Н. Ж. Жақашов, Ж. Ж. Бекмағамбетова, М. Е. Жоламанов, Қ.Қ. Тоғызбаева



бет101/296
Дата02.10.2023
өлшемі9,48 Mb.
#112645
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   296
7.3. - кесте
Солтүстік жартышардың орташа климаттық аймағындағы бөлмелердің инсоляциялық режимінің түрлері



Инсоляциялық режим

дүниенің төрт бұрышына қарай бағытталуы

Инсоляция уақыты, сағ.

Еденге күн сәулесі түсетін ауданның пайызы

Жылу радиациясы

К Дж/ м2

Ккал/ м2

Ең жоғары (максималды)

ОШ, ОБ

5-6

80

3300

550

Орташа

О, Ш

3-5

40-50

2100-3300

500-550

Ең төмен (минимальды)

СШ, СБ

3 –тен кем

30

2100

500

Ыстық және жылы климат жағдайларында терезелерді оңтүстік-батыс және батысқа қарай 200-290º аралығында (7.1. сүрет) орналастыру үйдің қызып кетуіне байланысты ұсынылмайды. Сонымен қатар, барлық климаттық аудандарда солтүстікке бағыттау да (50-310º) ұсынылмайды. Шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік бағыттарға (70-200º) қарай барлық климаттық аудандарда да бағыттауға болады. Көк жиектің қолайсыз бағыттарына тек қосалқы бөлмелерді (мысалы, солтүстікте асүйді) және пәтер бөлмелерінің бір бөлігін бағыттауға болады.



7.1. сүрет. Тұрғын үй бөлмелері терезелерінің дүниенің төрт бұрышына қарай
бағытталуы.
Сектор А – 310-50º, сектор Б – 200-290 º, сектор В – 290-70 º, сектор Г – 70-200 º.
Адамның ағзасын сауықтыратын (III - тарау) және қоршаған ортаның микрофлорасына бактерицидтік әсер ететін фактор ретіндегі, күн сәулесінің бөлмелерге тікелей түсуінің үлкен маңызы бар. Бірақ бұл әсерлер тікелей түсетін күн сәулесінің мөлшері жеткілікті болған жағдайда ғана байқалады. Сондықтан, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарына күн сәулесінің түсу ұзақтығы санитарлық нормалармен регламенттеледі.
Сонымен қатар, бөлмелерді күн радиациясынан және қызып кетуден қорғауды төмендегі іс-шаралар арқылы жүзеге асыруға болады:

  • үйдің, күн сәулесі қатты түсетін қабырғаларының қалыңдығын 0,7 м және одан да артық ету;

  • бөлмелердің биіктігін 3,2 м дейін жоғарылату;

  • сыртқы қабырғалар мен терезелерді күн сәулесінен верандалармен және жасыл желектермен, олардың ішінде, қабырғаларға орала өсетін шырмауық өсімдіктермен, қорғау, соның арқасында қабырғалардың температурасы 4-5ºС –қа төмендейді;

  • күн сәулесін жақсы шағылыстыру үшін сыртқы қабырғаларды ақ түске бояу;

  • терезелердің үстіне күнқағарлар және басқа күннен қорғайтын құрылыстар орнату;

  • жарықтың түсуін нашарлатып, бөлме температурасын 3-4,5ºС-қа төмендететін терезе қақпақтарын, жалюздер немесе перделер қолдану;

  • өтпелу желдету арқылы, бұл кешкі уақытта сыртқы ауаның температурасы төмендегенде, қысқа уақыт ішінде бөлме ауасын жаңартып, ондағы ауа температурасын бірнеше градусқа төмендетуге мүмкіндік береді;

  • қозғалыстағы ауамен денені салқындату үшін, бөлмелердің ішінде желдеткіштерді қолдану;

Микроклиматты оңтайландыру үшін кондиционерлеудің орталықтандырылған және жергілікті түрлері барған сайын көп қолданылуда. Олар ауа температурасын 18-25ºС, салыстырмалы ылғалдылықты 40-60%, ауаның қозғалу жылдамдығын 0,3 м/сек аралығында ұстап тұра алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет