Н. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Аудиториялық сабақтарды өткізу орны



бет2/10
Дата14.02.2023
өлшемі238,5 Kb.
#67701
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Аудиториялық сабақтарды өткізу орны

Ғимарат: Бас ғимарат, ауд.: 321а


Платформаға сілтеме



Оқытудың мақсаты, қысқаша сипаттамасы және нәтижелері:



Оқыту түрі

Кредит саны

Дәрістер, сағатпен

Практ., семинар. сабақтар, сағатпен

Зертх. саб.-р, сағ.-н

ОБСӨЖ, сағатпен

СӨЖ, сағатпен

Барлығы сағатпен

Курстық жұмыс/ жоба

Бақылау нысаны

күндізгі

5

15

30



15

90

150



Емтихан (кешенді)



Пәннің пререквизиттері:
«Қазақ халқының ауыз әдебиеті»;
«Ежелгі дәуір әдебиеті»;
«Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет»;
«Әдебиет теориясы»;
«Әдебиеттануға кіріспе».


Пәннің постреквизиттері:
«ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті»;
«ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы»;
«Қазіргі кезең әдебиеті».


Пәннің мақсаты мен міндеттері:
Қазак әдебиеттану ғылымы халқымыздың ұлан-ғайыр, ұшан-теңіз сөз мұрасын бір ғасырдан астам уақыттан бері теориялық тұрғыдан тұжырымдап, тарихи-ғылыми негіздемесін жасауды жалғастырып келеді. Соңғы 10–15 жыл көлемінде әдеби мұраны бағалауды түрлі саясат ықпалымен бұра тартуға мәжбүр болған уақыттарға таза көркемдіктің ғылыми негіздемелері тұрғысынан қайта үңілу; осы уақытқа дейін түрлі себептермен зерттелмей келген тың мәселелерге ден қою өрістеп отыр. Қазақ әдебиетінің тарихы түрлі кезендерге бөлініп зерттеліп келе жатқаны (соңғы 50 жыл көлемінде) белігілі. Әдебиет әлеміндегі көркемдігін, мүддесін көздеген тұста, сөз жоқ, түрлі кезең, дәуірлеулердің өзі шартты. Сонда да болса, белгілі бір кезеңнің тарихи, саяси-әлеуметтік сұлбасы түскен көркем әдебиетті дәуір-дәуірмен қарастыру әлі де қажет. Бұл орайда, қазақ көркем сөз өнерінің негізгі інжу-маржаны туып, бүгінге шашылмай-төгілмей, салыстырмалы түрде тұтас күйінде жеткен дәуір – XIX ғасыр еді. XIX ғасыр әдебиеті – көп жанрлы, алуан үлгідегі әдебиет. М.Бахтин әдебиеттің тарихын дәуірлеуден гөрі, жанрлардың туып-жасауы, көркемдік дәстүр эволюциясы көбірек мәнді екендігін өткен ғасырдың 20 жылдарында-ақ айтқан еді. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті қаншалықты зерттелгенімен, сол әдебиетті жасаушы жекелеген тұлғалардың шығармашылығы арнайы ғылыми жұмыстарға негіз болып келе жатқанымен, бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымы жетіп, ұмтылып отырған деңгейге олқы соғып жатыр. XIX ғасырдың көп жанрлы әдебиеті, көркемдік ағым, бағыттар, арналар, жасалу үлгісі, әдіс, тәсілі, т.б. тұрғыда тереңдете зерттеуге зәру. Мәселен, XIX ғасырда нәзира дәстүрімен жырланған орта ғасырлық қисса-дастандардың табиғатына, XIX ғасырда шырқалу биігіне көтерілген қазақтың дәстүрлі айтыс өнеріне, қазақ өлеңінде формалық, мазмұндық, жанрлық өзгерістерге, әлемдік мәдениетте баламасы кездеспейтін сал-серілік өнер табиғатына бүгінде жалпы фактіні, өмірбаян, шығармашылық деректі, азды-көпті теориялық-ғылыми тұжырымдарды тиянак, негіз ету аз.
Құлмат Өмірәлиев өзінін «Қазақ поэзиясының жанры және стилі» монографиясында XIX ғасырдың орта тұсындағы (ғалым өзі XIX ғасырдың бірінші жартысындағы деп бөлген – А.Қ.) әдебиетті жанрлық жақтан қарастырып, сол әдебиетті туғызушылар құрамын, олардың даралық сипатын айырып, ажыратып топтайды.
«Сөйтіп, XIX ғасырдың орта тұсындағы қазақ поэзиясы әрі оның шығарушылары жайлы мынаны айтуға болар еді, біріншіден, би-ақындар болды, олар байырғы дәстүрмен, үлгімен, тақпақ сөздер шығарды; екінші сарай ақындары болды, олар мақтау жырлау жаратты; үшінші айтыс ақындары болды, олар мақтау өлеңдер мен айтыс өлендерді шығарды; төртінші шығыс әдебиетіндегі ғашықтар жайлы сюжеттерді (әрі қиссаларды) қайта жаңғыртып жазатын кәсіпқой ақындар болды, олар жыр, өлең үлгісіндегі ғашықтық дастандарды туғызды; бесінші дін ислам өкілдері жайлы шығармалардан, өлең үлгісінде қисса жазатын молда ақындар болды; алтыншы әрі айтысқа түсетін, әрі ауызша да, жазба түрде де толғау жыр шығаратын ақындардың жаңа тобы көрінді.
Дулат – соңғы алтыншы топқа жататын, бірақ олардан көп бөлектігі бар ақын», – деген түйін-тұжырымда XIX ғасырдағы Абайға дейінгі әдебиеттің жанрлық түрі, шығарушы өнерпаздар құрамы айқындылық сараланған. Атап айтар бір жайт: ғалым XIX ғасыр әдебиеті жайлы өзіне дейінгі шашырап жүрген пікірлерді де назарда ұстай отырып, XIX ғасыр әдебиетін тұтас жүйеде қарастырудың өзіндік үлгісін ұсынған.
XIX ғасырдың әдебиетін өлең үлгісіне қарай жүйелеу үрдісі әріде Шоқан, Радловтардан бастау алып, XIX ғасырдың барысында A.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, С.Сейфуллин, C.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, 3.Ахметов, Х.Сүйіншіәлиев, М.Базарбаев, Қ.Өмірәлиев, т.б. ғалымдар еңбегінде орнығып, бекіп отырды.
Ахмет Байтұрсынов «Әдебиет танытқышта» қазақ әдебиетінің теориялық негіздемесін жасап, терминдік өрісін белгіледі. Сол әдебиеттің XIX ғасырдағы үлгілері де, айрықша бөлініп, XIX ғасыр еншісі деп қарастырылмағанымен, аса нақтылы ғылыми негіздеулердің дәлел дерегі, материалы болды.
X.Досмұхамедұлы қазақ халық әдебиетінің жанрлық классификациясын жасады. Ол классификацияның да негізгі материалы – XIX ғасыр әдебиеті екендігі анық.
М.Әуезов «Әдебиет тарихында» қазақ әдебиеті тарихын жасаудың қисындарын алғаш рет мақсатты түрде алға тартып, ғылыми жүйенің үлгі негізін ұсынды. «Әдебиет тарихындағы», «Тарихи жырлар», «Зар заман әдебиеті», «Айтыстардың» елеулі арнасы – XIX ғасыр әдебиетінің еншісінде. Сонымен бірге, XIX ғасырда ауызша әдебиеттің байырғы үлгілері де қатар жасап отырғанын ескергенде, «Әдебиет тарихының» барлық бөлімінің XIX ғасыр әдебистіне қатысы бар.
Сәкен Сейфуллиннің «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» (1931), «Қазақ әдебиеті» оқулық-хрестоматияларында да XIX ғасырдағы әдебиет үлгілері молынан қамтылған.
1992 жылғы «Қазақтың XVIII, XIX ғасырлардағы әдебиет тарихының очерктері» көмекші оқу құралында Сәбит Мұқанов XIX ғасырдағы әдебиетті әдебиет үлгілеріне қарай кеңінен камтып қарастырды.
Қажым Жұмалиевтің «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері» (1 том, 1958), «Қазақ әдебиет тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі» (II том, 1960) монографиясында XIX ғасыр әдебиеті жан-жақты қарастырылды.
Зәки Ахметовтың «Казахское стихосложение», «Өлең сөздің теориясы» еңбектерінде қазақ өлеңі туу, жасау заңдылықтары, негізгі жанр, үлгілері жөнінен айрықша негіздемелерімен ашылды.
Қазақ әдебиеттану ғылымында XIX ғасырдың әдебиетін арнайы қарастыру үрдісі тоқталмай, үздіксіз жетіліп, дамып келе жатқан үлкен бір ғылыми арна. Оның айтулы саласы бүгінде – абайтану ілімі. Сол сияқты махамбеттану ілімі қалыптасып дамып отыр. Абайтану өрісі де ауқымды. Зар заман өлеңнің зерттелуі де өзіндік жүйесі, алымы айқын арна. XIX ғасырдағы қазақ өлеңін түр, жанр, стильдік, тілдік, құрылым, өлең заңдылықтары жөнінен зерттелуі де ілгері ғылым.
XIX ғасыр әдебиетінің тарихы негізінен жоғары мектептің оқулықтарында: Қажым Жұмалиевтің «XVIII–XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті», Ханғали Сүйіншәлиевтің «ХIX ғасырдағы қазақ әдебиеті», Әуелбек Қоңыратбаевтың «Қазақ әдебиетінің тарихы», – жүйеленген.
XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті жөнінде 1942 жылғы «Қазақтың XVIII–XIX ғасырлардағы әдебиетінің тарихынан очерктер» еңбегінде Сәбит Мұқанов былай дейді: «XIX ғасыр әдебиетінің дәуірлері одан бұрынғы ғасырлардың әдебиет дәуірлеріндей көмескі емес, айқын, ашық. Мәселен, XIX ғасырдың алғашқы жартысында ұлт бостандығын жырлайтын әдебиет жасалады.
XIX ғасырдың 50–70 жылдарынан бастап просветительдік (мәдениетке үндеуші) әдебиет туды. XIX ғасырдан бұрынғы ғасырдың ешқайсысының әдебиетін біз нақ XIX ғасыр әдебиетіндегі кезеңді дәуірлерге жүйелей алмаймыз». (Мұқанов С. Қазақтың XVIII–XIX ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер. – Алматы, 2002. – Б.5).
1927 жылы «Әдебиет тарихы» оқулығындағы зар заман ақындарына байланысты зерттеуінде Мұхтар Әуезов XIX ғасыр әдебиетін әлеуметшілдік, ісшілдік, дін мен мәдениет иісі шыға бастаған кезеңдер аясында қарастырған. Әдебиет тарихын дәуірлеу мәселесінде XIX ғасыр әдебиетінің өзіндік сипаттарын, негізгі даму бағыттарын, көркемдік ағымдарды қарастыру әр уақытта да назарда болды.
XIX ғасырдан кейінгіге жеткен әдеби мұра сан жанрлы, даму бағыттарының тарихи-әлеуметтік фоны күрделі, қайшылыққа толы аса бай мұра.
XIX ғасыр әдебиеті осы жөннен қазақ әдебиеттану ғылымында ілгергі Шоқан Уәлиханов зерделеулерінен күні бүгінге дейін тарихи, теориялық тұрғыда жан-жақты зерттеліп, қарастырылып келеді.
XIX ғасырдағы қазақ әдебиетін жоғары оқу орында оқытуда қазақ әдебиеттану ғылымының жеке тұлғалар шығармашылығын зерттеудегі, жалпы әдеби үрдісті ғылыми жүйеге түсірудегі зерттеу нәтижелері негізге алына отырылып, белгілі бір дәрежеде әдеби мұраны көркемдік жөннен тану бағытындағы ізденістер көкжиегін кеңіте түсер көкейкесті мәселелерге көңіл бөлу көзделеді.
Махамбет Өтемісұлы, Ыбырай Алтынсарыұлы, Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын қазақ әдебиеті тарихындағы бағалану, танылу, басылым жөндері, қазақ әдебиеттану ғылымының ауқымды зерттеу арналарына айналып отырған махамбеттану, ыбырайтану, абайтану ілімінің тарихы, өзекті проблемалары қарастырылады.
XIX ғасыр әдебиетінің тарихын студенттерге терең жан-жақты меңгертуде жаңаша әдіснамалық-технологиялық бағдарлама жүйесімен сәйкестендірудің күрделі міндеттері көзделеді:

  • Осы кезең әдебиеті туралы практика курсындағы жан-жақты мәліметті бекіту, орнықтыру мақсатында студенттерді өздік, шығармашылық, ғылыми жұмыстарға бағыттау, бейімдеу, дағдыландыру;

  • XIX ғасыр әдебиетінің тарихын шетел әдебиеті ақын-жазушыларының шығармашылығымен сабақтастыра отырып, тереңдете оқыту.

Пәнді оқытудың тағы бір мақсаты – көркем сөз өнерінің бір саласы ретіндегі тәңіршілдік және ислам дәуірі кезеңіндегі әдеби-тарихи жәдігерлермен қазақ ақын жырауларының поэтикасындағы дүниетаным, танымдық бейнелеу ерекшеліктерін таныту, студенттердің әдеби теориялық білімдерін шыңдау болып табылады. Әдебиет туралы теориялық түсінік, көркемдік-эстетикалық таным қалыптастыру. «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы» курсын оқып үйрену арқылы студент мынадай мақсаттарға қол жеткізе алады: 1. Танымдық-теориялық мақсатта: студенттерді оқытуда инновациялық әдістемелерді, атап айтқанда сын тұрғысында ойлау стратегияларын қолдану мақсаты есте ұсталынады; 2. Тәрбиелік мақсатта: тәуелсіз Қазақстанның болашақ жас ұрпақтарына сапалы білім, саналы тәрбие беретін болашақ ұстаздардың бойында өз ұлтының рухани құндылықтарына деген құрмет артатын болады, студенттер теориялық білім алумен қатар қазақ халқының ертеде өткен ұлы ақын-жырауларына деген шынайы сезімге ие болады; 3. Дамытушылық мақсатта: мектептен кейінгі алған білімін болашақ үшін арнауға мүмкіндік тудыру үшін теориялық-практикалық шыңдалу, ой-өрісін дамытуға ықпал ету мақсаты көзделінеді.
Ежелгі түркі поэзиясының жаңа қоғамдық-саяси жағдайдағы дәстүрлі жалғасы болып табылатын қазақ жырауларының тарих схнасына шығу кезеңі, жырау мен жыршы, толғау жанры, жыраулық дәстүр, қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны секілді түбегейлі мәселелерді әдебиеттану методологиясы тұрғысынан түйіндеу болып табылады.
Практикалық білік дағдыларын қалыптастыру барысында әрбір студенттің білім, таным дәрежесін үнемі назарда ұстау қажет. Жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істеуін қадағалау, талап ету керек. Студенттер тақырыпқа орай берілген қосымша, қажетті әдебиеттермен жұмыс істейді, әдебиеттану ғылымындағы тақырыпқа қатысты бұрынғы-соңғы зерттеулермен жете танысады; өз тұжырым, таңдауларын ұсынады. Шығарманы көркемдік теориялық негіздер жөнінен талдап, тануға дағдыланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет