«Уақыт көгені» деген тіркес – жаңа метафоралық тіркес болып келеді.
Оның үстіне сол көгендегі байлаулы лақ — екінші метафора. Екеуі кіріге келе,
күрделі метафора — ұқсату — салыстырма болып шыққан. Жаңағы бейнелілік
образды ой автордың әрі ойшылдығына, әрі сөз зергерлігіне айқын айғақ. Осы
топтаманың «Дүниеде не ғаріп?» деп басталатын толғауынан ұлы жыраулардың
ұлағатты жалғастығын көруге болады:
Дүниеде не ғаріп?
Жұт жайлаған жер — ғаріп,
Жат жайлаған ел — ғаріп,
Дерт жайлаған ер — ғаріп,
Ақ шел басқан көз — ғаріп,
Дарымаған сөз — ғаріп [42, 219-б]
Осы бір қағидада тоталитаризм заманының да ащы шындығы қамтылған
деуге болады.
Астан-кестен ботқадай,
Шым-шытырық Дүние!
Аласұрған тоқтамай,
Жын құтырық Дүние! [42, 218-б)
1985 жылы қағазға түскен өленде осы бүгінгі күннің тыныс-тірлігі
сезіледі.
Сауға сұрап сардардан
Шу көтерер сарбаз бар.
Қиын кезде дағдарған
Ту көтерер сарбаз бар [42, 218-б]
Топтама Қорқыт ата аузынан баяндалатынын ескерсек, мұңда авторлык
позиция қаһарман көзқарасымен кабысып тұтастық тапқанын да байкауға
болады: автор туған елге жаны ашығыш ту көтерер ерлер барына сенім
білдіргені — оптимизм нышаны.
«Кара теңізге қарап тұрып...» деген өлең бас-аяғы алты жол ғана.
27
Жағалаудың жатқанымен шетінде,
Қара теңіз табанынның астында,
Аяғыма бас ұрды! — деп, лепірме.
Қылыш қиып, ұшып түскен бастың да,
Иілдіге саналмайтын сәті бар...
Теңіз суын еңкей дағы, татып ал [42, 247-б]
Сырт көзге жай бір пейзаждық туынды. Шындап келсе,
философиялық ой-түйін.
М.Әлімбаевтың лирикалық қаһарманының ойында көп жағдайда қазақ
жерін басып алған отаршылдар тұратын сияқты.
Халқымның жерін басып алсаң да, елімнің рухын бас идіру қолдарыңнан
келмейді! – деген ойды алты жол айшыкты өлең андатса керек. Осы астарлы
ойлар бірсыпыра өлеңдерде бірінен-біріне ауысып, арна тартады...
Бүлбұл үнсіз,
Ғашық ділсіз,
Ақын жырсыз,
Оңбас-ау.
Тарих сырсыз,
Халық тілсіз,
Батыр мұңсыз
Болмас-ау [47, 17-б].
Бір сөз, атау түгіл, бір буыны да артық не кем түспеген. Әрі айшықты, әрі терең
мағыналы сегіз жол өлеңді нағыз философиялық лирика деуге болады.
Аталмыш өлең жөнінде әдебиет сыншысы Тұрсынбек Кәкішев «Сарыарқа
самалы» газетінде жариялаған «Өз өрнегі бар дарын» мақаласында: «Қандай
нақыш, түрмен болса да осындай поэтикалық өрнегі бар, нәрі мол туындылар
оқушы жүрегіне жол тауып, авторына алғыс айтқызары даусыз. Мұзафар
акындығының өзім байқаған бір сыры осындай өңірден өрбіп, халықтык сипаты
мен дәстүрлік леп, үн, бояуға айналып жүре береді. Шығармашылық қолтаңба
деп осындайлар айтылса керек» [44], — деп бағамдайды. Өлеңнің ырғақтық
және ұйқастық тізілімі де өзгеше: ұйқас және егіз-екі ұйқас салиқалы ойға
айрықша саз беріп түр.
Ақын «Өмір космосына» деген шағын лирикасында (12 тармақ қана):
Тамырларым терең менің,
Сүйенгенім — сүйікті елім.
Қаншалық мен тереңдемін,
Соншалық мен биіктемін.
Космосында жаңа өмірдің
Әрқайсымыз Гагаринбіз.
Өткен күннің, келер күннің
Өркенімен ағайынбыз [47, 213-б], -
28
деп жырлайды. Лирикалық кейіпкер өзінің рухани және тарихи кіндігінің кайда
екенін жақсы түсінеді, туған халқының өткенінен қаншалық қасиеттер тапса,
өзінің соншалық асқақтайтынын тұспалдайды. «Ұлттың қамын ойламаған —
адамның қамын, ұлтты да ойламас болар» [50, 93-б].
Болмыстың кереғарлықпен күрес екенін, жарық пен түнек күресі бітіспес
үрдіс екенін растайтын тоғыз жолдық түйін мынандай:
Туға біткен асқақтық,
Құлға біткен жасқақтық —
Туыспайтын жат ұғым.
Пасықтық пен ұлылық,
Күйкілік пен ірілік —
Жуыспайтын жат ұғым.
Достық пенен өштіктің
Беріктік пен бостықтың
Ауылы алшақ, батырым! [46, 237-б] –
деген өлендегі философиялық ой-толғамда хрестоматиялық сапа да бар.
Шындықты шымырлатып айтуы да, шашаусыз шымыр құюы да соның айғағы.
Оқырманды ойға жетелер көркемдік қуат бар.
«Қысқы жаңбыр» деп аталатын пейзаждық өлеңнің өзінде де ақын
М.Әлімбаев философиялық жаңа әрі ғибратты ой тұжырымдайды.
Мінезі осы-ay жақсының нағыз,
Жоқ әсте қысқа өкпең де:
Дүниені таза тапсыру - парыз
Кезегі келген көктемге» [47, 145-б]
Автор аға ұрпақтың бала алдындағы міндетін көктем мен қыс бейнесі арқылы
тамаша бейнелейді.
М.Әлімбаевтың өлеңдерін оқығанда, ақын мен өлеңнің тұтастығы, бірлігі
айқын байқалады. Осы ретте әдебиетші, ғалым С.Қирабаевтың: «Ақын арманы,
қуаныш, қайғысы өлең боп тууы керек. Егер ол өлеңге айналмаса — өлгені.
Ақын мен өлең туысса, бас қосса, өмір көктің төсінде жарқылдап жаңғырықпақ,
екеуі де мұңды күйін ұмытпақ. Өлең бар жерде ақын өлмек емес. Өлең оны өлім
ауызынан құтқарып алмақ. Өмір болып тіл қатпақ» [50, 227-б] — деген
жолдары ойға оралады.
Сұлулықтың кінә ғой әрін сылу,
Батырлықтың өлім ғой сағы сыну...
Көтереді батырдың аруағын
Туған жер топырағына каны сіңу.,.» [42, 94-б]
Туған ел тәуелсіздігі үшін ажал құшу өлім емес, — өмірдің жалғасуы деген
идея бойына осылай сіңген. Ақынның ішкі жан-дүниесінің қалауы, мақсат-
бағыты оқырман тілегімен қауышып жататын тұстары аз емес. Мұндай
қырлары сыншылар пікірімен де толық сәйкесіп отырады. «Суреткер жазушы
қоғамдық ой-пікір мен салт-сананың мәнді сипаттарын әр уақытта аңғарып,
29
байқай біледі, оларды айқындап көрсетіп, ойшыл адамдардың көз алдына
тікелей қоя алады» [51, 105-б].
Ерлік дәстүрді әлсін-әлсін аялай жырлау М.Әлімбаевтың үлгілі үрдісі
болып табылады.
Дананың жолы
Елден елге дейін.
Шаланың жолы
Үйден көрге дейін [42, 253-б]
«Құлпытастағы жазуда» осындай ізгі ой бар. Ел мен елді ерлер өнерімен,
ғылымымен, ерлігімен жалғастырады.
Тамшыға өлең арнаған
Ұмытпас ұлы теңізді
Бірге ғой (бәрі Алладан!)
Қосалкы мен негізгі [47, 239-б].
Адам жаһан дүниенің бір бөлшегі, сондықтан да сол шетсіз-шексіз
Тылсым дүниенің құпиясын, неғұрлым тұтас қалпында үғынғаны абзал.
Есіңнен елің шықса — есалаңсың,
Ендеше қайтып тірлік кеше аларсың [47, 239-б].
Үзілді-кесілді айтылса да, ұтымды. Кім-кімді де сілкіндірер куаты бар
тұжырым.
Қорыта айтсақ, М.Әлімбаев — пәлсапалык ойдың ақыны. Ақынның
осындай сипаттағы «Дәлдір менен дананың», «Көшеде тұр бүрісіп», «Бір метр»,
«Тал кестім», «Биіктер», «Біреулер көзбен көріп жүрмін дейді», «Кім қисын?!»,
«Бір кезде жұрт сынайтын «баласың» деп», «Адамзат кешпеген ауыр
сын»,«Үндемейді неге анау қара тас?», «Бастай алмай дағдарсаң өмір көшін»,
«Бәлен ақын пәлсапалап жазды жыр», «Өшпес із», «Бөктердегі шым құдық»,
«Түс» және тағы басқа жырлары бүгінгі қазақ ой-толғамының бір көрінісі
іспетті.
2.2 Ақын лирикасының бейнелілігі
Әйгілі ақын Мұқағали Мақатаев: «Егер, біз ақынның өмірі жырынан
басталады десек, ақынның жыры алдымен өз өмірінен басталатынын да есте
ұстаймыз. Ақын адамның бүкіл өмірі — оның бүкіл шығармашылығының
лейтмотиві. Себебі, өз жүрегінің құпиясын, өз өмірінің күйініш-сүйінішін
лирикалық қаһарманы арқылы ма, басқа арқылы ма, әйтеуір, ағынан жарылып
нанымды түрде айта алмаған ақынның басқа жүрекке жол тауып, басқа
ғұмырды зерттеуге, оның жан дүниесінің бұлтарыс-қалтарысын ашуға шамасы
келмек емес. Ақын жүрегінің жауы да, жанашыры да — өзі. Ақын өз жүрегін,
жүрегінің сезімін зерттей отырып, соларды адамдық биік парасатқа бағыттай
білгенде ғана, оның үні халықтық үнмен, азаматтық үнмен тоғыспак. Сонда
барып, ақыңдық «Мен» халықтық «Менге» ұласпақ. Ақынның өмірді зерттегені
30
— алдымен өзін зерттегені. Ақынның құдіреті — өмірден өзін, өзінен өмір
жасай білуінде» [51, 233-б], — деп тұжырым жасайды. М.Мақатаев айтқандай,
шынайы ақын, шын мағынасында «адамдық биік парасат» мұнарасынан
толғанып, «өмірден өзін, өзінен өмір» тудыратыны ақиқат. М.Әлімбаев
поэзиясындағы лирикалық толғаныстардың субьектісіне азаматтық әуен,
халыктық сипат, қасиет тән.
Мәдениетіміздің, салт-санамыз бен әдет-ғұрпымыздың мәйегін, елдіктің
асқарын қандастарға да, өзге халықтарға да ұлттық касиетті құлшыныспен
жырлау — ақын М.Әлімбаевтың көптен бергі ұстанған нысанасы екенін
байқаймыз. Мысалға «Бауырмалдық жыры» деп аталатын өлеңді алалық:
Ағайын ба, алыс па — қарамайды,
Қалай ғана жақсылар алалайды?!
Қазақтың бауырмашыл от сезімін
Көзбен көрген тамсана бағалайды?!
Кеште туған балалар ағалайды.
Іні болу бірыңғай еркелеу ме,
Аңғал өссек кім ойлар аға жайлы?!
Үлкенсініп ыктырған кішілерді
Ағалыққа өзі де жарамайды.
Көргім келер Көкбайын көкке сермеп,
Арқасынан қағатын жаңа Абайды [47,109-110б].
Сонау сексенінші жылдар басында казақ өзінің ұлттық әдет-ғұрыпынан,
салт-дәстүрінен біржола ажырап қалу алдында тұрған қатерлі тұста мынандай
өлең жазуға тәуекел етудің өзі батылдық болатын. «Қазағыңды ала-бөтен бөліп
алып, айрықша неге айтасың?» — деп кінә тағып, жазғыра салу оңай кезеңде
ұлтты бірлікке ұйыту қамымен бауырмалдыққа шақыру өзекті, келелі мәселе
болатын. Кіндіктес, емшектесің ғана емес, қандасың болса жетеді — алалама,
бауырыңа тарт, бірлік пен ынтымаққа ұмтыл. Сонда үлес – сыбағаңнан құр
қалмайсың дегенді автор алғашқы шумақтың өзінде-ақ аңдатады.
Кеште туған бөбек, сол күнгі түсте дүниеге келген баланы аға тұтатын
атам заманғы салт екенін екі-ақ жолмен ұтымды өрнектеген ақын жасы
үлкеннің сөзін далаға тастамай, тілін алу, алдындағы ағаны ардақ тұтып сыйлау
- парыз деп бүгінгі ұрпаққа ұқтырады. Інілік, кішілік үлкеннің алдында
шолтаңдап ойына келгенін істеп, еркелей беру емес, інілік те — жауапкершілік.
Ол жауапкершіліктің мәні жасы үлкендерге — ағаларға қамқор болу, соларға
қолғабыс көрсете білу, жалындырмай-ақ, жәрдем көрсету екенін де автор
ескертіп өтеді. Ал ағалардың әлімжеттік қылып, кішілерді ықтыра беруі,
имендіруі — жаман мінез, оның аты ағалық емес — әлімжеттік.
Ұлы Абай талапкер інісі Көкбайды қалай мәпелеп, ақындық ұмтылысын,
алғашқы адымдарын қолдаса, сен де өзіңнен кейінгілердің өнерін жетілдір, —
дейді автор.
31
«Әженің ақыл-тілегі» деген өлеңде халқымыздың қашанғы қасиетті
қонақжайлылығы да ұлттың тұтастығын, елдігін, бірлігін сақтау тетігі екенін
бүгінгі жас буынға жақсылап насихаттайды. Автор өлеңін былай түйіндейді:
Кәдімгі қонақ асы бөліп жеген
Еншісі әр қазақтың бөлінбеген.
Әр үйде сенің еншің әзір тұрар,
Ендеше жолың болмас сенің неден?! [47, 111-б] .
Небары он екі жолдық туынды туған төрінде, өз елінде азшылыққа
айналып, асыл дәстүрінен айырылып кала жаздаған халықты рухани
жаңғыртуға, ұлттық тірлікті сақтауға жанама түрде өлең тілімен үндейді.
Мұзафар Әлімбаев қазақ халқының ұмытылған ежелгі әдет заңдарын әдейі
іздеп тауып, поэзия тілінде жаңғыртуды өзіне парыз санайтын ақын. Мәселен,
«Үш заң жайында бір өлеңде»:
Тағдыр бізді талай қатал сынаған,
Қазақ атаң бәріне де шыдаған.
Кеңес құрып, алдап болжап жол тапқан
Елді ойлаған аксақалды ғұламаң.
Әділдігін көздеп, заңдар шығарып,
Тоздырмасқа көптің басын құраған» [45, 394-б] –
дейді. Өз заманында алты Алашының басын біріктіріп, елдігі мен еркіндігінің
туын асқақтатқан Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билердің өшпес
өнегесіне ишара жасаған автор жас ұрпақка халқының қасіретті де қасиетті
тарихын біл, ұлттың рухани көсемдері халқымызды тоздырмаска көптің басын
құраған деп талай сырды андатқан.
«Қазақ атаң бәріне де шыдаған» дегенде әкімшілдік-әміршілдік дәуірде де
біздің халқымыз талай қыспаққа төзгенін де астарлап, жанамалап жеткізеді.
Одан әрі оқырман өлеңнен ғажайып тарихи дерек-мағлұмат алып, ата-
бабалардың әділдігіне сүйсінеді.
Бір рудың адамын екінші бір рудың қатыгезі өлтірсе, қан арқалаған ру
әлгі өлген адам үшін 100 жылқы, алты жақсы (түйе) – құн төлейтін болған.
Егерде адамның сүйегі табылмай кетсе, онда кінәлі жақ, яғни 200 жылқы,
жаксы төлем төлеп құтылған. Бүл да міне елдің адамдарын шетінетпеудің камы,
халықтың тұтастығын, тату-тәттілігін сақтау кадамы болғанын көреміз. Ал
егерде аты өз руына, бүкіл атырапқа әйгілі ақынды әлде-біреулер өлімге
байласа, Ақынның «Қайран қазақ әйелі-ай» деп аталатын туындысында қазақ
қыздарына тән кісілік, парасаттылық, ерге ер, серіге сері, кесек мінезділік,
ашық қолды ұстамдылык, ел ұйтқысындай естілік – бәрі-бәрі де жақсы
жырланған.
Сен жұбатсаң... торыққан –
Күлер тойға барардай.
Сен қайрасаң, қорыққан –
Жаудан кегін алардай [47, 114-б].
32
Жалпы қазақ оң жақтағы қызын, некелеген жарын, аяулы ананы, кейуана
әжені айрықша ардақтаған халық екені де М.Әлімбаевтың жоғарыдағы өлеңін
оқығаннан кейін де еске түсетіні аян. Бұл міне, туынды ойының, идеясының
тереңдігіне меңзейді.
Қазақ қауымындағы ертеден келе жатқан ақсақалдар институтының тарих
сахнасында сақталғаны белгілі.
«Ақсақализм – бұл феодализм қалдығы» деп большевиктер үркіткен
жағдайды өзгелерден, өз әріптестерінен ертерек сезген М.Әлімбаев
«Ақсақалдар» деген арнайы өлең жазғанын көреміз. Өлең 1973 жылы күзде
Оңтүстік Қазақстандағы Мақтаарал совхозында жазылыпты. Туынды Еңбек Ері,
сұңғыла қарт Нұрмұхамет Есентаевқа арналған. Өлеңнің идеясы белгілі бір
қартқа деген ыстық ілтипат шеңберімен шектелмейді, ізгі мағынасындағы
ақсақалдықтың абзалдығы мен қамқоршылығының қасиетін ашуды көздеген.
Ақсақал дегеніміз жай бір жасы ұлғайған, сақал-шашы ағарған адам ғана
емес. Қазақ ұғымындағы шынайы ақсақал өзінің өткен үлкен азаматтық жолы
бар, елге сіңірген еңбегі елеулі ардагер. Ол өзі жалпыға жақсылық көрсеткен
жан, әрі қолдаушысы, насихатшысы, тамаша тәлімгер, әрқашан да әлеуметтің
ақылшысы.
Біздің ауыл — білгірлердің ауылы,
Қара ақылды қариялар қауымы.
Жақсылықтың көтерісіп шашбауын,
Жасайды олар жамандықпен жауығып» [45, 173-б] — деуі осының
дәлеліндей.
«Құлақ пен бас» атты өлеңін де М.Әлімбаев халықтық әдет-ғұрыпқа
арнаған. Осы өлеңге жалғас «Өзің біл» деген өлеңінің көлемі 14 жол ғана.
Сағынышсыз жылдар салып араға,
Барып қайтам ауылыма — анама.
Ел салты бар: азаматын оралған
Жығып салып аунататын далада.
Сол сияқты аунатсаң да өзің біл
Ағайындар, куантсаң да өзің біл» [45, 355-б]
Адамның туған топырағынан ажырамауына — рухани сергектігіне куә
ырымның тағлымдық мәні зор.
Маған
Дала шаңы да
Хош иісті опадай...
Ай көрмесем сағына
Боздар едім ботадай [45, 6-б], -
деген ақынның казақ сахарасын елжірей сүйетініне кім күдік келтірер?!
Ежелгі елдің ескі өнегесі
Ескермей күні бүгін келеді осы:
33
Тай тисін, тайлақ тисін тақымына,
Қозады қазекеңнің делебесі [45, 199-б].
Ат арқасындағы исі қазақ баласының айтулы қызу құштарлы мінезін ақын
«Дәстүр» деген өлеңінде осылай өрнектейді. Осы қасиет келесі жолдарда да
ашыла түседі:
Асқар тау ақ басына шығам бүгін:
Жығылып жолда қалман жасықтарша,
Даламда рас болса туғандығым» [45, 199-б].
Тірлік, өмір — кілең шабыс, қызу жарыс, толассыз бәйге. Шаң-тозаң қауып,
көпшіліктің артында қалу намысқа тиеді. Ендеше алға ұмтыл, елден оз,
жүлдеңді жеңіп ал. Өлеңнің идеясы осы.
Жағажайдан жоғарылап сатымен,
Барады әне бір қария қартымен.
Баяу жылжып, буындары дірілдеп,
Баспалдақты санайды олар біртіндеп.
Бір жас ұлан қатар шыққан жағадан
Келеді ілбіп соңдарында манадан.
Ойлы жастық кетпеді озып, елеуреп,
Қарттықтың бұл көңіліне келер деп [45, 202-б]
Жастықтың, ойлы жастықтың қауқарсыз, бірақ қасиетті қарттықты
сыйлауы — қазақтың қашанғы салты.
Осындай дәстүрлі салтты үзіп алмау қазақ баласының ұмытпас парызы
екенін М.Әлімбаев өз стилінде өрнектеп, бір-ақ детальмен жинактай білген.
Сексенінші жылдар басында ақын М.Әлімбаевтың поэтикалық
туындыларын зерттеумен айналысқан ғалым Есенкелді Жақыпов ақын
шығармашылығының тақырыптық байлығын ғана атап қоймай, оның көп
қырлы талант, философиялық ойдың ақыны, әрі лирик, әрі эпик ақын екенін
атап көрсетеді [52, 72-75б].
Жүректен асқан сандық жоқ,
Ерліктен аскан салдық жоқ.
Елдіктен асқан кеңдік жоқ.
Еркіндік алмай теңдік жоқ.
Құлдыктан асқан қорлық жоқ.
Қорлықтан асқан зорлық жоқ» [47, 210-б].
Бұл - Мұзафар Әлімбаевтың «Шегендік Әлен ақын айтыпты» деп
аталатын үлкен топтамасының бір үзігі ғана. Топтама 24 бөліктен тұрады.
Сексенінші жылдар басында төбе көрсеткен топтама өз тұсы үшін
азаматтық, өжеттік белгісі болып табылады.
Әлен ақын өзі мүгедек болып, туған ауылына жете алмай, айдалада
алыста аһ ұрып жатқанын толғай келе, өзінің жапа шеккен жарлы-
жақыбайларға бұрынғысынша арашашы бола алмағанына өкінеді:
Тағдырдың қасарысып бағуын-ай,
34
Адымым аш қарғаның адымындай.
Кайыңның отқа түскен қабығындай,
Бүрісіп арманымның жануын-ай.... [ 47, 203-б].
Тән азабын да, жан азабын да шеккен акын өз көңіл күйін осылай
өрнектейді, яғни М.Әлімбаев лирикалық қаһарманның ішкі жан дүниесін
осылай суреттейді.
«Лирикалық шығармаға ақынның ішкі дүниесінің сыртқы себептермен,
жалпы ақиқат шындықтың әсері мен аса қатты толқыну, автордың өз басының
алуан-алуан нәзік түйсіктері, күйініші, сүйініші тән болып келеді. Ақын
басынан кешкен сезім, ақын басында болған түрлі-түрлі толғаныс субъективті
нәрсе, бірақ сонымен қабат кәдімгі объективті дүниенің әсері. Ақынның көңіл-
күйі әрқашан өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның хал-жайына байланысты, өзін
қоршаған шындықтың саяси-әлеуметтік сырымен сабақтас» [53, 132-б].
Автор қалай дегенде де өз заманы жайында өзегін өртеген ойларын
өрнектеудің тетігін тапқан, яғни өткен заман ақыны атынан сөйлеуі арқылы
ұтымды тәсіл тапқан. Топтаманың екінші бөлігінде:
Кеткендей салмағынан бұта сынып,
Шынашақ күпінеді тұтамсынып.
Семірсе тексіз бұзау текіреңдеп,
Қорада күл шашады бұқамсынып» [47, 202-б].
Сырт қарағанда күнделікті тұрмыстағы күйкі — болмашы ғана көрініс сиякты,
ал шындап келсек, билік атаулының бәрінің тұтқасына отырып алған кілең бір
тексіздерді, жетесіздерді, кісіліктен құр алақандарды мегзеп, ақын кеңестік
құрылысты сынға алған. Келесі бір шумақта автор ішкі ойының пердесін аша
түседі:
Тізгендей салтанатты көшін нардан
Қортықтың кұдайсыну несін алған?!
Ел қайтіп есін жияр кеуіп-піскен
Ессізге толып кетсе есіл жалған...» [47, 202-б] .
Әлен ақын азамат болудың асқар биігін акыл-ойымен топшылайтын, сол
асыл азаматтықты көз алдына елестете алатын өнерпаз екенін де байқатады:
Жамандық жасамаған ерлік емес,
Жақсылық жамандықты жатсын бүктеп.
Күрестің қызуынан бос қалмауың,
Ғұмырлық пешенеден тосқан бағың!
Халықтың зердесінен өшпейтін із
Жақсылық жақсылыққа қоскандығың» [47,204-б].
Ұлы қаламгерлер Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Міржақып
Дулатов, Ахмет Байтұрсынов және тағы басқалардың өлмес шығармалары
қырық құлыпты сандықтарда жатқан тұста:
Тастаса егер бөліп туған халқынан,
Нағыз өрт сол ақын жанын шарпыған.
35
Сонда ақынды мылтықсыз-ақ атқаны,
Сонда ақынды қылышсыз-ақ шапқаны...» [47, 208-б] –
деп М.Әлімбаев ақын трагедиясын қан жылап отырып жырлайды.
Әлен ақын қандай қоғамды армандайды? Енді соған үңіліп көрелік:
Бақыты оянған елдің
Келбетін келеді көргім:
Патшасы кемеңгер болар,
Ел-жұрты кенелген болар,
Көсемі алалап бөлсе,
Көркеймес елі де елше.
Адамы мейірбан болар,
Жақсылық қайырман болар.
Жұрт пен жұрт ұжымды болар,
Кайраты қызулы болар.
Тілімен ұғысар болар,
Дінімен туысар болар.
Әкімі ақынжан болар,
Жұртына жақындау болар.
Жасығы жауынгер болар.
Масылы тәлімгер болар.
Қарты да білікті болар:
Жасына сүйікті болар...» [47, 209-б] .
Топтаманың финалына жақындаған тұсында түйіп айтқан азаматтық тұжырымы
оқырманды селсоқ қалдырмайды. Әлен ақын былай дейді:
Жек көрем
Сөлсіз-нәрсіз сұйықтарды.
Жек көрем
Бозымдарды сұйық қанды.
Жек көрем
Құлкын құлы қиқымдарды,
Арманын аталардың ұмытқанды» [47, 212-б].
Ата-бабалар арманы не еді? Ол — бостандық, тәуелсіздік, еркіндік, халық
бақыты! Ендеше, әр қазақ сондай еркін күнге, егемендікке жеткенше, саналы
күрескер, сарбаз-жауынгер болуға тиіс. Ақын М.Әлімбаев бұл ұлтжандылардың
бәрінің ізгі парызы деген идеяны ұқтырады. Ендеше «Шегендік Әлен ақын
айтыпты» деген топтама өзінің идеялық, эстетикалық міндетін орындаған
туынды деу қажет.
Ұлттық бірлікке, халықтық тұтастыққа үндейтін туындылар қатарынан
табылар туындының қадір-қасиеті осындай!
Шын талант қана өз туындылары арқылы өзінің «Менін» жалпы
адамзатқа ортақ тіршілікпен байланыста бейнелейді, ақындық рухын, сиқырлы
36
сөз өнерінің өз талантына тән құпиясын ашады. Соны түсіне білгенде соның
сырына қаныққанда ғана «ақынды білдім, таныдым» деп айтуға құқық бар.
Автор туған халқының тәуелділік қыспағында қиналып күн кешіп
жүргенін ұмытпайды. Сол қиямет-қайымды бірде болмаса бірде жаңа
өлеңдерінде оқырман есіне салып, жанашыр сезімін астарлап жырлап отырған.
Кеңестік отаршылықты, әрине, ол кезеңде ашықтан-ашық жазу мүмкін емес еді.
Жазу үшін кілт табу керек. М.Әлімбаев кейде сондай кілтті таба білген.
«Естай-Хорлан» дастанында М.Әлімбаев 1962 жылы:
Әділдік жерде де жоқ, көкте де жоқ.
Ендеше бұл өмірге өкпе де жоқ» [54, 33-б], -
деп батыл айтқанына куә боламыз.
Немесе дастанда: «Ақын орны не түрмеде, не төрде», - деп үзілді-кесілді
айтуы қазақ халқының ақыл-ой көсемдері А.Байтұрсынов, М.Дулатовтарды
жоқтау сияқты жанамалай әсер қалдырады.
«Алшынбай мен Шөженің диалогы» деп аталатын ақын қиялынан туған
аңыз 10 жолдық қана туынды. Сонда ақын Шөже аузынан айтылған: «Көрмеу
үшін көп сұмдықты жердегі, Зағиптығым артық па?! - деп отырмын» [46, 123-
б], - деген диалог бар.
Туынды алпысыншы жылдары жазылған. Автор тоқырау заманының
зобалаңдарына ишара жасайды.
«Жаяу Мұсаның диалогы» деп аталатын жырдан:
Ер тартынса, Ел сорлайды ежелден,
Неге айқастың азабынан безем мен?!» [46, 124-б] – деген күрескерлік
pyx лебізін сеземіз. Автор бір өлеңінде:
Ақиқат келеді адам арманы боп,
Ақындар айтса, айтсын жанжалы жоқ!
Еліне жақсы жырдың жеткенінен
Ақынның жүрегінде жанғаны көп [46, 137-б].
Бұл - бүркеулі шындық пердесін ашуға батылымыз бармай жүр дегенге
ишара.
«Ливан баласы Мүсілімнің мұң-зары» атты өлеңі «Социалистік
Қазақстан» газетінде Израильдің Ливанға жасалған агрессиясы тұсында
жарияланған. Өлең сол соғыс зардабынан жараланып жарымжан болып қалған
жас Мүсілімнің атынан айтылады.
Шерім-мұңым он батпан
Шілдеде де тоңамын.
Тумай жатып жылатқан
Келімсекке обалым! [42, 87-б] - деп зарланады бала.
Жетелі оқырман автор өлеңінде қайшылық барын аңғарады. Өлеңде
Ливан тарихына дәл келмейтін деталь бар. Себебі әлгі ливандық бала дүниеге
келгенде Израиль басқыншыларының, яғни келімсектердің төбесі бұл елде
37
көрінген де жоқ еді. Ендеше, автордың айтып отырғаны, көкейіндегі өз еліндегі,
қазақ сахарасындағы келімсектер емес пе екен?! деген сұрақ туады.
Түсіп әуре-сарсаңға,
Сорлап жүрген бір мен бе?!
Қайда-қашан барсаң да,
Қайғы-қасірет күллі елде.
Ұл айырылды атадан,
Қыз айырылды шешеден...
Халқымыздың қападан
Оты мәңгі өше ме?!» [42, 87-б].
Қазақ оқырманы осы қасіретті өлеңді оқи отырып, өз халқының
басындағы қайғы-қасіретті еріксіз еске алады...
Кеше ғана бүтін ек,
Кеше ғана түгел ек [42,85-б], -
деген жолдарды оқығанда құнарлы, шұрайлы жерінен айырылып, өз елінде
аштыққа ұшыраған, үштен бірі алыс-жақын елдерге босып кеткен қазақ
халқының жәбір-жапасы ойға оралады.
Егемендікті аңсау, тәуелсіздіктің атар таңын жақындатуды ойлау, ойланту
деген осы өлең жолдарынан анық аңғарылады. Бір өлең үшін азаттық идеясы
тұрғысынан аз жүк емес. Елдігімізге арналған өлеңдер сөз болғанда ескермей
кете алмайтын бір туынды бар. Ол «Отандасқа хат» деп аталады.
Бұл өлең алпысыншы жылдардың соңында жазылса да, кеш жарық көрген
(1977). Автордың айтуына қарағанда бұл өлеңді «Социалистік Қазақстан»,
«Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің бірде-бірі баспаған,
жариялаудан жасқанған. Себебі, әңгіме тарихи отанынан қуылған, тағдыр
тәлкегіне түскен қандастардың шет елдердегі көз түрткі қасіретті болмысы
туралы. Автор өлеңінің бас жағында шет елдегі отандасқа:
Ей, отандасым, бейбағым,
Жұлдызынан жаңылған!
Мен сен жөнінде ойладым,
Қайысып кетті қабырғам [42,78-б], -
деп сөз қатады.
Бір тұйықтан соң бір тұйық
Жанарың талып, жанып іш,
Тарта ма түпке тұңғиық,
Сарғайтып, езіп сағыныш?» [42, 79-б]
Жат жерде жаны жүдеген кіріптарлардың көңіл-күйін ақын тап басады.
Шет жерде жасау шер-құса,
Бейдауа дерттей беймаза,
Елінен кетіп қаңғыса,
Азамат үшін сол жаза [42, 80-б].
Автор өлеңін аптаптай ыстық леппен, жанашырлық жалынмен түйіндейді:
38
Адасқан бауырым, елге кайт!
Сәлеміңді желмен айт.
Анаңдай бәрін кешіргіш
Елге қайт, бауырым, елге қайт!
Пейіштен бетер жерге қайт,
Өзіміз туған төрге қайт.
Елге қайт, бауырым, елге қайт! [42, 80-б]
Ол тұста — Отандастарды Отанға қайтару жөнінде Қазақстан
топырағында пенде баласы ауыз ашпаған, ол тұста мынандай жанашырлық
ұран тастау ақынның азаматтығына куә болар дәлел еді. Аталмыш өлең
Жамбыл облысы «Еңбек туы» газетінде 1977 жылы ақпан айында әзер басылған
екен. Ақынның ұлттық тұтастығымызды сақтауға әркез шақыратыны да айқын.
Мысалы, «Сақтық жыры» атты өлеңінде:
Түбірі тозған ағашты
Торғай да теуіп құлатар.
Бірлігі тозған Алашты
Кез келген Жармақ жылатар.
Бірлігің нықта: күн түгіл,
Айдың өзі де нұр атар.
Бірлігің нықта: қыр түгіл, —
Бетпақ далаң да гүл атар [54, 38-б].
Бүгінгі замандастардың назарына ұсынылған барлық ұлттық сақтық осындай.
«Үлкен қақтығыстан, өмір толқынынан, оқиғалар соқтығысынан, қат-
қабат тартыстардан жазушы бойын аулақ салса, тірліктің терең мәнін, адамдар
жүрегіндегі жұмбақ сырларды аша алмас» [55,299-б], - дейді қазақтың белгілі
ғалымы Р.Нұрғали.
«Әлихан Бөкейхановтың соңғы суретін көргенде» деп аталатын өлең 1991
жылы жазылып, «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланады. Сонда:
«Ғылыми» кілтипатын күнде өсірген
Жендеттер тандырмайды кімді есінен?!
Алдында жатыр міне фотосурет
Түсірген Бутырканың түрмесінен.
Қасқиған қара құздай қайсар ағам
Соққыдан қажып-жасып тайсалмаған.
Көзінің маздақ оты қаз-қалпында
Тұңғиык толғаныста ойшаң адам.
Нәубеті, қасіреті, сор кеселі
Зар заман арылмаған сол кешегі
Бұйырған үлесіне... Ал суретте
Әлихан Бөкейханов — Ел көсемі! [56, 195-б]
39
Халық көсемі ақталғаннан кейінгі оның аруағына арналған өлеңдердің
алғашқысы да осы туынды болып табылады. Күрделі бейненің бір қыры-
қайсарлығы келісті жырланған.
1990-1992 жылдарда жазылып жарияланған «О,менің, аруақты
бабаларым», «Бүгінгі қазақ толғауы» атты тебіреністі, отаншылдық сезім отына
толы өлендері мен «Елдіктің еңсесі» атты дастаны «Халық кеңесі», «Алматы
ақшамы» газеттерінде жариялануы ақын Мұзафар Әлімбаевтың елдік рухты,
ұлттық намысты жүйелі түрде шабыттана жырлап келе жатқанының айғағы.
Бір тақырыпты осыншама арналы, осыншама желілі, осыншама
ойлылықпен жырлау ақынның әрі табандылығы, әрі ұлтжандылығы болса
керек.
Ақынның лирикалық қаһарманының ой-сезім дүниесі қандай дегенде,
оның қазақ қыздарының бейнесін, қадір-қасиетін, кісілік келбетін сипаттағанда
толық, терең, жан-жақты ашылады.
Мысалы, М.Әлімбаевтың «Қайран қазақ әйелі-ай» деген өлеңі бар. Ақын
бұдан бұрынғы өлеңдерінде де әйел затына жақсы көзқарас білдіргенін білеміз.
Жар-қосақ, ақылды әйел, сымбатты қыз
Жүргенде жанымызда шуақты жүз,
Біз қандай ажарлымыз, көріктіміз,
Біз қандай құдіретті, қуаттымыз [42, 105-б].
Ер-азаматтың әйел заты алдында ардақтана арқаланатын мына өлең де
жақсы өрнектелген, өйткені болмысты бір параққа теңесек, сол парақтың бір
беті – әйелдер, екінші беті – ер азаматтар. Ақын сондықтан да осы тұтастықты
өзге бір өлеңінде:
Бал шарбаттай жұтарың –
Ләззаты мен азабы,
Махаббаттың кітабын –
Екі жүрек жазады» [42,108-б], - деп, өзгеше айшықпен жырлайды.
Шынайы сүйіспеншіліктің шындап от құшағына енгенде:
Жұлдыз да қолға қонады,
Бар әлем нұрға толады.
Үйіңе кірер күн өзі,
Биіктер көңіл күмбезі» [42, 111-б], - дейді.
«Махаббат жоқ жерде ақиқатта жоқ». Махаббат жастың жанын
жақсартады. Махаббат – жасампаз өнерпаздықтың қайнар көзі, өнерпаздықтың
жаңа өрлеріне бастайтынын да ақын М.Әлімбаев қаламынан тыс қалдырмаған:
Ғашық үшін қайғы не?
Әр жас Мәжнүн атанған.
Соғады арнап Ләйліге,
Бір-бірТадж Махалдан [42, 121-б].
Әлем кіндігі – адам. Әйел – сол адамның сезгіш, сүйгіш жаны, махаббат,
теңізінен жаратылған, адамгершілігін бастар асылы.
40
Қазақ қауымына үлкен ананың, алдағы әпкенің орны бөлек, тағылымы
мен қамқоры ерекше. Мұзафар Әлімбаев, міне, осы кісілікті де ескермей
өтпегенін көреміз:
Сыйлаған қыр баласын, тау ұлын да,
Сыйлы едің бүкіл қазақ қауымына.
Жылынып мейіріңе күн шуақты,
Бәріміз сыюшы едік бауырыңа [42, 120-б].
Сонымен жоғарыда аталған: «Қайран қазақ әйелі-ай» атты өлеңге келу үшін
ақын жалпы әйел затына әр тұста сөзден көрікті бояулар іздеп тапқанын
көреміз. Неге десеңіз, бұл өлеңнің түйіндегіш күш-қуаты мықты, мығым.
Қазақ әйелі бейнесін шағын көлемде-ақ сомдауға талаптанған автор оның
тұлғалық сипатты қырларын іздеген, іздеген де тапқан десек, асыра айтқандық
болмайды.
«Қайран қазақ әйелі-ай» өлеңінде:
Қорғансызға сілтенсе,
Қолын қақтың қанжардың.
Жазықсызға сүйкенсе
Жолын жаптың жанжалдың [47,114-б], - дейді.
Біріншіден, «қолын қақтың қанжардың» яғни «қанжардың қолы» деген
метафора тың нәрсе. Екіншіден, екінші және төртінші жолдардың тұтаса келіп,
жеті буынды бүтіндей ұйқас құрауы құлакқа күшті саз-әуен болып естіледі.
«Қолын қақтың қанжардың» және «Жолын жаптың жанжалдың» — астылы-
үстілі алты бірдей ұйқас зорлаусыз, тізеге салусыз-ақ, табиғи түрде жарасымын
тапқан. Осының өзі-ақ әлгі өлеңнің қызулы шабыт жемісі екенін дәлелдейді.
Қазақ әйелі қашаннан-ақ қорғансыздарға пана, жазықсыздарға арашашы болып
келеді. Ендеше, ол халық қамқоршысы. Олай болса, қазақ әйелінің осы
қасиетінің өзі-ақ оны шексіз сыйлаттырады, қадірмен атандырады. Енді екінші
шумақты оқып көрелік:
Қодарлардан жиіркеніп,
Безбей ғашық сорынан,
Бақыт таптың өртеніп
Қозы Көрпеш соңынан» [47,114-б].
Қос ғашықтың арасына жексұрын тікен боп қадалатын әкірең омыраусоқ
озбыр Қодарларды өзінің кісілік айбынымен тайқытып, тайраңдатпай
тастайтын сұстылығы бар Баяндар суреттеледі.
Үшінші шумақта:
Үзілгенді жалғасаң,
Түйін шие қалмайды.
Сенің қолың әрқашан
Жақсылықты жалғайды [47,114-б].
Ағайын арасынан әлдеқалай қара мысық жүріп кетсе, екі жактың да ебін
41
тауып, бітістіруге келгенде қазақ әйелі алдына жан салмайды, ол татуластырған
туыстар көңілінде әсте дық, сыз қалмайды, қазақ әйелі қашанда жақсылыққа
жақсылық жалғауды мақсат тұтады. Бұл мінезі де — қазақ әйелінің
қадірменділігіне куә!
Төртінші шумақтың көтерген ой жүгі де жеңіл емес, салмақты:
Ішке бүксең шындықты,
Кетердейсің жарылып.
Кештің талай сұмдықты,
Қадам сайын қағылып [47,114-б].
Ақиқатты бүгіп қалуға жұлдызы қарсы қазақ әйелі шындықтың шырайын
келтіруді өзіне парыз санаған. Өйткені жасырылған жалғандықтың жамандығы
бірде болмаса, бірде қайырылып соғып, халықты, жеке кісілерді қан қақсатуы
мүмкін.
Ақын жағымды қырларымен қатар, қазақ әйелінің кейде басқадай да
қылығы болатынын да бүгіп қалмаған:
Арбай салғың келсе егер,
Бұрсаң басқа сыңайға,
Құдайсынған ер сенер,
Секем алмас былай да [47,115-б].
Асқан ақылмен, тіпті айласымен де баурауға ниеттенсе, қазақ әйелінің ол
да қолынан келген.
Келесі шумақ та қазақ әйелінің қасиеттерін аша түседі:
Ащы ақиқат, сен айтсаң,
Тұщы боп тіл үйірер.
Азды ебіңмен молайтсаң,
Тойынады дүйім ел [47,115-б] .
Бұл - қазақ отбасындағы жаппай-жағалай растық, үздіксіз үрдіс деуге
келетіндей көрініс. Жаманаттың өзін жанды ауыртпастай жұмсақ қып жеткізу,
қазақ әйелдеріне тән мінез, ақылды ділмарлық, биязылық!
Ал енді қол қысқалықты білдірмей, берекесін келтіріп, көпті дастархан
мәзірімен ырзалап жіберуге казақ қыздары каршадайынан үйренеді, ер-
азаматының үйде жоғын да білдірмейді, тосыннан келген құдайы қонақтарды
дәм-тұзымен ырзалап, аттандырады.
Сегізінші шумақ бұдан да асқақ, абыройлы қасиетті қастерлеп
марапаттайды:
Арпалыстың үстінде
Ақыл қостың ханға да.
Бас имейсің күштіге,
Бас әміршің — Ар ғана [47,115-б].
Ханға ақыл-кеңес қосқан кемеңгер ханымдар аз болмаған, тіпті жан беріп
жан алысқан жанталас майдан шебінде де қазақ әйелдері жаудан біздің жұрттың
айласын асыруда көрегендік танытқандары да болған.
42
Тақтығына да тәңірі тұтпай жалбаңдамай, жағынбай арының айтқанымен
әрекет еткен қазақ әйелін: «Сен сөйттің» – деп еш пенде көзіне түрте алмаған.
Қолдан көшіп күнді-күн,
Жорықтарда қан кешкен.
Өз балаңның кіндігін,
Өзің кестің алмаспен [47, 115-б].
Көсем хан Кенесарының кіндіктес қарындасы Бопайдың сарбаздығы ғана
емес, сардарлығы аңызға айналып, біздің заманымызға да жетпеді ме?!
Сен жұбатсаң... торыққан
Күлер тойға барардай.
Сен қайрасаң, қорыққан,
Жаудан кегін алардай [47, 115-б].
Қасіреттен қабырғасы сөгілгенді, қара жамылғанды сөзбен сергітіп,
көңілін кетеруге де қазақ қызы ділмар келеді. Мысалы: итжеккенге айдалып
бара жатқан Байтұрсынға – Ахмет Байтұрсыновтың әкесіне сәлемдесуге келіп,
Баянауылдың Қызыл тауындағы бәйбішенің: «Ер жігітке серуен де — серуен,
сергелдең де – серуен, дәмің шеттен бұйырған екен, топырағың туған жерден
бұйырсын!» –деп тілек айтуы қандай кемеңгер кісілік!
Ал әйел, ана, ару қиын сынға түсер жігітіне жігер бере ақ тілеу айтса, су
жүректің өзі де сыр бермей ширай түскен.
Дүбірлі де дүрмекті
Ғасырларды бірге өттің
Қайран қазақ әйелі-ай!
Қадіріңе кім жетті? [47,115-б]
Ақын ерге ер, серіге сері сегіз қырлы, бір сырлы қазақ әйелін әспеттеп
бағалай білуге шақырады.
Қазақ әйелінің қасиеттілігін жырлаған ақындар аз емес. Солардың
сыбағалысының бірі - ақын Қадыр Мырзалиев. Ақынның «Қазақ әйелі» деген
өлеңі бар.
Төзіміңді берсе сенің темірге,
Темірдің де түгі кетпес, көмірге,
Қазақ қызы, қайран қазақ әйелі,
Не көрмедің, не көрмедің өмірде?! [46, 46-б]
Қазақ қызы қара жердің үстіндегі пендеге бұйырар тақсырет пен
тауқыметке шыдап бакқан. Ондай шыдам темірге бітсе, пәленбай жүз градус
қызулық беретін көмірге де қыңбас еді.
Қызды қатар қоймаса да ұлменен,
Азамат па қадіріңді білмеген,
Ақ жаулықпен орап алтын басыңды
Отпен кіріп, шығып жүрдің күлменен» [46, 46-б].
Тұрмыстың күйкі күйбеңімен тыпырлап тыным таппаған қазақ әйелі алтын
басым қор болады демеген, үй шаңырағындағы, жақын-жамағайынына,
43
бала-шағасына, күйеуіне, ата-енесіне аянбай қызмет көрсетуге қорынбаған. Ол
үрдісті өз борышым деп есептеген.
Заман сені жұмсағанмен күң санап,
Жаманнан да ала білдің мың сабақ,
Жүн иіріп, кілем тоқып өрнекті,
Шекпен тіктің, киіз бастың, жүн сабап [46, 46-б].
Еңбекқорлықты да қазақ әйелінен үйрену керек. Қазақ әйелі өз ұл-
қыздарын сол еңбекқорлықка баулыған.
Тәулік бойы алмайтұғын жыр тыным,
Тойда тыныш өтті ме екен бір күнің,
Үйдің ғана жыртығы емес, туыстық,
Достықтың да сен жамадың жыртығын [46, 47-б].
Ағайын арасында әрқашан дәнекер болуды қазақ қызы қашанда өзіне парыз
санаған. Келесі шумақ та негізгі идеяны тереңдете түседі:
Көк майсада қанның буы бұрқырап
Кісінесе иесіз тұлпар шұрқырап,
Арасында ағайынның кектескен
Қай кезде де өзің түстің шырқырап [46, 47-б].
Қазақ руларын қазақ ру-тайпасымен ұғыстырған әйелдер ғана емес, көрші
елдермен де тіл табыстырған сұңғыла арулар болғаны күмәнсіз шындық.
Тағдыр сенің жиғызбады есіңді,
Төзім сауыт тауқыметтей тесілді.
Жауға шаптың азаматтың жанында,
Орамалмен тартып тастап төсіңді [46, 47-б].
Жұмылған жұдырықтай болып ердің қасына жабысып жауға шүйілген
жалын жігерлі жас ару көзіңе елестегендей болады.
Екі ақын да қазақ қызының қаһармаңдығын сүйсініспен суреттейді.
Құм астында,
Су астында бір калаң.
Тарих біздің жұмбағы көп шырғалаң.
Шүкір дедің жаудан кейін,
Қойынында
Аман қалса он балаңнан бір балаң [46, 47-б].
Мына шумақ оқырманның тұла бойын шымырлатады. Келесі шумақта да
тарихқа куәлік бар:
Қыр қазағын кырған кезде Оқалы
Шапан киген Бұқара мен Қоқаның,
Мұрагерсіз қалмасын деп шалқыды
Өз қолыңнан алып бердің тоқалын [46, 47-б].
Қазақ әйелінің бүкіл халық қамын ойлаған кісілігін ақын дөп басып бір-ақ
детальмен кескіндеген.
Көлдей көріп махаббаттың тамшысын,
44
Күтіп өттің жақсылыктың жаршысын.
Егер бір ай көрінбесе сағындың
Күйеуіңнің өзі түгіл, қамшысын!» [46, 48-б].
Сүйген жарға деген кіршіксіз сезім, адал жүрек лүпілі!
Жолын кеспес қайнағаның, ағаның.
Сен бір гүлі, сен бір күні дананың.
Кітапсыз-ақ оқыдың сен кітаптай
Ата-анаңның қасы менен қабағын» [46, 48-б].
Ибалылық, көргенділік, әдепшілік, алыс-жақын ағайынның көңілін табуға
келгенде қазақ келіні өзінің алдына жан салмайды.
Тыныштыққа келтіре алмай тірлігін,
Өтті-кетті, өтті-кетті шерлі күн.
Өздеріңнің бастарыңда қазақтың,
Жазылмаған азабы мен ерлігі [46, 48-б].
Қазақ әйелі өткен жылдардың, бүкіл қазақ тарихының куәгері екенін екі
ақын да өлеңге сыйғызған.
Бір тақырып! Екі түрлі сезіну, екі басқа толғаныс. Екеуі де алға қойған
мақсатының үдесінен шыққан. Қ.Мырзалиев 11 буынды өлеңді қаласа,
М.Әлімбаев 7 буынды жыр өлшемін таңдаған... Өлең көлемдері де бірдей - 11
шумақ.
Сөз жоқ, ақын сомдаған лирикалык қаһарман тұлғасы мейлінше сом,
асқақ, жүрек толқытарлық. Мысалы:
Арманшылмын абыз қазақ атамдай,
Ақылдымын атаң айтқан мақалдай.
Дарындымын, жалындымын әкеңдей,
Кең далаға кең тарадым мәтелдей [47,383-б].
Ақынның «Мені» арқылы лирикалық қаһарманның ішкі рухани дүниесі,
атап айтқанда, әлеуметтік санасы, интеллектуалдық келбеті, идеялық-
эстетикалық мұраты, ар-иманы, мақсат-мүддесі, ұлттық дүниетанымы,
философиялық, эстетикалық көзқарасы терең жырланады.
45
|