ПЖК топтарының жұмысын жоспарлау білім саласы қызметкерлері мен ішкі істер органдарының қызметкерлері, полицияның жас көмекшілері топтарының негізгі мәселесі – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың, қаңғыбастық пен қараусыздықтың санын азайту, туындаған мәселені шешуде мақсатты, нәтижелі жұмыс түрлері мен әдістерін қолдану болып табылады.
Жасалынатын жоспарда оқушылармен, ата-аналармен жүргізілетін сыныптан және мектептен тыс іс-шаралар жүйесі қарастырылып, қосымша білім беру ұйымдарының қызметіне қатысу, оқу-әдістемелік әдебиеттермен, көрнекі құралдар, құқықтық білімге арналған бұрыштар жасау қамтылуы тиіс.
ПЖК топтарының жұмыс жоспарында
оның мүшелерінде құқықтық сананы, ішкі істер органдарының қызметіне құрметпен қарау, салауатты өмір салтын қалыптастыруды тәрбиелеу;
нормативтік құқытық актілерді үйрену, оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың, қараусыздық пен қаңғыбастықтың алдын алудың әдістерін меңгеру,ішкі істер органдарында қолданылатын техникалық құралдарды, алғашқы жедел жәрдемді көрсету дағдыларын меңгерту;
аудандық (қалалық), облыстық байқаулар, фестивальдарға қатысу;
топтардың мектепке дейінгі мекемелермен, қосымша білім беру ұйымдарымен, балалар мен
жасөспірімдер ұйымдарымен, жасөспірімдер мен балалардың спорт мектептері мен ішкі істер органдарымен бірлесе жұмыс істеу қамтылуы тиіс.
ПЖК топтарының жұмыс жоспарлары мектеп директорымен бекітіліп, ішкі істер