Н. Ж. Жақашов, Ж. Ж. Бекмағамбетова, М. Е. Жоламанов, Қ.Қ. Тоғызбаева


- кесте Тағамдық азықтардың құрамындағы ақуыздары ( г/100г жеуге жарамды бөлігінде)



бет115/296
Дата02.10.2023
өлшемі9,48 Mb.
#112645
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   296
Байланысты:
Учебник Гигиена-каз

8.5.- кесте
Тағамдық азықтардың құрамындағы ақуыздары ( г/100г жеуге жарамды бөлігінде)



Азықтардың аты

Құрамындағы ақуыздары

Соя

34,0

Үрме бұршақ

23,2

Бұршақ

23,4

Сыр

14,3-26,8

Сиыр еті

18,0-21,0

Тауық еті

20,3-22,4

Балық

14,0

Қой еті

16,4-20,8

Шошқаеті

14,5-16,5

Түйе тауық еті

20,6-24,5

Үйрек еті

11,4-17,8

Майын алған сүзбе (творог)

16,1

Жұмыртқа

12,5

Қарақұмық жармасы

12,5

Бидай жармасы

12,0

Макорондар

11,0

Күріш

7,6

Қара бидай наны

6,3

Бидай наны

-

Сүт

3,3

Картоп

2,0

Орам жапырақ (капуста)

1,8

Сәбіз

1,5

Алша

0,8

Алма

0,4

Сиыр сүтінің құрамында 2,8-3,3 % ақуыздар бар, мұның 2,8 % казеин және шамамен, 0,5 % альбумин. Ақуыздардың ұсақ дисперстілігі, олардың жақсы сіңімділігін қамтамасыз етеді. Амин қышқылдық құрамы жақсы баланстанған. Сүтті қабылдағанда, асқазан бездерінің сөлі аздау бөлінеді, сондықтан асқазан-ішек жолдарының қабыну үрдістері кезінде ұсынылады. Сүтте нуклеин қосылыстары жоқ, осыған байланысты пурин алмасуы бұзылған адамдарға қолданады.


Сүт және сүт өнімдері 1 жасқа дейінгі балалардың негізгі тағамы болып саналады. Бала, анасының сүтінің ақуыздарымен бірге, бірқатар антиденелерді, антигендерді және ферменттерді қабылдайды.
Ашытқан сүт өнімдерінің – ұйыған сүттің (простокваша), айранның, ацидофильді сүттің, ряженканың құрамында 3,4 % дейін ақуыз бар, ол сүтпен салыстырғанда 2-3 есе жеңілірек және тезірек сіңеді, себебі, бұлардың құрамындағы ақуыз, ашу нәтижесінде жарым-жартылай альбуминозаларға және пептондарға айналады. Жеңіл сіңетін және қорытылатын ақуыздардың едәуір мөлшері (саны) сүзбенің құрамында бар – 11-13 % дейін, сырларда (25-30 % дейін). Сүзбенің казеинінде метионин, кальций көп.
Өсімдік азықтарының ішінде, ақуыздары амин қышқылдарының құрамы жағынан жануар текті ақуыздарға жақындау азықтар – соя, картоп, сұлы, қарақұмық, күріш.
Соя бұршағында ақуыздар 30 % дейін жетеді, басқа бұршақ тұқымдастардың (бұршақ, үрме бұршақ, жасымық) құрамында да ақуыздары салыстырмалы түрде жоғары – 19-25 % және етке, балыққа тән ақуыздардың мөлшерінен көбірек, бірақ өзінің қоректік құндылығы жағынан (сіңімділігі, пайдаға асуы, амин қышқылдық құрамы) жануар текті ақуыздардан төмен. Бұршақ тұқымдастар құрамындағы қатқыл жасұнығына байланысты ауыр қорытылады және ақуыздарының сіңімділігі 70 % шамасында.
Жармаларды – толық немесе жарым-жартылай қабықшалары мен ұрығынан тазартылған астық тұқымдастардың дәнінен жасайды. Бұлардың ішінде, ақуызы ең көбі, сұлы мен қарақұмық жармасы, оларда ақуыз – 15 % дейін, бірақ амин қышқылдарының ара қатынастары қолайлы емес.
Ұнтақ (манная) жармасында 12 % дейін ақуыз болады. Ол бидай дәнінің эндоспермінен жасалады, бірақ құрамында жасұнық болмауына байланысты тез піседі және жеңіл сіңеді. Сондықтан да, ол, жас балалар мен аурулардың тамақтануы үшін құнды.
Жармалардан дайындалған кейбір тағамдар, мысалы, кілегей көжелер, күріш, арпа ботқалары, асқазан-ішек жолдарының аурулары кезінде емдәмдік тағам ретінде қолданылады.
Картоп – құрамында 2 % дейін ақуызы бар маңызды тағамдық азықтардың бірі. Амин қышқылдық құрамы балансталған, сіңуі үшін қолайлы. Нан – ақуыздардың тәуліктік қажеттілігін 25-35 % өтейді. Құрамында 5-17 % ақуыздары бар. Негізінен, сапасы төмен (құндылығы төмен). Көкөністер, жемістер және жидектердің құрамында ақуыздары болмашы ғана (0,5-2 %), ағзаны ақуыздармен қамтамасыз етуде айтарлықтай роль атқармайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет