Н. Ж. ТҰралина ұлттық поэзия және стиль табиғаты


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата06.01.2022
өлшемі383,78 Kb.
#16559
1   2   3   4   5
Байланысты:
ulttyk-poezia

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы 

талантының  даралық  қуатын  көрсететін  сапалық  белгі  екенін  ескерсек,  стиль  мәселесін  сөз 

еткенде көркем туынды тұтастай назарға алынбақ.  

Академик  З.Қабдолов  «Әдебиет  теориясының  негіздері»  деген  еңбегінде  бір  жазушының 

барлық  шығармасында  болатын  идеялық  бірлікпен  қатар,  тақырып,  мінез,  тіл  бірлігіне  де 

байланысты  ерекшелікті  қысқаша  тізіп  келіп  былай  ой  түйеді:  «Сонымен  біз  әрбір  жазушының 

барлық  шығармашылығының  өн  бойынан  идеялық-көркемдік  негізді  тақырып  арқылы  ғана,  тек 

жазушыға  тән  ерекшелігін  аңғарамыз.  Мұндай  ерекшелікті  жазушы  творчествосының  мазмұны 

мен  пішініне  ғана  басқа  жағдайлардан  да  іздеп  таба  беруге  болады.  Міне,  стиль  дегеніміз  әр 

жазушының бойындағы творчестволық ерекшелігі» [2].  

Стиль жазушының барлық туындаларын түгел қамтиды. Жай қарағанда бір-біріне ұқсамайтын 

секілді  жазушылардың  шығармаларына  тереңірек  үңілсек,  әр  шығарманың  өз  ара  жақындығын, 

бірліктерін көреміз.  

Жазушының  құралы  –  тіл.  Әлемді  таң  қалдырған  көркем  туындылардың  бәрі  де  тіл  арқылы 

оқиғаны қалай дамыту, адам мінезін қалай жасау, психология, күйініш-сүйініштерді суреттегенде

 

жан тебірентерлік дәрежеге жеткізу, қатысушылардың сөздерін өз ортасына, жастарына, ой-сана, 



қоғамдағы орны мен тіршіліктеріне сай, тән, шындыққа дәл етіп бере білу, тілдің сиқырлы күші 

арқылы жасалады.  

Сүтпен кіріп, сүйекке сіңген тілді әркім біліміне, өмір тәжірибесіне қарай әр алуан түрде ұштайды. 

Әр  ақынның  өзінше  сөз  саптауы,  сөйлем  құрастыру,  сөзіне  өзінше  мән  беру,  ана  тілі  негізіне 

сүйене  отырып  жаңа  бір  тыныс  жасау,  сөйлемдегі  сөз  тіркестерінің  дағдыдағы  қалпын  өзгерту, 

кейде архаизм, кейде неологизм, кейде сөз ауыстыру, кейде инверсия, эллипсистер арқылы мүлде 

күтпеген  жерден  әдебиетте  бұрын  кездеспейтін  бір  жаңалықтарға  жазушылардың  қолы  жетеді. 

Осындай  жайттардың  негізінде  әр  жазушының  өзіне  тән  ерекшелік  стилі  келіп  туады.  Көркем 

шығарманың  идеялық-эстетикалық  мән-мағынасы,  мазмұны  оқырманға  сөз  құдіреті  арқылы 

жетеді. Қаламгер туған тілдің түпсіз тереңінен өзінің ой-өрісіне, түсінік талғамына сәйкес келетін 

өрнектер мен әдіс-тәсілдерді іздейді. Осы әдіс-тәсілдер, тың қолданыстар арқылы әрбір қаламгер 

өз оқырманының жүрегіне жол тауып, оның көкірегіне жоғары адами қасиеттердің нұрын, ізгілік 

ұрықтарын себуге тырысады. Бұл үрдіс қаламгер атаулының бәрінде бірдей бола бермейді. Оның 

басты себебі қаламгердің шеберлік шыңында, стилінің даралығына байланысты.  

Стиль- әр ақынның көркемдік жеке дара шеберлігімен байланысты деп айтуға болады. Қ.Жүсіптің 

«Қазақ  лирикасындағы  стиль  және  бейнелілік»  деген  еңбегінде:  «Стильдің  алдымен  лирикалық 

қаһарман сипатынан аңғарылатыны, сол арқылы тақырып, идея, ұйқас, сюжет, композиция деп т.б. 

– бәріне ықпал ететінін діттеумен бірге, тағы бір өзекті мәселені естен шығаруға болмайды. Ол: 

стильді  анықтаудағы  екінші  бір  өзекті  құрал,  суреткердің  сөз  қолдануымен,  белгілі  бір  ортақ 

делінген  баламаларды  да  өзінше  ажарлап  ұқсата  білумен  байланысты  екендігі»-деп  көрсетеді 

[3,384  б.].  Қазақ  әдебиетінің  осы  күнгі  стильдік  тарамдалуының  басы  XIX  ғасырдың  екінші 

жартысына  тура  келді.  Сондай-ақ  көркем  әдебиет  стилінің  де  проза  жанрын  қамтып,  әлдеқайда 

дами түсуі XIX ғасырдың орта тұсынан басталады. Бұған Ыбырай мен Абай шығармалары үлкен 

себепші болды.  

XX  ғасырдың  басы-  қазақ  көркем  әдебиет  стилінің  бірсыпыра  күшейген,  өз  ішінен  тарамдалған 

тұсы. Осы кезеңде проза, драматургия жанрларына сай белгілер пайда болып, әрі қарай дамыды, 

стильдер жігі айқындала түсті. Сөйтіп, өткен ғасырдың екінші жартысында қазақтың ұлттық әдеби 

тілінің мынадай функционалдық стильдері пайда болады: көркем әдебиет стилі, публицистикалық 

стиль, жартылай ғылыми стиль, ресми-іс қағаздар стилі, эпистолярлық стиль. Стильдік жаңалық әр 

ақынның  ойы  мен  сезімін  бейнелеп жеткізуінен  көрі,  көркемдік  әлемінде  бұрыннан  бір  дәстүрлі 

құралдарды,  суреттерді,  сөз  тіркестерін  жинақтай  айтсақ,  құбылту  мен  айшықтау  түрлерін  тың 

тәсілмен  түрленте  білуінен,  жанрлық  түрлерден,  пішіндік  ізденістерден  көрінеді.  Стиль 

қалыптастыратын  тек  дарынды  ақындар  ғана.  Талант  қуаты  кем  қаламгерден  стиль  даралығын 

іздеу  ешқандай  нәтиже  бермейді.  Сонымен  қатар  қазақ  ақындарының  қаншалық  толысқан 

суреткер  екенін  айқындау  үшін,  стиль  де,  көркемдік  әдіс  те  жалаң  алынбай,  үнемі  бейнелілік 

тұрғысынан саралану қажеттігін қадағалаған дұрыс.  

Ғалым  З.Ахметов  стиль  жайындағы  түсінектемесінде  «Стиль  –  жазушының  өмір  шындығын 

танып-білу,  сезіну  қабілетін,  бейнелеу  шеберлігін,  өзіндік  суреткерлік  тұлға-бітімін  танытатын 

даралық  өзгешелігі,  жазу  мәнері,  қолтаңбасы.  Көркемдік  стиль  жазушының  өмірлік  тәжірибесі 

негізінде, оның суреткерлік талантының табиғатына сәйкес қалыптасып дамиды. Стильді көбінен- 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет