Айтты деме албырт ақын ұшқары.
Біле білсең,
отты тәтті назбенен
Сүю, сену — махаббаттың уставы [46, 16-б].
Мынау жұп-жұмыр рубаидағы «отты тәтті наз»
тіркесі қазақ поэзиясы
үшін тың болып саналады. «Тас кітап» атгы өлең академик Әлкей Марғұланға
арналған. Сол туындыда:
Қылыш жүзді
қиянат
Хан тағында құтырған..! [46, 114-б], -
деген екі жол бар. «Кылыш жүзді қиянат...»
- қиыннан табылған қымбат
айқындау. Ол аз дегендей автор аталмыш айқындауды азсынғандай қиянатты
метафораландырып күшейте түседі: «Хан тағында қылыш жүзді қиянат
құтырған...», «Құтыру» етістігі үлкен салмақ көтеріп тұр...
Ақындық шеберліктің деңгейін танытатын бір тетік —
теңеулердің
дәлдігі
мен молдығы, шығарма шырайын кіргізудегі қызметі. «Теңеу -
құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі» [60, 198-б].
Тағдырдың қасарысып бағуын-ай,
Адымым аш қарғаның адымындай.
Қайыңның отқа түскен қабығындай
Бүрісіп арманымның жануын-ай [42, 234-б].
Екінші және үшінші жолдардағы теңеу мен соңғы жолдағы ұқсатудың әсерлілігі
күшті. Тағдыр тәлкегіне ұшырап, бақталайдан мақұрым қалған пенденің зары
аянышты-ақ...
Енді ақынның ана тілі туралы өлеңіндегі теңеулерге көз жіберейік:
Таудағы тас
бұлақтың мөлдіріндей,
Даламның
кызыл-жасыл өндіріндей,
Бәйек боп
бауырына алған бөбек жанын
Анамның
мейірбанды көңіліндей.
Күйіндей тәтті толқын Тәттімбеттің,
Достарыңызбен бөлісу: