Н. Ж. ТҰралина ұлттық поэзия және стиль табиғаты


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата06.01.2022
өлшемі383,78 Kb.
#16559
1   2   3   4   5
Байланысты:
ulttyk-poezia

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы 

қаламгердің  дүниетанымы,  талант  сипаты,  баяндау  тәсілдері,  стильдік  контраст,  стильдік  бояу, 

жазушы стилінің шығармашылық өсу жолы сияқты бірліктер жиынтығынан тұрады.  

Ұлттық  әдебиетіміздегі  стильдің  тарихи  даму  жолдарын  зерттеуші  С.Бахтиярова  стильді  «екі 

арнада  қарастырған  жөн:  бірі-  қазақ  әдебиетінің  дара  стильдерге  дейінгі  кезеңіне  жалпы  тән 

болған стильдік көркемдеу құралдары, екіншісі-авторы айқын түркі бітік жазба ескерткіштерінде 

алғаш рет профессионалды негізде көрініп, кейін толғау жанрында айқындала түскен дара поэзия 

белгілері»- деген тұжырым жасайды [6,133 б].  

Әдеби әдісті дара стиль аясында қарастырғанда біз сөз етіп отырған ұлттық сипатты ауызға алмай 

кету  мүмкін  емес.  Өнер  туындылары  ең  әуелі  ұлттық  сипатты  иеленеді,  ұлттық  туынды  төрт 

құбыласы  сай  келген  жағдайда  барлық  адамзаттың  рухани  игілігіне  айналатыны  белгілі.  Стиль 

мәселесін  зерделегенде  жалпы  әдеби  процесті  назарға  ала  отырып,  оның  әр  кезеңдегі  даму 

ерекшелігіне  ден  қойылады.  Жоғарыда  өзіміз  айтып  өткен  көркемдік  әдіс  қаламгерлік 

шеберлікпен  ұштастырыла  тығыз  бірлікте  талданады.  Өйткені  әдебиет  дегеніміздің  өзі-  тұтас 

организм,  сан  бөлшектерден  тұратын  бір бүтін  дүние.  Бүтінді  бөлшектей  талдағанда,  сол  талдау 

нәтижесі  айналып  келгенде  бөлшектің  бүтіндігін,  бір-бірінсіз  өмір  сүрмейтінін  дәлелдеуге 

негізделеді.  Әдебиет  тарихында  қандай  стиль  болсын  бірден,  бір  күнде  туа  салмайды.  Жаңа

 

стильдің  элементі  өзінен  бұрынғы  қалыптасқан  стильдің  өз  ішінде  туады,  өсе  келе,  дами  келе 



қалыптасады  және  күреспен  ғана  өзіне  жол  ашады.  Бұрынғы  стильдің  ескіргенін,  дәуірдің 

озғанын,  енді  ол  бөгеттікке  айналғанын  сөз  жүзінде  де,  іс  жүзінде  де  дәлелдеу,  жаңалық  үшін 

ескілікпен келісімге келместік күрес арқылы өседі. Тартыспен ғана жаңа стиль, ескі стильді тарих 

сахнасынан ысырып, оның орнын өзі басады.  

Стиль  мен  шеберлік  бір-бірімен  егіз.  Шеберліктің  қыры  мен  сыры  қаншалықты  мол  болса, 

суреткер  стилі  соның  барлығын  қамтиды.  Демек,  небір  амал,  тәсілдерімен  өмір  сырын 

жарқыратып  ашып  тастайтын  шеберліктің  сиқырлы  күші  сайып  келгенде,  суреткердің  стиліне 

келіп тіреледі.  

Әдебиет  –  өмір  шындығының  сәулесі.  Өмір  шындығы  дегеніміз  –  бірімен-бірі  тұтасып  жатқан 

ұшы - қиыры жоқ мол дүние. Ақын сол мол дүниеден қанша алып, қалай пайдаланамын десе де 

еркі, яғни бұл жағынан алып қарағанда ол жалпақ дүниені жалғыз өзі билейтін әмірші. Бірақ сол 

мол  дүниені  қалай  алып,  қалай  пайдаланбасын  өзі  суреттеп  отырған  өмір  шындығын  молынан 

қамти  отырып,  дәуір  талабына  сай  көркемдікпен  шешіп  бере  білуге  тиісті.  Ақын  бұл  жағынан 

алып  қарағанда  өзі  өмір  сүріп  тұрған  дәуір  тынысына  тәуелді.  Осыдан  келіп  ақын 

шығармашылығының халықтығы шығады.  

Әдебиеттің дамуы-елдің, халықтың дамуының белгісі. Поэзия шеберлігінің, мәдниетінің ұшталуы, 

жаңа  биіктерге,  көтерілуі  де  рухани  дүниеміздің  жарқын  әлемі.  Қазіргі  қазақ  поэзиясындағы 

шығармашылық  ізденістер  арасында  екі  қасиет  ерекше  жоталанып  көрінеді.  Бірі  –  бүгінгі  өмір 

тынысына терең үңілу, өмір құбылысының поэзиясын сергек жүрекпен жыр тілінде зерттеу болса, 

екіншісі  – өмірден, жалпы  болмыстан  түйген  түйін  тұжырымдап  ой  елегінде  екшеп,  поэтикалық 

талғамдарды жыр құмар қауым қазылығына ұсыну.  

Стильдік  ерекшеліктер  көркемдік  құралдар  жүйесінде,  олардың  ішкі  заңдылықтарынан  өрбитін 

байланыстарымен  өзара  қарым-қатынастары  арқылы  көрінеді.  Ал  қаламгердің  өзіндік  көркемдік 

әдісі  оның  өмірлік  материалды  танып-бағалау,  таңдау  және  бейнелеудегі  өзіне  ғана  тән 

ұстанымдарынан келіп шығады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет