Н. Ж. Жақашов, Ж. Ж. Бекмағамбетова, М. Е. Жоламанов, Қ.Қ. Тоғызбаева


Тағамдық азықтарды санитарлық-эпидемиологиялық сараптау



бет140/296
Дата02.10.2023
өлшемі9,48 Mb.
#112645
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   296
Байланысты:
Учебник Гигиена-каз

8. Тағамдық азықтарды санитарлық-эпидемиологиялық сараптау.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мекемелері мен органдарының жұмысындағы негізгі орындардың бірін тағамдық азықтарды санитарлық-эпидемиологиялық сараптау алады. Ол азықтарды зерттеуден, олардың сапасының санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келуі туралы қорытынды беруден тұрады.
Тағамдық азықтарды санитарлық-гигиеналық сараптау ҚР 4.01.071.03 «Тағамдық азықтардың қауіпсіздігі мен тамақтық құндылығына қойылатын гигиеналық талаптар», ҚР № 4.01.060.12 «Тез бүлінетін тағамдық азықтарды сақтау жағдайына және тарату (сату) мерзіміне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар» деп аталатын СанЕменН-ға және басқа да ҚР нормативтік және нұсқаулық құжаттарына сәйкес жүргізіледі.
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың мақсаты, азықтың тамақтық құндылығын және оның халықтың денсаулығына зиянсыздығын анықтау болып табылады.
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында, қоғамдық тамақтану нысандарында, сауда орындарында, сонымен қатар тағамдық азықтарды ұзақ уақыт сақтауда сақтық санитарлық бақылауды да және күнделікті (ағымдағы) санитарлық бақылауды да іске асыру кезінде жүргізіледі. Сақтық (өндіріске енгізгенге дейінгі) санитарлық бақылауды жүргізуде міндетті түрде сараптауға жататындар:

  • өндірістен шығарылатын тағамдық өнімдердің жаңа түрлері;

  • жаңа рецепттерге немесе жаңа шикізат түрін қолданумен байланысты құрамы өзгерген тағамдық азықтар ;

  • жаңа тағамдық қоспалар енгізген азықтар;

  • тағамдық азықтарды өндіру технологиясына өзгерістер енгізгеннен кейінгі, азықтарды өндіру, сақтау және тарату үшін жаңа технологиялар, агрегаттар, машиналар, жабдықтар енгізгеннен кейінгі кәсіпорындардың өнімдері;

  • бұрын берілген қорытындыларының іс жүзіндегі күшінің мерзімі өткен азықтар;

  • тамаққа қолданылатын жаңа ыдыстар, мүліктер, буып-түйетін заттар, жабдықтарға арналған бетін жабатын заттар;

  • өнімдердің тәжірибелік партиясы;

  • сырттан әкелінетін өнімдер.

Күнделікті (ағымдағы) санитарлық бақылауды жүргізу кезіндегі сараптау жұмыс істеп тұрған тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары қоғамдық тамақтану нысандары шығаратын және халықтың тамақтануы үшін таратылатын (сатылатын) өнімдерге қатысты.
Сараптау, жоспар бойынша жүргізілетін және жоспардан тыс жүргізілетін болуы мүмкін. Жоспарлы түрі- СЭБ жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі, жоспардан тыс түрі -тамақтан уланулар, тағамдық азықтарды қолданумен байланысты жұқпалы аурулар, технологиялық үрдістердің бұзылыстары болған жағдайларда, тергеу органдарының талабы бойынша, бәсеке сұрақтарды шешу кезінде және т.б. жүргізіледі.
Тағамдық азықтарды сараптау кезінде келесі сұрақтар шешілуі тиіс:

  1. органолептикалық қасиеттері гигиеналық талаптарға сай келеді ме;

  2. химиялық құрамында өзгерістер бар ма және олардың себептері қандай;

  3. азықтың биологиялық ластануы бар ма, оның сипаты қандай, тағам инфекциялары мен тамақтан уланулардың себебі және дамуындағы ролі;

  4. тағамдық азықтарды сақтау жағдайы және оның жарамдылық мерзімі гигиеналық талаптарға сай келе ме;

  5. органолептикалық, химиялық, бактериологиялық, гельминтологиялық және басқа да зерттеулердің мәліметтері бойынша, азықтың сапасы гигиеналық талаптарға сай ма;

  6. анықталған қасиеттеріне байланысты тағамдық азықты қолдану шарты қандай болуы тиіс, қайта өңдеу мүмкін бе, әлде жою қажет пе.

Сараптама жүргізу келесі кезеңдерді қамтиды:

  1. Құжаттармен танысу, ол бойынша азық-түлікті өндірушіні анықтауға болады, алдын ала оның сапасы мен қауіпсіздігі, тасымалдау және сақтау жағдайының сақталуы туралы ойлауға болады: азық-түлікті беруші мен сатып алушының арасындағы келісім шарт; куәлік - сертификаттар; мал дәрігерлік – санитарлық куәлік, берілген өнім бойынша нормативтік құжаттардың, белгілер мен заттаңбалар жөніндегі талаптардың көшірмелері; көліктік тауар құжаты және автокөлікке берілген санитарлық төлқұжаттың көшірмесі;

Егер осы көрсетілген құжаттардың кейбіреулері жоқ болса, тағамдық азық потенциалды-қауіпті деп саналады да, оған сараптаманы сапасы төмен және қауіпті азық-түліктерді сараптауға қойылатын талаптарға сәйкес жүргізеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет