Н. Ж. Жақашов, Ж. Ж. Бекмағамбетова, М. Е. Жоламанов, Қ.Қ. Тоғызбаева


-кесте Емдеу-алдын алу мекемелері бөлмелерінің терезелері дүниенің бұрыштарына қарай бағытталуы



бет203/296
Дата02.10.2023
өлшемі9,48 Mb.
#112645
түріОқулық
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   296
Байланысты:
Учебник Гигиена-каз

10.3.-кесте
Емдеу-алдын алу мекемелері бөлмелерінің терезелері дүниенің бұрыштарына қарай бағытталуы.



Бөлмелер

Географиялық ендіктер




С. ендіктін 45º-наң оңтүстікке
қарай

С. ендіктін 45º-55º аралығында

С. ендіктін 55º-наң солтүстікке қарай



Операция жасайтын, реанимациия, өлікті сойып көретін, әйелдер босанатын

С, СШ, СБ

С, СШ, СБ

С, СШ, СБ, Ш

Туберкулезбен және жұқпалы аурулармен ауыратындардың палаталары

О, ОШ, Ш

СШ*, СБ*


О, ОШ, Ш

СШ*, СБ*


О, ОШ, ОБ

СШ*, СБ*


Қарқынды емдеу, 3 жасқа дейінгі балалар бөлімінің палаталары, балалар бөлі-міндегі ойнайтын бөлмелер

Батысқа бағыттауға, қарқынды емдеу палаталарын батысқа және оңтүстік батысқа қарай бағыттауға рұқсат етілмейді.

* Бөлімдегі жалпы төсек санының 10% аспайтын бөлігіне рұқсат етіледі.

Палатадағы жасанды жарық, біркелкі, жұмсақ, көзді шағылыстырмайтын, қолайсыздық туғызбайтын, сонымен қатар, медицина қызметкері өз жұмысын орындау үшін жеткілікті болуы керек. Ауруханаларды жарықтандырудың ең жақсы көздері, спектрі табиғи жарыққа жақын, люминесценттік шамдар. Олар, ауруларды қарау және кейбір ем-шараларды орындау кезінде өте маңызды түрлі түстердің берілуін бұзбайды, жылу бөлмейді, ауаның химиялық және иондық құрамын өзгертпейді. Жалпы жарық түсіретін шырақтарды бөлменің төбесіне орналастырады. Сонымен қатар, әр төсектің қасына, еденнен 1,7 м биіктікте қабырғаға ілетін қосымша шырақтарды пайдаланады. Палаталардағы жасанды жарық деңгейі, люминисценттік шамдарды қолданғанда-100 лк, дәрігерлер кабинетінде – 300 лк болуы тиіс (10.4.-кесте).


Палаталардың, дәрігерлер кабинеттерінің, холлдардың, вестибюльдердің, асханалардың және басқа да құрғақ режимді бөлмелердің қабырғаларын силикатты сырлармен сырлайды, төбесін әкпен немесе су-эмульсиялық сырлармен ақтайды. Нитросырларды қолдануға тыйым салынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет