Н. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



бет6/10
Дата14.02.2023
өлшемі238,5 Kb.
#67701
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
hih gas r adebietinin tarih . krok221uk. sillabus. ayan kazh bai

Оқу пәнінің құрылымы мен мазмұны


Аудиториялық сабақтардың оқу-тақырыптық жоспары:



Өткізу мерзімдері

Дәріс тақырыбы

Практикалық сабақтар

ОБСӨЖ тапсырмалары

СӨЖ тапсырмалары

1

XIX ғасырдағы қазақ тарихы және әдебиет. XIX ғасырдағы тарихи жағдай. Саяси-әлеуметтік, экономикалық реформалыр. Ұлт-азаттық көтерілістің туу себептері, тарихи сабақтары

XIX ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдайдың әдебиетке әсері. XIX ғасыр
әдебиетінің дамуы, бағыттары, көркемдік ерекшеліктері. Ауызша және
жазба әдебиет үлгілерінің қатар дамуы

1822 жылғы әкімшілік билеу жүйесіне енгізілген өзгеріс. Хандық биліктің жойылуы. Исатай – Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілістің туу себептері, тарихи сабақтары. Ішкі Бөкей ордасы (1801). Хан Жәңгір және тарихи шындық. Көтеріліс тарихы және оның ел әдебиетіне ықпалы. Махамбет Өтемісұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Алмажан Азаматқызының поэзиясындағы ұлт-азаттық сарын.
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық козғалыс (1836–1847). Көтеріліс тарихы. Кенесары Қасымұлының күрескерлік тұлғасы. Кенесары – Наурызбай және көтеріліс батырлары жайлы жоқтау жырлар, тарихи дастандар. Қоқан, Хиуа хандығы езгісіне қарсы бас көтерулер, Жанқожа батыр көтерілісі (1856–1857). Бекет батырдың жер аударылып, айдалу тағдыры. Қазақ жерінің «Соғыс отарынан жер отарына» (М.Әуезов, С.Мұқанов) айналуы. 1867–1868 жылғы «Жаңа низам» жер реформасы. Қазақстанның Ресей қарамағына тұтастай өтуі. Қазақ әдебиетіндегі «Зар заман» сарынының күшеюі

Жалпы ағарту ісінін, орыс оқуының жандануы. Қазақ халқының әдебиеті, тілі, мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, дәстүр-салттары Батыс Еуропа, орыс ғалымдары тарапынан зерттеле бастағаны. Қазақ тілінде баспасөздің пайда болуы, кітап басып шығару. XIX ғасырдың соңына қарай шыққан қазақ тіліндегі баспасөз «Түркістан уәлаятының газетасы», «Дала уәлаятынын газетасы» бетінде әдебиет материалдары, оларға қатысты алғашқы пікір, сыни ойлардың жариялануы.
XIX ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдайдың әдебиетке әсері. Ел өмірінің шындығы түскен әдеби шығармалардың тууы. XIX ғасыр әдебиетінің даму барысындағы күрделі өзгерістер, жаңа беталыс, бағыттар. Көркемдік ерекшеліктер. Әдебиеттің мазмұн, түр жағынан тың сапада, жаңа жанрда көрінуі. Ауызша және жазба әдебиет үлгілерінің қатар дамуы. XIX ғасыр әдебиетінің саяси-әлеуметтік, көркемдік негіздері. XIX ғасыр әдебиетіндегі негізгі сарындар, саяси бағыттар мен әдеби-көркемдік ағымдар. XIX ғасырдағы қазақтың жаңа жазба әдебиеті

2

XIX ғасыр әдебиетінің қазақ әдебиеттану ғылымында зерттелуі. XIX ғасыр әдебиетінің теориялык тарихы. Әдеби шығармалардың жанрлық-көркемдік сипаттары

ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетінің негізгі сипаттары, басты сарындары. Әдебиет және қазақ қауымының әлеуметтік тұрмыс-тіршілігі

XIX ғасырдағы әдеби мұраны хатқа түсіріп, жүйелеп, тұжырымдаудағы Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Г.Потанин, B.Радлов, Ильминский, Ә.Диваев, М.-Ж.Көпеев, X.Досмұхамедұлы, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, C.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайлов, Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов, 3.Ахметов, Ы.Дүйсенбаев, Б.Кенжебаев, X.Сүйіншәлиев, C.Қирабаев, Ш.Сәтбаева, Т.Кәкішев, Р.Бердібаев, Ә.Дербісәлин, М.Мырзахметов, C.Садырбаев, М.Мағауин, Қ.Сыдиықов, Ө.Күмісбасв, М.Жолдасбеков, А.Қараубаева, М.Жармұхамедұлы, Ж.Тілепов, С.Негимов, С.Дәуітов, т.б. ғалымдар еңбектері.
Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Т.Потанин, т.б. шығыстанушы зерттеушілер қазақ әдебиеті туралы. Шоқан Уәлихановтың қазақ өлеңін тұңғыш рет ғылыми негізде түрге бөлуі. М.Әуезов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, Ә.Бөкейханов, т.б. қазақ әдебиеті тарихын жасауды қолға алуы. Әдебиеттің түрі мен тегіне байланысты жанрлық классификация жасауы. Қазақ әдебиеті тарихының, қазақ әдебиеті теориясының алғашқы оқулықтары. Олардың ғылыми жүйесі



XIX ғасыр әдебиетін түрлі атаулармен айғақтауда бұл әдебиеттің әдеби үлгісі, көркемдік негіздерінен гөрі мазмұндық, саяси мән жағынан берілген жалпы бағаның басым болғандығы. Керітартпа романтикалык, сыншыл-реалистік, т.б. атаулар әдебиет ерекшелігіне қатысты болғанымен, көркемдік-теориялық негіздерден гөрі сырт саясатқа орай айғақталғандығы.
60-жылдар, кейінгі кезең әдебиеттану ғылымындағы күрделі зерттеулер. Жаңа тенденциялар. Әдеби мұраның басылым ісінің жандануы. Әдебнет мәселелерінің кең ауқымды: жанрлық, стильдік, тарихилық, т.б. жолмен соны зерттеулермен толығуы. Арнайы монографиялық еңбектер. Әдебиеттанудағы ақтандақтарды толықтыру жолдары. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетін зерттеуді ілгері дамытудың өзекті мәселелері.
XIX ғасырдағы әдебиеттің дәстүрлі әдеби үлгілермен сабақтастық, ерекшелік жөннен зерттелу мәселелері.
Ауызша әдебиет пен жазба әдебиет үлгілерін айқындай, саралай түсу мәселелері. Жазба әдеби тілдің табиғатына бойлай түсу, жанрлық даму, т.б. мәселелер. XIX ғасыр әдебиетінің XIX ғасырдың I жартысындағы, II жартысындағы әдебиет болып бөлінуі, түрлі ағым-бағыттардың, әдеби әдіс-тәсілдің белгілі бір кезеңдердегі айқындалу жөндері. Әдеби мұраны бағалау жайлы 1957 жылғы партия қаулысы

3

XIX ғасырдағы әдебиет үлгілері. XIX ғасыр әдебиетіндегі негізгі бағыттар мен ағымдар

Заман және ақын-жыраулар. Ел мен жер тағдыры және ұлттық әдебиет. Жаңа дәуірдегі әдеби дәстүрдің жаңғыруы

XIX ғасырдағы әдебиеттің өзіне дейінгі жасап келген әдеби дәстүрлермен сабақтастығы. XIX ғасырдағы жаңа әдебиет үлгілері. Жаңа жазба әдебиет үлгілерінің мұсылманша оқыған сауатты ақындардың діни, ғибраттық өлеңдері арқылы көрінуі. XIX ғасырдағы нәзира дәстүрі. Әдебиеттегі діни-ағартушылық ағым. Әдебиеттегі жаңару, өзгеріс, даму тенденциялары. Қазақ өлеңінің жаңа түрлері. Дулат енгізген өлеңдегі өзгерістің Абаймен жалғасуы.
XIX ғасырда қазақ әдебиетінде жыр үлгісінің түрлі дәстүрлі жанрымен бірге жаңа өлең түрлері туып дамыды. Оқиғалы дастан-поэмалар, түрлі сырлы лирикалық өлендер, сатира, айтыс түрлері, қиссалар, нәзира әдебиет, ауыз әдебиеті үлгілері қатар жасады. Көркем прозаның үлгілері (Ыбырай әңгімелері), сыни мақалалар, түрлі баспасөз жанрлары, аударма әдебиет, тарихи шығармалар қалыптасты. XIX ғасыр әдебиетіндегі түрлі әдеби үлгі тарихи, саяси негізде туып, дамыды. Қазақ қоғамындағы түрлі саяси күйдің әдебиетке жаңа сарындар, әлеуметшілдік, азаматтық бағыт әкелуі

XIX ғасырдағы орыс отаршылдығымен байланысты күшейген сарын, айқын ағым, белгілі бағыт. XIX ғасыр әдебиеті «су түбіне кеттің жұрт, тал қалған жоқ қармарға» деген торығу, шерден туған зар заман әдебиеті.
XIX ғасырдағы әдебиет бостандық күрес Исатай мен Махамбеттің, Кенесары мен Наурызбайдың, Жанқожа мен Бекеттің отаршылдыққа қарсы қару көтеру, ұлт азаттық күрес үстінде туды. Ол әдебиет – Қоқан хандығы езгісінде болған өңірлердің өзгеше өз шыңдығынан туған Майлықожа, Мәделі, Құлыншақ ақындардың шығармашылығы.
XIX ғасыр әдебиеті сонымен бірге ендігі күн не болмақты ойлаған, жауыңның тілін біл, көргенін көр, жасағанын жаса деген тірлікке шақырған жаңа сілкіністен туды. Дініңді, тіліңді билеп-төстемек, содан сақтан деген қауіпсіздендіруден туды. XIX ғасыр әдебиеті белгілі бағыт ұстанған ұлт әдебиетіне жазба әдебиетке айналды

4

ХІХ ғасырдағы дәстүрлі айтыс өнері. XIX ғасырдағы әйгілі айтыс ақындарының өзіндік мәнер-машығы, айтыстағы әдіс-тәсілі. Жазба айтыс дәстүрінің дамуы. XIX ғасыр айтыстарының жиналып, зерттелу жолы

Айтыстың әлеуметтік сипаты. Жанрлық ерекшеліктері. Айтыстың түрлері. Шөже, Кемпірбай, Орынбай, Сүйінбай, Бақтыбай, Түбек, Нұрым, Қашаған, т.б. ақындар айтыстарының әлеуметтік мәні көркемдік қырлары

М.Әуезов, А.Байтұрсынов, C.Мұқанов, Е.Ысмайлов, Ә.Қоныратбаев, М.Жармұхамедұлы, т.б. ғалымдардын айтысты теориялық жолмен зерттеуі. Айтыс өлең XIX ғасыр әдебиетінің елеулі нұсқасы.
Ежелгі ауыз әдебиетінің еншісі болып келген айтыс өлең XIX ғасырда дара ақындар айтысы түрінде көрінді.
Айтысты, соның ішінде XIX ғасырдағы ақындар айтысын фольклор, ауызша әдебиет аясында ғана қарастыру жеткіліксіз. XIX ғасыр әдебиеті бастан кешкен сан түрлі сапалық түр, жаңарып өзгеру, түрленулердің айтыс жанрына да ықпалы тиді.
Айтыстың дәстүрлі сипатына қарай, мазмұн, мәніне, орындалу орны, мақсатына қарай түрге бөлінуінде айтыс табиғатын зерттеушілердің бәрі бір ауызды емес. Бүгінде айтыс жайлы ой-толғауларды жүйелеп, айтыс табиғатын таныта білер зерттеулерді ілгерілетуге алғышарт жеткілікті

Шөже Қаржаубайүлы (1834–1895). Өмірі. Айтыстарының әлеуметтік мәні. Орынбай, Кемпірбай, Балта, Шортанбай ақындармен айтысы. Арнау өлеңдері. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын жырлауы. Ақын жөнінде Ш.Уәлихановтың айтқаны.
Кемпірбай ақын (1834–1895). Өлердегі айтқан сөзі. Өлеңді бағалауы. Айтыстары.
Орынбай ақын (1813–1895). Өмірі. Серәлі, Тоғжан, Шөже, Шортанбай ақындармен айтысы. Арнау өлеңдері. Олжабай батыр туралы жыры. Шоқан Уәлихановқа қазақ поэзиясы үлгілерін таныстыруы.
Сүйінбай Аронұлы (1822–1895). Шығармашылық мұрасы. Ақын өлеңдерінің әлеуметтік астары. Тіл кестесі. Айтыстары.
Бақтыбай, Түбек ақындар. Өмірі. Айтыстары.
Нұрым Жаршағұлұлы (1825–1896). Жоқтау, естірту, тойбастар, қоштасу, салт өлеңдері мен айтыстары. Өзі туралы термелері. «Тайсойған», Бүйрек» толғауларындағы әлеуметтік астар.
Қашаған Күржұманұлы (1840–1924). Өлең-толғау, арнаулары. Айтыстары. Қашаған шығармаларындағы замана қалпы.
Марабай (1841–1898). «Ер Тарғын» жырының Марабай нұсқасы. «Қобыланды» жырының Марабай нұсқасы.
XIX ғасырдағы айтыс ақындарының шығармашылық мұра, өмірбаян деректерінің жиналу, басылым жайы

5

ХІХ ғасырдағы сал-серілер. Ән, өлең. Өнерпаздық, сыршылдық ағым. Сал-серілер мұрасы – ән өлеңдердің таралым, танылым жайы

ХІХ ғасырдағы сал-серілік өнер. Әнші-лирик ақындар поэзиясы

Біржан сал, Сегіз сері, Ақан сері, Жаяу Мұса, Әсет, Мұхит, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Майра, Мәди, Иманжүсіп, т.б. әнші ақындар өнерінің қазақтың рухани-өмір, көркемдік таным-талғамындағы өз орны. Сал-серілер өнерінің өзіндік ерекшеліктері. Әрі ақындық, әрі сазгерлік, әрі орындаушылық өнер. Сал-сері, әнші-ақындардың XIX ғасыр әдебиет тарихындағы орны.
XIX ғасырдағы сал-серілік, әншілік дәстүр, әншілік жайлы академик Ахмет Жұбановтың ғылыми-теориялық тұжырымдары. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің шығармашылық мұрасы Е.Ысмайылов зерттеулерінде. Ш.Керімовтың сал-серілер жайлы арнайы зерттеуі. М.Мағауин сал-серілік өнер туралы. I.Жақановтың сал-серілер шығармашылық мұрасын айқындаудағы еңбегі

Біржан сал (1831–1897). Біржан әндерінің туу тарихы. Сарамен айтысы төңірегіндегі қисындар.
Сара Тастанбекқызы (1878–1916). Арнау өлеңдері мен көңіл-күй, сезім жырлары. Сараның толғау өлеңдері. Әдеби мұрасының зерттелуі, басылым жайы.
Ақан сері (1843–1913). «Сырымбет», «Қара торғай», «Үш тоты», т.б. ән-өлеңдері. Ақанның сезім жырларының көркемдік мәні. Өлеңдеріндегі әлеуметтік үн.
Жаяу Мұса (1855–1929). Жаяу Мұса әндерінің А.Жұбанов тарапынан өзгешелік жөннен бағаланып, айқындалуы. Жаяудың әндеріндегі қоғам мен адам арақатынасының алуы ақикатының үні.
Әсет, Мұхит, Балуан Шолак, Үкілі Ыбырай, Майра, Мәди, Иманжүсіп әндері. Өмірбаян деректері. Сал-серілер, әнші ақындардың XIX ғасыр әдебиет тарихындағы орны

6

Махамбет Өтемісұлы және дәстүрлі жыраулық поэзия. Махамбет Өтемісұлының өмірі. Шығармашылық мұрасының жиналу, басылым жайы. Зерттелуі. Ұлттық саяси лирика

Махамбет ұлт-азаттық күрес жыршысы. Бостандық күрес батыры. Махамбеттің өлең-толғаулары. Махамбет өлендеріндегі азаматтық үн, ерлік рух

Махамбеттің көтеріліс алдындағы, көтеріліс барысындағы, көтеріліс жеңілгеннен кейінгі өлең-толғаулары. «Ұлы арман», «Ереуіл атқа ер салмай», «Толарсақтан саз кешіп», «Еңселігім екі елі», «Жәңгірге айтқаны», «Мұнар күн», «Мен едім», «Қызғыш құс», т.б. Махамбет өлендеріндегі азаматтық үн, ерлік рух. «Тарланым», «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», т.б. өлеңдеріндегі Исатай батырдың тарихи тұлғасы. Махамбет поэзиясының жанрлық сипаты. Махамбет поэзиясының дәстүрлі жыраулық өлең үлгісімен сабақтастығы. Ақын толғауларындағы жаугершілік заман күйі. Жауынгер мұраты түскен жыраулар поэзиясымен мазмұндық түр, өлең үлгісі, сөз қолданыс жөнінен туыстығы. Махамбет поэзиясындағы дәстүрлі қолданыстар. Махамбеттің «Мені»

Махамбеттің жаңа үлгідегі сыр-толғаулары, сөз айшықтары. Махамбеттің өлең құрылысы. Махамбет және Хан Жәңгір. Махамбет поэзиясының қазақ әдебиеттану ғылымында зерттелуі. Х.Досмүхамедұлы, М.Әуезов, C.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, т.б. ғалымдардың Махамбет поэзиясын бағалауы. Академик Қажым Жұмалиевтің Махамбет шығармашылығын зерттеуі. Махамбеттану ілімін өрістетуі. Махамбет шығармаларын жиыстыруы, туу тарихын айқындауы. Махамбет өлеңінің теориялық негіздемесін жасаудағы академик 3.Ахметов зерттеулері. Махамбет поэзиясының тілін зерттеудегі Р.Сыздық, Қ.Өмірәлиев еңбектері. Махамбеттанудын бүгінгі таңдағы өрісі. Зерттеу мәселелері. Махамбет поэзиясының қазақ әдебиеті тарихындағы өлшеусіз орны

7

XIX ғасырдағы бостандық күрес жырлары. Тарихи өлең. Қазақ даласындағы қоғамдық-саяси ахуал

XIX ғасыр әдебиетіндегі ерекше үлгінің бірі тарихи өлеңдер мен тарихи жырлар

Халык арасына XIX ғасырдың орта тұсында «сіресе жандана түсіп өрістеген, XIX ғасырдың екінші жартысында аяусыз басып, жаншылған ұлт-азаттық күрес батырлары жайлы жырлар көтеріліс сипатын көрсеткен, барысын жырлаған, жеңілістің ащы уы тараған, ел батырлары деген сағыныш, мұң жайлаған, жоқтау, зар айтқан өлең түрінде аса кең тарады.
XIX ғасыр әдебиетіндегі ұлт-азаттық күрес батырлары туралы жырлар. Кенесары – Наурызбай жыры. Нысанбай ақынның бұл жыры туралы Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Есмағамбет Ысмайылов пікірлері. Кенесары – Наурызбай жырының көркемдік сипаты. Кенесары, Наурызбай жайлы басқа да тарихи өлеңдер. Досқожа, Күдері ақын шығармалары

Қазақ әдебиетіндегі «Топжарған», «Күйші», «Жасауылқырған», «Наурызбай – Қаншайым», т.б. шығармалардағы Кенесары заманының шындығы. Шортанбайдың «Ақжолтай Ағыбай батыр» жыры. Кенесарыға арнаған өлеңі. «Жанқожа» батыр жыры.
Мұсабай жырларындағы тарихи шындық және көркемдік шешім. Тарихи жырдың жанрлық сипаты. Тарихи жырлардың тарихи өлең, тарихи эпоспен туысатын тұсы, өзіндік ерекшелігі. Кенесары – Наурызбай, Исатай – Махамбет, Бекет батыр, т.б. тарихи жырлардың әдебиет тарихындағы орны, ғылыми бағалануы, зерттелуі, басылым көруі.
Қазақтың өмір тарихының айқын ізін ең әуелі оның сөз мұрасынан табамыз. Ел басынан өткен қилы кезеңдердін сан-сала қисындарын сақтап жеткізген тарау-тарау ауыз дастандардың орны бөлек

8

XIX ғасыр әдебиетіндегі Қоқан хандығы езгісіне қарсылық сарын. Қоқан хандығы билеген өңірлердің: Қазақстанның оңтүстік өлкесі, Сыр бойы, Жетісу аймағындағы әдебиеттегі әлеуметтік қайшылықтарға көзқарас, баға, қоғамдағы әділетсіздіктерге наразылық, сын

Қоқан хандығына қараған өңірлердегі айтулы ақындар Мәделі Жүсіпқожаұлы (1816–1888), Құлыншақ Кәмелұлы (1831–1892), Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835–1889), Базар Оңдасұлының (1839–1911), Бұдабай Қабылұлының (1842–1912) шығармашылық мұрасы. Өмірбаяндары. Зерттелу жайы

Мәделі ақынның мысал сөздері. Майлықожа, Құлыншақ ақындармен үндестік, туыстығы. Құлыншақтың батырлық, ерлік дәстүрді көтере жырлап, дәріптеген өлеңдері. Жазба айтыс үлгісін қалыптастырып, дамытуы. Майлықожаның мысал өлеңдері. Шығыс әдебиеті үлгілерінен аудармалары, сол негізде туған нәзира шығармалары. Базар жыраудың адамгершілік, дүние жаратылыс жайлы үгіт насихат жырларының, «Айна-тарақ», «Әмина қыз», «Мақпал – Сегіз» дастандарының, терме өлеңдерінің әдебиет тарихындагы орны. Бұдабай Қабылұлының жоқтау, көңіл айту жырларының жазба әдебиет жанрларына қатынасы. Қоқан билеген өңірлердегі әдебиеттің жанрлық-стильдік ерекшеліктері. Қазақ әдебиетінің жанрлық, көркемдік үлгілер жөнінен дамуындағы ықпалы

Мәделі, Майлықожа, Құлыншақ, Базар, Бұдабай шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихындағы орны. Олардың зерттеліп, ғылыми негізделуі. Қаратау шайырлары туралы арнайы зерттеу еңбектер жазған Ә.Қоныратбаев, Ә.Оспанұлы, т.б. ғалымдардың әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі. Қоқан хандығы билеген өңірлер әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің шығармашылығын көркемдік сипаттар, жанрлық жөннен зерттеуді дамытудың өзекті, көкейкесті мәселелері. Олардың өмірбаян деректерін толықтыру. Жоғары оқу орындары оқулықтарындағы олар жайлы монографиялық зерттеулердің аясын кеңейту

9

Зар заман поэзиясы. Қазақ әдебиеті тарихындағы зар заман ағымы. Зар заман поэзиясындағы негізгі сарын

Зар заман әдебиетінін айтулы өкілдері. Зар заман – қазақ әдебиетінің ауызшадан жазбашаға ойысқан өтпелі кезеңнің әдебиеті

М.Әуезовтің қазақ әдебиеттану ғылымында зар заман ағымының ғылыми негіздемесін жасаудағы орны. Зар заманды жүз жылдық дәуірдің әдебиеті деп атап, оның туын тікелей орыс отаршылдығымен байланыста қарастыруы. Оның зар заманды үш кезеңге: әлеуметшілдік, ісшілдік, дін мен мәдениет иісі шыққан кезеңдерге бөлуі. Зар заман сарынының күшейген тұсы қазақ жерінің отаршыл жер отарына айналған кезеңі (1867 жылдан кейінгі) деп атап көрсетуі. Зар заманның әдеби ағым есебіндегі көркемдік негіздемелерін тұжырымдауы. С.Мұқановтын зар заман әдебиетіне байланысты айтқандары. Зар заман әдебиетінің зерттелу тарихындағы саяси негіздемелер. Оның қилы қалыпта бағалану, танысу тарихы

Зар заман поэзиясының негізгі сарын, көркемдік сипат жөнінен кейінгі кезеңдердегі зерттелу жайы. Зар заман дәуірі әдебиетінің аса көрнекті өкілдері. Шортанбай, Дулат, Мұрат, Шернияз, Әбубәкір, т.б. шығармашылық мұрасының әдебиет тарихындағы орны. B.Радлов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, C.Сейфуллин, C.Мұканов, Қ.Жұмалиев, E.Ысмайылов, Ә.Қоңыратбаев, С.Қирабаев, Т.Кәкішұлы зар заман поэзиясы туралы. A.Шәріп, Б.Омарұлы, Қ.Мәдібай, т.б. зар заман ағымының көрнекті тұлғаларының шығармашылық мұрасын қазірге кезеңде зерттеуі

10

Шортанбай Қанайұлының әдеби мұрасы. Өмірібаян деректері. Шығармашылық мұрасының басылым, зерттелу жолы

Шортанбайдың «Бала зары» жинағы (1880). Шортанбайдың «Зар заман», «Бала зары», т.б. толғауларындағы замана күйі. Шортанбай өлеңдеріндегі ел мінезі

«Мініп көрер күші жоқ, сауып ішер сүті жоқ» ақша дейтін мал шыққан жаңа заманның әлеуметтік кеселдерінің айқын көрініс табуы. Анасын тыңдамайтын қыз, атасын тыңдамайтын ұл өсіп, жақынын жаттай көріп, бай болсам, болыс болсам деп ақкөзденіп, ар-иманнан безген жұрттың азған қалпын жеткізудегі ақын шеберлігі. Шортанбайдың үлгі-насихат, үлгі-өнеге, тәрбие мәнді толғаулары. Шортанбай толғауларындағы дін жайы. Ақынның тіл кестесі. Өлең құрылымы. Текстологиялық мәселелері

Шортанбайдың «Зар заман» қолданысы казақ әдебиеті тарихындағы әдеби ағымның атауына айналуы. Шортанбай шығармашылығының М.Әуезов, С.Мұқанов, C.Талжанов, Ы.Дүйсенбаев, C.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, Б.Сүлейменов, Х.Сүйінішәлиев, т.б. ғалымдар тарапынан бағалануы. Шортанбайдың әдеби мұрасын саяси жөннен бағалаудың себеп-салдары. Шортанбай Қанайұлының шығармашылығын зерттеудің қазіргі кезеңдегі көкейкесті мәселелері. Ақын шығармаларының текстологиялық мәселелері. Шортанбай Қанайұлының айтыстары, толғау өлеңдері, арнау өлеңдері қазақ әдебиетінің құнды жәдігерлері

11

Дулат Бабатайұлының шығармашылық мұрасы. Өмірбаян деректері. Шығармашылық мұрасының сақталуы, басылым, жариялануы, зерттелу жайы

Дулаттың «Өсиетнама» жинағы» (1880). Дулат Бабатайұлының «Сүлейменге», «Бараққа», «Кеңесбайға» арнауларындағы замана күйі ел мінезі. Дулаттың қазақ әдебиетіне жекелеген адам образын әкелуі

Ақынның туған жер, ата қоныс жайын толғаған «Ақжайлау мен Сандықтас», «Атақоныс Арқадай», «Тас ағызып екпіні» өлеңдеріндегі қозғалған адыра қалған ата қоныс, қимас мекеннің өксігі. Дулаттың сөз өнері, өлең, ақындық қуат жайлы шығармалары. «Тегімді менің сұрасаң», «Сөзім бар да, көзім жоқ», «Сүлейменге», т.б. өлеңдеріндегі «сорғалаған нөсердей» жыр құйған «сарқылмайтын суат», «жыр сауыты», «жібек сөзден», «жыр кесте» өрнектеген ақындық жаратылыс. Дулаттың «Еспембет» дастанындағы ел тарихы, елдік, ерлік дәстүр. Дулаттың мысал өлеңдері. Дулат Бабатайұлының өлең кұрылысы. Тіл кестесі. Дулат Бабатайұлы – Абайға дейінгі қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі. Дулат Бабатайұлы шығармашылығының зерттелуі. Сейіл Мүлкенұлының Дулат өлеңдерінің кейінгіге жетуіндегі орны

Дулат поэзиясын зерттеудегі Х.Сүйіншәлиев енбегі. Дулаттың әдеби мұрасы төңірегіндегі 1999 жылғы әдеби мұраға көзқарас жөнінен өткен ғылыми-теориялық конференциядағы пікірлер қайшылығы. Дулат Бабатайұлы шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихындағы орнының багалану, айғакталу тарихы. Дулаттанудағы, Дулат поззиясының ежелгі дәстүрлі әдебиет үлгілерімен сабақтастығы жайлы Қ.Өмірәлисв, Р.Сыздықова пікір-тұжырымдары. Дулат Бабатайұлының әдеби мұрасын қазіргі кезенде эерттеу. Қ.Раев, Э.Пертаева зерттеулері. Дулат шығарм.-ның қазақ әдебиеті тарихындағы орнын айқындай түсу жөндері. Дулаттың өлең үлгісін, оның шығармаларының жанрлық өзгешелігін, құрылым жүйесін қазақ өлеңінің даму заңдылықтарымен сабақтастықта зерттеуді дамыту, терендету

12

Мұрат Мөңкеұлының ақындық мұрасы. Мұраттың өмірбаяны. Ақынның заманға, отаршылдыққа наразылықтан туған жырлары

Мұраттың батырлықты, ерлікті көтеруі. Ізгілікке үндеуі. Арнау өлеңдері. Айтыстары. Толғаулары. Эпикалық дастандары

Мұрат шығарм.-ның қазақ әдебиеттану ғылымында зерттеліп, көркемдік-теориялық жақтан негізделуі.
Мұрат поэзиясының жанрлық сипаты. Көркемдік қуат, құндылығы. Мұраттың «Үш қиян», «Сарыарқа» толғауларындағы елден, жерден айырылу сарыны. Мұраттың отаршылдық зардаптарын алдын-ала болжауы. Мұраттың «Жалпыға айтқаны толғауы», «Арғымақ сайлап не керек», «Жігітті көркем көрсеткен», «Айшыкты ала ту тіккен», «Жалп-жалп ұшқан жапалақ» өлеңдері. Жантолы қызбен айтысы. Мұраттың айтыс өлеңде ауыларалық, рулық шеңбердегі айтыстан елдің деңгейіне көтерілген айтыс ақыны болып қалыптасу жөні. Мұраттың «Шалгез», «Қазтуған», «Қарасай – Қази» жырларының көркемдік алымы, эпикалық дәстүрмен сабақтастығы

Мұрат Мөңкеұлының әдеби мұрасының әдебиет тарихындағы орны жайлы зерттеу еңбектер. Мұрат мұрасының кейінгіге жетуіндегі Х.Досмұхамедұлының еңбегі. «Мұрат ақын сөздері» жинағы.
Мұрат Мөңкеұлының зар заман әдебистіндегі орнын М.Әуезовтің негіздеп, бағалауы. С.Мұқановтың Мұрат мұрасын монографиялық, академиялық негізде зерттеуі. Мұрат ақындығы туралы Қ.Жұмалиев пайымдаулары. Мұрат Мөңкеұлының шығармашылық мұрасының басылым жайы. Кейінгі кезендегі зерттелуі. Б.Омарұлының Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығын диссертациялық еңбек көлемінде зерттеуі.
Мұраттанудың қазіргі кезеңдегі мәселелері. Мұраттың «Қарасай – Қази», «Қазтуған» дастандары төңірегіндегі С.Мұқанов, М.Мағауин пікірлеріндегі қозғалған мәселелерге көңіл бөліп, шығармалардың ілгері нұсқалардан қайта жырланғандығы немесе кейіннен шығарылған туындылар екендігі жөнін айғақтау бағытында зерттеулер жүргізу

13

XIX ғасырдағы жаңа жазба әдебиет. Жаңа дәуір әдебиетінің ірі тұлғалары және олардың қазақ әдебиетіне әкелген жаңалықтары

XIX ғасырдағы оқу-ағарту, кітап басу ісі. Оның ел әдебиетіне ықпалы. Әдеби дамуға тигізген әсері. XIX ғасыр әдебиетінің даму барысындағы көркемдік өзгеріс, бетбұрыс бағыттар. Әдебиеттің жаңару, өзгеріс өрістері. Қазақ өлеңінің жаңа түрлері

Махамбет, Дулат әкелген өлеңдегі өзгешеліктердің Абаймен жалғасуы. Жаңа жанрлардың тууы.
Мысал, сыкак, сатираның жандануы. Поэманың тууы. Лирика табиғатына енген еуропалық үрдіс, үлгі, көркем аударма, көсемсөз. Ән өлеңдегі өзгешеліктер.
XIX ғасыр әдебиетінің көркемдік жүйе жөнінен қазақ әдебиеттану ғылымында зерттеліп, зерделенуі. Зерттеу мәселелері.
XIX ғасырдағы әдеби жаңа түр, жанрлардың, жаңа жазба әдебиеттің туып қалыптасуының алғышарттары. Тарихи дамудың қазақ қоғамының алдына қойған міндеттері. Орыс үкіметі тарапынан жүргізілген діни ықпал саясатының ел арасында ислам негіздерін кеңірек насихаттауға жасаған ықлалы. Кітаби тілдің өрістеуі

Қазақ оянушылығының басталуы. Тіл тазалығы үшін, қазақ баласының орыстың тілін, білімін үйрену үшін ұмтылуы.
Шоқан Уәлихановтың қазақ қоғамының жайын зерделеуі. Әдеби мұраны ғылым нысанына айналдыруы. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі. Қазақ әдебиетіне Еуропа үлгісін енгізуі. Оның «Қазақ хрестоматиясы», «Шариат-ул-ислам» еңбектерінің қазақтың руханият тарихындағы, жаңа жазба әдебиет тілін, жаңа жазба тілді қалыптастырудағы орны. Абайдың әлеумет жайын қозғаған өлең, қара сөздерінің жаңа жазба әдебиет жанрларын, жазба әдеби тілді қалыптастырудағы тарихи орны. Қазақ әдебиетіндегі ұлт оянушылық ағартушылық сарындар

14

Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі. Әдеби мұрасы

Ыбырай Алтынсариннің өмірі. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі. Қазақ балаларына арнап бастауыш мектептер, қолөнер мектептерін ашуы. 1864 жылы Ыбырай Торғайда ашқан мектептің тарихи мәні

Ыбырайдың қазақ қыздарына арналған оқу орындарын ашуы. Ыбырай Алтынсариннің оқу ағарту ісіндегі ұйымдастырушылық, басшылық қызметі. Ыбырайдың оқу-әдістемелік еңбектері. Қазақтарға орыс тілін оқытып, үйретудін тәсілдерін жүйелеуі. Тұңғыш қазақ тіліндегі оқулық «Қазақ хрестоматиясын» (1879) шығаруы. «Қазақ хрестоматиясының» құрылымы. Мазмұны. Бұл еңбектің тарихи мәні.
Ыбырайдың ислам негіздерін ұғындырған «Мұсылманшылықтың тұтқасы» еңбегінің қазақ руханиятындағы орны.
Ыбырайдың казақтың тұрмыс-салт ерекшеліктерін сипаттаған этнографиялық жазбалары

Ыбырай Алтынсариннің халық әдебиет үлгілерін жинап, бастыруы. Қазақ тілінің тазалығы үшін күресте атқарған іс шараларының тарихи мәні. Оның қазақ тілінде газет шығаруды көксегені. Ыбырайдың қазақтың жаңа жазба әдебиетін қалыптастырып, дамытудағы, қазақтың жазба әдеби тілін қалыптастырудағы тарихи енбегі.
Ыбырай Алтынсариннің көркем шығармалары. Өлеңдері мен әңгімелеріндегі тіл тазалығы, нақтылық, айдындық. Ыбырай шығармаларының жанрлық сипаты. Ыбырай Алтынсариннің жанр, түр, стиль жасаудағы әдеби үлгі-үрдістері.
Ыбырай мұрасының зерттеліп, басылым көруі. Ыбырайтанудың қазіргі кездегі көкейкесті мәселелері.
Ыбырай Алтынсариннің әдеби, ғылыми мұрасын зерттеуді ілгері оздырудың ендігі талаптары

15

Абайдың әдеби мұрасы. Абай өлеңдерінің жазылу кезеңдері. Абай өлеңдерін хатқа түсіру. Мұхтар Әуезовтің Абай шығармаларын жинап, толтыруы. Абай қарасөздерінің басылымы. Абай шығармаларының текстологиялық мәселелері

Абай поэзиясының жанрлық кырлары. Өлең құрылысы. Сөз өрнегі. Абайдың әлеуметтік лирикасы. Абай өлеңіндегі ел мінезі, заман кейпі. Абайдың көңіл-күй, сезім, ғашықтық жырлары. Ән өлеңдері. Арнау сөздері, Абая поэзиясының сатиралық қыры. Шешендік толғам, афоризмдері. Абайдың орыс әдебиетінен аудармалары

Абай қазақ өлеңіне әкелген жаңалықтардың түріктік, жыраулық поэзиямен байланыс, сабақтастығы.
Абайдың ән өлеңдерінің құрылым үлгісі, ерекшелігі. Абай поэзиясына орыс, батыс әдебиетінен енген үрдіс. Абайдың қазақ өлеңіне енгізген жаңалық өзгешелігі туралы А.Байтұрсынов, F.Сағди, I.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, E.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, З.Қабдолов, т.б. ғалымдардың пікірлері.
Абайдағы 6 буынды, 8 буынды өлендер туралы Қ.Жұмалиев тұжырымдары. Абай қара сөздерінің жанрлық сипаты. Абайдың қара сөзге келу жайы. Абайдағы ислам негіздерін ұғындыру. Абай қара сөздеріндегі дін, дүниетаным жайы. Абайдың дүниеге көзқарасына ортағасырлық түрік әдебиетінің ықпалы.
Абай ақындығы туралы XIX ғасыр соңындағы, XX ғасыр басындағы тұжырымдар. Ә.Бөкейханов, М.Дулатов Абай туралы. A.Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» (1913) мақаласы. «Абай» журналы. Жиырмасыншы жылдардағы Абай ақындығы төңірегіндегі айтыстар. F.Тоғжанов, I.Қабылов, І.Жансүгіров, F.Сағди, E.Ысмайылов, С.Мұқанов, Ы.Мұстамбаев, Б.Кенжебаев, т.б. Абай туралы

Абай ақындығының айналасы. Абайдың алдындағы қазақ поэзиясы. Ол үйренген ақындық мектеп. Дулат және Абай. Абай және Шығыс. Абайдың өлең құрылысына, ақындық әлеміне Шығыс әсері. Абайдың қазақ өлеңіне Еуропа үлгісін енгізуі. Абай және орыстың классикалық әдебиеті. Абайтанудағы Абай ақындығының айналасы. Абайдың ақындық мектебі. Абайдың ақындық дәстүрі ұғымдарын айқындай, ажырата түсу қажеттігі. Осы орайдағы М.Әуезов, Ғ.Сағди, С.Мұқанов, Қ.Мұхаметханов, А.Нұрқатов, М.Мырзахметов, Ө.Күмісбаев, т.б. ғалымдардың пікір-түйіндері.
Абайдың ақын шәкірттері.
Ақылбай Абайұлы (1861–1904). Өмірі. Шығармалары. Әбдірахман өліміне жазған жоқтау өлеңі. «Дағыстан» («Қисса Жүсіп»), «Зұлыс», «Жармақ батыр» поэмалары. Ақылбай мұрасының зерттеліп, жариялануы.
Мағауия Абайұлы (1870–1904). Өмірі. Шығармалары. «Медғат – Қасым» поэмасы. Шығармаларының басылым, зерттелу жайы.
Көкбай Жантайұлы (1863–1927). Өмірбаяны. Абай және Көкбай. Көкбайдың «Абай – ақындардың ұстазы» деген естелігі. «Абайға», «Дүтбайға», «Мұсажанға», «Сараң байға», т.б. арнау өлеңдері. «Сабалақ» дастаны.
Әріп Тәңірбергенов (1856–1924). Өмірі. Қоғамдық қызметі. Әдеби мұрасы. «Қалың мал туралы», «Еңбек туралы», «Ғылым туралы» дейтін өлең толғаулары. «Тәуірбек болысқа», «Замандасқа», «Шәкірттеріме», «Шұғбанға» арнаулары. Адам ғұмырын сипаттауы. Әріптің шығармашылық өмірбаянындағы Шығыс әсері. Әріп ақынның «Біржан – Сара» айтысына қатысы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет