Н. Ж. Туралина Қазақ поэзиясы: стиль және бейнелілік



жүктеу 5.96 Kb.

бет1/7
Дата15.03.2017
өлшемі5.96 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
 БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ  ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
УДК 821.512 122
Қолжазба құқығында
Н.Ж.Туралина
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ: СТИЛЬ ЖӘНЕ БЕЙНЕЛІЛІК
(М.Әлімбаев поэзиясы негізінде)
6М020500 – Филология мамандығы бойынша 
филология магистрі академиялық дәрежесіні ізденуге
магистрлік диссертация
ПАВЛОДАР – 2013
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 

Инновациялық Еуразия университеті
Қорғауға жіберілді: 
«Қазақ филологиясы» 
кафедрасының  меңгерушісі, 
филология ғылымдарының 
кандидаты, 
доцент ___________Ғ.Қ. Резуанова
 
«___»________________20____ ж.
Магистрлік жұмыс
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ: СТИЛЬ ЖӘНЕ БЕЙНЕЛІЛІК
(М.Әлімбаев поэзиясы негізінде)
мамандық: 6М020500 – Филология
Магистрант                            
_____________    Н.Ж.Туралина
Ғылыми жетекші,
филология ғылымдарының кандидаты_____________ Ғ.К.Резуанова
ПАВЛОДАР – 2013

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1 СТИЛЬ ЖӘНЕ БЕЙНЕЛІЛІК МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
1.1 Ақындық шығармашылықтағы стильдік ерекшеліктер негізі.................…....7
1.2 Ақындық өнер және шығармашылық үдеріс..................................................18
2 МҰЗАФАР ӘЛІМБАЕВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ СТИЛІ НЕГІЗІНДЕ
2.1 Мұзафар Әлімбаев поэзиясындағы лирикалық қаһарман бейнесі.................22
2.2 Ақын лирикасының бейнелілігі.......................................................................30
3 МҰЗАФАР ӘЛІМБАЕВ ЛИРИКАСЫНЫҢ БЕЙНЕЛІГІ  
3.1 Ақын лирикасының көркемдік ерекшеліктері.................................................46
3.2 М.Әлімбаев шығармарларының құрылысы мен құрылымы...........................64
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................83
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ.............................................85
2

КІРІСПЕ
Тақырыптың  өзектілігі.  Қазақстанның  халық  жазушысы,  мемлекеттік
сыйлықтың  лауреаты,  Ы.Алтынсарин  медалінің  иегері,  көрнекті  ақын,  көп
қырлы  талант  иесі  Мұзафар  Әлімбаевтың  шығармашылығы,  әсіресе  поэзиясы
туған  елінің  тарихына,  көркемдік  куәгер  екендігі  ешкімге  де  күдік  келтіре
алмас.  Мұзафар   Әлімбаев   шығармалары   негізінде   өлеңдеріндегі   көркемдік
ерекшеліктер арқылы, ақын стилін зерттеп, анықтау диссертациялық  жұмысқа
негіз болып отыр. Жұмыстың өзектілігі мен қажеттілігі  ақын шығармаларынан
көрінетін   тілдегі   көркемдегіш   құралдардың,   троптардың   қолданылуы   мен
шығарма табиғатындағы көркемдік ерекшелікті айқындаумен сабақтас болады. 
Мұзафар   Әлімбаев   өлеңдерін   тақырыптық-идеялық   жағынан
топтастырып,   автордың   өзіндік   стилін,   көркемдік   тәсіл,   ақындық   шеберлік
бағытында қарастыру жұмыстың өзектілік сипаты болып табылады. 
Ақын шығармашылығын зерттеген белгілі сыншы Б.Сахариев: «Мұзафар
кызығы да, қиындығы да, бейнеті де, зейнеті де мол шығармашылық жұмыстан
бір  күн  мойнын  босатпайтын,  өз  талантын  тынымсыз,  толассыз  толғаныс,
тебіреніс  арқылы,  іркілмей  іздену  арқылы  шыңдап,  біртіндеп  өсіп,  өндіре
жазып  келе  жатқан  жемісті  қаламгер»  [3,   277-б],   -  деген  жолдарынан  көп
нәрсені  аңғаруға  болады.  М.Әлімбаевтың  әр  алуан  жанрдағы  елуден  асқан
төлтума  кітаптары  жарық  көрген,  таңдаулы  өлең-жырлары  отыз  сегіз  тілге
аударылған.
Әдебиет  зерттеушісі,  ғұлама  ғалым  Б.Кенжебаев  акынның  кім  және
қандай  болуға  тиіс  екенін  былайша  түйіндейді:   «Ақын  деген  талантты,
дарынды,  ерекше  қабілетті,  аса  білімді,  мәдениетті  адам  деген  сөз.  Ол
жағдайды,  мәселені,  өмірдегі  өзгерісті,  жаңаны,  жақсыны  жұрттан  бұрын
көруге,  аңғаруға,  сол  көргендері  мен  аңғарғандарын  дәл  түюге  тиісті:  жұрт
білмегенді ол білуге міндетті. Сөйтіп, ол әрдайым тың, жаңа мағыналы, күрделі
ой-пікір,  дәл,  нанымды,  жарасты  сезім,  сурет  тауып  айтуға  тиісті»  [4,  67-б].
Ғалымның  ақындарға  қойған  талабы  тек  үздіксіз  ізденіс  арқасында  ғана
орындалмақ.  Б.Сахариевтың  жоғарыдағы  М.Әлімбаевқа  берген  бағасы
Б.Кенжебаев қоятын талаптарға толық лайық деуге болады.
Ақын М.Әлімбаев бірыңғай поэзиясын ғана күйттейтін ақын емес, оның
таланты сан қырлы. Ол әдебиеттанушы, қазақ поэзиясының, қазақ әдебиетінің
өзекті  мәселелерін,  өткен  замандардағы  және  бүгінгі  ақындарымыздың
шығармашылығын  талмай  зерттеуші.  Оның  «Қалам  қайраты»,   «Толқыннан
толқын туады», «Өмір. Өнер. Өнерпаз», «Көңіл күнделігі», «Өрнекті сөз - ортақ
қазына» сияқты зерттеу кітаптары көпке белгілі еңбектер.
Мұзафар  Әлімбаев  халық    фольклорын  жинаушы  ғана  емес,  сонымен
бірге  мақал-мәтел  жанрын  ондаған  жылдар  бойында  зерттеген  ақын.
М.Әлімбаевтың  «Өрнекті  сөз  -  ортақ  қазына»  деген  монографиясы  (1967)
мақал-мәтелдерді аударудың теориясын жасап, тәжірибесін анықтаған еңбек.
3

Тәжірибелі  әрі  беделді,  шебер  тәржімашы  Мұзафар  Әлімбаев  дүние
жүзінің  85  халықтары  мен  ұлыстарының  мақал-мәтелдерін  және  әйгілі
тұлғалардың нақылдарын (бас-аяғы 30 мындай) қазақшалап, 7-8 кітап шығарған
кісі.
 Мақал-мәтелдерді
 зерттеуі 
Мұзафар 
Әлімбаевтың 
поэзиясын
сұлуландыруға, көріктендіруге әсерін тигізгенін анык байқауға болады.
Акын Мұзафар Әлімбаевты қалың қауым, оқырмандар ұстаз қаламгер деп
бағалайды.  Оның  бұл  саладағы  еңбегі  ұлы  педагог  Ы.Алтынсарин  медалімен
марапатталуы тегін емес. 
Халыққа  кең  танылған  ақын  М.Әлімбаев  қазақ  әдебиетінде  естелік
жанрын  қалыптастыру  мен  өркендетуге  де  зор  үлес  қосты.  Ол  қазақтың  50
шақты  ұл-қыздары  жөнінде  үлкен  біліктілікпен,  ыстық  сүйіспеншілікпен
естеліктер жазып, жариялады. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, А.Жұбанов,
Б.Момышұлы,  С.Мәуленов  және  т.б.  жөніндегі  естеліктер  ғибраттылығымен
қымбат. «Өмір.  Өнер.  Өнерпаз»  және  «Көргендерім  көңілде»  атты  кітаптары
осыған дәлел.
Мұзафар  Әлімбаев  көркем  аударма  саласында  да талмай еңбек етті.  Ол
зерттеу  еңбектерінде  көркем  аудармаға  да  көп  көңіл  бөледі.   Көптеген
халықтардың 80-85-тей акындарының поэзиясын қазақшалаған. Оның Шандор
Петефи,  Сағди,  Тоқтағұл,  Пушкин,  Апиолинер,  Фучик,  Райнис  және  т.б.
аударма өлеңдері қазақ оқырмандары көңілінен шыққан дүниелер.
Байқағыш,  алғыр  ойлы  М.Әлімбаевтың  басқа  ақындардың  әлі  көзі
шалмаған  тосын  сюжеттерді  тауып,  аз  сөзбен  сурет  жасайтын,  сюжетті  оқиға
динамикасына  зор  мән  беретіні  —  жас  ақындарға  жақсы  мектеп  дерліктей.
Мұзафар  Әлімбаев  бұрын  жырланған  сюжеттерді   қайталамауға   тырысады,
әрқашан  мәнді  идеяны  танытар  тартымды  оқиғаны  кейде  өз  қиялымен  ойлап
табатыны — өнегелі үрдіс. 
М.Әлімбаевтың ақындық өнерпаздығы және кейбір шығармалары туралы
М.Қаратаев,  Қ.Бекхожин,  З.Қабдолов,  С.Қирабаев,  Ғ.Қайырбеков,  Т.Кәкішев,
Қ.Мырзалиев,  Т.Молдағалиев,  А.Сейдімбеков,  Б.Сарбалаев,  Зоя  Кедрина  және
тағы басқалар сын-мақалалар жазған. Диссертациялық  жұмысымызда олардың
түйінді  ой-толғамдарын  мүмкіндігінше  ғылыми  саралауымызға  өзек  ретінде
пайдаланып отырдық.
Жұмыстың  мақсаты.    Қазақ   поэзиясындағы   стиль   және   бейнелілікті
М.Әлімбаев   поэзиясы   негізінде   анықтау.  Мұзафар  Әлімбаевтың  поэзиялық
шығармаларын  талғам  таразысынан  өткізіп,  іріктеп,  сұрыптап,  жүйелі  түрде
талдау,  акындық  мәдениетін,  көркемдік  ізденістерін,  эстетикалық  таным
дәрежесін  дәлелдеп  көрсету,   ақынның  суреткерлік  даралығын,  идеялық-
тақырыптық  нысанасын,  философиялық-эстетикалық  қырларын,  ұлттық
көркемдік дәстүрге қосқан үлесін, қазіргі қазақ поэзиясында алатын тиісті орны
мен  лирикасының  бейнелілік  сипатын  ашу  —   диссертациялық    жұмыстың
басты мақсаты. 
Аталмыш мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:
4


ақын шығармашылығындағы стиль ерекшеліктерін анықтау;

ақын поэзиясының тақырыптық–идеялық мазмұнын  айқындау;

лирикалық қаһарман бейнесін  ашу;

дәстүрлі   ақындық   шеберліктің   ақын   шығармаларында   көрінуі,   көне
үлгілердің жаңарып, жаңғыруы;

өлең кестесіндегі көркемдегіш құралдардың, бейнелі сөздердің қызметі,
алатын орны. Метафора, теңеу, эпитет, метонимия, кейіптеу секілді тілдік,
образдық, бейнелі сөздерді қолданудағы амал-тәсілдері;

образдық-бейнелілік   жүйесіндегі   жаңалықты   құбылыс,   күрделі
абстракциялық тілі, сөздердің сымбат-көркін ашуы;

шығармаларындағы   көркемдік   компоненттер   үйлесімі,   олардың   бір-
бірімен өзектес құбылыстар екендігі;

ақын   шығармаларындағы   көркемдік   ерекшеліктердің,   түрлі   сөз
қолданыстарының   табиғат,  қоғам,   жеке   адам   өмірін   сипаттауда   алатын
орны.

М.Әлімбаев   өлеңдерінің  құрылыс  жүйесіндегі  жаңалықтарды,  тың
тәжірибелерді анықтау;
Зерттеудің  ғылыми  жаңалығы.  Мұзафар  Әлімбаевтың  лирикасы
көркемдік-эстетикалык  және  теориялық  тұрғыдан  жан-жақты,  жүйелі
қарастырылып,  арнайы  зерттеуге  арқау  болып  отыр.  Қазақ   поэзиясындағы
стиль және бейнелілік М.Әлімбаев шығармашылығы негізінде қарастырылады. 
Қазақ балалар поэзясының дамуына сіңірген зор еңбегі және әдеби сында
лайықты   бағалануына   қарамастан   Мұзафар   Әлімбаевтың   балаларға   арналған
шығармалары   әдебиеттану   ғылымында   өзінің   зерттеушісін   әлі   тапқан   жоқ.
Белгілі сыншылар мен ғалымдардың, ақын-жазушылардың жекелеген пікірлері
болмаса, ақынның балаларға арналған өлеңдерін ғылыми тұрғыдан жан-жақты
қарастыратын   арнайы   еңбек   жазылған   жоқ.  Осы   тұрғыдан   келгенде   ақын
М.Әлімбаев шығармашылығын тұтастай алып зерттеу, шығармаларын жанрлық
ерекшеліктеріне   жіктеу,   оның   туындыларындағы   автордың   шеберлігін,
көзқарасын таныту  және сол арқылы қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау
– жұмыстың басты жаңалығы болып табылады. 
Зерттеу  нысаны.  Жұмыстың   зерттелу   көзі   –   ақын   шығармаларының
көркемдік ерекшелігін, сөз өрнектерін талдау болмақ.
Мұзафар  Әлімбаевтың  «Қарағанды  жырлары»,   «Лирика»,   «Менің
Қазақстаным»,   «Тандамалылар»,   «Жолдар-жырлар»,   «Жүрек  лүпілі»,   «Көңіл
күні»,   «Балдәурен,  шіркін,  балалық»,   «Ақмаңдайлым»,   «Сүймеген  жүрек
семеді» т.б. жыр жинақтары.
Зерттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері. 
Ұлттық  әдебиеттану  ғылымының  аса  көрнекті  өкілдерінің,  атап  айтсақ,
А.Байтұрсынов,
 М.Әуезов,
 Қ.Жұмалиев,
 Е.Ысмайылов,
 М.Қаратаев,
М.Базарбаев,  Б.Сахариев,  Б.Кенжебаев,  З.Ахметов,  З.Қабдолов,  С.Қирабаев,
5

Т.Кәкішев,  Ш.Елеукенов,  Ә.Нарымбетов,  Р.Нұрғали,  Қ.Мәшһүр-Жүсіпов,
С.Негимов секілді т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектері құрайды. Сонымен қатар
В.Г.Белинский,  Г.Н.Поспелов,  Б.В.Томашевский,  Л.Н.Тимофеев,  Г.О.Винокур
т.б. еңбектеріндегі ғылыми-теориялық қағидалар басшылыкқа алынды.
Зерттеудің  ғылыми  практикалық  мәні.  Қазақ   әдебиетін,   оның   ішінде
поэзияның   тіл   кестесін,   өлең   өрімін,   саздылығы   мен   әуезділігін,   яғни,
көркемдік, сапалық қасиетін жан–жақты қарастыратын әдебиет теориясы. Сол
себепті   диссертациялық   жұмыстың   негізгі   тұжырымдары   мен   нәтижелерін
жоғары   оқу   орындарында  М.Әлімбаев  поэзиясы   бойынша   оқылатын   арнайы
курстарда   пайдалануға   болады.     Сондай-ақ   жоғары   оқу   орындарында   жеке
қаламгер  лабороториясын,   ақындық  әлемiн  арнайы  курстар  ашып  оқытқанда
бұл еңбектiң көмекшi құрал ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
  Зерттеу   әдісі.  Зерттеу   жұмысын   жазу   барысында,   талдау,   жүйелеу,
жинақтау, тұжырымдау әдіс-тәсілдері қолданылды. 
Зерттеу жұмысының құрылымы.  Диссертациялық   жұмыс кіріспеден,
негізгі үш негізгі бөлімнен (әрқайсысының тараушалары бар) және қорытынды
және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Қолданылған әдебиеттер тізімі
55 атаудан тұрады. 
6

1 СТИЛЬ ЖӘНЕ БЕЙНЕЛІЛІК МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
1.1 Ақындық шығармашылықтағы стильдік ерекшеліктер негізі 
Стиль мәселесі әдебиеттану ғылымының маңызды нысандарының бірі.
Стиль-әдеби   дамудың   деңгейі   мен   бағыт-бағдарын   тануда,   көркем
шығармашылықты бағалауда ерекше орны бар ұғым. Ең алдымен ол «Stilus»
сөзінен   өрбитіні   стильге   қатысты   теориялық   еңбектерде   қайталана   айтылып
келеді. (Stylos) балауызбен сырлаған тақтаға сөз жазуға арналған үшкір таяқша.
Ескі замандарда қағаздың орнына тақтайды балауызбен сырлап, соған сөз жазу
көп елдерде болған. Жазатын құралдары (stylos) деп аталған [1, 23-б]. Ол сурет
өнерінде де пайдаланылған. Қазіргі кездегі қыл қаламның жұмысын атқарған.
Әу   бастағы   хатнама,   жазуларды   осы   «стило»  арқылы   түсірген.   Осыған   орай
антикалық   дәуірдің   өзінде   «стиль»   сөзі   ауыспалы   мағынада   пайдаланылып,
«қолтаңба»,   «хат   жазу»   деген   ұғымды   білдірген.   Бұл   мағына   ұзақ   уақыт
сақталып   келіп,   уақыт   өте   адамның   сөз   саптау  мәнерін   білдіретін   терминге
айналды.   «Стиль»   термині   әр   түрлі   ғылыми   салада   пайдаланылады.   Қазіргі
қазақ әдеби тіліндегі стильдік тармақтар туралы бірізді пікір жоқ. 
Әдебиеттану қырынан қарағанда, стиль – жазу машығы, яғни жазушының
жеке шығарманың, әдеби бағыттың, ұлт әдебиетінің өзіндік сипатын танытатын
бейне жүйесінің, көркемдеу құралдарының тұрақты жиынтығы.
Стильдің   өзге   поэтикалық   категориялардан,   әсіресе,   көркемдік   әдістен
басты айырмашылығы – оның нақты жүзеге асқан үлгіде көрінуінде. Стильдік
ерекшеліктер көркем шығарманың сыртқы пішінінен бастап, бүкіл болмысында
көзге ұрып тұрады. Кең тұрғыда алып қарасақ, стиль шығарманың тұтастығына
негіз болып тұратын көркемдік пішіндердің құрылымдық ұстанымы. Бұл тұста
әр дәуірге тән ортақ стильдердің де, сондай-ақ жеке қаламгерлер стилінің де
болатынын есте сақтау қажет.
«Стиль»   ұғымы   түрлі   деңгейде,   яғни   белгілі   бір   дәуірдегі   әдебиет
дамуының   ерекшеліктерінен   бастап,   әр   түрлі   әдеби   бағыттар   мен   әдістердің
(классицизм,   романтизм,   реализм   т.с.с.)   ерекшеліктері,   жеке   қаламгерлер
шығармашылығына   тән   ерекшеліктер,   сондай-ақ   жеке   шығарманың
ерекшеліктеріне дейінгі түсінікті қамтып, қолданыла береді.
Әдебиеттану еңбектерінде көпшілік қаламгерлерге ортақ стильден гөрі, жеке
қаламгердің   өзіндік   стилін   қарастыруы   жиі   кездеседі.   Соған   орай,   стиль
ұғымын   жеке   қаламгерге   тән   ерекшелік   ретінде   қабылдау   дағдысы   кеңірек
тараған. Әлбетте, стильді бұл үлгіде танып-білудің мәні үлкен. Оның себебі,
біріншіден,   стильді   жеке  қаламгерге   қатысты   қарастыру   әдебиет   туындысын
тереңдете танып –білуге, оның құрамдас бөліктерін өзара органикалық бірлікте
және тығыз байланыста талдауға мүмкіндік береді,  екіншіден, жеке стильдерді
танып-білмейінше,   қаламгерлердің   басым   бөлігіне   ортақ,   кең   ауқымдағы
7

стильді тану да мүмкін емес. Олай болса, қаламгер стилі немесе жеке шығарма
стилі дегенде нені түсіну керек?
Бұл   сауалға   жауап   ретінде   стильге   мынадай   анықтама   беруге   болады:
стиль – әдеби шығарманың мазмұнын құрайтын көркемдік құрылымның (тіл,
сюжет, композиция т.с.с)  өзіндік даралық белгісі. Стильді шығарма мазмұнын
құрайтын   біртұтас   көркемдік   құрылымның   идеялық-көркемдік   даралығы   деп
түсіну   жеке   шығармадағы   көркемдік   ерекшеліктердің   санына   негізделмейді.
Керісінше,   көркемдік   құралдардың   өзара   органикалық   байланыстағы   тұтас
жүйе ретінде пішін арқылы мазмұнды бейнелеу даралығы болып табылады. 
Стиль даралығы, әсіресе, әр қаламгердің көркем тіл ерекшелігінен айқын
байқалады.
  «Стильдерді   топтастыру   проблемасы   да   тіл   білімінде   әлі   тиянақты
шешілмеген,   даулы   мәселенің   бірі.   Стильдерді   топтастырудың   дәстүрлі,
қалыптасқан, бұрыннан белгілі принципі жоқ. Тіл стильдері туралы қазірде әр
түрлі   көзқарастар   бар»   –   дей   келіп,   орыс   тіл   біліміндегі   стильдерді
топтастырудың тармақ саны мен түрлерінің бірдей емес екендігін, бір еңбекте,
А.Н.Гвоздев   ең   алдымен   екіге   бөліп,   олар   өз   ішінде   бірнеше   тармақтан
тұратынын, екінші бір авторларда А.Е.Ефимов, В.П.Мурат алты түрге бөліп,
саны сай келгенмен атаулары бір емес екендігін, тіпті кейбіреулері стиль санын
онға жеткізетінін көрсетеді» [1, 15-б].
Зерттеушілердің басым көпшілігі мынадай стильдік тармақтарды көрсетеді:
– ресми іс-қағаздар немесе кеңсе тілінің стилі;
– публицистикалық стиль (газет-журнал тілінің стилі);
– ғылыми-техникалық әдебиеттің стилі;
– оқу-педагогикалық әдебиеттің стилі;
– көркем әдебиет стилі;
Әдебиеттану. Терминдер сөздігінде «стиль дегеніміз – өмірдің белгілі бір
саласында   қолданылуда   танылып,   тарихи   қалыптасқан   тілдік   тәсілдердің
жүйесі», -деп анықталған [1, 15-33б].
Демек,   стиль   ең   алдымен   қолданылуда   өзіндік   ерекшеліктері,   айырым
белгілері   бар   тілдік   элементтер   жүйесі   немесе   әдеби   тілдің   өзіндік   сөздік
құрамы бар, грамматикалық тұлғалары бар сараланған бір бөлігі. Стиль әдеби
тілдің даму барысында қалыптасады. Ғылым ретінде стильдің филологиялық
және өнертанымдық ұғымдарын тағы да екі бағыттағы концепциямен дамытып
зерттей бастайды. Олар: лингвистика мен әдебиеттану.
Тіл туралы лингвистика ғылымы фонетика, лексикология, грамматиканы
ғана   емес,   стильді   көп   қырлы   құбылыс   ретінде   қарастырған   уақытта   тілдің
мәнерлі,   құнарлы   жағын   да   құбылыс   деп   талдады.   Стильді   көп   зерттеп,   ол
туралы   көптеген   құнды   пікірлер   айтқан   академик   В.В.Виноградов   өзінің
«Проблемы   авторства   и   теория   стилей»   атты   еңбегінде   стильдің   көп
мағыналылығына   айрықша   тоқталады.   Тіл,   көркем-өнер,   әдебиет,  ғылым,   не
басқа   да   өмір   саласында,   әр   түрлі   ұғым   мағынасында   қолданылатындығын
8

дәлелдейді.   Сәулет   өнеріндегі:   готикалық   стиль,   ионикалық   стильдер,   сурет,
музыка өнерлерінің өздеріне сәйкес стиль термині жиі қолданылады. Өмірдің
басқа     саласында   да   «стиль»   туралы   аз   айтылмайды.   Құжат   стилі,   ғылыми
стиль, жұмыс стилі, газет стилі, т.б. тілде стиль, стилистика әрдайым сабақтаса
жүреді.   Әдебиетте   прозалық,   фельетондық,   сатиралық,   юморлық   стиль   деп
айтып жатамыз. Стиль әдебиетте негізінде екі түрлі мағынада: кең және жай
мағынада қолданылады. Кең мағынасында – әдебиет тарихы, теориясы, әдеби
сында   XVIII   ғасырдан   бері   қарай   стиль   –   әдебиет   әдісі   ұғымында
пайдаланылып келеді. Жалпыға мәлім классицизм, сентиментализм, романтизм,
реализмдер әдебиет стилі деп аталады. Қазіргі әдебиеттану ғылымында әдеби
әдіс бұрынғы стиль ұғымында қолданылады.
Стильдің   екінші   мағынасы,   яғни   стиль   деп   әр   жазушының   өзіне   тән
ерекшеліктерін   ұғыну.   Р.А.Будагов   «тілдік   стиль   дегеніміз   –   тарихи   түрде
қалыптасқан   жалпыхалықтық   тілдің   бір   бөлігі,   өзге   тілдік   стильдерде
қайталанса, енді бір бөлігі арқылы бір тілді екіншісінен айқындап, оқшаулап
тұрады»–дейді.   Ал,   В.В.Виноградов:   ауызекі   тіл   мен   жазу   тілінің   екі   түрлі
екенін,   сонымен   бірге   лингвистикалық   стильді   сөз   құбылыстары   ретінде
қарастыратынын көрсетіп берді [2, 35-б].
Стиль жазушының барлық туындыларын түгел қамтиды. Жай қарағанда
бір-біріне ұқсамайтын секілді жазушының әр өлеңін тереңірек зерттесек, өзара
ұқсастығын   көреміз.   Стиль   ұғымына   жазушының   тілі,   сөйлем   құрылысы,
мәнері,   шығармаларының   композициясы,   оқиға   дамыту   әдістері,   тақырып
таңдаулары,   жанрлық   ерекшеліктері,   тағы   да   басқа   компоненттері   кіреді.   Ең
ортақ   мәселесі   –   идеялық   мазмұны.   Қазақ   жазушыларының   тілі   бейнелі,
құнарлы екеніне иек артып, қазір біраз әдебиеттанушыларымыз стиль дегеніміз
тілдің байлығы деп ұғады. Рас, бұл да-стиль. Әдебиеттану ғылымында көркем
әдебиеттегі  стильді  біртұтас  құбылыс  ретінде  қарастыру салдарынан,     әдеби
стиль туралы таластардың екіге бөлінуі орын алып отыр. Біріншісі – стильді
лингвистикалық   қырынан   ғана   қарастыру.   Екіншілері,   әдеби   стильді   тек
өнертанымдық   концепциямен   ғана   зерттеуді   жөн   көреді.   Сонымен   бірге
әдебиетті сөзбен сурет салу, өнер деп қоса түсіндіруді де орын алып келеді.
Сондықтан әдеби стильді зерттегенде таразының екі басын тең ұстаған жөн.
Стиль,   әр   ақынның   шығармашылық   ерекшелігін   танытатын   маңызды   сипат
болғандықтан, оны жан-жақты және терең зерттеу қажет. Сонымен бірге, стиль
мәселесін сөз еткенде, шығарманың мазмұнынан ажыратып зерттеу қисынсыз.
Стиль  ақын шығармасының  әрі  идеялық,  әрі көркемдік ерекшелігінің  бірлігі
болуы тиіс.
Стиль   ақынның   көркемдік   құралдарын   өзінше   жетілдіру   шеберлігімен
тікелей   байланыста   болады.   Стиль   жөніндегі   пайымдаулардың,   айтыс-
тартыстардың   бәрін   жинақтайтын   болсақ,   оны   кең   мағынада,   түрлі   арнада
түсіндіруге болады. Стильдің әдіс немесе ағымдық алмастыру болғанына көңіл
бөлсек   зерттеуші   Қ.Жұмалиев   нағыз   стильді   тек   талантты   жазушыдан   ғана
9

табуға   болатынын   атап   көрсеткен.   «Стиль   –   шын   талант,   ұлы   ақын
жазушылардың қаламдарына ған сипат–дейді ол. Кез келген ақын жазушыдан
стиль іздеу бекершілік. Өйткені барлық өлең қиыстырушыларды ақын, сөз жаза
білушілерді жазушы десек қателескен болар едік. Дарын жоқта – стиль жоқ. 
Бұл   екеуі   сабақтас.   Әдістен   тыс   стиль   жоқ.   Стиль   әдістің   құрамымен   ғана
танылады» [15,123-б].
Ақынның тіл шеберлігіне, сөз саптауына ырғақ, ұйқас, өз ерекшелігіне
байланысты өзгешелігі стильдің құрамында ғана танылады. 
Стиль термині әр түрлі ғылым саласында (әдебиеттану, өнер, тіл білімі,
мәдениеттану,  эстетика)  қолданылады.   Эстетикалық   категория   ретінде   стиль-
шығармашылық   үрдістің,   көркемдік   ойлау   процестің,   көркемдік   қарым-
қатынасты туындының  факторы  болып табылады.
Өлеңге, әрбір суретке, әрбір сөзге, поэзиялық нәр, көрік беретін- ақындық
ой   сезімнің   таңдауы,   көркемділігі.   Стиль   ұғымы   түрлі   деңгейде,   белгілі   бір
дәуірдегі әдебиет дамуының ерекшеліктерінен бастап әр түрлі әдеби бағыттар
мен   әдістердің   ерекшеліктері,   жеке   қаламгерлер   шығармаларына   тән
ерекшеліктер,   сондай-ақ   жеке   туындының   ерекшеліктеріне   дейінгі   түсінікті
қамтиды.   Стильді   көбіне   жеке   қаламгердің   жазу   ерекшеліктерімен
байланыстырады. Себебі әрбір әдеби шығарма оқырманға оны жазған автордың
шығармашылық   ерекшеліктерін   танытады.   Оны   тілден   де,   тақырып   пен
идеядан да, образ жасау тәсілінен де аңғаруға болады. Стиль қалыптастыратын
кезең, шығармашылық өрлеудің жоғары сатысы. Бұған жету үшін, шыңдалған
суреткерлік   шеберлік   керек.   Стиль   даралығы,   әр   қаламгердің   көркем   тіл
ерекшелігінен айқын байқалады. 
Көркемөнердің көп салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі –
көркем әдебиет.
Көркем   әдебиеттегі   стиль   туралы   сөз   қозғағанда,   оның   қаламгер
қолтаңбасын   дараландырып   тұратын   поэтикалық   сипатына   үңіле   қарамас
бұрын, ол туралы айтылып жүрген пікір-тұжырымдарға назар аударғанда Гегель
еңбегін айналып өтуге болмайды. Өзінің әйгілі «Эстетикасында» Гегель мәнер,
стиль, және даралық ұғымдарын бір-бірімен тығыз байланыста қарап, белгілі
бір   қорытындыға   келеді.   «Қалай   болған   күнде   де   біз   суреткерден
объективтілікті талап етуіміз керек. Бейнелеу- суреткер шабытының жемісі. Ол
субъект   ретінде   затпен   (құбылыспен)   түбегейлі   жымдасып   ішкі   әлеміндегі
құбылыстармен   өз   қиялын   үндестіріп,   көркемдік   тұрғыда   жүзеге   асырады»,
[19,302-б] – дей келе суреткер субъектімен бейнелеудің объективтілігі негізгі
аспектіні   құрайтынын   айтады.   Гегельдің   пайымдауынша   мәнер   жеке   тұлғаға
қатысты. Сол себепті де оны суреткердің ерекшелігі деуге болады. Демек мәнер
де,   даралық   та,   көркем   шығарманы   тудыру   барысында   байқалады   және   сол
нәрсенің өзіңде, оның айрықша бейнеленуінде көрінеді. 
Стильдің   барынша   қалыптасып,   жетілуі   даралыққа   әкеледі.   Дегенмен
даралық  стильдік   заңдылықтан  ғана   тұрмайды.   Суреткер   жалаң   мәнерге бой
10

ұрмағанда   ғана   өзі   үшін   аса   маңызды   материалды   туындатады.   Өзінің   ішкі
сезімін басқара отырып, жалпы идеал ұғымымен сәйкес өзіндік түйсік пен өнер
заңдылығын   үйлестіре   отырып,   тың   болмыс   қалыптастырады.   Әдетте,
даралықты ғажайып туындының дүниеге келуі деп білеміз. Алайда, оны белгілі
бір субъекте ғана тән деуге болмайды. 
Қазіргі таңда «байыбына бармай шатасып жүрген мәселенің бірі – стиль
мәселесі.   Стильді   әдебиеттану   ғылымы   тұрғысынан   эстетикалық   категория
ретінде   қарастырғанда,   оны   шығарманың   тұтас   құрылымымен,   бүкіл
болмысымен   қарастыру   бірден-бір   дұрыс   жол.   Стиль   суреткер   талантының
даралық қуатын көрсететін сапалық белгі  екенін ескерсек, стиль мәселесін сөз
еткенде көркем туынды тұтастай назарға алынбақ.  
«Көркем   туынды   стилінің   құрылымы   күрделі   әрі   көп   қабатты»   дей
отырып,   әдебиеттанушы   ғалым   Ю.Б.Борев   сол   қабаттарды   жүйелі   түрде
көрсетеді.   Ғалым   тұжырымы   негізінде   қарасақ,   онда   стильдің   құрылысын
төмендегідей   қабаттарға   жіктеп   қарастыруға   болады:   бірінші   қабат   –
тақырыптың-интонациялық тұтастық», екінші қабаты – ұлттық-стилистикалық
тұтастық, үшінші қабаты – ұлттық-стадиялық стиль, төртінші – әдеби-көркем
ағым   стилі,   бесінші   –   суреткердің   көркемдік   ойлау  ерекшелігін   бейнелейтін
дара стилі, алтыншы –шығармашылық кезең стилі, жетінші- көркем шығарма
стилі,   сегізінші   –   көркем   шығарма   элементтерінің   стилі,   тоғызыншы   –   өмір
сүріп   отырған   кезеңнің   барлық,   көркемдік   құбылыстарын   бірікітіретін   дәуір
стилі   [13,704-б].   Стильдік   тұтастықты,   оның   көп   қабаттылығын   талдаған
ғалымның   бұл   пікірі   стиль   жайлы   айтылып   келген   бүкіл   тұжырымдардың
жинақталып, қорытылуы тәрізді. Ұлттық, әдебиеттану тарихына көз жүгіртсек,
стильге қатысты бірсыпыра пікір-тұжырымдарға кез боламыз. 
Профессор З.Қабдолов «Әдебиет теориясының негіздері» деген еңбегінде
бір   жазушының   барлық   шығармасында   болатын   идеялық   бірлікпен   қатар,
тақырып, мінез, тіл бірлігіне де байланысты ерекшелікті қысқаша тізіп келіп
былай ой түйеді: «Сонымен біз әрбір жазушының барлық шығармашылығының
өн бойынан идеялық-көркемдік негізді тақырып арқылы ғана, тек жазушыға тән
ерекшелігін аңғарамыз.Мұндай ерекшелікті жазушы творчествосының мазмұны
мен пішініне ғана басқа жағдайлардан да іздеп таба беруге болады. Міне, стиль
дегеніміз әр жазушының бойындағы шығармашылық ерекшелігі» [3,52-б].
Стиль –  көркем шығарманы жазу дәстүрі, жазудың мәнері, өзіндік үлгісі.
Бірақ тілшілердің дәлелдегеніндей көркем шығармада сөз қолдану тәртібі ғана
емес. Әдебиеттік стильдің мағынасы одан әлдеқайда кең. Әдеби стиль көркем
шығарманың   тақырыбын,   идеясын,   мазмұнын,   көркемдік   ерекшелігін,   тілін,
композияциясын   тағы   да   басқа   жақтарын   қарастырады.   Стиль   жазушы
шығармашылығының барлық жағын, оның көркемдік құралын түгел қамтуға
тиіс. Онсыз, тек сөз саптау тұрғыдан ғана қарау – көркем әдебиеттің дамуына
кепіл бола алмайды. Сөзбен бір адам екінші адамға өзінің бір ойын білдіреді.
Ал көркем өнермен адам бір-біріне сезімін жеткізеді. Сезім сөзден шықпайды.
11

Сөзден   тек   түсінік  шығуы  мүмкін.   Сезім  әрекеттен   шығады.   Әрекет,  тартыс
болмаса,   қандай   күйзелу,  қандай   сезім   болуы   мүмкін?   Онда   да   тартыстың,
әрекеттердің күштілері ғана оқырманын қуанта, не күйзелте алады. Тартыс, іс-
әрекет күшті болса, сезім де күшті. Қандай да бір көркем шығарманың міндеті –
оқушысын ерекше бір әсер, сезімге бөлеу. 
Стиль жазушының барлық туындаларын түгел қамтиды. Жай қарағанда
бір-біріне   ұқсамайтын   секілді   жазушылардың   шығармаларына   тереңірек
үңілсек, әр шығарманың өз ара жақындығын, бірліктерін көреміз. 
Жазушының құралы – тіл. Әлемді таң қалдырған көркем туындылардың
бәрі   де   тіл   арқылы   оқиғаны   қалай   дамыту,   адам   мінезін   қалай   жасау,
психология,   күйініш-сүйініштерді   суреттегенде   жан   тебірентерлік   дәрежеге
жеткізу, қатысушылардың сөздерін өз ортасына, жастарына, ой-сана, қоғамдағы
орны мен тіршіліктеріне сай, тән, шындыққа дәл етіп бере білу, тілдің сиқырлы
күші арқылы жасалады. 
Сүтпен кіріп, сүйекке сіңген тілді әркім біліміне, өмір тәжірибесіне қарай
әр алуан түрде ұштайды. Әр ақынның өзінше сөз саптауы, сөйлем құрастыру,
сөзіне өзінше мән беру, ана тілі негізіне сүйене отырып жаңа бір тыныс жасау,
сөйлемдегі сөз тіркестерінің дағдыдағы қалпын өзгерту, кейде архаизм, кейде
неологизм,   кейде   сөз   ауыстыру,  кейде   инверсия,   эллипсистер   арқылы   мүлде
күтпеген   жерден   әдебиетте   бұрын   кездеспейтін   бір   жаңалықтарға
жазушылардың   қолы   жетеді.   Осындай   жайттардың   негізінде   әр   жазушының
өзіне   тән   ерекшелік   стилі   келіп   туады.   Көркем   шығарманың   идеялық-
эстетикалық мән-мағынасы, мазмұны оқырманға сөз құдіреті арқылы жетеді.
Қаламгер   туған   тілдің   түпсіз   тереңінен   өзінің   ой-өрісіне,   түсінік   талғамына
сәйкес   келетін   өрнектер   мен   әдіс-тәсілдерді   іздейді.   Осы   әдіс-тәсілдер,   тың
қолданыстар   арқылы   әрбір   қаламгер   өз   оқырманының   жүрегіне   жол   тауып,
оның көкірегіне жоғары адами қасиеттердің нұрын, ізгілік ұрықтарын себуге
тырысады. Бұл үрдіс қаламгер атаулының бәрінде бірдей бола бермейді. Оның
басты   себебі   қаламгердің   шеберлік   шыңында,   стилінің   даралығына
байланысты.   Белгілі   бір   ақын   стилі   дегенде,   автордың   лирикалық   қаһарман
мүсіндеу   ерекшелігін,   сол   арқылы   шығарма   идеясына,   сюжетіне,   ырғақ
мақамына   әсерін   таныту   қажет.   Әйтсе   де   сол   лирикалық   қаһарманды     өз
бітімімен мүсіндеу  талабына бағындырылған  өзіндік сөз қолданысын  арнайы
салыстырмай тұрып,  ақын стилін жан-жақты, толық ашу мүмкін  еместігі анық.
Қаламгердің   сөз   қолданысы   арқылы   стиль   ажырылатынын     тиянақтау
алдында анықтау қажет жайттар баршылық. Қорыта айтсақ   ақынның өзіндік
көзқарасы,   талғамы,   мінез   ерекшелігі   оның   лирикалық   қаһарманының
қайталанбас   бітімін  негіздейді   де,  сол  дербестік   сөз   игерудің   жеке  үлгілерін
тудырады.
Қазақ жазушыларының тілі бейнелі де құнарлы. Бірақ, бүгінде көптеген
жазушыларымыз стиль дегеніміз тілдің байлығы деп ұғады. Рас, бұл да стиль.
Әдебиеттану   көркем   әдебиеттегі   стильді   біртұтас   құбылыс   ретінде
12

қарастырады. Сондықтан да болар, бүгінде әдеби стиль туралы таластар екіге
бөлініп   отыр.   Біріншісі   –   стильді   лингвистикалық   қырынан   ғана   қарастыру.
Екіншілер,   әдеби   стильді   тек   өнертанымдық   концепциямен   ғана   зерттеген
дұрыс дейді. Біреулер әдебиетті сөзбен сурет салу десе, екіншілері өнер деп
түсінеді. Сондықтан әдеби стильді зерттегенде таразының екі басын тең ұстаған
жөн.   Стиль   –   әр   ақынның   шығармашылық   ерекшелігін   танытатын   маңызды
сипат болғандықтан, оны жан-жақты және терең зерттеу қажет. Сонымен бірге,
стиль мәселесін сөз еткенде, шығарманың түрін, мазмұнынан ажыратып зерттеу
қисынсыз. Стиль ақын шығармасының әрі идеялық, әрі көркемдік ерекшелігі
болуы тиіс.
Ғалым   З.Ахметов   стиль   жайындағы   түсінектемесінде   «Стиль   –
жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін,
өзіндік суреткерлік тұлға-бітімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері,
қолтаңбасы. Көркемдік стиль жазушының өмірлік тәжірибесі негізінде, оның
суреткерлік   талантының   табиғатына   сәйкес   қалыптасып   дамиды.   Стильді
көбінен-көп сөз қолдану еркешелігі, сөздік, тілдік ерекшеліктер деп қарау, ара-
тұра  болса  да   бой  көрсетеді.   Әдебиетте   стильдің  мағынасы   әлдеқайда  терең
және кеңірек. Жазушының стилі дегенде, біз оның өмір шындығын өзінше тани
білу, сезіну, тақырыпты өзінше игеру, өзінше ой толғап, бейнелеп айту – міне
осындай   маңызды   сипатттар   танытатын,   басқаға   ұқсамайтын   суретерлік
шеберлігін, дара қолтаңбасын айтамыз» [14, 186-б] -деген түсінік береді.
Стиль   туралы   алғашқы   түсініктемелердің   қатарында   А.Байтұрсынов
еңбегін атауға болады. Ғалым стиль мен стилистиканың өзара қатынасын дәл
көрсеткендей,   «сөз   шығарушылар,   әуелі   сөз   ұнасымына   керек   жалпы
шарттарды   орнына   келтіріп,   өзінің   өзгеше   әдісі   болса,   соның   үстіне     ғана
қосады» деп көрсетеді [16, 464-б]. Стиль жөніндегі еңбектердің ішінде ерекше
атайтынымыз Қ.Жұмалиевтің «Стиль – өнер ерекшелігі» атты зерттеу   еңбегі
[15,   464-б].   Ғалым   аталмыш   еңбегінде   стильдің   терминдік   түсініктемесінен
бастап,   оның   бүкіл   тарихына   тоқталады.   Әдебиеттегі   стиль   дегеніміз   –   әр
жазушының   өзіне   тән   ерекшеліктерін   ұғыну   дей   отырып,   «Стиль   ұғымына
жазушының тип, сөйлем құрылысы, мәнері, шығармаларының композициясы,
оқиға дамыту әдістері, тақырып таңдаулары, жанрлық ерекшеліктері, тағы басқа
компоненттері кіреді. Ең алдымен, орталық мәселе – идеялық мазмұн», -дейді
[15,384-б].   Теоретик   ғалым   жазушы   стилінің   бір   күнде,   не   бір   жылда   ғана
қалыптаса   алмайтынын   ескертеді.   Стиль   туралы   З.Қабдолов,   Қ.Жұмалиевтің
пікірін   әрі   қарай   тарата   отырып,   «идеялық   –   көркемдік   негіздің   тек   сол
жазушыға   тән   ерекшелігін   аңғарамыз.   Мұндай   ерекшелікті   жазушы
шығармашылығының мазмұны мен пішініне қатысты басқа жайлардан да іздеп
таба беруге болады. Міне, стиль әр суреткерге тән осындай шығармашылық
ерекшелік»[17,360-б]   –дейді.   Ғалым   сондай-ақ   жазушының   шығармашылық
ерекшелігін   тілден,   тақырып   пен   идеядан,   көркем   бейне   жасау   тәсілінен
аңғаруға   болатынын   айта   отырып,   «суреткерлік   ерекшелік   оның
13

шығармасындағы   белгілі   бір   бірлікке   әкеледі»-деп,   осы   бірліктерді   атап
көрсетеді.   Олар:   идеялық   бірлік,   тақырып   ерекшелігі,   мінез   бірлігі   [17,334-
335б].   Қ.Жүсіп   өз   монаграфиясында   [18,   124-б]   поэзиядағы   стиль   мәселесін
көркемдік әдіс пен бейнелілік айналасында қарастырып, жүйелі тұжырымдар
жасайды.   Қазақ   әдебиеттануындағы   стиль   мәселесіне   байланысты   еңбектер
қатарында «Стиль сыры», «Қазақ көркем шығармаларының жанры мен стилі»,
«Қазақ   әдебиетіндегі   стиль   мәселелері»,   жинақтарын,   М.Дүйсеновтың,
Қ.Өмірәлиевтің,   Ф.Оразаевтың   еңбектерін   атауға   болады.   Қазіргі   қазақ
лирикасындағы стиль мәселесін сөз еткенде Қ.Жүсіп тұжырымдарына қосыла
отырып, лирикалық қаһарман сипатына, суреткердің сөз қолдану еркшелігіне
ерекше   назар   аударған   жөн.   «Қазақ   ақындарының   қаншалықты   толысқан
суреткер ақын екенін анықтау үшін, стильде, көркемдік әдіс те жалаң алынбай,
үнемі   бейнелілік   тұрғысынан   саралану   қажеттігі   де   дау  туғызбайды»-деп   ой
түйеді ғалым [18,123-б]. Бейнелілік стильмен тікелей байланысты. Тіпті оны
стильдің   көрсеткіш   құралы   десе   де   болады.   Ал,   кең   мағынада   поэтика   деп
алсақ, оның ауқымы стильден әлдеқайда үлкен деген Храпченко пікіріне сөзсіз
қосылуға   болады   [20,575-б].   Өмірді   көркем   бейнелеу   сипаты,   ең   алдымен,
ақынның сол өмірді бейнелеу үшін таңдаған әдісінің негізінде айқындалады.
Қай ақын болмасын әдіске сөз сомдау үстінде төселеді. Кез келген ақынның,
немесе қаламгердің стилі жағынан, бейнелеуіш құралдарды қолдану жағынан
өзара   ұқсастық,   айырмашылықтарын   ажыратуда   шығармашылық   істе
пайдаланған   көркемдік   этюдтері   шешуші   роль   атқарады.   Бұдан   ақын,
жазушылардың   идеялық-эстетикалық   ерекшеліктері   де   айрықша   танылады.
Шынайы таланттардың жазу машығы өзгелерден оқшау, дара көрінеді. Қолға
алғаннан-ақ,   кімнің   жазғанын   стилінен   қапысыз   аңғаруға   болады.   Мәселен,
Абай,   Мағжан,   Қасым,   Мұқағали   стилі   десек,   оны   айтқызатын-айрықша
айшықты, өзгелерден ерекше, дара бітімді қолтаңбалары. Әлбетте, поэзиядағы
поэтикалық   категориялар   мен   көркемдік   әдіс   ақын   стилін   танытуға
көмектескенімен   бүкіл   шығарманың   өн   бойынан   көрініп   тұрады   деп   айта
алмаймыз. Бұл тұрғыдан алғанда поэзиядағы стиль нақты жүзеге асқан үлгіде
көрініп,   оның   ерекшеліктері   ақын   өлеңінде   сыртқы   пішінінен   бастап,   бүкіл
болмысында көзге ұрып тұрады. Дегенмен, поэзияда әдіс өзгерсе, оның әсері
стильге   тимей   қоймады.   Ш.Елеукеновке   сүйенсек   «бұл   –   стиль   құрайтын
шешуші фактор» [21, 366-б]. Кейбір ғалымдар (А.Н. Соколов) аксиомаға жақын
мынандай тұжырым жасайды: «дүниетанымсыз әдіс туралы айта алмасақ, онда
стиль жайлы сөз еткенде, әдіске тоқталмау мүмкін емес –  мұнда  өзара тұтас
байланыс бар» [22, 223-б]. Әдіс пен стиль ақын қаламының ұшында тоғысады.
Осы орайда стильдің тарихи тұрғыдан өзгермелі болып келетінін Г.Н.Поспелов
өзінің   «Әдеби   стиль   мәселесі»   атты   еңбегінде   көрсеткен   еді   [23,256-б].   Дәл
осылайша әдіс жүйесінің де бір орында   тұрмай, замана ағымына және дүние
жүзі   әдебиет   тынысы   –   деміне   орай   өзгеріп,   сан   құбылып   отыратындығын
Ш.Елеукенов қазақ ақындарының ішінде әсіресе Мағжан шығармашылығында
14

кездесетіндігі   арқылы   дәлелдейді.   «Схемалық   түрге   келтіргенде   Мағжан
поэзиясы   ағартушы   реализм,   сыншыл   реализм,   романтизм,   реализм   мен
романтизмнің   өзгеше   бір   тоғысуында   жаңа   заман   әуендеріне   үн   қосу
сатыларынан өткен» - деп жазады тұжырым жасаушы [21, 267-б]. 
Қазақ әдебиетінің осы күнгі стильдік тарамдалуының басы XIX ғасырдың
екінші   жартысына   тура   келді.   Сондай-ақ   көркем   әдебиет   стилінің   де   проза
жанрын қамтып, әлдеқайда дами түсуі XIX ғасырдың орта тұсынан басталады.
Бұған   Ыбырай   мен  Абай   шығармалары   үлкен   себепші   болды.   XX   ғасырдың
басы   –     қазақ   көркем   әдебиет   стилінің   бірсыпыра   күшейген,   өз   ішінен
тарамдалған тұсы. Осы кезеңде проза, драматургия жанрларына сай белгілер
пайда болып, әрі қарай дамыды, стильдер жігі айқындала түсті. Сөйтіп, өткен
ғасырдың   екінші   жартысында   қазақтың   ұлттық   әдеби   тілінің   мынадай
функционалдық   стильдері   пайда   болады:   көркем   әдебиет   стилі,
публицистикалық   стиль,   жартылай   ғылыми   стиль,   ресми-іс   қағаздар   стилі,
эпистолярлық стиль. Стильдік жаңалық әр ақынның ойы мен сезімін бейнелеп
жеткізуінен   көрі,   көркемдік   әлемінде   бұрыннан   бір   дәстүрлі   құралдарды,
суреттерді, сөз тіркестерін жинақтай айтсақ, құбылту мен айшықтау түрлерін
тың   тәсілмен   түрленте   білуінен,   жанрлық   түрлерден,   пішіндік   ізденістерден
көрінеді. Стиль қалыптастыратын тек дарынды ақындар ғана. Талант қуаты кем
қаламгерден стиль даралығын іздеу ешқандай нәтиже бермейді. Сонымен қатар
қазақ ақындарының қаншалық толысқан суреткер екенін айқындау үшін, стиль
де, көркемдік әдіс те жалаң алынбай, үнемі бейнелілік тұрғысынан саралану
қажеттігін   қадағалаған   дұрыс.   Көркем   шығарма   стилі,   нақтылай   түскенде,
бүгінгі қазақ поэзиясындағы стиль мәселесі туралы сөз болғанда тіл дәлдігі, сөз
қуаттылығы жөнінде көп ой қозғаған, пікір білдірген Ғ.Мүсірепов еңбектеріне
соқпай кетуге болмайды. Стильдің анықтамасына келсек, бүгінгі күнге дейін
айтылып келген көптеген тұжырымдарға назар аудару керек-ақ. Өйткені, қазақ
лирикасындағы   стиль   мәселесін   сөз   еткенде,   нені   нысанаға   алуымыз   керек,
лириалық   туындыны   қай   қырынан   қарастыруымыз   керек   дейтін   сұрақ
туындайтыны   заңды.   Стильге   қатысты   жоғарыда   мысалға   келтірілген   пікір-
тұжырымдардың   әр   қилы,   алшақ   жақтары   болғанымен,   бір-біріне   сабақтас,
үндес, бірін-бірі толықтырып жататын тұстары да көп. Қазақ әдебиеттанушы
ғалымдары   мен   әдебиет   сыншылары   да   стильге   қатысты   ойларын   ғылыми
еңбектерінде, мақалаларында білдіріп отырады. Бұл жерде, біз басты нысанаға
алып,   сөз   қыларымыз   –   Ғ.Мүсіреповтің   пікірлері,   ой-тұжырымдары.   Көркем
сөзден түйін түйген суреткер ақын Ғ.Мүсірепов: «Сөз сөзге жарығын да түсіріп
тұрады,   көлеңкесін   де   түсіріп   тұрады»   [25,   544-б]   -дей   отырып,   ең   басты
талапты сөзге, сөздің шебер әрі дұрыс қолданылуына қояды. «Көркем әдебиет,
ең   алдымен,   қай   тілде   жазсаң,   сол   тілді   жақсы   білуді   талап   етеді   бізде   ана
тілімізді   жақсы   білуден   көрі   «білемін»   деушілер   көбейіп   барады»,   -деп
қынжылған   қаламгер   бұл   жерде   сөздің   мән-мағынасын   дұрыс   түсіну,  дұрыс
қолдану қажеттігіне баса назар аударатындығын білдірген [26, 124-б]. 
15

Тіл   шеберлігі   мен   дарынсыздық,   талант   пен   жауапсыздық,   өтірік   пен
шындық көркем әдебиеттің негізгі мәнін анықтайтын мәселелер екендігін баса
көрсеткен   жазушы   «Ауыздан   шыққанның   бәрі   ақын     сөзі   емес.   Ойың   адал
болғанмен, орындауың бөлек болса, ұнатпадың деп өкпелей алмайсың. Ақын
сөзі өзекті өртеп, жүректі тербетіп шығады. Ақыл мен ой, жүрек пен жан тұтас
толғанып үн қосқанда ғана шығады. Тақырып идеядан туады. Тақырыбың ескі
болғанмен,   идеясы   жаңа   болса,   ол   шығарма   да   жаңа.   Ауыр   күнә   –тақырып
ескілігінде   емес,   идея   ескілігінде.   Ескі   тақырыппен   ескі   идеяны   айтқаннан,
жаңа тақырыппен ескі идеяны айтқанның күнәсі ауыр. Тілек жаңа тақырыппен
жаңа идеяны жақсы суреттей алуда» -деп тұжырым жасайды [27,555-б]. Бұл
келтірілген   үзіндіден   Ғ.Мүсіреповтің   көркем   әдебиеттің   сапасы   мен   деңгейі
жайлы   өзіндік   түсінігі   мен   ұстанымын   көреміз.   Жазушы   «Стиль   дегеніміз
-мынау»     деп,   дайын   анықтама   ұсынбайды.   Оның   стильге   қатысты   ойлары
поэзиялық,   прозалық   және   драмалық   туындыларды   талдаған   еңбектерінің
мазмұнынан   көрініп   отырады.   Тағы   да   мысалға   жүгінер   болсақ:   «Ұлы   ақын
қарапайым   сөздердің   қалай   мағыналы   боларын,   қалай   уытты,   қалай   екпінді,
қалай жылы, қалай суық болар сыр-сипатын ашып, ана тілімізге жан бітірген
адам» [26,125-б]. Ғ.Мүсіреповтің Абай туралы айтқан бұл пікірі ең алдымен
шеберлік әрекет етеді деген ойға сабақтасады. Тілдің өмір сүруі дамуы үшін
шеберлік   –   басты   қағида   екенін   қайталай   отырып,   оны   тіл   тағдырымен
байланыстырады. Көркемдік әдісті шындықты суреттеудің негізгі,  өмірді бейне
арқылы  көрудің  айрықша   түрі   дейтін   тұжырымдарға   сүйене   отырып,  әдістің
шеңберінде   қарастырылатын   компонеттердің   стильге   тән   екенін   жоққа
шығаруға   болмайды.   Көркемдік   әдіс   қаламгердің   дүниетанымына   сай   өмір
шындығын көркемдік ойлау тұрғысынан меңгеруі екенін ескерсек, әдісті шебер
меңгермеген  ақын  айрықша шығарма  тудыра  алмайды.  Стиль  –  әдістің  жан-
жақты сипаты және оның кемелденгендігінің көрінісі. Әдіс пен стиль –  бірін-
бірі танытатын, бір-біріне тығыз байланысты ұғым. Әрбір қаламгерге тән дара
стильдің   қалыптасуына   сол   қаламгердің   өмір   сүрген   кезеңі,   ортасы   ықпал
ететіні ақиқат. Қаламгердің шығармашылық ғұмыры даму, жетілу сипатымен
көрінеді.   Сондықтан   стиль   мен   әдіс   те   даму   үстінде   зерттеуді   қажет   етеді.
Стильдің негізгі нысаны – өмір, басты құралы – тіл екенін ескерсек, бұл екеуі де
үздіксіз даму үдерісіндегі құбылыстар. Қаламгерлер стилін зерттегенде «тұтас
шығармасын   жинақтап   бағалаудан   бұрын   әуелі   жеке   шығармаларын   талдап,
олардың   стильдік   даму   жолын   көрсету   қажет»,   –   дей   отырып,   академик
М.Қаратаев   стильдік   компоненттер   қатарында   ұлттық   ерекшеліктерді
қарастырудың қажеттігін ескертеді [28,335-б]. 
Стиль – күрделі құбылыс. Оны жалғыз тіл арқылы тану мүмкін емес. Тіл-
стильді   белгілейтін   маңызды   бірліктердің   бірі   ғана.   Тілден   басқа   стильді
белгілейтін детальдар қатарына көркем шығарманың жанрлық, композициялық,
интонациялық,   ырғақтық   ерекшеліктері   де   енеді.   Стильге   беріліп   жүрген
анықтамалардың   әр   тектілігі     оны   әрі   әдебиеттану,  әрі   тіл   білімі   ғылымына
16

жатқызуға негіз болып жүр. Стиль біреу ғана болу тиіс. Ол – жазушы стилі. Ал
көркем   шығарманың   тілі   жазушы   стилінің   бір   белгісін   құрайды.   Көркем
шығармалардағы   стильдік   бояу,   олар   атқаратын   көркемдік   қызмет   туралы
айтқан кезде жазушының дара стилі, жеке шеберлігі секілді мәселелерді айтпай
кетуге   болмайды.   Әрбір   жазушы   өзінің   дара   стиліне   өзгелердің   стильдік
ерекшеліктерін   жетік  меңгеру   арқылы  ғана   жетеді.   Дара   стиль  әдеби   тілмен
тығыз қарым-қатынаста болады. Әдеби тілді дамытатын қайнар бұлақтардың да
бірі, осы – дара стиль. Жоғары шеберлікпен жазылған көркем шығарманың тілі
ғана «дара стиль» деңгейіне көтеріле алады.
Дара   стиль   жазушының   көркем   шығармасының   стилі   мен   оның
дүниетанымының арасындағы қарым-қатынасты да қамтиды. Дара стиль, тіл,
копозиция,   жанр,   ырғақ,   интонация,   жазушы   өмір   сүрген   орта,   бұрыннан
қалыптасқан  стильдік  дәстүр,  оған   енгізілген   стильдік  жаңалық,   қаламгердің
дүниетанымы,   талант   сипаты,   баяндау  тәсілдері,   стильдік   контраст,  стильдік
бояу,   жазушы   стилінің   шығармашылық   өсу   жолы   сияқты   бірліктер
жиынтығынан тұрады.
Ұлттық   әдебиетіміздегі   стильдің   тарихи   даму   жолдарын   зерттеуші
С.Бахтиярова   «екі   арнада   қарастырған   жөн:   бірі-   қазақ   әдебиетінің   дара
стильдерге дейінгі кезеңіне жалпы тән болған стильдік көркемдеу құралдары,
екіншісі-авторы   айқын   түркі   бітік   жазба   ескерткіштерінде   алғаш   рет
профессионалды негізде көрініп, кейін толғау жанрында айқындала түскен дара
поэзия белгілері»- деген тұжырым жасайды [29, 133-б]. 
ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясындағы стильдік ізденістерді зерттеуді
нысан   еткен   зерттеуші   ұлттық   ұғымының   бірнеше   сипаттармен
айқындалатынын,   көптеген   зерттеушілердің   «ұлттық   стиль»   ұғымына
дүдәмалмен қарайтынын, мұның да өзіндік себебі бар екенін талдап көрсетеді
[29,90-б]. Әдеби әдісті дара стиль аясында қарастырғанда біз сөз етіп отырған
ұлттық сипатты  ауызға алмай  кету мүмкін емес.  Өнер туындылары  ең әуелі
ұлттық сипатты иеленеді, ұлттық туынды төрт құбыласы сай келген жағдайда
барлық   адамзаттың   рухани   игілігіне   айналатыны   белгілі.   Стиль   мәселесін
зерделегенде жалпы әдеби процесті назарға ала отырып, оның әр кезеңдегі даму
ерекшелігіне   ден   қойылады.   Жоғарыда   өзіміз   айтып   өткен   көркемдік   әдіс
қаламгерлік   шеберлікпен   ұштастырыла   тығыз   бірлікте   талданады.   Өйткені
әдебиет дегеніміздің өзі –  тұтас организм,  сан бөлшектерден тұратын бір бүтін
дүние. Бүтінді бөлшектей талдағанда, сол талдау нәтижесі айналып келгенде
бөлшектің   бүтіндігін,   бір-бірінсіз   өмір   сүрмейтінін   дәлелдеуге   негізделеді.
Әдебиет тарихында қандай стиль болсын бірден, бір күнде туа салмайды. Жаңа
стильдің элементі өзінен бұрынғы қалыптасқан стильдің өз ішінде туады, өсе
келе, дами келе қалыптасады және күреспен ғана өзіне жол ашады. Бұрынғы
стильдің   ескіргенін,   дәуірдің   озғанын,   енді   ол   бөгеттікке   айналғанын   сөз
жүзінде     де,   іс   жүзінде   де   дәлелдеу,   жаңалық   үшін   ескілікпен   келісімге
17

келместік күрес арқылы өседі. Тартыспен ғана жаңа стиль, ескі стильді тарих
сахнасынан ысырып, оның орнын өзі басады. 
Стиль   мен   шеберлілік   бір-бірімен   егіз.   Шеберліктің   қыры   мен   сыры
қаншалықты мол болса, суреткер стилі соның барлығын қамтиды. Демек, небір
амал,   тәсілдерімен   өмір   сырын   жарқыратып   ашып   тастайтын   шеберліктің
сиқырлы күші сайып келгенде, суреткердің стиліне келіп тіреледі.
Стильдің қалыптасуы шеберліктің жетілуімен біте байланысты. Шеберлігі
жетілмеген жағдайда стиль де бір арнаға түспек емес. Бірақ та, жазушы стилін
тап басып, бірден аңғара қою да қиын. Стиль мәселесіне сыншы, зерттеушінің
оқта-текте ғана соғып отыратыны содан. Күні бүгінге дейін жеке ақын, жазушы
стилі   туралы   монографиялық   еңбектердің   бой   көрсетпей   келе   жатқандығы
осының айғағы.


  1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал