Н. Ж. Жақашов, Ж. Ж. Бекмағамбетова, М. Е. Жоламанов, Қ.Қ. Тоғызбаева


Қала құрылысы мен қалаларды сауықтырудың гигиеналық қағидалары. Елді мекендерді орналастыруға жер таңдау



бет88/296
Дата02.10.2023
өлшемі9,48 Mb.
#112645
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   296
Байланысты:
Учебник Гигиена-каз

2. Қала құрылысы мен қалаларды сауықтырудың гигиеналық қағидалары. Елді мекендерді орналастыруға жер таңдау.
Қала құрылысының негізгі гигиеналық қағидалары:
1. Елді мекендердің құрылысы немесе қайта құруы кезінде тұрғындардың материалдық, рухани және гигиеналық қажеттіліктерін қанағатттандыру үшін барлық мүмкіндіктерді жасау қажет.
2. Қала мен ауыл арасындағы үлкен айырмашылықтарды жою мақсатында шаралар қолданылуы қажет.
3. Жеке қалалардың, ауылдардың және поселкелердің ғана емес, сонымен бірге бүтіндей экономикалық аудандардың да жобалары жасалуы қажет, яғни табиғи факторларды (суаттарды, жер асты су көздерін, жасыл желектерді және т.б.) ең тиімді пайдалануға және елді мекендер мен өндіріс нысандарын дұрыс орналастыруға мүмкіндік беретін аудандық жоспарлау жұмыстары жүргізілуі қажет.
4. Өте үлкен және үлкен қалалардың өсуін, олардың жанынан 80000-100000 тұрғындары бар, серіктес қалалар салу арқылы шектеуі тиіс.
5. Қаланы кеңейту немесе жаңа құрылыс салу үшін, ол жерде тұруға салауатты өмір сүру жағдайларын барынша қамтамасыз ететін аймақтарды таңдап алу керек, сонымен бірге, бұл аймақтың функционалдық зоналарға бөлінуі жүргізілуі керек.
6. Тұрғын аймақта құрылыс салуда, оның ең қолайлы түріне – микроаудандарға ерекше назар аударылуы қажет.
7. Селитебті аймақта тұрғындарға қызмет көрсететін тұрмыстық, мәдени, медициналық және дене шынықтыруға бағытталған мекемелердің дамыған жүйесі мен жасыл желектер отырғызу қарастырылуы керек.
8. Санитарлық абаттандырудың барлық түрлері, яғни су құбыры, канализация, қатты қалдықтарды жинау, жою және залалсыздандырудың бас сызбасы мен тиісті жабдықтар, орталық жылыту, газ және электрмен жабдықтау қарастырылуы қажет.
9. Көлік қозғалысы түрлерімен қамтамасыз етуді ұйымдастыруда көліктердің қоғамдық түрлеріне, олардың ішінде көбінесе шуды аз шығарып, ауаны ластамайтын және қауіпсіз түрлеріне берілуі керек.
10. Елді мекендердің жобаларын жасау кезінде, атмосфералық ауа, суаттар мен топырақты санитарлық қорғау жөніндегі шаралар, сонымен қатар, шудың, сілкіністердің, радиожиіліктер диапазонындағы электромагниттік өрістердің және бірқатар басқа да факторлардың зиянды әсерлерінің алдын алуға бағытталған шаралар қарастырылуы қажет.
Жаңа елді мекен құрылысын салу немесе оны кеңейту үшін аймақты таңдау өте маңызды, өйткені, елді мекендерді жоспарлау шешімдері, қаладағы болашақта болатын микроклимат жағдайлары, жеткілікті ауа алмасуы, сумен қамтамасыз етілуі, эпидемиялық қауіпсіздігі, қалдықтарды қайта өңдеу мәселелерін шешуі осыған байланысты болып табылады. Территория батпақты болмауы және өзен, көл сулары тасығанда, қатты жауын-шашын кезінде су алмайтын болуы керек. Топырағы құрғақ, таза, грунт суларының деңгейі төмен болуы қажет. Таңдалған жер атмосфералық сулар тез ағып кетуі үшін, біршама еңіс болуы керек (1-6%). Грунттың құрамына, жер астында ақпа балшықтардың болуына, көшкін болу мүмкіндігіне, ауданның сейсмикалық жағдайына назар аударылады.
Микроклимат жағдайларын, шудың және басқа да физикалық факторлардың таралу жағдайларын жасауда, сонымен қатар, атмосфералық ауада химиялық және биологиялық ластаушылардың жинақталуында немесе таралуында жер бедерінің маңызы зор. Мысалы, шұңқырлар мен алқаптар, олардың, әсіресе, температуралық инверсиялар кезінде нашар желдетілуі нәтижесінде, атмосфералық ластаушы заттардың резервуары болып табылады, осыған байланысты мұндай жерлерде тұрғын үйлер мен өндірістік аудандарды қатар орналастыруға болмайды. Солтүстік аудандарда ойпаң жерлерінің ауасы суық болғандықтан, оларды құрылыста пайдалану мүмкіндігі нашарлайды. Ыстық климатты аймақта, керісінше, алқаптарда анағұрлым қолайлы микроклимат жағдайлары қалыптасады. Аймақтар оңтүстік-батысқа, оңтүстік және оңтүстік-шығысқа бағытталған беткейлерде орналасқан кезде, жарық түсуінің қолайлы режимі және жоғарырақ ауа температурасы қамтамасыз етіледі. Аймақтарда қырат жерлердің (таулар, төбелер, шоқылар) болуы, жерді желден қорғайды. Сонымен қатар, таулы аймақтарда орналасқан, жан жағынан таулармен қоршалған, желдетілуіне жағдайлары жоқ, сол сияқты таудан төмен түсетін суық ауа есебінен, температура инверсиясы жиі байқалатын елді мекендерде ластаушы заттардың атмосфералық ауада едәуір және үнемі жинақталуы жүреді. Мысал ретінде, Қазақстанның ең үлкен және өте әсем қаласы, қазіргі кезде индустрияландыру мен таулардың өзіндік «кепілдігіне» айналған –Алматыны алуға болады.
Аймақты таңдау кезінде ауа температурасы мен ылғалдылығы, желдің қозғалу жылдамдығы мен соғу бағыты, температуралық инверсиялардың болуы сияқты табиғи-климаттық факторлар да ескеріледі. Басым болатын желдерді ескере отырып, елді мекендерді, желдің бағыты олардан ластаушы көздерге қарай соғатын етіп, орналастырады. Әсіресе, қаланың аэрациялану мүмкіндіктеріне ерекше көңіл бөлінеді, ол үшін жақсы желдетілетін жерлер таңдап алынады. Сонымен қатар, температура мен ылғалдылықтың және жел режимдерін білуі барынша қолайлы архитектуралық-жоспарлау және санитарлық-техникалық шешімдерді: ғимараттардың бағытталуын, олардың орналасуын, кварталдардың жоспарлануын, көшелердің орналасуын, ғимараттар қабырғаларының қалыңдығын, су құбырлары, жылыту, канализация жүйелерінің орналасу тереңдігін, т.б.- таңдауда қажет.
Барлық аймақтардың құрылыс салынуға жоспарланған территорияларында микроклимат жағдайларын жақсартатын, ауаның тазалығын жоғарылататын, оны оттекпен байытатын және жалпы эстетикалық, рекреациялық маңызы бар, табиғи жасыл желектердің болуы өте қолайлы фактор болып табылады.
Аймақта суаттар мен жер асты су көздерінің болуының маңызы үлкен. Бұл, бір жағынан, сумен қамтамасыз ету көзі, ал екінші жағынан, маңызды сауықтырушы фактор болып табылады. Елді мекенді өзен ағысының жоғары жағына қарай, ластаушы көздерден жоғары орналастыру қажет. Жоғарыда аталған факторлардың барлығын ескеру, елді мекен үшін территория таңдау кезеңінде болашақ қаладағы қала ішілік ортаның қолайлы жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет