Жеміс салар ыдысты
Тұрғауыш дейді қазақта. [78,15-б.].
Келесі бір өлеңіне тоқталар боолсақ
62
Қанары тола жаупазақ,
Арқалап келді дәу қазақ.
Жаупазақ – ерте пісетін
Тәтті өрік.... Дәмі бар ғажап. [78,15-б.].
Осылайша жазушының туындыларындағы пайдаланған окказианал тосын
сөздері халық тіліндегі қалпынан өзгертіліп, әр түрлі мәнге келтіріліп, өңдеп
жаңа мазмұн бере қолданылуы ақынның тіл байлығын жақсы меңгергендігін
байқатады. Шығарманың көркемдік нақышын келтіретін күнделікті өмірде
пайдаланып жүрген сөздерді, басқа сөздермен окказианал сөздермен ауыстыру
кез-келген ақынның қолынан келе бермейтін іс екені белгілі. Бұл жағынан
келгенде М.Әлімбаевтың өз ісіне шебер екендігіне жоғарыдағы мысалдар дәлел
болатындай.
Сонымен, ойымызды қорытындылай келе ақынның жалпы тілдік
қолданыстағы сөз байлығын толық меңгере отырып, бірде оларға әр түрлі
окказионалды өзгерістер енгізсе, енді бірде халықтық тұрақты тіркестердің
негізінде авторлық қолданысқа тән окказионал сөздерді шеберлікпен қолдана
алған. Жазушы қазақ халқының байырғы сөздерін өңдеп, құбылтып қолдану
арқылы олардың контекстегі мәнерлегіш, көркемдегіш қасиетін арттыра түскен.
Мұзафар Әлімбаев: «Поэзия – тірлікті сүйкімді ету, мүмкін емес дейтінді
мүмкін ету... Тұңғиықтың түбінен бәрін көру, сығып-сығып жүректің нәрін
беру»
[63, 70-б], – деп толғанады. Расында да суретті сөз, бейнелі ой, мағыналы
толғам терең дүниетанымнан, дүниені нәзік, өткір қабылдаудан, айрықша сана-
сезімнен, толқынды көңіл-күйден туатыны анық. Ендеше, ақынның қай
шығармасын алсақ та суреткерлік сыршылдығымен, оралымды тілімен, өрнекті
ойларымен, көркемдегіш-суреттегіш құралдарының молдығымен көзге түседі.
Әдетте байыпты ақындардың бәрі де түрлі ізденістен бойын аулақ
салмайды. Бұл ізденіс өлең түрлерін кұбылтуға да тікелей қатысты. Бұл
саладағы жетістікке қол жеткізу бірер жылдың үлесі емес, ақынның ондаған
жылдарға өркен жайған ізденісінен туатын жеміс екенін де ескеру шарт.
Өлеңнің көркем компоненттері: ырғағы, ұйқасы, шумағы, тармағы, екпін сазы,
бейнелі сөз айшықтары екені мәлім. Бұл компоненттерсіз көркем шығарма да
жоқ. Поэтикалық шығарманың бейнелі құрамының бірде-бір элементін алып
тастауға болмайды. Көркем шығарманың материалы - сөз. Шығарма шаңырағы
сол арқылы көтеріледі. А.М.Горький – сөзді шығарманың бастапкы элементі
дейді.
Мұзафар Әлімбаевтың бүкіл ақындық жолында тапқан өлеңдік жаңа
түрлері бірсыпыра.
Поэзия сыншылары, жанашырлары мен табынушылары ізденгіш
ақынның игі еңбегіне ризашылық білдіреді әрі жас талапкерлер мен
әріптестердің әрі қарай жалғастырарына да күмән болмас деп ойлаймыз.
63
|