Н.Қ. Жуе пов ф о ж, ош ртан,йырда щ ШрІшиІ ж ар т



Pdf көрінісі
бет22/33
Дата03.03.2017
өлшемі13,43 Mb.
#6391
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33

берілген 
жоғары  баға 
демекпіз  [320,141  б.].
Бір  кызығы  ғалым  В.М.Сидельников  кітабында  осы  аты  аталган 
мақала  авторы  есебінде  Ә.Диваев  есімі  көрсетілген  [321].  Шамасы, 
Кеңес  үкіметі  түсында  шыққан  бүл  кітапта  Ә.Бөкейханов  есімі 
аталмай,  оның  орнына  Ә.Диваев  көрсетілуінің  өзіндік  себебі  ғалым 
Ә.Бөкейхановтың  1937  халық  жауы  деген  негізсіз  үкіммен  ату 
жазасына  кесілген  КСРО  Жоғарғы  Соты  әскери 
коллегиясының 
қаулысы  әсері  еді.  Сондай-ақ  «Туземец»  деген  бүркеншік  атпен 
шыққан  мақаланы  Ә.Диваевтікі  деп  шатастыру да  бар.  Сондықтан да 
осы  кітаптың 
басқа  да  жерлерінде 
де  Ә.Бөкейханов  есімі  еш 
аталмайды.
246

Ғалым  Д.Қамзабекүлы  Ә.Бөкейханүлының  1915  жылы  «Қазақ» 
газеті  бетінде  «Қара  Қыпшақ  Қобыланды  батыр»  жырына  жазған 
пікірін  сараптайды: 
«...бірінші,  қаламгер  фолъклор  заңдылыгын 
ескермегендей  көрінгенімен,  негізі  ауыз  әдебиеті  шыгармаларының 
тарихилыгы  мен  соган  сәйкес  (ягни,  дәуірдің  суретін  көрсететін) 
көркемдігіне  жіті  назар  аударган,  ал  бул  сол  кез  ушін  әдебиетті 
танудагы  улкен  жетістік  еді;  екінші,  мақала  авторлық  әдебиет 
туган  кезде жазылгандықтан,  Әлиханның аталган жырга қатысты 
мәселені нақты адамнан сураганына бірыңгай «фолъклор заңдылыгы» 
тургысынан  қарауга  да  болмас;  ушінші,  қалай  дегенде  зерттеу 
иесінің  жыр  мәтіндеріндегі  «саф»  пен  «қоспаны»  саралауын  өзіндік 
әдеби-эстетикалық 
тужырымы 
болгандыгымен 
тусіндіреміз» 
[318,72  б.].  Жалпы  Ә.Бөкейханүлының  жоғарыдағыдай  фольклорлық 
мүраларға  пікір  айтып,  өзіндік  талдау-талқысына  т.б.  салуына,  бір 
сөзбен  айтқанда,  фольклортану  жолына түсуіне  себепкер  кім  десек?! 
Өмірбаяндық 
дерекгерде 
де 
[322], 
кейінгі 
жазылған 
зертгеу 
мақалаларында да  [323]  белгілі  фольклортанушы  ғалым  Г.Н.Потанин 
ееімі 
жиі 
аталуы 
т.б.-бәрі, 
сөз 
жоқ, 
Ә.Бөкейханүлының 
фольклортанупш 
ғалым  болып  қалыптасуында  аталған  ғалым 
еңбегінің  әсері мол болғандығын танытады.
Жалпы  Ә.Бөкейханүлының  XX  ғасырдың  басындағы  қазак 
фольклортану  ғылымына  қатысты  жазылған  10  шақты  еңбегі  бар. 
Олардың 
бірі- 
табиғат 
қүбылысы, 
жыл 
мезгілдері 
туралы 
космологиялық  түсініктер  мен 
жыл  басы  -наурыз  айы  туралы 
жазылған  «Жаңа жыл» атты  мақаласы  [324];  екіншісі- «Қара Қыпшақ 
Қобыланды» 
атгы  сын-мақаласы 
[325];  үшіншісі- 
«Ер  Тарғынй, 
«Қозы  Көрпеш-  Баян  сүлу»  атты 
жырларды  өңдеп  бастырған 
кітаптары  [326];  төртіншісі-  белгілі  зерпгтеуші  А.Байтүрсынүлының 
жинап,  өңдеп  бастырған  «Ер  Сайын»  мен  «23  жоктау»  кітаптарын 
саралап, 
алғысөзін  жазғандары  [327]  т.б.-  бүлардың  бәрі  дерлік 
Ә.Бөкейханүлының 
«Қыр 
баласы» 
деген 
бүркеншік 
атымен 
жарияланған.
Ә.Бөкейханүлы 
1913  жылы  «Қазақ»  газеті  бетінде  белгілі 
фольклортанушы 
ғалым 
Г.Н.Потанинге 
арнап 
мақала 
жазды. 
Мақалада Г.Н.Потаниннің туған  жылы, жері,  қай  жерде,  кіммен  бірге 
окығандығы,  қандай  қысым көріп,  қанша мерзімге  сотталғаны,  қазақ 
фольклортану  ғылымы  үшін 
атқарған  қызметі 
т.б.  турасында 
берілген бағалы  дерек  көздері  мол  берілген.  Сондай-ақ  XX  ғасырдың 
басында  фольклор  үлгілерін  қай  жерлерден 
жинастырғандығы 
хақында  мөліметтер  де  келтіріледі: 
«Осы  келер жаз  (ягни  1914 ж.-
Н.Ж.)  Потанин  Семей  облысы,  Қарқаралы  уезі,  Тоқырауын  өзені
247

бойына  барады.  Июнь  басында  «Қоянды»  ж әрмеңкесінде  болады. 
Тоқырауында  ж аздай  жатып,  қазақты  аралап  кормекші,  қазақтың 
ертегі,  жумбақ,  мақал,  ескі  жақсыларының 
сөзін  жинамақшы», - 
делінген [328].
Ә.Бөкейханүлы  сонымен  қатар  Г.Н.Потаниннің  кай  жанрларды 
жинайтынына  назар  аудартумен  бірге,  осы  істе  қандай  максат 
көздейтініне де көңіл  бөлгізеді:  «Потанин дүниедегі тідцердің бәрінде 
айтылған  неше  жүрттың 
іргелі  мақал,  өзге  сөздерін  қарастырып, 
сонан қай жұрт қай жұрттан  онеге-үлгі алғанын  шығарып отыр»  [328, 
37  б.].  Демек  зертгеуші  Г.Н.Потаниннің  фольклорды  типологиялык 
тұрғыдан  зерттеу  өдісін  меңгергендігі,  түсінгендігі,  білетіні  т.б. 
танылады. Одан әрі Ә.Бокейханов жиналған фольклорлық нұсқаларды 
өрі 
жүйелеу, 
әрі 
сараптау 
керектігін 
де 
Г.Н.Потаниннің 
фольклортанушылық  еңбегінен  мысалға  келтіре  отырып,  басқаларга 
үлгі-өнеге ретінде ұсынады.
Сондай-ақ қазақтар арасында «ақ боз ат»,  «жеті  қарақшы»  туралы 
айтылған  түрлі  аңыздарды  моңғолдың  Шыңғыс  хан  төңірегінде 
өрістеген  үлгілерімен  салыстыра  отырып,  түбі  бір  төркіндестіктің, 
үқсастықтың т.б.  бар екеніне дұрыс назар аудартады: 
«
... 
Осы  «ақ боз 
ат»,  «жеті  қарақшы»  туралы  айтылган  сөздерді күншыгыста  неше 
жүрт неше  түрге салып сөйлеп жүр. Бүрынгы уақытта адам баласы 
аспандагы  жүлдызга,  күнге,  айга  табынган.  Тегі  қазақтың  «жеті 
қарақшы»,  «ақ боз ат»  деген сөздері бүрынгыдан  қалган ертедегі сөз 
гой.  Жылда  қүрбанга  шалып  тауыспайтын  тәңірі  Шыңгыстың  «ақ 
боз» атының ертегісі мен қазақ ертегісі бір түқымдас гой»,-
 деуінен 
[328,  38  б.],  Ә.Бөкейханүлының  фольклорлық  мәтіндерді  зерттеу 
әдістерінің  бірі-  тарихилық  зерттеу  әдісімен  д е  таныс  болғандығы 
анықталады.
1914 
жылы 
Қазанда 
«Үміт» 
баспасынан 
«Қара 
Қыпшак 
Қобыланды  батыр»  жыры  басылым  көргені,  оны  Қостанай  уезі, 
Қарабалық болысының  қазағы  Біржан  Толымбайүлының жырлауынан 
Махмұдсұлтан  Түяқбайүлы  қағазға  түсіргені  белгілі.  Міне,  осы 
шыққан  кітапқа  Ә.Бөкейханүлы  «Қазақ»  газеті  бетінде арнайы  сын- 
мақала  арнайды  [329].  Сонымен  бірге 
1914  жылы  Троицк  қаласы 
баспасынан  «Қара Қыпшақ Қобыланды»  жырының  енді бір  нұсқасы 
жарық  көреді  [330].  «Айқап»  журнальшда  (1914,  № 23,  Б.  327-328  ) 
бүл  жырды  ел  аузынан  жазып  алған  С.Торайғыров  екендігі  туралы 
дерек келтіріледі.
Ә.Бөкейхановтың  «Қара  Қыпшақ  Қобыланды» 
сын-мақаласы 
іштей  7  бөлімнен  түрады  да,  басы  Абай  Қүнанбаевтың  «Өлең-  сөздің 
патшасы»,  сөз  сарасы»  атты  өлеңіне  көңіл  бөлумен  басталады.  Міне,
248

I
осы  үзіндіден  біз  Ә.Бөкейханүлынын  фольклорды  сөз  өнері  деп 
қарастырғаньш  сараптаймыз.  Еңбектің  басы,  бірінші  бөлімі 
сөл 
мазмүндау  үлгісінде  бастау  алады  да, 
жырдағы  Көклан  кемпір, 
Қобыланды,  Қараман,  Көбікті  бейнелері  т.б. 
қысқаша 
талдауға 
түседі.
Ә.Бөкейханүлы 
Қара  Қыпшақ  Қобыланды 
батыр  бейнесінің 

«Едіге»  жыры  ішінде  де  кездесетінін  еске  сала  отырып,  Шәкәрім
Қүдайбердиевтің  «Түркі,  қырғыз,  қазақ  һәм  хандар»  шежіресі  мен 
Ш.Уәлиханов  еңбегі  негізінде  аталған  батырдың  XIV  ғасырда  өмір 
сүргенін дәледдеуте тырысады:  «...  Бүл Қобыландының  ісі  XIV гасыр 
ортасы  болуга  лайық  (Қара:  Шәкәрім  шежіресі,  Б.  78).  Тоқтамысқа 
болысқан Литва князь Витовты Воркесла өзені бойында  (бүл Полтава 
губерниясында  Днепр  саласы)  Аксақ  Темірдің  қолбасшысы  Едіге 
алған.Бүл  соғыс  1399-шы  жылы  болған  (Қара:  Шоқан  кітабы,  71-6). 
Бүған  қарағанда  Едіге 
Тоқтамыстан  кеткен  соң  Аксақ  Темірге 
қолбасы  болған  болса  керек.  Мүнан  көрінеді:  Қобыландынын 
Тоқтамыс,  Едігелермен  замандас  болғаны»,-делінген  [331].  Міне, 
бүдан  біз  ғалым  Ә.Бөкейханүлының  фольклорға  тарихи  дерек  кезі 
ретінде  қарағанын анықтаймыз.
Сонымен катар  «Қобыланды» жырындағы қалмақ ханы  Қазанның 
Қобыландыдан бүрын болғанын Шәкәрім  шежіресіне  сүйене отырып, 
екеуінің  арасында,  яғни  қалмақ  ханымен  соғыстың  болуы  мүмкін 
емес деген т.б.  түйінге де ойысады: 
«..Жогарыда жазганымнан анық 
болар:  «Қобыландыда»  ақын  қосқан,  тарихқа  тура  келмейтін  көп 
қосымша  бар.  Қазақ  тарихына 
пайдалы  сөз  «Қобыландыда»  аз 
көрінеді»,-
 
деуінен  [331,  174  б.], 
біз  ғалым  Ә.Бөкейханүлының* 
фольклорды  (эпосты) кейде тура тарих  көшірмесі  деп  қарастырғысы 
келгенін  де  көреміз.  Әйтсе  де  ауызекі 
шығарма  болғандықтан, 
фолыслордың  түр  жағынан,  мазмүн  жағынан,  формасы  болсын  т.б. 
өзгеретінін,  түрленетінін,  дамитынын,  ғүмырнамалық  түтаетануды 
бастан 
кешіретінін 
т.б. 
ескермеген 
тәрізді 
[332]. 
Бүл 
Ә.Бөкейханүлының  арнайы  фольклортанушылық  білімі  болмауынан 
жоғарыдағы пікірді айтуға себепші болса керек.
Ғалым  Ә.Бөкейханүлыньщ  фольклорды 
халықтың  мәдениет 
тарихының  көзі  деп  қарағаны  мелім.  Мәселен: 
«...Бес  ауыз  өлеңде 
журт салты  айнага тускендей  көрініп тур. Жеккен арба, болдырган 
ат, жемтік іздеп ушқап қарга,  өрмек тоқыган қатын, жылаган бала, 
қайгырган ару- бәрі мунда бар,- дей  отырып,- ...  «Қобыландыда» бул 
сияқты  дәмді  сөз  жоқ  десек,  адасқан  болмаймыз.  «Қобыланды» 
кейінгі 
айтушының  тепкісін  көп  көріпті.  Бул  айтушылар  өз 
жандарынан көп сөз қосқан»,-
 деуінен [331,174-175 б.],  біз ғалымның
249

кейінгі 
айтушылардың 
нүсқаны 
өзінш е 
өзгеріске 
түсіргенін 
үнатпағанын  аңғарамыз.  Демек  бүл  нүсқаны  «Қобыланды»  жырының 
ж ек еб ір   нұсқасы  д е п т е   қарастырмағанын дәйектейміз.
Ал,  ғалымның  мына  бір  пікіріҢен: 
«Шне,  осындай  «тілге жеңіл, 
жүрекке  жылы,  теп-тегіс  жүмыр  келген  айналасы» 
деген  Абай 
сынына  жанасатын  өлең  мынау  беттерде  ...  ,-дей  келе,-  қазақта 
«Қобыландыны»  шыгарган кісі тегінде  жақсы ақын екен»- деген сөз 
осы  өлеңдерге  қарап  айтылган  болар»,-
  деуінен  [331,  177  б.],  біз 
Ә.Бөкейханұлының 
алғашқылардың  бірі  болып, 
фольклордың 
көркемдік  ерекшелігіне  де  баса  назар  аудартқанына  көз  жеткіземіз. 
Бірде  ғалымның: 
«Қобыландыда»  жақсы  өлеңдердің  қосагыни  көп 
дәмсіз  өлеңдер 
қосақталган  көрінеді...  «Қобыландыны» 
қайта 
басқанда,  бүл  сары-ала  сөздерді  шыгарып тастаган жөн»,-
  деуінен 
де, 
зерттеушінің 
фольклор  үлгісін  кейінгі  түрлі 
«қоспа» 
делінгендерден  арылту талабы шаң береді  [331,177-178 б . ] .
Міне, 
мүнда 
әлемдік 
фольклортану 
ғылымында 
фольклор 
үлгілерін  бастырғанда,  ешбір  өзгерістерге,  өзгертулерге  түсірмей, 
көркемдігі  төмендігіне  қарамай  т.б.  сол  қалпында  жарыққа  пшғару 
керектігі  турасында  қалыптасқан 
негізгі  принциптеріне  сай  емес 
пікір  айтуы  т.б.  -  бәрі,  сөз  жоқ,  белгілі  бір  ғылым  саласынын  түрлі 
кезеңде түрлі ауытқуларға үрынуы мүмкіндігін айғақтайды.
Ғалымның  енді  бірде: 
«...кітапты  қайта  басқанда  Қобыланды 
батырдың  өзінің  суретін  де,  атының  суретін  де  жырдагы  жазуга 
дәл  қылып  басу  керек. 
Тайбурылды 
тяжеловоз 
боз  айгырга 
айырбастаганга қазақ козі уялады»,-
 деуінен  [331,  178-179 б.],  біз XX 
ғасырдың  басында  фольклор  үлгілерін 
кітап  етіп  бастыру  ісінде 
белгілі  бір 
жүйеліліктің,  ғылыми  көзқарастың 
т.б.  қалыптаса 
бастағанын  көреміз.
Бүлардан 
бөлек 
Ә.Бөкейханов 
1923 
жылы 
«Темірқазық» 
журналының  №1 
санында  ғалым  Ә.Диваевтың  1922  жылы  жарық 
көрген  «Бекет  батыр»,  «Мырза  Едіге»  жырларын  қысқаша  талдап 
кетеді. 
Бүл  эпостық  жырларда  сөз  болатын  оқиғаны,  бейнелерді 
қазақтың  белгілі  бір  тарихи  кезеңімен  байланыстыра,  салыстыра 
қарастырады.  Сөйтіп олардың тарихта болғандығын дәлелдейді. Және 
де  бүларды 
мектепте  балалар  оқитын 
кітаптардың  қатарына 
жатқызады.
Сөз  соңында,  ғалым,  Ә.Бөкейханов  XX  ғасырдың  алғашқы 
жартысында  қазақ  эпосы 
мен  фольклорын  ғылыми  тұрғыдан 
зерттеген  ғалымдарымыздың  бірі  болды.  Ол  қарастырған  негізгі 
аспектілер:  эпостың тарихилығы, қазақ фольклорының  түрлері,  шығу 
мезгілі,  жыршы  мен  оның  шеберлігі,  қогамдық  ой-сананың  жырда
250

көрініс  табуы,  бейнелер,  олардын  атқарған  идеялык  қызметі,  үлгінің 
көркемдік  ерекшеліктері  т.с.с.-  әлі  де  қазақ  фольклортану  ғылымықда 
өз  маңызын  жойған  жоқ,  ж әне  сол  дәуірдің  жетістігі  болып 
саналатыны сөзсіз.
1925  жылы  РКП(б)-ның  Семей  губерниялық  комитеті  Атқару 
комитетінің  органы  ретінде  шығып  түрған  «Таң»  журналының  1- 
санында (119-120 б.)  ж әне 2- санында (115-118 6.) Мүхтар Әуезовтың 
«Қобыланды  батыр»  деп  аталатын 
көлемді  зерттеу  мақаласы 
жарияланды  [333].  Мүнда  автор  эпос  дамуьгада  халық  қиялы  мен 
арманының  атқаратын  танымдық,  тәрбиелік  қызметгеріне  баса  назар 
аударған.  М әселен,  ғалым  Мүхтар  Әуезов:  «  Қобыланды  әңгімесі-  ел 
киялының  сондайлық  қылып  көтерген,  келістіріп  суреттеп  шеберлеп 
әңгімелеген  сөзінің  бірі. 
Шеберлеп  әңгімелегені  барлық  батыр 
әнгімесінің 
ішіне  кіретін  адамдардың  мінез-қалпын  толық  қылып 
шығарудан,  батыр  жорығын  сүлу  қылып  жырлауынан  білінеді.  Тағы 
да  батыр  пішініне  ел  мінезін  сыйғызып,  ел  тілегі  мен  үмітін  батыр 
өзінің көлеміне  шеберлеп  сыйғызғанынан  білінеді»,-дейді  [333,  49  б.]. 
Демек  ғалым  Мүхтар  Әуезов  фольклорды  сөз  өнері  ретінде  білген. 
Одан  әрі  ғалым  жырдың  түп  негізін  тарихи  оқиғалармен  салыстыра 
карауға  баса  назар  аударды.  Мәселен,  ғалым: 
«Қобыландының  үлкен 
жорыгы  Қазан  қаласына  аттанудан  басталады. 
Ел  жыры 
Қобыландыны  Қазан  қаласымен  согыстырады. 
Қобыландының 
батырлық  әңгімесі  ел  өлеңінде  осы уақиганың  айналасында  болады. 
Біз  ел  өңгімесінің  осы  жерін 
тарихтың  қай  кезіне  келетінін 
тексермекшіміз»,-
 дейді [333,49 б.].
Міне,  бүл  тараптағы  ғалым  Мүхтар  Әуезов  пайымдаулары  сол- 
кездегі  фольклортану  ғылымында  орын  тепкен  «тарихи  мектеп» 
концепциясына  негізделген.  Бүл  «тарихи  мектеп»  теориясы  негізін
XIX 
ғасырда 
ғалым 
В.Ф.Миллер 
қалады. 
Мүнда 
фолыслор 
шығармаларының  түп  теркінін  тарихтан  іздестіру  мәселесі  түрды. 
Яғни  эпостық  жырлар  бойында  кездесетін  кейіпкерлердің 
қалайда 
өмір  сүрген 
дәуірін  және  прототипін  іздеу  керектігі  айтылды. 
Мақалада 
ғалым  Мүхтар  Әуезов  Қобыландыны  Алтын  Орда 
заманында  жасаған  осы  аттас  тарихи  адаммен  байланыстыра 
қарастырады.  Ал,  мақалада Қобыланды  мен  Қүртқаның  түлғасын  кең 
салыстырып,  олардың  үнамды тәрбиелік  мәнін  ашуы-  бәрі  ғалымның 
фольклорлык  бейнені  әдеби  образ  ретінде  кабылдауынан  туғаны 
анық.
Біраз  эпостық  жырларға  қарағанда  «Қобыланды  батыр»  үлгісі 
біраз 
зертгелді. 
Жоғарыдағы 
М.Әуезов 
мақаласынан 
бөлек, 
С.Сейфуллин,  С.Мүқанов,  А.С.  Орлов,  Б.Кенжебаев,  Қ.Жүмалиев,
251

М.Ғабдуллиндер  де  карастырғаны  белгілі  [334].  Бүлар  өздерінің 
еңбектерінде, 
көбінесе 
жырдың 
әдебиетгік 
жағын, 
маңызын, 
көркемдік  ерекшеліктерін  қарастырды.  Сондай-ақ 
олар  жырдағы 
оқиға,  образдар  жүйесі,  жер-су  Аттары  т.б.  қай  кезде,  қандай  тарихи 
кезеңге  байланысты  туды  деген  мәселелер  төңірегіне  ерекше  көңіл 
аударды.  Бұл  мәселе  бойынша  алғаш  пікір  айтқан 
М.Әуезов 
жоғарыдағы  еңбегінде  «Қобыланды  батыр»  жырын 
XVII  ғасырда 
туды дей отырып, дәлел  есебінде,  оқиға негізінде  орыс патшасы Иван 
Грозныйдың  Қазан  қаласын  1552  жылы  өзіне  бағындыруы  жатыр 
деген  үстанымын  белгілейді.  Кейіннен  бүл  пікірді  С.Мүқанов  пен 
Қ.Жүмалиев  те  өз  еңбектерінде  қолдап  шығады.  Алайда  бүл  пікірдің 
теріс  екендігін  М.Әуезов,  С.Мүқанов,  Қ.Жүмалиев  өздері  де  аныктап 
берді.  Ең  алдымен 
Қобыланды  жырындағы  Қазан 
қалаеын  Иван 
Грозныйдың  алуымен  байланысты  туды  деушілік  тарихи  шындыкка 
жатпайтындығы  ашылды.  Батырлар  жырында  жер-су,  қала  аттарын 
қарап,  белгілі  бір  тарихи  дәуірді  үнемі  іздей  беруге  болмайды. 
Мүндай  жер-су, 
қала  аттары  батырлар  жырының  қандай  тарихи 
жағдайларға  байланысты  туғандығын  көрсетерлік  ғылыми  дәлел 
болмайтындығы  және  де  ондай  әдіс  халықтық  мүраларды  тексерудің 
әрқашан  да  ғылыми  дүрыс  жолы  еместігі  белгілі.  Сол  түста 
фольклордан  тарихтың  ізін,  тарихи  оқиғаның  белгілерін  көп  іздеу 
орыстың  тарихи  мектебінің  әсерінен  туғаны  сөзсіз.  Бүл  мектептін 
негізін  салушы  орыс  ғалымы  В.Ф.Миллер  халық  әдебиетін,  әсіресе 
батырлар  жырын  зерттегенде,  сол  үлгілерде  кездееетін  жер-су,  қала 
аттарына  сүйеніп,  оларды  тарихи  дэлел  етіп  алды.  Осының  негізінде 
барып,  ол  жырдың  шығу  себебін,  тарихи  дәуірін 
белгілеуге 
тырысқан.  Демек  батырлар  жырынан  тарихи  оқиғаны  іздеу  дүрыс 
емес,  ол  тек  тарихи  жырда  ғана  сақталады.  Рас,  батырлар  жырынын 
оқиғасы  өмір  шындығынан  алынады,  дегенмен  бүл  шындықты 
жыршылар  топшылап  жырлайды,  образдар  жасайды.  Сол  образдар 
арқылы  өмір  шындығын  елестетуге  тырысады.  Сонымен  қатар 
жыршылар тарихи деректердің  орнын  ауыстырып  та жібереді.  Міне, 
мүның  бәрі  фольклордан  тарихи  оқиғаның  іздерін  көп  іздеу  дүрыс 
еместігін көрсетеді.
Дегенмен,  XX  ғасырдың  20-шы  жылдардағы  Мүхтар  Әуезовтың 
бүл  мақаласы  өз  кезі  үшін  ғылыми  методологиялык  негізге  сүйеніп 
жазылған алғашқы мақалалардың бірі  болды.  Сондай-ақ  зерттеушінің 
қазақ  эпостану  тарихында  жырды  зерттеудің  тарихи-салыетырмалы 
әдіс-тәсілдерінің негізін қалаушылардьщ бірі болғаны сөзсіз.
XX  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  қазақ  фольклортанушы 
ғалымдары  өздерінің  фольклоршылдық  кызметін 
2  бағытта
252

жүргізген: 
әрі  батыстық,  әрі  үлттық.  Біріншісі,  бүл  батыстық 
көзқарастағы 
фольклорганушылар: 
В.В.Радлов, 
Г.Н.Потанин, 
Ә.Диваев 
т.б. 
Бүлар, 
көбінесе 
өз 
қызметтерін 
танымдық, 
информациялык  т.б.  мақсатта  жүргізді.  Және  де  әркімнің  меңгерген 
мамандықтарына  сәйкес  фольклорды  дерек  көзі  ретінде  қарастыру 
басым  болды.  Мәселен,  В.В.Радловтың белгілі тілші, тюрколог  екені 
белгілі  [335,  203-204  б.].  Сондықтан  ол  фольклорды  көбіне  тілдік 
дерек  көзі  ретінде  пайдаланды.  Ал,  Г.Н.Потаниннің  орыстың 
мифологиялық мектебінің екілі болғандықтын, көбінесе  фольклордьщ 
ең  көне жанры деп  қарастырылатын  аңыз  бен  ергегілерді  дерек  көзі 
ретінде  жинағаны  белгілі  [336,  224-272  б.].  Ә.Диваев  болса,  этнограф 
ғалым  болғандьпстан,  фолыслорды  көбінесе  халықтың  түрмысьга, 
мәдениетін,  мінез-қүлык  ерекшелігін 
тану  үшін  жинастырған 
[337,317-353  б.].  Екінші,  үлттық  бағытгағы  ғалымдар:  М.Ж.Көпеев, 
А.Байтүрсынов,  Х.Досмүхамедүлы,  Ә.Бвкейханов,  М.Әуезов  т.б. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет