсінігі  жатыр.    Қазақта  “көм”,  “көму”, 

“көмілген”  деген  сөздердің  бәрі  де  не  нәрсенің  болсын  жер  қойнауында 

болатындығымен  байланысты  айтылады.  Ал  көмірдің  тек  қана  жер  астында 

болатындығы  белгілі  [9].  Тастағы  суреттерді  пайдаланған 

жоса

  сөзі  негізінде 

қалыптасқан

    Жосалы 

(12  рет)  тау,  төбе  (Абай,  Аягөз,  Ұлан,  Жарма)  атаулары  өткен 

тарихтан сыр шертеді.  

Тастардың  ішіндегі  ең  бағалысы,  ең  әдемісі, ең берігі – габбро. Ол Аягөз ауданының 

(Шұбартауда) 

“Үшқызыл”,  “Қызыл  тас”,  “Еміл  тау”

  деген  жерлерінде  кездеседі. 

Үшқызылдағы  габбро  кеніне 

“Айгерім”

  деп  ат  қойылған.  Себебі,  өңделіп  жылтыраған 

кезінде  габброға  сәйкес  келетіндей    тасты  кездестіру  мүмкін  емес.  Габбро,  негізінен, 

шымқай қара, ақ дағы бар, қара күйінде кездеседі. Гранит пен мәрмәрдің пайдаланғанын 



Гранитное, Гранитный, Мраморный, Мраморная

 тау атауларынан байқаймыз.  

Осынау өз заманының деңгейіндегі биік мәдениетке айғақ болар дәстүр сабақтастығы, 

яғни  металлургия  өндірісі  б.з.VІІІ-ХІV  ғасырына  дейін  үзілмей  жалғасып  келгені 

археологиялық, тарихи деректер, топонимиялық атаулар  түрінде толық дәлелденіп отыр 

[10].  Орыс  қоныстанушыларының  жаңа  легінің  Алтайға  келуі  алғашқы  тау-кен 

өнеркәсібі  кәсіпорындарының  пайда  болуымен  байланысты.  XVIII  ғ.  басында  Алтайда 

кен  өндірісі  жылдам  дамыды.  Вергколлегия  күміске  бай  Змейногорск  кен  орнының 

Алтай  кен  орындарын  император  әйел  Елизаветаға  беруді  шешті  (1742  ж.),  өйткені 

Ресейде  құнды  материалдарды  өндіру  патша  отбасы  мен  мемлекеттің  монополиясын 

құрды.  1747  ж.    зауыттар  мен  кеніштер,  Алтайдың  барлық  жер  аумағы  (170  жыл  бойы) 

орыс патшаларының меншігі болды [1]. 1784 жылы ағайынды Федоровтар Үлбі өзенінің 

бастауынан  аң  аулап  жүріп,  ертеде 

“чуд”

  халқы  ашып,  қазып  алған  ескі  кен  орнына  кез 

болады.  Бұлар  бұл  жаңалықты  Барнауылдағы  кенші  Риддерге  хабарлайды,  ол  алтын, 

күміс,  қорғасынды  көріп  таңырқайды.  Сөйтіп,  геолог  Филипп  Риддер  Үлбі  өзенінің 

бастауындағы  түсті  метал  кен орнына экспедиция әкеледі де, ішкі таулармен қоршалған 

ойпатта  Риддер  кентін  орнатады  [6].  XVIII  ғ.  екінші  жартысында  патшайым  Екатерина 

Алтайдан  тау  хрусталі  мен  күміс  табуға  экспедиция  ұйымдастырып,  Г.Г.  Зыряновқа 

басқартып  жібереді.  Ол  Алтайдан  күміс,  хрусталь  т.б.  таба  алмаған  соң,  қазіргі  Зырян 

қаласының  маңынан  ескі  кен  орнын  тауып  (1791),  қазуға  кіріседі.  Мұнда  Ресейдің 

орталығынан қашқан шаруалар бірнеше үйден тұратын поселкелер орнатып, кен көздерін 

игере  бастады.  1747  ж.  бастап  Ертістің  оң  жағалауы,  Зырян,  Риддер  кен  орындары 

Колыван  –  Воскресенск  (1834  ж.  бастап  Алтай)  тау-кен  округіне  енді.  Соның 

нәтижесінде 

Березов,  Николаев,  Талов,  Бұқтырма,  Риддер, Зырян, Белоусов, Опенышев, 

Мурзинцев,

 

Малеев,  Филиппов,  Крюков,  Заводинск,  Путинцев

  және  т.б.  кен 

орындарының ашылуына түрткі болды [1].  



ISSN 

1561-4212. 

«ВЕСТНИК 

ВКГТУ

» 

№ 



4, 

2011.                                                                    



НАУКИ О ЗЕМЛЕ 

 

23

Аталмыш  кен  орындарының  көпшілігі  жабылып  қалғанымен,  кейбіреулері  Кеңес 

үкіметі тұсында, сонымен қатар осы күнге дейін кен өндіру ісінде маңызды рөл атқарып 

келеді.  Алтайдың  жалғасы  Қалбада  да  ескі  кен  орындарының  орны  болған.  Бұл аумақта 

Қанай  өзені  бойынан  (1930)  қалайы  жуатын  өндіріс  ашты.  Медведкада  қалайы  өндіру, 

Тарғын  (Қарақойын),  Асубұлақ,  Шалшы  шахталарын  зерттеу  арқылы  Тарғын  руднигі 

(1940),  Ақбау    кен  комбинатының  (1950)  ашылуына  әкеп  соқты.  1990  жылдарға  дейін 

Асубұлақ,  Ақтау,  Огневка  рудниктері  жұмыс  істеп,  металл  өндірді.  Асубұлақ  кенті 

маңынан  б.з.д.  VII-V  ғ.  қола  мен  мырыштан  жасалған  садақ  оқтарының  ұшы,  жүзіктер 

табылып,  бұрын  бұл  маңдағы  ежелгі  ұста-шеберлердің  орны  болғаны  анықталды.  Бұған 

қарағанда  түркі  халықтарының  қытай  және  моңғолдармен  сауда-саттық  қарым-қатынас 

жасағаны анық байқалады [11].  

Қалбада және Семей өңірінде алтын өндіретін төрт кен ауданын қарастыруға болады: 

1)  Бақыршық,  2)  Большевик,  3)  Ақжол  –  Бөкен  (Васильков,  Ақжол,  Оңтүстік  Ашалы. 

Даубай),  4)  Суздаль  (Суздаль,  Жанан,  Әлімбет,  Мираж,  Қосқұдық,  Майбұлақ)  кен 

орындарында алтынмен бірге мыс, қорғасын, мырыш, күміс кездеседі [12].  

Павлодар  облысы  кен  орындарының  игерiлуi  көне  заманнан  белгiлi  екендiгiн  бұл 

күнде  тарихи-археологиялық  деректер  дәлелдеп  отыр. 

Жоғарғы  палеолит

  тас 


құралдарының  үлгiлерi:  Ангренсор  –  2  тұрағынан  өрнектелген  кварцтан  жасалған 

пышақ,  қыстырма,  шапқыш,  шақпақтас  обсидиан  (жанартау  шынысы)  т.б.  1000-нан 

астам  заттар  табылды.  Ертiс  ауданы  Жалаулы  көлiнiң  батыс  жағалауынан  1925  жылы 

нефриттен  жасалған  садақ  оғы  табылып,  қазiр  Семей  мұражайында  сақтаулы.  Алғашқы 

адамның  көне  тас  құралдарын  А.Г.  Медоев  Екібастұз  ауданына  қарасты  Құдайкөл 

маңынан тапқан. Бұл жерде шеберхана-тұрақ, орналасқан, оның орнынан 16 шапқы, 5 ірі 

қырғыш  және  қатты  цементтелген  кварц  құмтасынан  жасалған  нуклеустар  табылды. 

Табылған  заттарға  қарағанда  адамдар  көлдің  жоғарғы  жағын  орта  антропогенде 

мекендеп,  мұз  басу  дәуірінде  ол  жерден  кеткені  дәлелденді  [13].  Алғашқы  кен  қазба 

жұмыстарының  орны  Майқайың,  Баянаула  маңынан  табылған.  Онда  мыс,  күміс,  алтын, 

қорғасын,  темір,  тас  және  қоңыр  көмір  өндірілген.  Майқайыңдағы  алтын,  Жосалы 

кенiшiнде  балқытылған мыс археологтардың пiкiрiнше б.д.д. 1500-700 жылдар аралығы, 



қола  дәуiрiнде

  өндiрiлген,  кен  орындарының  iздерi  ХIХ-ХХ ғасырларда жүргiзген қазба 

жұмыстарының  нәтижесiнде  өзгерiске  ұшырады.  Майқайыңнан  табылған  ең  ежелгi 

кенiштiң  көлемi  48х28 м,  тереңдiгi  ондаған  метрлерге  жеткен.  1931  жылы  Майқайың 

полиметалл  кен  орнынан  геологтар  11,2 м  тереңдiкте  төрт  қырлы  қола  сына  тапты.  Бұл 

сынамен  көне  кен  қазушылар  құрамында  алтыны  бар  кварц  желiлерiн  опырып  алып, 

арнайы  кенiштерде  балқытып  отырған  [10].  Ертiстiң  оң  жағалауы  Мичурин  селосының 

маңында андрон мәдениетiнiң обаларын қазғанда қола қару, алтын фольгамен қапталған 

әшекейлер,  металлургия  өндiрiсi  мен  егiншiлiк  заттары,  Павлодар  маңынан  табылған 

қола  пышақты  археологтар  Қарасуық  (Карасук)  мәдениетiнен  Тағар  мәдениетiне  көшу 

кезеңiне, яғни б.д.д. VIII-VII ғасырларға жатқызады. 

Темір  дәуірі

  біздің  облысымызда  Тасмола  мәдениетімен  көрініс  тапты.  Тасмола, 

Қарамұрын  және  Нұрмамбет  зираттарындағы  қазба  жұмыстарда  ерте  темір  дәуірі 

ескерткіштерін  М.К.  Қадырбаев  зерттеген  кезде,  жаңа  археологиялық  мәдениет  анық-

талды. Тасмола мәдениетінің ерекшелігі оның ескерткіштерін б.д.д. VII-III ғасырлардағы 

сақ тайпалары топтарының бірі ретінде қарауға мүмкіндік береді. Қорғандарда табылған 

заттарда  аңдар,  көбінесе  жолбарыс  суреттері  бейнеленген  [14].  Қазіргі  кезде  облыс 

аумағында 600-ден астам археологиялық ескерткіштер табылып, оның 167-сі мемлекеттік 

қорғауға  алынған.  Көне  тайпалардың  көркемсурет  өнерінде  петроглифтер  мен  жазулар 


НАУКИ О ЗЕМЛЕ                                                                                              ISSN 

1561-4212. 

«ВЕСТНИК ВКГТУ» № 4, 2011.

 

24

тастарда  соғып  істелген,  ойып,  қашап  түсірілген  суреттер  ерекше  сипатқа  кіреді. 

Баянаула  тауларында 

Найзатас 

қонысы, 


Жасыбай

  көлінің  жартасты  жағасындағы  тар 

үңгірден  табылған  таңба  суреттерді  1920  жылы  П.А.  Драверт  ашты.  Неолит,  қола 

дәуірінің  үлгісін 



Ақбидайық

  қонысынан  1990  жылы  В.К.  Мерц  тапты. 



Жартас

  қонысы, 

Өлеңті  өзенінің  маңы  (Екібастұз  ауданы), 

Жақсы  Қаражан

  (Май  ауданы)  қоныстары 

жартастағы таңба бейнелерімен ерекшеленеді [15]. Тастағы суреттерді безендендіру үшін 

суретшілер  күн  жарығы  мол  түсетін  жерлерді  таңдап  алып,  темір,  марганец  тотығын 

және  жосаны  пайдаланған.  Қазақстан  мен  Сібір  көшпенділері  өнерінде  жосаның  бояу 

ретінде  көп  қолданылғаны  тарихи  еңбектерден  мәлім  [20]. 



Жосалы

  топонимі  қоңыр 

темірмен  тотығып,  минералданған,  тау  жыныстарымен  ерекшеленетін  географиялық 

нысандарда  жиі  кездеседі. 



Жосалы

  айрық,  е.м.,  (3  көл) 



Охра

  қоныс  атаулары  бар.  Ә.Х. 

Марғұлан  деректеріне  сүйенсек, 



жез,  қалайы

  терминдері  б.д.д.  VII-X  ғасырларда  пайда 

болған  [14].  Орта  ғасырлық  араб  географтары  ибн-әль  Варди,  ибн-әль  Факих,  ибн-әль 

Ийас  қимақтардың  алтын  мен  күміс,  темір  тағы  да  басқа  қазба  байлықтарды  тауып, 

пайдаға  асырғанын  жазады.  әл-Идрисидің  айтуынша,  қимақ  зергерлері  темірден 

әшекейлі  бұйымдар  жасаған  [16]. 



Жез

  сөзі  арқылы  қалыптасқан 



Жезді

  қон., е.м., атауы, 

геологиялық  тұрғыдан  қарағанда,  мыстың  көне  кен  орындары  болғанынан  мәлімет 

береді.  Ежелгі  кен  қазбалары  туралы  академик  Қ.И.  Сәтбаев:  «Қазба  жұмыстарының 

тамаша  іздері,  көбінесе  Қазақстанның  далалы  жерлеріндегі  мыс  кен  орындарында 

сақталған.  Қазынды  үйінділері  сол  жерлерден  қазба  жұмыстарын  жүргiзуге  мүмкiндiк 

туғызып  отыр»,  -  деп  жазады.  [17].  1834-1836  жж.  В.  Н.  Попов  Баянауыл  округiнде 

жергiлiктi қазақтардың көмегiмен көне кен орындарынан күмiс-қорғасын, мыс өндiретiн 

8  кен  орнын  ашқан.  М.  Бакенов 



Бақыршы 

атауын  алтын  өндiрумен  байланыстырды. 



Бетбақыр 

қонысының  атауы  осы  сипатқа  ие  болып  отыр  [18].  Павлодар  облысының 

аумағы  қазақтың  қатпарлы  елi  (Сарыарқа)  және  Батыс  Сiбiр  жазығының  түйiскен 

жерiнде  орналасқан.  Геологиялық  құрылысы,  литологиялық  құрылымы  эффузивтi, 

метоморфты,  шөгiндi  тау  жыныстарымен  ерекшеленедi.  Ертiс-Баянаула  өңiрiнiң  жер 

қойнауы  әртүрлi  пайдалы  қазбалар  (қара  және  түстi,  бағалы  металдар)  құрылыстық  тау 

жыныстары  және  бағалы  тастармен  белгiлi.  Кейбiр  топонимдердің  геологиялық 

құрылысы  пайдалы  қазбалардың  орналасқан  жерiн  айқындап,  геологтарға  кен  көздерiн 

ашу  кезеңдерде  мол  ақпарат  бере  отыра,  жергiлiктi  географиялық  атауларды  маңызды 

сипаттармен  толықтырып  отырады.  Баянаула,  Қызылтау  тауларына  гранит  пен  басқа 

кездесетін  бағалы  тастар:  малахит,  фаруза,  ақық,  янтарь,  яшма,  габбро,  диорит, 

порфирит,  жылантас,  дала  шпаты,  липарит,  халцедон  т.б.  тау  жыныстары  ғажайып  өң 

берiп  тұрады.  Баурайында  айнадай  жарқырап  жатқан  Торайғыр,  күнгей  жағында 

Жасыбай  көлi  орналасқан  Баянауланың  ең  биiк  нүктесi  – 



Ақбет 

(1027 м)  түйірлi  ақ, 

қызғылт граниттерiмен ерекшеленiп, маңызды сипатқа ие болып отыр. 

Топонимдер қазба байлықтар, тау жыныстарының текстуралық ерекшелiктерi жөнiнде 

ақпарат бередi. Академик Қ.И. Сәтбаевтың пiкiрiнше, “мыңшұңқыр” - байырғы кен қазба 

орындарын  анықтайды. 



Қаратас  - 

халық  ұғымында  темiрi  бар, 



көктас 

сөзi  -  бұл  жерде 

мыс  бар деп топшылауға болады. Алтынтапқан атауы - алтынның бар екенiн аңғартады. 

“Жезқазған”, демек, жез өндiредi деген сөз. Қ. И. Сәтбаев “Жыланды” атауын сол жерде 

түстi  металдар  бар  өңiр  болу  керек деп топшылап, топонимиялық әдiстi қолдана бiлген. 

Шындап  қарағанда,  жыландар  түстi  металл  рудасы  бар  жерлерде  шоғырланып,  сол 

жердегi  жылулықты  сағалайды  екен  [17].  Жылан  сөзiнiң  қатысуы  арқылы  қалыптасқан 

топонимдер: 



Жыланды

  қыстау  -  584 м,  606 м,  (Баян.  ауд),  460 м,  (Май  ауд.),  309 м, 

(Екiбастұз  ауд.)  қоныс  және  жайлау  атаулары,  жыланның  географиялық  нысандарда 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет