Патрульдік қызмет. Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі. Патрульдік қызметтің түрлері:
Қолданыстағы заңнамаларды бұзудың алдын алу мақсатында адам көп шоғырланған көшелерде рейдтер және патрульдеуді жүргізу.
Ауылдар мен білім беру ұйымдарында кезекшілік ұйымдастыру.
ПЖК топтарындағы қызметті бөлу
5.1.Топтар құрамында 8 адам болғанда құрылып, бөлімшелерге бөлінуі мүмкін.
5.1.1. Ұйымдастыру бөлімшесі – профилактикалық іс-шаралардың өңдемелерін жасап,
жарыстар мен байқауларды өткізеді.
5.1.2. Редколлегия бөлімшесі – көрнекі насихатқа жауап береді.
5.1.3. Насихат бөлімшесі – заңнамаларды түсіндіреді, көшедегі тәртіпті бақылайды, кішкене балаларға қауіпсіз тәртіпті үйретеді.
5.1.4. Патрульдеу бөлімшесі – мектеп территориясында рейдтер жүргізеді, білім
мекемелерінің жарықтандырылуын, қоршалуын, мектеп территориясына бөтен адамдар
келмеуін бақылайды.
5.1.5.Спорттық бөлімшесі – спорттық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады.
5.1.6.Топтың штабтарына кіретін топтың командирі, бөлімшелердің жетекшілері сайланады. Кейбір бөлімшелер жұмыстың нәтижелігін арттыру үшін бірігуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |